A A A
Мазмұнына өту

You are here

Ұлжан Ильясқызы

Менің жасым 55-те. Төрт балам бар, күйеуім ерте қайтыс болған. Көп балалы ана ретінде неге зейнеткер жасын төмендетпейді. Бізді басқа зейнеткерлермен теңестіріп қойған. Ең болмаса зейнеткер жасын неге 56 жастан бастап бермейді? Мен сияқты балаларын жалғыз тәрбиелеп, өсіріп жатқан аналар қаншама. Осындай аналарды неге ешкім ойламайды? Ең болмаса зейнеткер жасын қысқартып (58 жастан) жеңілдіктер бермей ме?
Жауап: 

“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 9-бабы 3-тармағы бойынша, 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда зейнеткерлікке шығуға құқылы.
1998 жылғы 1 қаңтардан бастап республикада ынтымақты зейнетақыға негізделген зейнетақымен қамсыздандырудың мемлекеттік (бөліп таратушы) жүйесінен, жүзеге асырылатын міндетті зейнетақы жарналары мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері арасында өзара тікелей байланыс белгіленуін көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне біртіндеп көшу жүзеге асырылуда.
Ынтымақты жүйенің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне біртіндеп ауыстыру зейнетақы реформасының стратегиялық бағыты болып табылады. Жаңа жүйе төлемінің барабарлығы тікелей қатысу кезеңіне тәуелді.
Сонымен қатар, зейнетақы жасын төмендету мәселесін демографиялық тенденцияларға (халықтың қартаюы) жұмыспен қамтудың ауқымы мен нысандарының өзгерістеріне (заңсыз және ішінара жұмыспен қамтудың таралуы), зейнетақымен қамсыздандыруға арналған мемлекеттік шығын үлесінің көбеюіне қарай қоғамның еңбекке қабылетті мүшелеріне түсетін ынтымақты жүктеме әсерінің позициясынан қарау қажет екендігін айта кеткен жөн.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қазіргі уақыттағы қолданыстағы зейнетақы жасының көрсеткіштері халық санағының деректері есебімен есептелген, негізді белгіленген. Сонымен қоса, ұзақ мерзімді жетістіктерде зейнетақы жүйесінің тұрақты дамуы мақсатында концептуалдық өзгертулер енгізу орынсыз және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының зейнеткерлік жасты анықтауға қатысты ережелерін күшінде қалдыру керек деп санаймыз.
Орындаушы: Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 209437
7 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші