A A A
Мазмұнына өту

You are here

Бауыржан

Сәлеметсіздер ме?! Мен сіздерге сұрақ қоюдағы негізгі мақсатым: мен 2000 жылдан бері I топтағы мүгедікпін. Осы уақытқа дейін жергілікті РАЙСОВЕС-тен өзіме тиесілі атаулы жәрдем ала алмай жүрмін. Қазіргі таңда 16000 теңге зейнетақы ғана аламын. 2008 жылы 16 май номер жиырмасыншы Караван газетіндегі 'Непередвидимые обстаятельство' мақаласында жазылған 'Три года назад государство и лично Призидент страны проявили о них заботу. и разрешили тем, кто не может жит, передвигатся и существовать без помощи другого человека иметь индивидульного помощника. Государство решила платить помощникам зарплату из своего, государственного, кармана.' Осы аталған төлемақыны қалай алуымызға болады? Жолдары қандай? Сонымен қоса бізге РАЙСОВЕС тағы қандай көиек беруге тиісті? Біздің Аягөз аудандық РАЙСОВЕС-тен қандай да бір ақпарат алу мүмкін емес. Барсақ айғайлап қуып шығады. Сонда жарымжан адамның ешкімге керегі болмағаны ма? ;(
Жауап: 

Құрметті Бауыржан!

«Қазақстан Республикасындамүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүріп-тұруықиын бірінші топтағы мүгедектерге жекекөмекшінің қызметтері  медициналық-әлеуметтік сараптаубөлімі әзірлеген медициналық көрсетімдерге сәйкесмүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізіндекөрсетіледі.

Жеке көмекшінің қызметін көрсету жергіліктіатқарушы органдардың құзыретіне жатады, сол себептенСіз осы мәселе жөнінде тұрғылықты жеріңізбойынша жұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламалар бөліміне жолығып,  мынадай құжаттардыұсынуыңыз қажет:

1) өтініш;

2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратынқұжаттың көшірмесі;

3) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;

4) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынанүзіндінің көшірмесі.                        

Ал мүгедекті оңалтудың жекебағдарламасын медициналық-әлеуметтік сараптау бөліміненалу қажет.

Сонымен қатар, «ҚазақстанРеспубликасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі№ 39 Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдары мемлекеттіктапсырыс қаражаты есебінен, оңалтудың жеке бағдарламасынегізінде мүгедектерді кресло-арбалармен, санаторлық-курорттықемдеумен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарымен, соның ішіндепротездік-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалыққұралдарымен және міндетті гигиеналыққұралдарымен (несепқабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, памперстер)қамтамасыз етеді.        

Орын: Бақылаужәне әлеуметтік

        қорғау Комитетініңэксперті   Г.Б. Ерғалиева

Сұрақтың нөмірі: 210438
9 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші