A A A
Мазмұнына өту

You are here

Айнұр Болатханқызы

Мен 2008 жылдың мамыр айының 12 күні жұмысқа орналастым. Бір айдан соң ғана жүкті екенімді білдім. Жалақым 79 мың теңге. Егер жүктілікке байланысты демалысымды алсам, маған Үкімет уәде берген жалақымның 40 проценті төле ме? Әлде менің жұмыс өтілім оған жетпей ме? Жауабыңызды күтем.
Жауап: 

Құрметті Айнұр!

Жүктілігі және босануыжағдайына төленетін әлеуметтік төлем әйелдің соңғы 12айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысының орташамөлшерінде тағайындалады және қалыпты босанғанжағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициентке, ауыр босанғанжағдайда - 4,7 коэффициентіне көбейтіледі. Орташа айлықтабысты табу үшін еңбекке жарамсыздық парағы берілгенкүннен бастап соңғы он екі айдағы табысқолданылады. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардыңуақытылы және толық мөлшерде төленуімаңызды орынды иеленеді. Егер Сіз соңғы он екі айданбұрын ешуақытта жұмыс істемеген болсаңыз,соңғы он екі айдағы табысыңыз әлеуметтікаударымдар аударылған нақты айлардың санына бөлінеді.Ал егер, соңғы он екі айдан бұрын жұмыс істегенболсаңыз, табысыңыз 12-ге бөлінеді.

Бір жасқа толғанғадейінгі нәресте күтімі жағдайына әлеуметтік төлем ай сайын төленеді жәнеміндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесініңқатысушысына соңғы 24 айдағы әлеуметтікаударымдар жүргізілген орташа айлық табысының 40 пайызымөлшерінде тағайындалады. Орташа айлық табысты табуүшін баланың туылған күнінен бастап соңғы24 айдағы табыс қолданылады. Демек, соңғы 24айдағы табысыңыз қосылып, 24-ке бөлінеді. Бұлретте, толық 24 ай табыс болмаса да, соңғы екі жылдағыорташа айлық табыс есептеледі. Шыққан соманың 40 пайызы– Сіздің ай сайын алатын бала күтіміне берілетін әлеуметтіктөлем мөлшерін құрайды.

НұрсулуКемел - «Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басмаманы wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 211130
14 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші