A A A
Мазмұнына өту

You are here

Гүлмира

Мен жоғары білімді мұғаліммін.2007-2008 оқу жылында 1қыркүйектен бастап мұғалім болып жұмыс істеп жатырмын. Қазір маған 12 айға толмады деп кезекті еңбек демалысына ақы төлемей жатыр. Осы дұрыс па?
Жауап: 

Құрметті Гүлмира! 2007 жылғы 15 мамырдағыҚазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұданәрі – Кодекс) 239-бабының 1-тармағына сәйкесмемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілергелауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруғаарналған жәрдемақы төлене отырып,ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтынжыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Азаматтық
қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақыкүнтізбелік жылда бір рет төленеді.

Азаматтық қызметшілердіңжекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңдарымен неғұрлымұзақ мерзімді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысыбелгіленуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 53-бабының1-тармағына сәйкес педагог қызметкерлержалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортабілімнен кейінгі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгібілім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін ұзақтығыкүнтізбелік 56  күн; оқу-әдістемелік қызметкерлеріқамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарыныңпедагог қызметкерлері үшін - күнтізбелік 42 күн ақытөленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтіккепілдіктерін иеленеді.

Кодекстің 100-бабының 2-тармағынасәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердіңтынығуына, жұмыс қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығыннығайтуына және қызметкердің өзге де жеке қажеттіктерінеарналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысысақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санынаберіледі.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынақұқық беретін жұмыс стажына нақтыжұмыс істелген уақыт, қызметкер нақты жұмысістемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысытолық немесе ішінара сақталған уақыт, қызметкер еңбеккеуақытша жарамсыздығына байланысты нақты жұмыс істемегенуақыт, қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақтыжұмыс істемеген уақыт қосылады            (Кодекстің 104-бабы).

Кодекстің 105-бабына сәйкесқызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшінжыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімібойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысықызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісімбойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін.

Жыл сайынғы еңбек демалысына ақытөлеу ол басталардан үш күнтізбелік күннен кешіктірілмейжүргізіледі.

Осыған байланысты, орташа жалақыңызсақтала отырып, лауазымдық жалақы мөлшеріндесауықтыруға арналған жәрдемақы төленеотырып, тараптардың келісімі бойынша нақты жұмыс істегенуақытыңыз үшін немесе толығымен жыл сайынғы ақылыеңбек демалысы берілуі тиіс.

Толық ақпарат алу үшінсауалыңызды Қазақстан Республикасы Білім жәнеғылым министрлігіне жіберуіңізге кеңес береміз.  

Сұрақтың нөмірі: 210031
29 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші