check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сейилханов Садый

мен Түркіменістаннан 2002 көшіп келдім. биыл 2008ж. жасым 63 ке толуына байланысты зейнеткерлікке шығуым керек. менің Қазақстандағы жұмыс өтілім 5 жыл. зейнетақы мөлшерін есептеуде менің жұмыс өтілім есептеледі ме және мен алатын зейнетақы мөлшері қай шамада болады.
Жауап: 

Мәскеу қаласында 1992 жылғы 13 наурызда қол қойылған Тәуелсіз мемлекеттер достастығы арасындағы келісім-шарт бойынша азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету құқығы туралы кепілдеме қабылданған.

Яғни, бұл ретте зейнетақы азаматтарға сол тұрып жатқан елдегі қолданылатын шарттар бойынша жүзеге асырылады.

Осыған орай, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР-ның 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 9 - бабының 1 тармағы бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде еркектерге 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда және жасы 63-ке толғанда тағайындалады.

Бұл ретте зейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың зейнетақы есебі үшін тапсырған табыс мөлшері мен еңбек стажына қарай тағайындалады.

З ейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

Орындаушы: Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 209570
9 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші