A A A
Мазмұнына өту

You are here

«АҚ ЖОЛ» партиясы ұсынған Мүгедектерді әлеуметтік қолдау мемлекеттік бағдарламасының жобасына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсініктемесі

«АҚ ЖОЛ» партиясы ұсынған Мүгедектерді әлеуметтікқолдау мемлекеттік бағдарламасының жобасына ҚазақстанРеспубликасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрлігінің түсініктемесі

Қазіргі кезеңде әлеуметтік реформаларды одан әрі  тереңдетудің негізгі бағыттарыныңбірі қоғамдағы мүгедектердің жағдайын,олардың құқықтарын, қажеттіліктерін түсінугежәне  олардың  қоғам өміріне қатысуына  басқа азаматтармен теңдей мүмкіндіктерменқамтамасыз етуге бағытталған шаралар болып табылады.

Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы  әзірлеген Мүгедектерді әлеуметтікқолдау бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама)жобасы өзекті мәселе екені даусыз.

Соңғы жылдары мүгедектерді әлеуметтік қорғау,оңалту және оларды қоғамға кіріктіру мәселелерінеҮкімет тарапынан баса назар аударылып келеді: халықтың осыбір ерекше қатарының қажеттіліктерін ескере отырып мүгедектердіәлеуметтік қорғау мәселелерін шешу тәсілдері де өзгеруде,  мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру  деңгейін арттыру жөнінде  шаралар қабылданып, Мүгедектерді әлеуметтікоңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасыіске асырылуда. 

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен оңалтудың  кешенді стратегиясын әзірлеудің көкейкестіқажеттілігі қолданыстағы нормативтік құқықтықбазаны бүгінгі өзгерген жағдайлармен, қажеттіліктерменжәне мүмкіндіктермен  сәйкестіккекелтіру қажеттігімен де байланысты болып отыр.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген «ҚазақстанРеспубликасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуытуралы» Заң 1991 жылы қабылданған. Онда ТМД елдерінде алғашрет мүгедектердің тіршілік әрекеті үшін оларды теңдеймүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-экономикалық,құқықтық және ұйымдық жағдайлартуғызу ресми түрде мәлімделді.

Заң қабылданғаннан кейінгі өткен жылдарда мүмкіндігішектеулі балаларды медициналық оңалту, әлеуметтік қолдаужәне  түзеуді жақсартужөнінде белгілі бір шаралар қабылданды: стационарлық әлеуметтікқызмет көрсету мекемелерінің, үйде әлеуметтік көмеккөрсету  бөлімшелерініңжүйесі кеңейді,  мүгедектергеберілетін компенсаторлық техникалық көмекші  құралдардың  сапасы жақсарды, мүгедектердіңәлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізу мүмкіндіктеріұлғайтылды.

Сонымен қатар, ауыспалы кезең және талай жылдар қалыптасқанәлеуметтік қорғау жүйесі жарияланған саясипарадигманы іске толық асыруға мүмкіндік бермеді. Осы уақытқадейін Заңға  10 түзету,өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, сөйте тұра  оның жекелеген нормалары декларативтісипатта қалды.

Сондықтан, Қазақстан Республикасының Еңбек жәнехалықты әлеуметтік қорғау министрлігі  Мүгедектер құқықтарытуралы декларацияға, Мүгедектерге қатысты дүниежүзілікіс-әрекет бағдарламасына, БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдағанМүгедектерді теңдей мүмкіндіктермен қамтамасыз етудіңстандарттық ережелеріне орай жаңа Тұжырымдама мен «ҚазақстанРеспубликасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»заң жобасын (бұдан әрі – заң жобасы) әзірледі.

Қолданысқа енгізілген  «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Еңбек(қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірімен денсаулығына келтірген зиянды өтеуге жұмыс берушініңжауапкершілігін міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚазақстанРеспубликасы Заңдарымен қатар жаңа заң жобасы мүгедектердіәлеуметтік қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесініңзаңды негізі болып табылады.

 Заң жобасының қолданылыпжүрген заңнамен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарыбар:

- онда мүгедектерді әлеуметтік қорғау мемлекеттіксаясатының негізгі бағыттары нақтыланды әрі жүйеленді;

- мүгедектердің: әлеуметтік қорғау, қоғамғакірігу, ақпаратқа қол жеткізу, білім алу, денсаулық жағдайынескере отырып, қызмет түрін еркін таңдау, кепілді тегінмедициналық көмек алу, кәсіби даярлау және қайтадаярлау, еңбек ету қабілетін қалпына келтіру және жұмысқаорналасу құқықтары адамның негіз қалаушы құқықтарыескеріле отырып белгіленді;

- мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіптікоңалту жүргізу жөніндегі шаралар нақтыланды;

- мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың  медициналық үлгісінен медициналық-әлеуметтікүлгісіне көшу көрсетілді, мүгедектіктің алдын алу(денсаулық қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыру,қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету) жөніндегішаралар көзделді; 

- мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер арасындағы мүгедектіктіңалдын алу жауапкершілігі  жіктеліп бөлінді.Жергілікті деңгейдегі алдын алу жұмыстарын жақсарту жәнемедициналық оңалтудың нәтижелілігін  арттыру үшін мемлекеттік медициналық-әлеуметтіксараптама қызметінің денсаулық сақтауоргандарымен,  мүгедектерді оңалтумекемелерімен өзара бірлескен іс-қимылы көзделеді;

 - мүгедек адамдардың,сондай-ақ жиі және ұзақ ауыратын, мүгедектікке әкеліпсоғатын паталогиясы бар адамдардың дерекқорын құруқарастырылады (бүгінде дерекқордыңүлгілік жобасы  құрылдыжәне ағымдағы жылдың аяғына дейін  Астана қаласында және ОңтүстікҚазақстан облысында  іскеасырылатын болады).

 Заң жобасы мүгедектергеарналған тегін медициналық көмектің кепілді көлемін,  стационарлық емдеудегі ғанаемес,  амбулаторлық емдеудегіадамдарды да дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етуді  көздейтін арнайы емдеу стандарттарыныңнегізінде көрсетуді көздейді.

18 жастан асқан мүгедектермен қатар мүгедек-балаларғада санаторлық-курорттық емделу алғашқы рет заңнамалықтәртіппен көзделіп отыр.

Әлеуметтік қызметтер көрсетуді жетілдіру бөлігінде әлеуметтікқызметтер көрсетудің мемлекеттік стандарттары әзірленедіжәне көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің тізбесікеңейтілетін болады, олар күндізгі стационарларды қамтитын әлеуметтіккөмек көрсету жөніндегі аумақтық орталықтардакөрсетілетін  болады.

Сонымен қатар, үйде әлеуметтік көмек көрсетудікеңейту көзделуде, бұл мүгедектер үшін әлеуметтікқызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді және оларды әдеттегі(отбасылық) жағдайда ұстауға мүмкіндікбереді.  Жүріп-тұруы қиынІ топ мүгедектері мен  есту бойыншамүгедектерге арнаулы көмекшілер (оның ішінде ымдау тілінің  мамандары) көмек көрсетеді.

Мүгедектерді техникалық көмекші компенсаторлық құралдармен  қамтамасыз ету бөлігінде:

- мүгедектердің жекелеген санаттарына арналған  міндетті гигиеналық құралдарберу есебінен мүгедектерге берілетін техникалық көмекші компенсаторлыққұралдар  тізбесі ұлғаятынболады;

 - мүгедектерді  техникалық көмекші құралдарменжәне  міндетті түрдесертификацияланған арнаулы жүріп-тұру құралдарыменқамтамасыз ету нормасы көзделеді;

- еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауру болғанмүгедекке заңды тұлға таратылған немесе жұмысберуші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан жағдайдапротездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші құралдар,арнаулы жүріп-тұру құралдары, санаторлық-курорттықемделу мемлекет есебінен берілетін болады.

Елді мекендерді жобалау және салу мүгедектердің қажеттіліктерін ескеретін мемлекеттікстандарттарға сәйкес қамтамасыз етілетін болады.

Мүгедектердің пайдаланылып жүрген нысандарға қолжеткізуі үшін қажетті жағдайлар жасау және  мүгедектер мен мүгедек-балалары баротбасыларына берілетін тұрғын үйлерді арнайы жабдықтаукөзделіп отыр. Қолданылып жүрген заңнамада өндірістікжәне тұрғын үй нысандарының құрылысынақойылатын талаптар белгіленген, бірақ іс жүзінде олар көбінесесақтала бермейді. Осыған байланысты заң жобасы ғимараттардықабылдайтын мемлекеттік комиссиялардың құрамына әлеуметтікқызметкерлерді енгізуді; заңдарды бұзғаны үшінкінәлі адамдарға әкімшілік шаралар қолдануды көздейді.

Сондай-ақ, мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасызетудің нормасын реттейтін бап та көзделіп отыр.

Мүгедектердің ақпаратқа қол жеткізуін оларғаарналған мерзімдік, ғылыми, оқу-әдістемелік жәнекөркем әдебиеттерді аудиокассеталарда, дисктерде рельефті-нүктеліБрайль шрифтімен басып шығару және сурдоаудармамен видеокассеталаршығару, республикалық теледидар арналарындағы ақпараттықбағдарламалардың сурдоаудармасын ұйымдастыру арқылы қамтамасызету ұсынылып отыр. «Хабар» телеарнасында сурдоаударма ұйымдастыруға4,2 млн. теңге,  «Қазақстан»телеарнасында – 56,6 млн. теңге бөлу көзделуде.

 Заң жобасында мүгедектергекөрсетілетін білім қызметтерінің шарттары мен тізбесібелгіленген. Алғашқы рет орта және жоғары кәсіптікоқу орындарына түсу үшін квота,  кәсіптік білім беретін, шәкіртақыменқамтамасыз ету жөніндегі  жеңілдіктеркөзделді. Мүгедек-балалар үшін оларды үйде оқыту  шығындарын өтеу қарастырылады.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмысорындарының үш пайыздық квотасын белгілеу, арнайы әлеуметтікжұмыс орындарының ашу, мүгедектер қоғамдықбірлестіктерінің мамандандырылған ұйымдарының қызметінқолдауды қамтитын өңірлік оңалту бағдарламаларынәзірлеу   көзделді.

Арнаулы тарау жұмыс берушілердің мүгедектерді әлеуметтікқорғауға қатысуын айқындайды. Жұмыс беруші өзқаражаты есебінен:

- жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақатыналған және/немесе кәсіптік ауру болған мүгедектергеәлеуметтік жұмыс орындарын құруға;

- кәсіптік оқу мен қайта оқуды қамтамасызетуге;

- әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына, өндірістік ғимараттармен құрылыстарға қол жеткізуді қамтамасыз етугеміндетті.

Мемлекеттік басқару жүйесінің оңтайлануын ескереотырып, мүгедектермен жүргізілетін жұмыстың жағдайынұйымдастыру және бақылау функциялары орталық жәнежергілікті атқарушы органдар арасында жіктеліп бөлінді. Бұл ретте, тәсілдер кешенді болғандықтанәлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау жәнебілім органдарының құзыреті айырып бөлінді.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңдардыңсақталуын бақылау халықты әлеуметтік қорғаусаласындағы уәкілетті органға және оның аумақтықбөлімшелеріне жүктеледі. Оларға  ұйымдарда мүгедектерді әлеуметтікқорғау туралы заңдардың сақталуын тексеру: бұзушылықтартуралы актілер жасау, анықталған бұзушылықтарды жоютуралы жазбаша ұйғарымдар беру, заңдарда белгіленген негіздербойынша айыппұлдар салу құқығы беріледі. Заңдардыбұзғаны үшін кінәлі басшыларға және заңдытұлғаларға (тиісінше 200 және 400 АЕК) әкімшілікшаралар қолдану көзделген.

 Жаңазаң жобасының негізінде мүгедектерді қорғаудыңәлдеқайда  тиімді жүйесін   құруға (2006 жылданбастап) қосымша қаражат қажет болады.   Бұл мақсаттарғамемлекеттік бюджеттен 72,5 млрд.теңге бөлу  көзделді.  

            «ҚазақстанРеспубликасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»  Заңды қабылдауқазіргі нормативтік құқықтық базаға:  «Қазақстан  Республикасындағы  мүгедектігі  бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайыбойынша және жасына байланысты берілетін  мемлекеттік  әлеуметтік  жәрдемақылар  туралы», «ҚазақстанРеспубликасындағы  арнаулы  мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Қазақстан Республикасындахалықты жұмыспен қамту туралы», «Қазақстан  Республикасындағы  сәулет, қала құрылысыжәне құрылыс қызметі туралы», «ҚазақстанРеспубликасындағы балалар құқығы туралы» ҚазақстанРеспубликасының Заңдарына, «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Қазақстан РеспубликасыныңКодексіне  әжептәуір өзгерістермен толықтырулар енгізуге әкеліп соғады. 

            «Ақ жол» партиясы Бағдарламасындағымүгедектерді әлеуметтік қорғау  мәселелерін шешу жолдары жоғарыдаайтылған ережелермен біршама үйлеседі.

«Ақ жол» партиясының  жұмысқаорналастыру,  қоғамдықбірлестіктердің арнаулы кәсіпорындарын қолдау,  үйде еңбек ету мен кәсіпкерлікқызметті ұйымдастыру бөлігіндегі  ұсыныстары Мүгедектерді оңалтудың2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасына енгізілетінболады. 

Сонымен қатар, бағдарламаның жекелеген ережелері даулыболып көрінеді және  қарсылықтуғызады.

         Біріншіден, бағдарламанегізінен  «Қазақстан  Республикасындағы  мүгедектердің  әлеуметтік қорғалуы   туралы» Қазақстан Республикасының  қолданыстағы Заңын  іске асыруға  бағытталған және жаңазаң жобасында көзделген мүгедектерді әлеуметтік қорғаумен оңалтудың бірқатар маңызды   бағыттарын ескермейді.

            Мүгедектіктің алдын алу бөлігіндемүгедектіккеапаратын патологиясы бар жиі және ұзақ ауыратын  адамдар туралы дерекқор құружәне  аурулардың  жеке ағза мүшесі,  бүкіл ағза деңгейлерінде және әлеуметтік деңгейдегіәсерін   ескеретін  алғашқы оңалту әдістемесін  өзгерту;

            Мүгедектікті белгілеуге қатысты бөлігіндетіршілікәрекеті  мен денсаулық ұйымдарыфункцияларының  халықаралық  жіктеуішін бейімдеу, аурудың  ауырлығымен  патологияның  жай-күйінің  сандық өлшеміне  кезең-кезеңмен көшуге жәнемүгедектік белгілеу кезінде шешімдердің стандартталуын  қамтамасыз етуге мүмкіндікберетін функционалдық сыныптарды  анықтау әдістемесін  енгізу.

  Бағдарламада ұсынылғанадамның жоғалтқан ағза мүмкіндіктерініңорнын толтыру дәрежесін   оныңеңбек ету қабілетін сақтау негізінде анықтауғакелетін болсақ, бұл негізінен еңбек ету қабілетіненайрылу  қатерінен сақтандырудыұйымдастыруда пайдалану жоспарланып отырған жалпы еңбек ету қабілетіненайрылу  деңгейі мен  кәсіптік еңбек ету қабілетіненайрылу деңгейін (жалпы мүгедектікпен қатар) айқындауменүйлеседі.

            Бағдарламаны әзірлеушілерұсынған  мүгедектіктіңүш санатын: дене, кәсіптік және  жалпы мүгедектікті белгілеу мен  мүгедектік топтарын алып тастау   белгілі бір қарсылықтар туғызады.

Мүгедектік, адамның тіршілік әрекеті шектелуініңбелгілі бір дәрежесін білдіретіні белгілі. Ол әртүрлі – жеңілжәне шамалы түрден айқын білінетін, яғни ауыр түрге дейін болуы мүмкін.  Осыған қарай оңалту жеке бағдарламасы  (ОЖБ) жасалады. ОЖБ мүгедектің  оңалту мүмкіндігін неғұрлым дәлірек ескерсе, оңалту процесінің нәтижелілігіде солғұрлым айқын болады.

Сондықтан, қазіргі кезде мүгедектік топтарын  (І, ІІ және ІІІ) белгілеуден бас тартуғаерте деп  есептейміз,  өйткені дәл осы негізде тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесіескеріледі және  оңалту жекебағдарламасы  (ОЖБ) айқындалады. 

             мүгедектердіоңалту бөлігіне қатысты – алдын алу, мүгедектерді анықтау жәнеоңалту шараларын қоса, оңалту процесінің бүкіл  кезеңінде денсаулық сақтау,  білім беру, әлеуметтік қорғау мекемелерінің қызметтерін кіріктіруді көздейтін бірыңғай оңалту жүйесінқұру. Осы орайда,  бағдарламағаоңалтудың  медициналық  және әлеуметтік қызметтердің  әзірленген  мемлекеттік стандарттары негізінде  жүргізілетіні туралы ережелерді енгізу қажет;ұйымдар мен  түрлі меншікнысанындағы  ведомстволардың  оңалтудың жеке бағдарламасын  орындау міндеттілігі Заңменбекітіледі,  бақылау жәнеіске асырылу  нәтижелерін бағалауМӘС қызметі деп көзделсін.

            Біздің ойымызша, қарт  адамдар мен  мүгедектерге   қызметкөрсетуді жетілдіру көзделуі қажет (интарнат-үйлерін ықшамдау,  сыйымдылығы шағын  үйлер ашу, мүгедектер жалпы күтіммен қатар  мамандандырылған көмек те  алатын мамандандырылған  стационарлық  мекемелер ашу).

Мектеп аясында білім беру  жүйесінде  алдымызда мүгедек балаларды әдеттегі  және арнаулы  мектептерде,  (жеке бағдарламалар бойынша) үйдеоқытуға   қажетті  жағдайлар жасау, мүгедектерді  жоғары және орта  кәсіби  оқу орындарында  оқыту үшін  мемлекеттік тапсырыс негізінде квоталарбелгілеу,  мүгедектерді қайтаоқыту және қайта даярлау жөнінде қосымша шаралар қабылдау тұр.

             Техникалықкөмекші  компенсаторлық  құралдармен  қамтамасыз ету  бөлігінде   - берілетін құралдартізбесін  ұлғайту,  протездік-ортопедиялық  құралдарға арналғанстандарттарды  қайта қарау жәнеоларды сертификациялауды енгізу, өнімдерді жаңа технологияларбойынша  шығару үшінпротездік-ортопедиялық  орталықтарды  құрылымдық    және техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру,сурдологиялық  қызметті  қалпына келтіру  және сурдологиялық көмекті дамыту.

            Екіншіден,  бағдарламаныіске асыру үшін ұсынылатын мерзімдер қарсылық туғызады.Қазіргі уақытта  2002-2005жылдарға арналған  мүгедектердіоңалтудың  кешенді бағдарламасыніске асыру аяқталып келеді. Арнайы құрылған жұмыстобының алдында осы бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қорытындылау   және болашақта Мүгедектерді оңалтудың  кешенді бағдарламасының жобасын әзірлеутұр.  Үкімет  шешіміне сәйкес бұл   бағдарлама   2006-2010 жылдарға арналып есептелетінболады.

            Үшіншіден, мүгедектерді оңалту процесінің бірыңғай  технологиясы мен жүйелілігі «Ақжол» бағдарламасы ұсынып отырған   мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың  дербес бірнеше бағдарламалары нұсқасынақарама қарсы  мүгедектердіңқоғам өміріне  қатысуына  теңдей мүмкіндіктер жасау жөніндегі  іс-қимылдардың бірыңғайкешенді  бағдарламасын әзірлеудіталап етеді деп пайымдаймыз. 

            Төртіншіден, бағдарламада ҚазақстанРеспубликасының халқын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасына    сәйкес  құрылып жатқан мүгедектерді  әлеуметтік  қамсыздандырудың  үш деңгейлі  жүйесі көріністабуы тиіс. Болашақта мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандырудеңгейін арттыруға    мемлекеттік бюджет  қаражатыесебінен (базалық негіз) секілді  жұмысберушінің және/немесе  қызметкерлердің  міндетті, ерікті жарналар (міндетті жәнеерікті сақтандыру)  есебінен де қолжеткізілетін болады.

            Бесіншіден,  мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау  жөніндегі  заңнамалық база   жалпы және арнаулы заңнаманы ұштастыруытиіс. Бұл орайда, «Ақ жол» партиясы әзірлеген  бағдарламағақарағанда, заңнаманы жетілдіру және әзірлеу:  

            мүгедектікпроблемаларына қатысты  күрделі  және көп қырлы  мәселелер бойынша  келісімді қамтамасыз ететін  ұлттықүйлестіруші және  кеңесшіорганды белгілейтін заңнаманы;

            мүгедектердің  құқықтарын  белгілейтін және қорғайтын  заңнаманы («ҚазақстанРеспубликасындағы  мүгедектердіәлеуметтік қорғау туралы» заң жобасы әзірленді);

            мүгедектергеберілетін қаржылай көмекті  (әлеуметтіктөлемдерді)  айқындайтын заңнаманы;

            білім беру,  жұмыспен қамту, оңалту  және денсаулық сақтау  сияқты салаларда  мүгедектерге  қызмет көрсетуді   реттейтін заңнаманы;

            инфрақұрылымдыдамытуға қойылатын талаптарды айқындайтын    заңнаманы талап етеді.

             

10 қараша, 2004 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші