A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мағрипа Әбдіхалықова

Қызылорда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі: Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін екі ай қоғамдық жұмыс істедім.Сосын Арал қаласы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі жанындағы маман Құмарова Эльза әр онкүндікте жұмыссыздар тізімінде тұру үшін қойылатын қолды қойғызбай,бір ай жұмыссыз болдым.Сол уақытта жұмыс жасады деп кірмеген кірісті есептеп,енді атаулы көмек ала алмай отырмын.Осынысы дұрыс па?Қазір жасым елуде.5 баланың анасымын.Денсаулығым нашар.Анықтамамды көрсетсем де ,маған стройкадан ауыр жұмыс ұсынып отыр.Істемеген жағдайда тіркеуден шығарып,әлеуметтік көмек бермейміз деп отыр.Күйеуім де жұмыссыз.Қажетті көмекті сіздерден күтемін.Халықты зар қақсатып,ары бері сандалтып отыр.Бұл халыққа қызмет етушілер қызметтерін дұрыс көрсетіп отырған жоқ.Қазіргі айтып отырған мәселе тек менің емес,қаншама халықты күйзелтіп отырған мәселе.Сіздердің жауаптарыңыз күтеміз.Рахмет
Жауап: 

 Жауап: Құрметті Мағрипа Әбдіхалықова! «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес атаулы әлеуметтік көмекті алуға жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтардың құқығы бар. Сондай-ақ, ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар алты айға атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айрылады. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешімді жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық, аудандық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның атқарушы органы қабылдайды.Жоғарыда аталған Заңның 8 бабына сәйкес атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау тиісті бюджеттің атқарылуын бақылау шегінде жүзеге асырылуына байланысты Сізге Қызылорда облыстық жұмыссыздықты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментіне шағымдану қажет.Орындаушы: Жүсіпбекова Гүлзат Қойшыбайқызы – Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің эксперті

Сұрақтың нөмірі: 211342
12 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші