A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сайлау

Сәлеметсіздер! сіздерге сұрағым ең төменгі зейнет ақы кімдерге беріледі?, отыз жылдан астам еңбек істеген азаматша соңғы жылдық жалақысы 12-14000 шамасында қазір зейнеткер ақысы ең төменгі болып белгіленген осы дұрыспа?, егерде қайта есептеуге берсем қандай заңдылықтарға сүйеніп құжаттарды қозғай алам?. зейнет ақы есептеу үлгісін бере аласыздарма?
Жауап: 

           ҚұрметтіСайлау!

«Қазақстан Республикасындазейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы      20 маусымдағы ҚазақстанРеспубликасының заңы (бұдан әрі –Заң) бойыншазейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың зейнетақыесебі  үшін тапсырған табысмөлшері мен еңбек өтіліне қарай тағайындалады.

Заңға сәйкес зейнетақытөлемдерін есептеу үшін 1998 жылғы 1қаңтарға дейінгі еңбек өтілі есепке алынады.

Зейнетақы төлемдерініңмөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістергеқарамастан, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастапқатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлықтабыс негізге алына отырып, жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған Заңның 13бабына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтардан басталғанкезеңге ұсынылған орташа айлық табыстың есебінензейнетақы төлемдерінің мөлшері жинақтаушызейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзегеасырылған табысқа сәйкес анықталады. 

Сол себепті, заңмен талап етілгенеңбек өтілі бола тұра ұсынылған орташаайлық табысы төмен болса, не мүлдем табыс ұсынылмасаең төменгі зейнетақы мөлшері тағайындалады.

Іс жүзіндегі заңдылыққасәйкес зейнетақы мөлшерін қайта қараузейнеткердің алғаш рет зейнетақы тағайындау үшінтапсырған 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгіеңбек өтілі және алғаш тапсырғанкезеңнің (жалдардың) айлық табысы жайлы қосымшақұжаттар ұсынылған жағдайда ғана мүмкін болады. 

Зейнетақы мөлшерін басқажылдардың айлық табысынан қайта қарау үшін,өкінішке орай,  заңды негізжоқ екенін хабарлаймыз.

Сіздің мысалда, 12-14000 шамасындағыжалақы үш жылдың емес, тек соңғы бір жылдыңорташа жалақысы болғандықтан зейнетақы мөлшерінесептеп шығару мүмкін емес. Сондықтан, қойғансұрағыңызға нақты жауап алу үшінбарлық құжаттарыңызбен тұрғылықты жеріңіздегі Бақылау жәнеәлеуметтік қорғау Комитеті Департаментініңзейнетақы тағайындау жөніндегі мамандарына жолығып,қажетті кеңес алуыңызға болады.

Орын. Жүсіпбекова ГүлзатҚойшыбайқызы – Бақылау және әлеуметтікқорғау Комитетінің эксперті

Сұрақтың нөмірі: 210495
12 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші