check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Арыстанбай Зағира

Құрметті Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі!Менің Касібім мұғалім. ОҚО Созақ ауданы 'Созақ' мектеп-гимназиясында жұмыс істеймін.Мен 2006-2007 тамыз айына дейін бала бағуға байланысты еңбек ақысыз демалыстаотырдым. 2007 жылдың 1 тамызынан жұмысқа түстіп 2008 1 сауірден декреттік демалысқа шықтым. Сұрағым: Менің жалақым ештеңе ұсталмағанда 35 мың теңге (зейнетақы және салық). Алдынғы жылдары декреттік демалыстағы ақшамызды төлерде соңғы жұмыс істеген 4 айдың орташа жалақысын есептеп төлейтін. Қазір мен бар жоғы 8 ай жұмыс істеген жалақымның орташасын табу үшін 12 айға болуде. Осы дұрыс па?.Бірінші есептеумен 120000 теңгедей ақша алум тиіс болса, бұл жолы маған 63 мың теңге есептеп отыр.Осыған нақты жауап берсеңіздер.
Жауап: 

Құрметті Зағира!

            Егер сіз міндетті әлеуметтіксақтандыру жүйесінің қатысушысы болсаңыз,яғни сіздің жұмыс берушіңіз сіз үшінәлеуметтік аударымдар жүргізсе, онда сіздің мемлекеттікәлеуметтік сақтандыру қорынан келесі әлеуметтіктөлемдер алуға құқыңыз бар:

        1. Жүктілігі және босануыжағдайына төленетін әлеуметтік төлемдерміндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінеқатысушыға бір рет төленеді және ол  әйелдің соңғы он екіайда тапқан табысының орташа мөлшеріндетағайындалады.  Қалыптыбосанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициенткекөбейтіледі, ал ауыр босанған жағдайда және екі немесеодан да көп бала туған жағдайда орташа айлық табыс 4,7коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар  өткізілген өңірлердетұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттеріқолданылады. Жаңа туған баланы асырап алғанжағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды.

             Бұлжағдайда, алынатын орташа айлық табыс мөлшері, егер осы айдағыәлеуметтік аударымдар Қорға түскен болса, әлеуметтікқатер басталған айды қоса, соңғы он екі айдағы ай сайынғы табыстықосу және шыққан соманы он екіге бөлу жолыменайқындалады.

           2. Бір жасқатолғанға дейінгі нәресте күтімі жағдайынаәлеуметтік төлем ай сайын төленеді жәнеміндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесініңқатысушысына соңғы 24 айдағы орташа табысыныңқырық пайызы мөлшерінде тағайындалады және балакүтіміне берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыданкем болмауы тиіс.

           Бұл әлеуметтіктөлем туу туралы куәлікте көрсетілген күннен бастапбала бір жасқа толғанға дейін төленеді жәнебұл кезеңде анасы жұмысқа шықса да жалғасабереді.

            Егер бұрындекреттік демалыста болған әйелдерге зейнетақы аударымдарыжүргізілмесе, енді жұмыс істейтін әйелдер үшін  жүктілігі, босануы жәнеаналық  кезін міндеттіәлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланыстыәйелдің бала күтімі бойынша демалыста болған кезінде әлеуметтік  төлемдерден міндетті зейнетақыжарнасын ұстау арқылы зейнетақы жинақтауы оданәрі жалғасады.

орын: Қамбаров Талғат Үсенұлы - Әлеуметтікқамсыздандыру және сақтандыру департаментінің бассарапшысы

Сұрақтың нөмірі: 209698
10 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші