A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындалуы туралы

Мүгедектердіоңалтудың 2006-2008 жылдарға

арналғанбағдарламасын орындалуы туралы

2007 жылдың 21 желтоқсанындаМүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестірукеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

Үйлестірукеңесінің негізгі міндеті Мүгедектерді әлеуметтікқорғау мәселелері жөнінде ұсыныстар менұсынымдар әзірлеу, мүгедектерді әлеуметтікқорғауды қамтамасыз ету, олардың тыныс-тіршілігі менқоғамға етене араласуы үшін теңмүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша орталық және жергіліктіатқарушы органдардың, ұйымдардың,мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерініңөзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.

Үйлестірукеңесінің құрамына орталық және жергілікті мемлекеттікбасқару органдары, мүгедектердің қоғамдық ұйымдарыөкілдері кіреді.

Қазіргі кездереспубликамызда «Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы»Қазақстан Республикасының Заңы, Мүгедектердіоңалтудың 2006-2008 жылдарға арналғанбағдарламасы жүзеге асуда, бұлардың орындалуына 25млрд. теңге, соның ішінде 2007 жылы 7,3 млрд. теңгекөзделген.

Отырыс барысында Еңбекжәне халықты әлеуметтік қорғауминистрлігінің Жауапты хатшысы Г. Н. Әбдіхалықова Үйлестірукеңесінің мүшелеріне Мүгедектерді оңалтудың2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының іскеасырылуы барысымен таныстырып өтті.

Мүгедектердіоңалтудың аумақтық бағдарламаларының іскеасырылуы туралы Астана қаласының, Қарағанды облысыәкімдері орынбасарларының баяндамалары тыңдалды.

 Мүгедектердің білім алуға,мүгедектіктің алдын-алуға және мүгедектердімедициналық оңалтуға, мүгедектер арасында денетәрбиесі және спорттық жұмыстың жағдайы, мүгедектердіңақпаратқа және мәдени-көпшілік іс-шараларғамүмкіндік беруге бағытталған құқықтарыныңжүзеге асуы туралы мәселелер қарастырылды.

Үйлестірукеңесінің мүшелерімен жергілікті атқарушыоргандарға мүгедектергетұрғын-үйлерге, әлеуметтік, көліктікинфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуін ұйымдастырубойынша жұмысты жақсарту қажеттілігі, кәсіби жәнемедициналық  оңалтудыкүшейту қажеттігі жөнінде ұсыныстар айтылды.

21 желтоқсан, 2007 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші