A A A
Мазмұнына өту

You are here

Нұрбек Серікұлы БЕКБАУ

Қайырлы таң!!!! Менің сіздерге жіберген сұрақтарыма ертерек жауап жіберсеңіздер екен.Ұзақ күте берер ем,уақыт тапшы......Жауаптарыңызды ертерек жібереді деген сеніммен алдын ала рахмет!!!!!!
Жауап: 

 Асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы бойынша«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13 бабына сәйкес асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар. Егер Сіздің анаңыз зейнеткерлік жасқа толмаса, онда еңбекке жарамсыз болып саналмайды. Сондықтан, бұл жәрдемақыға оның студент және оқушы балалары ғана құқылы. Еңбекке жарамсыз болып 18 жасқа толмаған балалар саналады.Он сегіз жастан асқан білім алушы азаматтардың асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар.Бұл жәрдемақыны тағайындау үшін жергілікті Зейнетақы төлеу орталығына хабарласу қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарды алу сұрағыңыз бойыншаЖинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жарналарын алу тәртібі «Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 Қаулысымен белгіленген. Аталған Қаулының 10 тармағына сәйкес Алушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай құжаттар: 1) қайтыс болған алушының отбасы мүшелерi немесе жерлейтiн адам жерлеуге арналған бiржолғы төлемдi алу үшiн: зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш; қайтыс болған алушының отбасы мүшесiнiң немесе жерлеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және көз жеткiзу үшiн құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi; алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 2) қайтыс болған алушының зейнетақы жинақтарын мұрагерлерi алуы үшін: зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш;мұрагердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және көз жеткiзу үшiн құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi; алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; мұрагерлік құқығы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылады. Қайтыс болғанда төленетін біржолғы жәрдемақы жайлы Әкеңіз зейнет жасына жетпей қайтыс болуына байланысты мемлекет тарапынан бірмезгілдік жәрдемақы, өкінішке орай, төленбейді. Бұл төлем зейнеткер немесе мүгедек қайтыс болған жағдайда қарастырылған. Жалақы мәселесі бойыншаҚазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 138 - бабына сәйкес қызметкердің қайтыс болуына байланысты алынбаған жалақы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.Сіздің мәселеңіз жеке дауларға жатады, ал қызметкермен жұмыс берушінің арасындағы жеке даулары тараптардың келісімімен және (немесе) сот арқылы шешіледі.Осыған орай, Сізге сотқа шағымдану қажет.Орындаушы: Жұмағұлов Бағдат Сәдуақасұлы - Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің Бас сарапшысы, Жүсіпбекова Гүлзат Қойшыбайқызы –сарапшы.

Сұрақтың нөмірі: 212475
29 қыркүйек, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші