A A A
Мазмұнына өту

You are here

Венера

Қайырлы таң! Жауабыңызға рахмет.8 тамызда қойған сұрағымды қайталаймын.Сәуле есімді азаматшаның сұрағына мынадай жауап беріпсіздер:«Балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңына сәйкес: Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайын мемлекеттік жәрдемақы төленеді, жәрдемақының мөлшері ай сайын бір балаға 1 АЕК (1168 теңге) құрайды. Азық-түлік себетінің құны ең төмен күнкөріс деңгейінен 60 % құрайды және республика және өңірлер бойынша тоқсан сайын есептеліп отырылады». Менің сұрағым: осы 60 %-ды теңгемен көрсетсеңіздер екен. Жолдасымыз екеуміздің жалақымызды қосқанда-75000 теңге. Бір баламыз бар (2 жаста),екіншісіне жүктімін. Алла қосса, екі балаға жоғарыда аталған жәрдемақыны алуыма бола ма? Қандай құжаттар қажет? Жауаптарыңызғы алдан-ала рахмет.
Жауап: 

 Құрметті Венера!ҚР-ның «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес отбасыңыздың жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыста (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыға үміткер бола аласыз. Жәрдемақы мөлшері 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 1168 теңге. Азық-түлік себетінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 % мөлшерінде анықталады. Ең төменгі күнкөріс деңгейі республиканың әр аймағында әртүрлі болуына байланысты азық-түлік себетінің мөлшері де бірдей болмайды. Өтініш беруші жәрдемақы тағайындату үшін тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мынадай құжаттар ұсынады:1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгіленген үлгідегі өтініш;2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;4) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);5) отбасының құрамы туралы мәлімет;6) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет.Сізге азық-түлік себетінің мөлшері және аталған жәрдемақы жөнінде тағы да басқа сұрақтар жөнінде тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңыз қажет.Орынд. Мейірбеков М.

Сұрақтың нөмірі: 212538
3 қазан, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші