A A A
Мазмұнына өту

You are here

Суатбаева Алмагул

Мен 2000ж бастап 2006 ж дейін мектепте мұғалім болып істедім, білімім жоғары. Содан кейін 1 жыл басқа жұмыс орнында істедім. Қазір семья жағдайына байланысты жұмыс істемегеніме жылдан асты. Биыл екінші балаға жүктімін. Маған жүктілікке байланысты демалыс ақы(декреттік) төлене ме? Төленсе қандай мөлшерде есептеледі? Қандай құжаттар қажет? Алдын-ала рахмет!
Жауап: 

 Құрметті Алмагүл!ҚР-ның «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушыларына міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - Қор) жүктілігі және босануы бойынша, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Жүктілігі және босануы бойынша төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айда алынған орташа айлық табысты 4,2 коэффициентіне, ал босануы қиын болған немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда 4,7 коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.Ядролық сынақтар әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдердің жүктілігі және босануы бойынша төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін анықтаған кезде - 5,7 коэффициенті, ал босануы қиын болған немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда 6,2 коэффициенті қолданылады.Кірістің орташа айлық мөлшері, әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы он екі айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын 12-ге бөлу жолымен айқындалады.Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішке:1) жеке басын куәландыратын құжат;2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);3) еңбекке жарамсыздық парағы;4) салық төлеушінің куәлігі;5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі қоса беріледі.Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерін табысты ауыстыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері, егер әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы жиырма төрт айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзіліс болуына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады.Табысты ауыстыру коэффициенті - 0,4 болады.Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішке:1) жеке басын куәландыратын құжат;2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ оларды салыстыру үшін түпнұсқалары;4) салық төлеушінің куәлігі;5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;6) отбасы құрамы туралы мәліметтер қоса беріледі.Сондай-ақ, мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы болып табылмайтын тұлғаларға (жұмыс жасамайтын) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) – 35040 теңге мөлшерінде бала туғанда берілетін жәрдемақы, 1 жасқа дейінгі бала күтіміне 1 балаға 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 5840 теңге, 2 балаға 5,5 АЕК – 6424 теңге, 3 балаға 6 АЕК – 7008 теңге, 4 балаға 6,5 АЕК – 7592 теңге жәрдемақы төленеді.Өтініш беруші жәрдемақы тағайындату үшін тұрғылықты жеріндегі тиісті уәкілетті органға мынадай құжаттар:1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгіленген үлгідегі өтініш;2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;4) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);5) отбасының құрамы туралы мәлімет (бала күтімі жөніндегі және балаларға арналған жәрдемақылар үшін).Аталған әлеуметтік төлемді тағайындау және кеңес алу бойынша зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың жергілікті бөлімшесіне хабарласуыңызға болады. Орынд. Мейірбеков М.М.

Сұрақтың нөмірі: 212154
12 қыркүйек, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші