A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мендекина Нұргүл Қабдоллақызы

Кұрметті Сапарбаев Бердібек мырза! Мен, Мендекина Нұргүл Қабдоллақызы, сізге хат жолдау себебім;17.07.1997жылы менің куйеуім Малаев Дәулет Бодесұлы жұмыс уақытында қайғылы қаза тапты. Асыраушысынан айрылу себепті жұмыс орнынан балама ай сайын 9455 теңге жәрдем ақы алып тұрдым. 2004 жылы балам 14 жасқа келгенде күйеуім жұмыс істеген мекеме банкрот жариялап жабылды. Конкурстық өндіріс балам 18 жасқа толғанға шейінгі жәрдем ақыны төлеп берді. 2007жылы балам КБТУ-ң бірінші курсына түсті.Азаматтық кодекстің 940, 945 баптарына сүйеніп мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне балам унивеситетті бітіргенше жәрдем ақыны төлеуді жалғастыруын сұрап арыз жаздым. Олар маған сотқа шағымдануыңызға болады деп жауап жазды. Табаны күректей-алты ай соттың табалдырығын тоздырып жүріп 29-шы тамыз 2008жылы, сот менің талабымды қанағаттандырарлық деп шешім шығарды. Соттың шешімі шыққаннан кейін, алты ай бойы сіздің сенім хат бойынша сотқа қатысып келген Манапов Ерлан, мен жауапкер емеспін деді. Мен сіздердің министрліктеріңіздегі заң бөліміне телефон соқтым. Әсия ханымға барлық мән жәйді түсіндірдім, соттың шешімін оқып бердім. Ол маған соттың шешімін, соттың орындау қағазын, баламның бүкіл құжаттарына қоса банктен шот ашылған туралы анықтаманы министрлікке салып жіберіңіз, жәрдем ақыны тікелей министрліктен аласыз деді. Айтқанын айнытпай бүкіл құжаттарды салып жібердім. 13-ші қазанда министрліктің жіберген хатымды алғандығы туралы хабарламаны алғаннан кейін Әсия ханымға қайта телефон шалдым. Ол кісі маған соттың шешімін бақылау коллегиясына қайта қарауға жібергенін айтты. Төленбейтін жәрдем ақыны несіне азаматтық кодекске енгізгенін, төленетін жағдайда мен сияқты, менің балам сияқты тағдырына өкпелі жандарды қорлап, мазақ қылғандай қайта қайта сотта қарайтын ол жәрдем ақының несі бар? Бердібек мырза, осы жәрдем ақыны 11 жыл алыппын, 11 жыл бойы соттасыппын.Сотқа жинаған қағаздарым 6 том болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі менің баламның құқығын қорғамаса, керсінше бар жәрдем ақыны төлемеудің амалын іздеп менің баламмен соттасса, сонда не болғанымыз?!
Жауап: 

 Жауап: Сіздің хатыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймыз: Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 29.08.2008 жылғы Д.Малаевтың талабын қанағаттандыру жөніндегі шешімі және орындау қағазы тіркелген құжаттармен бірге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (ары қарай – Еңбек министрлігі) 2008 жылдың 28 қазан күні келіп түскен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы қаулысының 373 тармағына сәйкес соттардың шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетті орталық мемлекеттік органдар, оның ведомстволары және аумақтық бөлімшелері төлемдерді жүргізеді, ал қолданыстағы заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда көрсетілген шешімдерді барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиіс. Қазіргі уақытта бұл шығарылған сот шешімі ҚР Азаматтық Кодексінің және ҚР Жоғарғы Сотының «Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану туралы» нормативтік қаулысының талаптарына қарама-қайшы келуіне байланысты қадағалау тәртібінде шағымдалып және прокуратура органдарына қадағалау наразылығын келтіру туралы қолдаухат жіберілген. Еңбек министрлігі 016 Бюджеттік бағдарламасының әкімшісі ретінде Республикалық бюджеттің ақша құралдарын мақсатты қолдануына жауапты болғандықтан, көрсетілген тәртіпке сай сот шешімін барлық сот инстанцияларында шағымдануда. Шағымдану қорытындылары бойынша жоғарыда аталған сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған жағдайда атқару құжаты Еңбек министрлігімен кешіктірілмей орындалады.Орынд. Заң департаментінің сарапшысыБ. Окасова

Сұрақтың нөмірі: 214098
26 қараша, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші