A A A
Мазмұнына өту

You are here

Махамбет аудандық орталық ауруханасы

Махамбет аудандық орталық аурухана әкімшілігі Сізге төмендегі жағдайды қатеріңізге бере отырып, түсінік беруіңізді сұрайды: Атырау облысы, Махамбет аудандық халық сотының шешімі негізінде Мухамбеталиева Жадыра Муратовнаның Махамбет аудандық орталық ауруханасына өз жұмысына қайта орналастырып, лажсыздан бос жүрген күндеріне 58 761 /Елу сегіз мың жеті жүз алпыс бір/ теңге еңбек ақы және 20 000 /Жиырма мың/ теңге моральдық залал барлығы 78 761 /Жетпіс сегіз мың жеті жүз алпыс бір/ теңге, Махамбет аудандық орталық ауруханадан мемлекет пайдасына 2 362 теңге мемлекеттік бажсалығын өндіруді талап етіп отыр. Махамбет аудандық орталық ауруханасының 2009 жылғы қазан айының 28 жұлдызындағы №277 санды бұйрығы негізінде 2009 жылдың 2 қазаннан бастап уақытша оператор ЭВМ қызметіне 2 ай сынақ мерзіммен 1,0 бірлік көлемінде еңбек ақымен алынған. Бұған дейінгі осы қызметте істеп келген Г.Темірғалиеваның өз еркімен бала күтімі демалысынан кейін өз қызметіне қайта келуіне байланысты (№83 12 ақпан 2010жыл) бұйрығына сай уақытша алынған қызметкер Ж.Мухамбеталиева 2010 жылдың 12 ақпандағы №83 бұйрығы негізінде жұмыстан босатылды. ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен №979 бұйрығына сәйкес Махамбет аудандық орталық ауруханасы штаттық кестесінде телемедицина кабинетінің операторы лауазымы штаты қаралмаған. Жоғарыдағы көрсетілген мәселелер бойынша төмендегі сұрақтар бойынша түсінік беруіңізді сұраймын:1. Бала күтімі демалысында отырған қызметкердің орны сақтала ма?2. 2009 жылдың 28 қазандағы №277 бұйрығы бойынша бала күтімі демалысында отырған қызметкердің орнына уақытша алынған қызметкердің өз қызметіне орналасуына негіз бола ма?3. Аудандық халық сотының шығарған шешімі дұрыс па?
Жауап: 

  Жауап: ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 195-б. 3-т. сәйкес бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Кодекстің 53-б. 4-т. сәйкес жұмыс орны (лауазымы) сақталған қызметкердің жұмысқа шыққан күні уақытша болмаған қызметкердің орнын ауыстыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады. Аудандық соттың шешімімен келіспеген жағдайда Сіздер қалалық сотқа шағымдануға құқылсыздар. Орынд. Ш. Молдабекова, бас сарапшы

Сұрақтың нөмірі: 226488
7 қыркүйек, 2010 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші