A A A
Мазмұнына өту

You are here

Гулсара

Саламатсыздарма!мен Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласының тұрғынымын, менің қоятын сұрағым,менің бір балам бар жасы 1 жаста некеде тұрмағанмын жалғыз ілікті (мать одиночка)әйелдерге баласы кәмілет жасқа толғанша төленетін жәрдемақы төлеу қарастырылғанба?
Жауап: 

 Құрметті Гулсара! “Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 – ІІІ (бұдан әрі - Заң) Заңына сәйкес 2006 жылдың қаңтар айынан бастап отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төленеді.Осы Заңның 5-бабы, 2-тармағына сәйкес, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін, өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға келесі құжаттарды тапсырады: балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға өтініш, баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі, отбасының құрамы туралы мәлімет, отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындалуы мен төлеу, оның ішінде телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлемдері тұрғылықты жерлері бойынша жергілікті өкілетті органдармен атқарылады. Бұдан басқа облыс, қала және аудан әкімдері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз құзыреті шегінде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге құқылы.Осыған орай, балаңызға арналған жәрдемақыны тағайындау және басқа көмектер туралы мәселені қарау үшін Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша уәкілетті органға баруыңызға болады.орынд. Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің экспертіКөшкімбекова Раушан Жанабайқызы

Сұрақтың нөмірі: 212458
18 қыркүйек, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші