A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің бірінші отырысын өткізу жөніндегі БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің бірінші отырысын өткізу жөніндегі

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Астана қаласы 2006 жылғы 7 желтоқсан

2006 жылы 7 желтоқсан күні Астана қаласында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г. Д. Қарақұсованың төрағалық етуімен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесі отырысының барысында 2006-2008 жылдарға арналған Мүгедектерді оңалту жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылу мәселесі қаралып, осы мәселе бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Г. Н. Абдыхалықова баяндама жасады.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды еңбекке орналастыру, әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымға кедергісіз кіруін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері: «Намыс» жоғары білімі бар мүгедектер қоғамы бірлестігінің төрағасы Қ. Е. Иманәлиев пен «Қарағанды облысытық мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А. М. Ивкин сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Үйлестіру кеңесінің мүшелері мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды оңалту және мүгедектерді оңалту жөніндегі аумақтық бағдарламалардың жүзеге асырылуы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы Қарағанды облысы мен Алматы қаласы әкімі орынбасарларының хабарламасын тыңдады.

Сонымен бірге, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің өкілі сөз сөйледі.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысында жоғарыда аталған мәселелері бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындалды.

Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Оның негізгі міндеттері:
мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, мекемелердің, мүгедектер қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларға өмір сүруге тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

«Мүмкіндіктері шектеулі әйелдердің мүдделерін әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде ескеру»

тақырыптағы дөңгелек үстел өткізу жөніндегі

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Астана қаласы 2006 жылғы 7 желтоқсан

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Шырақ мүгедек әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Мүмкіндіктері шектеулі әйелдердің мүдделерін әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде ескеру» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел шеңберінде 2006-2008 жылдарға арналған республикалық және аймақтық Мүгедектерді оңалту жөніндегі бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, соның ішінде гендерлік аспекті мәселесі және мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың бюджеттік процессті ұйымдастыруға қатысу мәселелері қаралды.

Дөңгелек үстел отырысына Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің және мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

7 желтоқсан, 2006 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші