A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасындағы лайықты еңбек жөніндегі 2010-2012 жылдарға арналған бағдарлама

Кіріспе

Осы Лайықты еңбек жөніндегі ұлттық бағдарламаны (бағдарлама) Қазақстан Республикасының үш жақты әріптестері бірлесіп әзірледі және   әлеуметтік-экономикалық тұрақты даму және ер кісілер мен әйелдердің өмір сүру стандарттары мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстандағы лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету жөнінде бірлесіп жүргізілетін жұмыстың жалғасы болып табылады.

Бағдарлама Мыңжылдықтың даму мақсаттары шарттарын, БҰҰ-ның даму мақсатында көмек көрсету жөніндегі негіздемелік бағдарламасы (UNDAF)¹ мен жұмыс орындары туралы Халықаралық Еңбек Ұйымының Ғаламдық пактін басшылыққа алады. Бағдарлама сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында, Қазақстанның 2024 жылға дейін тұрақты дамуға өту тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары тәрізді үкіметтің орта мерзімді және ұзақ мерзімді стратегияларында айқындалған ұлттық басымдықтарға негізделеді.

Қазақстанның ұлттық даму бағдарламасы екі мақсатқа жетуге бағытталған: өнеркәсіп, қаржы және мемлекеттік секторларда халықаралық стандарттарды қабылдау арқылы әлемдік экономикаға толыққанды қатысу, сондай-ақ экономиканы жан-жақты дамыту. Жоғарыда аталғанды ескере отырып, еліміздің үкіметі мынадай ұлттық басымдықтарды айқындады: (і) мемлекеттік сектордың тиімділігін арттыру, (іі) бәсекеге қабілеттікті ілгерілету, (ііі) кадрлық ресурстарға үлес қосу және негізгі инфрақұрылым арқылы келешекте бәсекеге қабілеттік негізін құру және (іv) өсуді қамтамасыз ету, бұл ретте қоршаған ортаға теріс әсер етпейді және берешектерді қысқарту.

Бағдарлама жоғарыда аталған даму мақсаттары мен ұлттық басымдықтарға жетуге елеулі үлес қосады. Бағдарламаның басымдықтарын  Лайықты еңбек мәселелері жөніндегі техникалық қолдау топтары мен Халықаралық Еңбек Ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша бюросының сарапшыларымен техникалық консультациялар процесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен әлеуметтік әріптестері

____________________

 

¹ Осы Лайықты еңбек жөніндегі ұлттық бағдарлама даму мақсатында көмек көрсету жөніндегі БҰҰ негіздемелік бағдарламасының екі нәтижесіне атап айтқанда Барлық адамдар үшін әлеуметтік және экономикалық өркендеу, және Тиімді басқаруға қол жеткізуге жәрдемдеседі.

 

 

айқындап, үш жақты субөңірлік конференция² уақытында ұсынылған болатын.

Басымдықтарды айқындауда алдыңғы 2007-2009 жылдарға арналған Бағдарламаның орындалуын бағалау нәтижесіне баса көңіл бөлінді. Халықаралық Еңбек Ұйымы мен Қазақстан Республикасының 2010-2012 жылдарға арналған ынтымақтастық басымдықтарымен қатар, Бағдарламада қойылған мақсаттар мен нәтижелерге жетуге қажетті басты нәтижелер, индикаторлар мен стратегиялар нақты қалыптастырылған. Бағдарлама үкімет, әлеуметтік әріптестер және Халықаралық Еңбек Ұйымы Субөңірлік бюро арасындағы консультациялық процестің жемісті нәтижесі болып табылады. Қазақстанда лайықты еңбек мақсаттарын тиімді іске асыру, ілгерілету нәтижелерінің мониторингі және бағалау үшін Бағдарламаны іске асырудың 2010-2012 жылдарға арналған жоспары әзірленетін болады.

Бағдарлама Халықаралық Еңбек Ұйымы мен Қазақстан Республикасы үш жақты әріптестерінің тығыз ынтымақтастығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Халықаралық Еңбек Ұйымының еліміздегі қызметін одан әрі дамыту және әлеуметтік-еңбек саласында нәтижелерге және оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған.

 

І. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-еңбек саласының қазіргі ахуалы және Лайықты еңбек жөніндегі ұлттық бағдарламаны орындау перспективалары

 

2008-2009 жылдары әлеуметтік-экономикалық саланың дамуына әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыстың кері салдары әсер етті.

Дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыру аясында Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлаудың өңірлік стратегиясы («Жол картасы») және Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту жүйесін жетілдірудің 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қабылданған болатын. Өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін бос жұмыс орындарын белсенді түрде іздеу және іріктеу, жұмыссыздарды, халықтың нысаналы топтарының өзге де өкілдерін оқыту, қайта оқыту және біліктілігін арттыру;  қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру; бос орындар жәрмеңкесін өткізу; жастар практикасын ұйымдастыру және т.б. қолданылды.

Жұмыспен қамту саясаты кедейлікті жою және әл-ауқатты арттырудың ең  ұтымды құралы болып қала береді. Жұмыспен қамту саласындағы негізгі реформалар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық тұрақты

____________________________

² Лайықты еңбек басымдықтарын айқындау және дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау жөніндегі Субөңірлік үш жақты конференция, Баку, 2009 жылғы 10-11 желтоқсан

 

дамуын қолдауға және жұмыс орындары туралы ұлттық жұмыспен қамту саясатындағы Халықаралық Еңбек Ұйымы Ғаламдық пактісінің шарттарын қолдануға бағытталатын болады. «Жол картасы» қосымша жұмыс орындарын құру, кадр даярлау және қайта даярлау, іскерлік белсенділікті ынталандыру және дағдарыстан кейінгі тұрақты даму үшін жағдай жасау арқылы жұмыспен қамтумен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды. Өңірлерде қызметкерлердің жұмыстан босатылуын болжамдап көрсететін және жаңа жұмыс орындарын құру қажеттілігін айқындайтын жұмыспен қамту картасы енгізілді.

Еңбек нарығын тұрақтандыру, өңірлік жұмыспен қамтуды және кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттен     168,8 млрд. теңге³ бөлінді.

Кадр даярлау және қайта даярлау бағдармаласымен 67 мыңға жуық адам қамтылатын болады.

Еңбек нарығындағы, әсіресе салалық және өңірлік қатер аймақтарында, жүйе жасайтын және қала құратын кәсіпорындардағы ахуалдың тұрақты мониторингі жүзеге асырылады. Қабылданып жатқан шаралар халықты жұмыспен қамтуға, нақты табыстың сақталуы және өсуіне, халықты әлеуметтік қорғауға тікелей әсерін  тигізеді.

Жол картасын іске асыруда қазақстандық өндірістегі тауарлар мен қызметтерді басымды пайдалану есебінен отандық кәсіпорындар, бірінші кезекте құрылыс секторы мен құрылыс материалдары индустриясын тұрақтандыру жоспары тапсырыстарымен қамтамасыз етіледі. Макроөңірлерде экспортты мамандандыру секторларын келешекте дамыту нәтижесінде 500 мыңға жуық жұмыс орыны құрылып, ІЖӨ-нің қосымша өсуі шамамен 8 % құрайды.

Жыл сайын соңғы бес жыл ішінде елімізде екі жүзден астам жұмыс орны, оның ішінде жартысынан көбі ауылды жерлерде құрылуда. 2009 жылы жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп өтініш білдірген бес жүз сексен үш мың азаматтың 81,6 % жұмысқа орналастырылды, 65,0 мың жұмыссыз кәсіптік оқуға және қайта даярлауға жіберілді.

Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында 2005 жылдан бастап жұмысынан айрылу жағдайына берілетін төлемді және атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтитын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жұмыспен қамтылған халықтың саны 2009 жылы 7,9 млн. адамға (2008 жылы 7,8 млн.) артып, жұмыссыздық деңгейі 6,6 %-дан 6,3%-ға төмендетілді (2009 жылдың ІҮ тоқсан қорытындысы бойынша).

___________________________

³ АҚШ-тың 1 доллары 148,5 теңгеге тең (2010 жылғы қаңтар)

 

 

 

2009 жылы қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдарда 30 мыңға жуық шетелдік мамандардың еңбегі пайдаланылды. Ішкі еңбек нарығы мен жергілікті персоналдың мүдделерін қорғау, Қазақстан Республикасы азаматтарын жұмыспен қамту және жалақыларына зиян келтіруді барынша азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі шетелдік жұмыс күшін алып келу квотасын белгілеп, оның сақталуын бақылап отырады, шетелдік мамандарды жергілікті кадрлармен ауыстыру саясатын жүргізіп отыр.

Сонымен қатар, қазақстандық еңбек нарығындағы ахуал формальды еңбек нарығында маңызды болып табылатын: төмен сапалы жұмыс күші және тиімсіз жұмыспен қамту (экономиканың еңбекті көп қажетсінетін салаларында жұмыс істейтін адамдардың үлес салмағының жоғарылығы) тәрізді  проблемалармен қатар тұр. 

Жұмыс істейтін халықтың үштен бірінен астамы өзін өзі жұмыспен қамтыған болып табылады  (оның ішінде бір млн. астам адам өзінің жеке үй шаруашылығымен айналысады),  көлеңкелі жұмыспен қамту, жұмыссыздық, оның ішінде әйелдер жұмыссыздығының жоғары деңгейі сақталып отыр. Әйелдер жұмыссыздығының деңгейі 6,9 % болып қалыптасып, бұл ер кісілердің жұмыссыздық деңгейінен 1,2 проценттік пунктке асып тұр.

Келешекте (2012 жылдан бастап 2021 жылдарға дейін) 1990 жылдардағы қолайсыз демографиялық ахуалға байланысты жұмыс күші жетіспеуі мүмкін деп болжануда. Сарапшылардың бағалауы бойынша шетелдік жұмыс күшіне сұраныс 2015 жылға қарай шамамен 1,2 млн. адамды құрайды4. Шекаралардың «ашықтығы», көрші елдердің азаматтарының елімізге визасыз кіруі, табыс деңгейінің Қазақстандағы халықтың табыс деңгейінен бірнеше рет төмен болуы, сондай-ақ формальды емес еңбек нарығы Қазақстан Республикасында реттелмеген еңбек көші-қонының едәуір көлемінің болуын түсіндіреді.

2009 жыл ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық Еңбек Ұйымымен, басқа да халықаралық ұйымдармен, әлеуметтік әріптестермен бірлесіп «Халықтың көші-қоны туралы» жаңа заңның жобасын әзірлеп, халықаралық конференциялар мен консультациялар өткізді, еңбекші мигранттардың ағынын тиімді реттеуге бағытталған ұсынымдар қабылдады. Аталған қызмет, әсіресе қабылданған ұсынымдарды іске асыру жөніндегі қызмет алдағы кезеңде жалғастырылатын  болады.

 

____________________________________

 

4Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері, 2008 жылғы 11 қараша

 

Тұрақты жұмыспен қамту және жұмыс берушілердің еңбекақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауы халықтың табысын өсірудің негізгі шарты болып қала береді. 1998-2009 жылдары ең төменгі еңбекақы 5,7 есеге көбейді, 2009 жылы 13 470 теңгені құрап, ал 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап аталған көрсеткіш 13 717 теңгеге дейін өсті. Бір қызметкердің орташа еңбекақысы 65802 теңгеге жетіп, 6,3 есеге артты.

Бюджет саласы қызметкерлері еңбекақысының деңгейі жетілдіріліп, арттырылуда. Реформалау жүргізіле басталған уақыттан бері (2002 ж.) бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 2,6 есеге өсті. 

 Статистика агенттігінің 2009 жылғы қазандағы деректері бойынша халықтың жан басына шаққанда орташа номиналды ақшалай табысы 34794 теңгені құрады, бұл 2008 жылғы қазандағымен салыстырғанда 9,2 %-ға көп, ал нақты ақшалай табыс аталған кезеңде 3,2 % өсті. 

Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамасын жетілдіру мақсатында 2007 жылдың 15 мамырында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі қабылданды (қолданысқа 2007 жылдың 1 маусымынан енгізілді). Оның негізгі мақсаты қоғамдық келісім және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған демократиялық, құқықтық және әлеуметтік механизмдерді одан әрі дамыту мақсатында еңбек қатынастарын құқықтық реттеуді бекіту, лайықты еңбекті заңнамалық тұрғыдан қолдауды қамтамасыз ету болып табылады. Еңбек кодексі қоғам мүшелерінің экономикалық белсенділігін арттыруға ынталандыруға, еңбек өнімділігін және өндіріс тиімділігін арттыруға, қызметкерлердің экономикалық және әлеуметтік кепілдіктерін артыру және олардың еңбек жағдайларын жақсарту арқылы жалпы үдемелі экономиканы дамытуға бағытталған.

Еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің жаңа үлгісі қызметкерлердің, жұмыс берушілер мен  мемлекет мүддесінің тұрақты балансын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Әлеуметтік әріптестік институттарын құрып, олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз еткен елдердің тәжірибесінен қызметкерлер, жұмыс берушілер мен мемлекеттің арасындағы сұхбат және ынтымақтастық бұл сұхбаттың барлық субъектілерінің мүддесіне жауап беретінін, келісімшарт негізінде өзара ұтымды шешімдер қабылдауға, қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін көруге болады.

Азаматтардың еңбек қатынастарын реттеу және еңбек құқықтарын қорғауда әлеуметтік сұхбат жүйесін дамыту және еңбек заңнамасының сақталуын, оның ішінде азаматтардың өтініштерін, шағымдары мен басқа да сұрауларын олардың еңбек құқықтарының сақталуына байланысты нақты мәселелерді шешу мақсатында  мемлекеттік бақылауды күшейту шаралары қабылдануда. 

 

Еңбек жағдайларын жақсартуға, кәсіпорындарда халықаралық еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізуге ерекше көңіл аударылуда.

2009 жылы өндірісте жарақаттанғандардың саны 2102 адам болды, бұл өткен жылғыға қарағанда 15% кем (оның ішінде адам өліміне әкелгені  346 адам, ал 2008 жылы 404 адам болған).

Еңбек заңнамасының сақталуы бақылануда. 2010 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы 22,1 мың тексеру жүзеге асырылды, барысында 100,6 мыңнан астам еңбек және әлеуметтік заңнама бұзушылық анықталды. МЕИ-дің тексеруімен қамтылған кәсіпорындардың үлесі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы (245583) санынан 9,0% құрады. Ұйымдардың заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты анықталған заң бұзушылықтар нәтижелері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы 310,5 млн. теңге сомаға 10,7 мыңнан астам айыппұл салды.

Еңбекті әкімшілендіруді жетілдіру және мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында Министрлік жұмыс берушілерге қатысты әкімшілік прессингін төмендетуге бағытталған жаңа тәсілдерді ұсынды.        2010 жылдан бастап жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүргізу кезеңділігін айқындауда негізгі критерий болып табылатын қатерлерді бағалау жүйесі әзірленді.

Министрлік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру және талаптарын күшейту жұмыстарын жалғастыратын болады.

ТМД құрамына кіретін мемлекеттерді стандарттау жөніндегі ұлттық органдардың өңірлік бірлестігі болып табылатын Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі еуразиялық кеңес «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Жалпы талаптар» 12.0.230-2007 Мемстандарт мемлекетаралық стандарты қабылданды. Аталған стандарт Халықаралық Еңбек Ұйымы – ЕҚБЖ 2001 құжатына ұқсас (Еңбекті қорғауды басқару жүйесі жөніндегі нұсқаулық).

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 306-бабы 11) тармақта еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі отандық және шетелдік озық жұмыс тәжірибесін таратуға  бағытталған деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 317-бабы 1-тармақшасына сәйкес жұмыс берушіге қызметкерлерге еңбек жағдайларының қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде тікелей жауапкершілік пен міндеттемелер жүктеледі. Еңбекті қорғауды басқару жүйесін пайдалану бұл міндеттемелерді орындауға мүмкіндік жасайды. Сондықтан да осы стандарт еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі қызметті үздіксіз жетілдіруде ұйымдар мен құзырлы мекемелерге жәрдемдесудің практикалық құралы болып табылады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпорындар мен ұйымдарда Халықаралық Еңбек Ұйымы – ЕҚБЖ  2001 мен «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Жалпы талаптар» 12.0.230-2007 Мемстандартты енгізу жөнінде мақсатты жұмыс жүргізілуде. Жұмыс еңбекті қорғауды басқару жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестікке келтіруге бағытталған. Мемлекеттік және қоғамдық еңбек инспекторларын қоса, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мамандарын оқыту жүйесін одан әрі жетілдіру, шағын кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жүйелік жолын енгізу жұмыстарын жақсарту және тиімділігін арттыру жөнінде қосымша шаралар қабылдау қажет.

Еңбек және еңбек көші-қоны саласындағы балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жоюға, ЖИТС/АИТВ мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасына (2001 жыл) және Әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес 2005 жылдан бастап зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі көп деңгейлі болды5. 1997 жылы басталған зейнетақы реформасы Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасын қабылдаумен жалпы әлеуметтік саланы реформалауда ерекше маңызға ие болды. Реформаның негізгі мақсаты – зейнетақы жарналарының дербестендірілген есебі арқылы экономикалық өсуді ескере отырып, еңбек жарнасын зейнетақымен теңестіретін қаржылық тұрақты және әділетті жүйе құру.

Әлеуметтік қамсыздандырудың үш деңгейлі құрылымын енгізу тек зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін ғана емес, әлеуметтік қатер төнгенде халықты әлеуметтік қорғау жүйесін де қамтыды.

Қазіргі уақытта республикамызда:

  • мемлекет кепілдік беретін базалық әлеуметтік төлемді;
  • міндетті әлеуметтік сақтандыруды;
  • келешекте әлеуметтік төлемдерге айналдырылатын азаматтардың ерікті жинақтарынан тұратын әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді.

Еңбек стажына және жалақысына қарамастан азаматтардың тиісті санатына мүгедектігі және асыраушысынан айрылуға байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар еңбек қабілетінен немесе асыраушысынан айрылған жағдайда берілетін базалық әлеуметтік төлем болып табылады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру әлеуметтік қорғаудың екінші деңгейіне жатады және әлеуметтік қатер төнгенде формальды сектор қызметкерлерін қосымша қорғау жүйесін құруға бағытталған.

______________________________________

 

5 Бірінші деңгейге мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі жатады. Екінші деңгей  зейнетақы тағайындау үшін заңнамада көзделген 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек стажы болғанда ынтымақты жүйеден берілетін зейнетақыны және міндетті зейнетақы жарналарының есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін қамтиды. Үшінші (қосымша) деңгейге ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен аралас және жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі қатысушыларына берілетін зейнетақы жатады.

Заңнамаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандырумен әлеуметтік қатерлердің бес түрі қамтылған (еңбек қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айрылу, жүкті болу және босануға, бала асырап алуға байланысты табысынан айрылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылу).

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізудің негізгі мақсаты әлеуметтік қатерлердің туындауы нәтижесінде жоғалтқан табыс бөлігін өтеу болып табылады.

 Бүгінгі таңда әлеуметтік әріптестіктің негізгі тараптары - мемлекеттік органдар, кәсіподақтар, жұмыс берушілердің бірлестіктері. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес оларға әлеуметтік-еңбек қатынастарын ретке келтіру және сындарлы диалог бойынша тең мүмкіндіктер мен құқықтар берілген. Сонымен қатар тараптардың әрқайсысының әлеуметтік  сұхбат саласында  өз мақсаттары мен міндеттері бар.  

Республикалық деңгейде мемлекеттік органдар атынан әлеуметтік әріптестік тарапы болып Қазақстан Республикасының Үкіметі, ал оның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (Еңбекмині) өкілдік етеді. Ол әлеуметтік әріптестік жөніндегі нормативтік базаны әзірлеумен және жетілдірумен айналысады, осы мәселе бойынша барлық ұйымдастырушылық-техникалық жұмысты жүргізеді және республика бойынша әлеуметтік әріптестікке мониторинг жүргізеді. Бұған қоса, әлеуметтік әріптестік проблемаларын шешу кезінде Үкімет тараптардың өзара ымыраға келуіне жәрдемдесуге және келіссөздер жүргізу процесінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.  

Жұмыс берушілердің мүддесін ұлттық деңгейде білдіруді жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері жүзеге асырады. Республикалық деңгейде мұндай ұйымдардың саны бірнешеу:  Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілерінің конфедерациясы, Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығы,  Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспортерлерінің одағы «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы. 

Қызметкерлердің мүддесін үш кәсіподақ ұйымы білдіреді: Қазақстан Республикасы кәсіподақтарының федерациясы, Қазақстанның еңбек конфедерациясы, Қазақстан Республикасының еркін кәсіподақтарының  конфедерациясы.   

2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасында 2009-2011 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылды. Бұл құжат республикалық деңгейде Республикалық үшжақты комиссияның қатысушылары – Үкімет, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасында  әлеуметтік және еңбек  қатынастарын реттеудің негізгі қағидаттары бойынша ұстанымдары мен міндеттемелерін айқындап, келіседі. 

2009-2011 жылдарға арналған Бас келісімде әлеуметтік-еңбек саласы мәселелерінің толық спектрі көрініс тапқан: 

  • еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын дамыту; 
  • халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру, кадрлардың кәсіптік даярлығын жақсарту; 
  • әлеуметтік саясатты дамыту; 
  • әлеуметтік кепілдіктерді, еңбек пен денсаулықтың қорғалуын қамтамасыз ету. 

Әлеуметтік диалогтың негізгі проблемаларының бірі оның салалық деңгейде әлсіз болуы. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер ұйымдарының институционалдық әлеуетін салалық деңгейде де одан әрі нығайту мақсатында әлеуметтік әріптестер алдындағы бұл проблеманы шешу қажет.  

Елде әлеуметтік әріптестіктің басты нысандарының бірі – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі кең қанат жайды. 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша БҰҰ ғаламдық шартының қағидаттарын халықаралық және отандық компанияларға енгізу, әлеуметтік әріптестік пен тиімді қайырымдылық практикасын қалыптастыру, әлеуметтік жобалардың  маңыздылығы беделін арттыру мақсатындаҮкімет, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасында  жасалған 2007-2008 жылдарға  және  2009-2011 жылдарға арналған екі Бас келісімде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде тараулар қосылды, бұл әлеуметтік әріптестердің салалар мен республика өңірлері деңгейінде келіссөз жүргізуіне негіз болады.    

2008 жылғы қаңтарда Жезқазған қаласында Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша Республикалық форум өткізілді, онда  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстанның әлеуметтік бағдарлы бизнес құрылымдары арасында Әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында БҰҰ Ғаламдық шартының қағидаттарын ілгерілету туралы келісімге қол қойылды. 

Мемлекет басшысының форумда жариялаған «Ұжымдық шарт жасаңыздар» акциясының өткізілуіне байланысты 2009 жылы ұжымдық-шарттық қатынастармен қамтылған кәсіпорындар үлесі жұмыс істейтін кәсіпорындар санының 30,5% құрады (2008 жылы – 12%).

Елде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша Меморандумдар мен келісімдер жасау тәжірибесі дами бастады. Меморандумдарды іске асыру өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға айтарлықтай әсер етеді  және жұмыс орындарын сақтау және кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлерінің жұмыспен қамтылуын сақтау шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

 

II. Ынтымақтастықтың басым салалары 

 

Бағдарлама аясында ынтымақтастықтың басым бағыттары мыналар болады: 

 

1. Еңбек қатынастары саласындағы мәселелерді халықаралық стандарттарға сәйкес реттеу 

 Қазақстан Республикасы ХЕҰ 17 конвенциясын ратификациялады, оның ішінде 8 негізгі және 4 басым сипатта.

ХЕҰ құжаттарында бекітілген және ұлттық заңнамада көрініс тапқан еңбек саласындағы негізгі қағидаттар мен құқықтар жаңа әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар контексінде одан әрі дами түседі. 

2. Ерлер мен әйелдерді жұмыспен тиімді қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу 

 Ынтымақтастықтың басым бағыттары ХЕҰ жұмыс орны туралы Ғаламдық пактісінің қағидаттарын мынадай мәселелер бойынша ілгерілетуге бағытталады:

- еңбек нарығы саясатын жетілдіру арқылы жұмыспен қамтуды сақтау және кеңейту; 

- халықтың дағдарыс салдарынан айтарлықтай зардап шеккен тобын, оның ішінде жастарды қолдауды күшейту; 

- еңбекші мигранттар мен олардың отбасыларын қорғауға бағытталған заңнаманы және механизмдерді одан әрі жетілдіру;

- біліктілікті арттыруға, сапалы оқуға және білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;

- әлеуметтік қамсыздандырудың ұлттық жүйесін жетілдіру арқылы ерлер мен әйелдердің әлеуметтік қорғалуын кеңейту; 

- еңбекші-мигранттардың еңбек жағдайларын қоса алғанда, еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында, еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу және қолдану. 

3. Үшжақты ынтымақтастық пен әлеуметтік диалогты одан әрі дамыту 

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық еңбек ұйымының 2010-2012 ж.ж. ынтымақтастығы  әлеуметтік диалогты  одан әрі дамытуға бағытталатын болады. әріптестердің негізгі күш-жігері ХЕҰ жұмыс орны туралы Ғаламдық пактісінің қағидаттарын үшпартиялық қағидаты негізінде әлеуметтік диалогқа қатысу және жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында нақты экономиканың қажеттіліктерін ескер отырып дағдарысқа қарсы жауап шараларының ықпалын барынша күшейтуге бағытталған сындарлы процестер ретінде ұжымдық келіссөздер жүргізу бойынша іске асыруға бағытталатын болады.       

III. Бағдарламаның нәтижелері, негізгі жоспарланатын іс-әрекеттер мен стратегиясы 

      1-басымдық: Еңбек қатынастары саласындағы мәселелерді халықаралық стандарттарға сәйкес реттеу  

 

1.1-нәтиже:ХЕҰ еңбек жағдайлары, әлеуметтік қорғау және гендерлік теңдік саласындағы ратификациялануы көзделген конвенциялардың ережелеріне сәйкес ұлттық заңнаманы жетілдіру 

 Негізгі жоспарланатын іс-әрекеттер:

  • ХЕҰ «Жалақыны қорғау туралы» № 95, «әлеуметтік қамсыздандырудың ең төмен нормалары» № 102, «Ең төмен жалақыны белгілеу туралы» № 131 конвенцияларын ратификациялау бойынша дайындық жұмыстары басталды.
  • ХЕҰ Қазақстанның «Көші-қон саласындағы теріс пайдаланушылық және еңбекші мигранттарға мүмкіндіктер мен көзқарас теңдігін қамтамасыз ету туралы» № 143 және «Еңбекші мигранттар туралы» № 97  конвенцияларына қосылуының нәтижесіне бағалау жүргізді.
  • ХЕҰ 1986 жылғы «Асбестті пайдалану кезінде еңбекті қорғау туралы» (№ 162)  және «Аналарды қорғау туралы» № 183 конвенцияларын ратификациялау
  • Еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу мақсатында ХЕҰ № 187 конвенциясын ратификациялау 
  • ХЕҰ Теңізшінің жеке куәлігі туралы № 185 Конвенциясын ратификациялау   

 

Стратегия:

2009-2011 жылдарға арналған Бас келісімнің ережелерін іске асыру мақсатында көрсетілген конвенцияларды ратификациялау бойынша материалдарды дайындау жұмыстары жалғасатын болады. ХЕҰ стандарттары мен қағидаттарын анағұрлым тиімді пайдалану үшін, сондай-ақ ХЕҰ басқа басым конвенцияларын ратификациялау үшін қажетті шарттарды мұқият зерттеу бөлігінде еңбек заңнамасын жетілдіру кезінде ХЕҰ техникалық сараптама жасайды. Атап айтқанда, Халықаралық Еңбек Ұйымының «Көші-қон саласындағы теріс пайдаланушылық және еңбекші мигранттарға мүмкіндіктер мен көзқарас теңдігін қамтамасыз ету туралы» №143 және «Еңбекші мигранттар туралы» № 97 Конвенцияларына Қазақстанның қосылу нәтижесін бағалауға көмек көрсетілетін болады. 

ХЕҰ Қазақстан Республикасына асбестті пайдалану және өндіру кезінде еңбекті қорғау туралы № 162 Конвенцияның ережелерін орындауда, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы № 187 Конвенция, ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 сияқты халықаралық стандарттарды орындау кезінде консультация беріп, жәрдемдеседі.

 

1.2-нәтиже:  Еңбек заңнамасын жетілдіру 

 

Негізгі жоспарланатын іс-әрекеттер:

  • ХЕҰ ратификацияланған конвенциялардың орындалуын бақылайтын бөлімшелерінің түсініктемелері ескеріліп, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу.
  • Еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға еңбек инспекциясының тиімді қатысуын қамтамасыз ету үшін заңнамалық және басқа да шаралар қабылдау. 
  • Жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру.
  •  «Халықтың көші-қоны туралы» жобасын жаңа редакцияда әзірлеу.  

 

Стратегия:

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленетін болады.  ХЕҰ «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сараптама жасайтын болады.  

Еңбек инспекциясына 2004 жылы аудит жүргізу шеңберінде  ХЕҰ еңбек инспекциясының тиімділігін арттыру және ХЕҰ № 81 және № 129 конвенцияларын тиісті орындау жөнінде ұсыным берген болатын.   Заңнаманы және еңбек инспекциясының практикалық қызметін аудит ұсынымдарына, ХЕҰ № 81 және № 129 мен халықаралық нормаларға сәйкес келтіру үшін оларды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. 

Ұлттық пара-пар бәсекеге қабілеттілікті дамыту және жаһандандыру контексінде әзірленіп жатқан Қазақстанның еңбек нарығын және адам ресурстарының жұмыспен қамтылуын реттеудің жаңа тұжырымдамасының негізінде жұмыспен қамту туралы жаңа заң әзірленеді. Оның негізгі мақсаты  экономикалық сипаттағы алдын алу шараларын іске асыру арқылы жұмыспен қамту деңгейін сақтау болады. ХЕҰ жұмыспен қамту туралы жаңа Заңды әзірлеуде сарапшылық көмек берді және  халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы жетілдіру және еңбек көші-қонын реттеу саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеуде  жәрдемдесетін болады.

 

1.3-нәтиже:Еңбекті қорғау саласында халықаралық стандарттарға сәйкес заңнаманы жетілдіру және ұлттық стандарттарды әзірлеу 

 

Негізгі жоспарланатын іс-әрекеттер:

  • Еңбек кодексіне еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік қатерлерді бағалау және басқаруға қатысты жаңа терминдер мен ұғымдарды енгізу. 
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңға тәуелді актілерге талдау жасау. 
  • Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің «Ұйымда еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Пайдалану бойынша нұсқаулық», «Шағын кәсіпорындарда еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Пайдалану бойынша талаптар мен ұсынымдар», «Ұйымдарда еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Бағалауды пайдаланудың және қатерлерді басқарудың негізгі талаптары» және «Ұйымдарда еңбекті қорғауды басқару жүйесі.  Тексеруді (аудитті) ұйымдастыру» мемлекеттік стандарттардың жобаларын әзірлеу.

 

Стратегия:

ХЕҰ жаңадан қабылданған еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша орындалу механизмі жөнінде   консультация берді. ХЕҰ ұйымдастырған Қазақстандағы еңбек инспекциясының аудиті  заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыным жасауға  мүмкіндік береді.

Сұраныс болған жағдайда еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесін ХЕҰ № 155 және № 187 Конвенцияларының ережелері мен тиісті ұсынымдарға сәйкес реформалау үшін қайта қаралуға тиіс құқықтық актілерге қатысты  консультация беруді жалғастырады.   

 

 2-басымдық: Ерлер мен әйелдерді жұмыспен тиімді қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу 

 

 2.1-нәтиже: Жұмыспен қамту саясаты мен еңбек нарығын жетілдіру 

 

Негізгі жоспарланатын іс-әрекеттер:

  • Қазақстан Республикасы халқын жұмыспен қамту жүйесін жетілдірудің 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қабылданды. 
  • Қазақстанда еңбек нарығын және адам ресурстарын жұмыспен қамтудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу. 

Стратегия:

Ұлттық пара-пар бәсекеге қабілеттілікті дамыту және жаһандандыру контексінде Қазақстанда еңбек нарығын және адам ресурстарын жұмыспен қамтудың жаңа тұжырымдамасы әзірленетін болады (соның негізінде    экономикалық сипаттағы алдын алу шараларын іске асыру арқылы жұмыспен қамту деңгейін сақтауға бағытталған Жұмыспен қамту туралы жаңа заң әзірленетін болады).  

 

 2.2-нәтиже:Гендерлік аспектіні ескере отырып, кәсіби дағдылар мен кәсіпкерлік білімді дамыту арқылы тұрақты жұмыс орындарын құру  

 

Негізгі жоспарланатын іс-әрекеттер:

  • Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында  модульдік кәсіптік оқу әдістемесі мен «Бизнеспен танысу» бағдарламасын енгізу.  
  • Жұмыспен қамтудың ұлттық бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік білім мен оқуға қолжеткізу мүмкіндігін, оның ішінде ХЕҰ «Өз бизнесіңді баста және жетілдір» оқу бағдарламасын институционалдау арқылы да кеңейту.
  • Қызметкерлерге «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» мамандығы бойынша қосымша кәсіптік білім беру жөніндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты бекіту. 

 

Стратегия:

Үшжақты әріптестер Алматы қ. мен Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының мысалында өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың құрылымы мен жағдайына қанатқақты зерттеу жүргізетін болады. ХЕҰ өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың құрылымы және оларды мемлекеттік қолдау, сондай-ақ азаматтардың осы санатын жұмыспен қамту проблемасын шешу бойынша халықаралық тәжірибені зерттеуде жәрдемдесетін болады.

ХЕҰ халықтың нысаналы топтарын, оның ішінде әйелдер мен жастарды шағын несиелендіру механизмін жетілдіру мәселелері бойынша сарапшылық көмек көрсетеді,  консультация береді.

ХЕҰ кәсіпкерлік білім беру мен оқуға қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту бойынша әр түрлі міндеттер кешенін шешуге бағытталған, жастарды жұмыспен қамтуға және гендерлік теңдікке баса назар аударатын жаңа тәсілді ұсынады. ХЕҰ білімді дамытуға және басымдықтармен, оқу бағдарламаларымен, ХЕҰ автономды режимдегі саясат саласындағы зерттеулері мен консультацияларымен таныстыру құралы ретінде   Виртуалды ресурстық тұғырнаманы [1] енгізуде қолдау көрсетеді.    

         ХЕҰ семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу арқылы өңірлерде әйелдерді, жастарды кәсіпкерлік дағдыларға, өз бизнесін жүргізуге үйретуге қатыстыру бойынша насихаттау, түсіндіру жұмыстарын өткізуге жәрдем көрсетеді.

 

         2.3-нәтиже:  Ұлттық әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру

 

 

         Негізгі жоспарланатын іс-әрекеттер:

  • № 102 Конвенцияға сәйкес зейнетақы заңнама зейнетақы төлемдерін және жалақыны алмастыратын коэффициенттерді арттыруға бағытталған өзгерістер енгізу.
  • Ең төмен күнкөріс шамасын айқындау әдіснамасы жетілдірілді.

 

Стратегия: 

         Қаржы және экономикалық дағдарыс жағдайында ер адамдар мен әйел адамдардың өмір сүру деңгейінің ең төмен стандарттарын қамтамасыз ету мақсатында ұлттық әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасатын болады. ХЕҰ әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі жөнінде ХЕҰ-ның «Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төмен нормалары туралы» № 102 және «Ең төмен жалақы мөлшерін белгілеу туралы» Конвенцияларына сәйкес техникалық сараптаманы ұсынады және консультация береді.

         Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру мақсатында қазіргі кезде төленетін зейнетақы төлемдері мөлшерінің барабарлығына бағалау жүргізілетін болады. ХЕҰ зейнетақы заңнамасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұлттық зейнетақы жүйесіне құқықтық және актуарлық талдау жүргізуге техникалық сараптама ұсынады.   ХЕҰ сондай-ақ әлеуметтік диалогты пайдалана отырып, ең төмен күнкөріс шамасын айқындау әдіснамасын жетілдіру мәселелері жөнінде техникалық консультация береді.

         

         2.4. нәтиже: Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде мигрант қызметкерлер үшін жоғары қатерлі жекелеген салаларға еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу және қолдану.

        

         Негізгі жоспарланатын іс-әрекеттер:

  • «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Жалпы талаптар» 12.0.230.-2007 МемСТ Мемлекетаралық стандартқа сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу.
  • Ұлттық институтының еңбекті қорғау мәселесі жөнінде оқу жоспарын және қызметкерлерді оқыту бағдарламасын оқытуды жақсартудың жүйелік жолы шеңберінде әзірлеуі және енгізуі. 
  • Әлеуметтік әріптестердің қатысуымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын қарау және кәсіпорынның тәжірибелік қызметіне енгізу жөнінде Ұлттық еңбекті қорғау институты жанынан Консультативтік кеңес құру.
  • Жыл сайын мемлекеттік инспекторлар мен әлеуметтік әріптестерді «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Жалпы талаптар» 12.0.230.-2007 МемСТ Мемлекетаралық стандартты (ХЕҰ-ЕҚБЖ) енгізу әдістеріне оқыту курстарын жүргізу.
  • «Жергілікті қоғамдастықты дамыту барысында еңбек тәжірибесін жетілдіру» ХЕҰ бағдарламасының тәжірибесін тарату.
  • Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне еңбек саласында АИТВ/ЖИТС алдын алу мәселелерін енгізу.

 

 

Стратегия:  

         Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін жетілдіру бойынша жүргізілетін жұмыстар шеңберінде ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау қызметтері еңбекті қорғауды басқару жүйесін ұйымдастыруды және енгізуді, сондай-ақ кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау комитетін ұйымдастыруды қамтиды. ХЕҰ осы міндеттерді орындауға консультативтік қолдау көрсетеді. Еңбек жағдайларын қоғамдық бақылау қызметі біртіндеп, кәсіпорындардағы еңбекті қорғау комитеттері қолданатын әлеуметтік әріптестік  жүйесі шеңберінде жұмыс берушімен диалог жүргізетін қызметкерлердің өкіліне берілетін болады. ХЕҰ Еңбекті қорғау жөніндегі Ұлттық институтқа жаңа міндеттерді орындауда қызметкерлер арасынан еңбекті қорғау жөнінде уәкіл дайындауға жәрдемдесу мақсатында консультативтік қолдау көрсетеді.

         Әлеуметтік әріптестер жаңа жұмыс орындарының еңбекті қорғау және әлеуметтік қорғау стандарттарына сәйкестендіруді қамтамасыз етуді тиісті үлес қосады.

         Алға қойылған жаңа міндеттерді шешуге жәрдемдесу мақсатында басқа да еңбек және еңбекті қорғау ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастықта  Еңбекті қорғау жөніндегі Ұлттық институттың міндеті мен қызметін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

         ХЕҰ  Еңбекті қорғау жөніндегі Ұлттық институтымен бірлесіп мүдделі тараптарға лайықты еңбек пен қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін еңбекті қорғауды басқару жүйесін жүзеге асыру және жетілдіру мәселелері жөнінде келісімге қол жеткізуге консультативтік қолдау көрсетеді. Бұл жерде әлеуметтік әріптестерді оқыту, тәжірибелік материалдар әзірлеу және «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Жалпы талаптар» 12.0.230.-2007 МемСТ Мемлекетаралық стандартын тікелей енгізу, жекелеген кәсіпорындарда ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 тең басшылыққа алу туралы айтылып отыр. Бұл ретте, ХЕҰ басқа елдерде жинақталған тәжірибесі пайдаланылатын болады. Жекелеген кәсіпорындарда жүргізілген тәжірибе экономиканың басқа салаларына енгізілетін болады.

         Оңтүстік Қазақстанда жүргізілген, еңбекші мигранттарға бағытталған «Жергілікті қоғамдастықты дамыту барысында еңбек тәжірибесін жетілдіру» (WIND) пилоттық бағдарламасының тәжірибесі, республиканың жаңа өңірлеріндегі ауылдық елді мекендерге қолданылатын болады.

         ХЕҰ еңбек саласындағы АИТВ/ЖИТС мәселелерін еңбекті қорғауды басқару жүйесіне енгізу мәселелесі жөнінде консультациялық қолдау көрсетеді.

         2.5. нәтиже: Еңбекші мигранттар мен олардың отбасыларын қорғауға бағытталған заңнамаларды және механизмдерді одан әрі жетілдіру  

 

         Негізгі жоспарланатын іс-әрекеттер:

  • Ұлттық заңнамаларға  еңбекші мигранттардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған ережелер қосу.
  • Еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғауды үкімет пен әлеуметтік әріптестер әзірлеген және жүзеге асырған бағдарламалар арқылы кеңейту.
  • Басқа елдермен еңбек көші-қоны саласында екіжақты және көпжақты келісімдер әзірлеу.

        

         Стратегия:

         ХЕҰ үкімет пен әлеуметтік әріптестердің еңбек көші-қоны саласындағы саясатты қалыптастыру, іске асыру және мониторинг жүргізу жөнінде ұйымдастырушылық әлеуетін нығайту бойынша тәжірибелік көмек көрсетуге жәрдемдеседі. 

         ХЕҰ еңбек саласында негіз құраушы қағидаттар мен құқықтар, кемсітпеушілік және тең құқылы қарау, әлеуметтік сақтандыру қағидаттары бөлігінде ұлттық заңнаманы талдауға техникалық жәрдемдесуді жалғастырады. ХЕҰ еңбекші мигранттардың реттелмеген қозғалысын қысқарту мақсатында көші-қон арналарын өңірлік үйлестіруге және реттеуге жәрдемдесетін болады.

         ХЕҰ еңбек көші-қоны саласында деректер жинаудың және статистиканың ұлттық жүйесін талдауға, еңбек көші-қоны статистикасының халықаралық индикаторларын қолдану негізінде осы жүйені үндестіруге техникалық жәрдем көрсетеді. ХЕҰ саясатты пысықтау үшін статистикалық деректерді өңірлік алмастыруды, жинауды және қолдануды жандандыруға жәрдемдесетін болады, бұл Орталық Азия елдерін тегі, транзиті және мақсаты басқа елдермен өзара іс-қимылын оңтайландыру мақсатында деректерді  Еңбек көші-қоны жөніндегі ғаламдық Халықаралық дерекқорына  енгізуге мүмкіндік береді.

                  

         3-басымдылық: Үшжақты ынтымақтастықты және әлеуметтік диалогты одан әрі дамыту

 

         3.1. нәтиже: Әлеуметтік диалогтың пәрменділігін барлық деңгейде жақсарту және үшжақты комиссиялардың мәртебесі мен рөлін арттыру

 

Негізгі жоспарланатын іс-әрекеттер:

  • Ұжымдық келіссөздер жүргізуге жататын ратификацияланған конвенциялардың ережелерін орындау (№№87, 98 және 135).
  • Салалық деңгейде әлеуметтік диалогты нығайту.
  • Жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың, оның ішінде салалық деңгейде институционалдық мүмкіндігін арттыру.
  • Үшжақты комиссиялардың рөлі мен әлеуетін нығайту.
  • Барлық деңгейдегі келісімдерді жұмыс берушілер мен қызметкерлерге қолдану.
  • Үшжақты әріптестердің мүмкіндіктерін арттыру, еңбек саласында АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша әлеуметтік әріптестердің жұмыстарын реттейтін  механизмдер әзірлеу және тәжірибелік қызметте қолдану.      

 

         Стратегия:

         Әлеуметтік әріптестер ХЕҰ № 87, 98 және 135 конвенцияларын іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады. ХЕҰ еңбек дауларын реттеу саласында сараптамалық көмек көрсетеді. Әлеуметтік әріптестермен бірлесіп немесе де өздігінен осы салада оқу жұмыстарын ұйымдастырады.

         ХЕҰ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларын еңбекшілер мен кәсіподақ белсенділері арасында әлеуметтік әріптестік бөлігінде түсіндіруге жәрдемдеседі.

         2009-2011 жылдарға арналған Бас келісім шеңберінде барлық деңгейдегі келісімдерді жұмыс берушілерге және қызметкерлерге қолдану бойынша жұмыстар жалғасын табады.

         Салалық деңгейде ХЕҰ әлеуметтік әріптестерге әріптестік қатынасты дамыту, жұмыс берушілер бірлестігін құру, салалық кәсіподақ құрылымын нығайту мәселелері, сондай-ақ республикада қызметін жүзеге асыратын шетелдік компанияларды үшжақты комиссия жұмысына тарту, ұжымдық шарттар жасау мәселесі жөнінде әлеуметтік диалог саласында халықаралық тәжірибені зерттеуге жәрдемдеседі.

         Әлеуметтік диалог жөніндегі өңірлік және салалық комиссиялар өкілдерінің қатысуымен конференциялар, семинарлар, тренингтер, «дөңгелек үстелдер» өткізуде техникалық қолдау көрсетеді.

         ХЕҰ үшжақты әріптестерге еңбек саласында АИТВ/ЖИТС халықаралық зерттеуге және 2009-2011 жылдарға арналған Бас келісім шеңберінде әлеуметтік әріптестердің жұмыс орындарында АИТВ/ЖИТС алдын алу мәселелерін шешу үшін қажетті шаралар әзірлеуді және оларды іске асыруды ұйымдастыру мүмкіндігін арттыруға жәрдемдеседі. Үшжақты комиссиялар ХЕҰ ынтымақтастықта «АИТВ/ЖИТС және еңбек саласы» ХЕҰ тәжірибелік ережесін жинақтау қағидаттары негізінде жұмыс орындарында АИТВ/ЖИТС алдын алу жөніндегі қызметті реттеу механизмін әзірлейді және оны тәжірибеде қолданады.

 

         3.2. нәтиже: Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ілгерілету

 

Негізгі жоспарланатын іс-әрекеттер:

  • Үшжақты әріптестердің хабардарлығын және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің түрлі аспектілерін түсінуін жақсарту.
  • Үшжақты әріптестердің ХЕҰ-ның Көпұлтты Кәсіпорындар мен Әлеуметтік саясатқа қатысты Қағидаттар декларациясының (бұдан әрі – КҰС жөніндегі Декларация) негізгі қағидаттарын және ережелерін ілгерілету жөніндегі әлеуетін нығайту.

 

 

         Стратегия:

         ХЕҰ әлеуметтік әріптестерді ұйымдастыру әлеуметін дамытуға бағытталған, оның ішінде бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі туралы ХЕҰ тиісті конвенциялары мен БҰҰ-ның ғаламдық шартының ережелері пайдаланылған Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілер бірлестіктері және қызметкерлер арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған  Бас келісімді іске асыруға жәрдемдесу мақсатында нақты қадамдар жасайды.

         ХЕҰ үшжақты әріптестердің ХЕҰ-ның КҰС жөніндегі Декларациясының негізгі қағидаттары мен ережелерін ілгерілету жөніндегі әлеуетін нығайту және жекелеген кәсіпорындарда ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізуге жәрдемдеседі.

        

         3.3. нәтиже: Бала еңбегінің ең нашар түрлерін жою саласында әлеуметтік  әріптестікті нығайту

 

Негізгі жоспарланатын іс-әрекеттер:

  • Бала еңбегінің ең нашар түрлерін жою бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспарын орындау үшін Бала еңбегінің ең нашар түрлерімен күрес жөніндегі Ұлттық үйлестіру кеңесінің әлеуетін арттыру.
  • Бала еңбегінің ең нашар түрлерін жою бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспарын орындау және әлеуметтік әріптестер (Қазақстан Республикасының Үкіметі, Кәсіподақтар федерациясы және Жұмыс берушілер конфедерациясы) әзірлеген және бекіткен Қазақстан Республикасында 2009-2011 жылдарға арналған ХЕҰ № 182 Халықаралық конвенциясын іске асыру.
  • Бала еңбегімен күрес стратегиясы ұлттық бағдарламалық құжаттарға және өңірлік үшжақты келісімдерге қосылды.

        

         Стратегия:

         ХЕҰ үшжақты әріптестерге үшжақты көзқарас негізінде, оның ішінде осы саладағы халықаралық тәжірибелермен танысу жөнінде семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу арқылы бада еңбегін жою бойынша жұмыстарға консультативтік қолдау көрсетеді.

         ХЕҰ әлеуметтік әріптестерге бала еңбегінің ең нашар түрлерін болдырмау және тоқтату бойынша шаралар әзірлеуге, жоспарлауға және жүзеге асыруға, оған қоса, бала еңбегіне қатысты еңбек заңнамасының сақталуы бойынша жұмыстарды күшейтуге консультативтік қолдау көрсетеді.

         Әлеуметтік әріптестер ХЕҰ № 182 Конвенциясын және бала еңбегінің ең нашар түрлерін жою бойынша жұмыстардың бірлескен жоспарын іске асыру жөнінде жұмыстарды жалғастырады.

        

         IV. Іске асыру, мониторинг және бағалау механизмі

 

         Осы Лайықты еңбек жөніндегі бағдарламада ХЕҰ және Қазақстан Республикасының үшжақты комиссиясы ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарынбірлесіп айқындады, күтілетін нәтижелерді, индикаторлар мен стратегияларды қалыптастырды және бағытталған іс-қимылдың кең спектрін белгіледі. Бұл нәтижелер мен іс-қимылдар өзгеріп отыратын ахуалды ескере отырып, қайта қаралуы және бейімделуі мүмкін. Тараптар Бағдарламаның барлық қатысушыларына өзара тиімді болатын ынтымақтастықтың жаңа түрлері туралы бір-бірін хабардар етіп, тығыз байланысты қолдайтын болады.

         Ынтымақтастық бағдарламасын ХЕҰ-ның Еуропа және Орталық Азия  елдерінің Өңірліккеңсесінің және Женевадағы ХЕҰ-ның штаб-пәтер техникалық департаменттерінің қолдауымен Қазақстандағы үшжақты әріптестерімен және  Лайықты еңбек мәселелері жөніндегі техникалық қолдау тобы және Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерібойынша ХЕҰ-ның бюросыбірлесіп жүзеге асыратын болады. Лайықты еңбек жөніндегі ұлттық бағдарламаны іске асыру барысында ХЕҰ-ның Туриндегі Халықаралық Оқу Орталығымен ынтымақтастық бұрынғыдай сараптамалық және қаржылық ресурстардың одан әрі өзара толықтыруына бағытталатын болады. ХЕҰ, сондай-ақ Бағдарламаның жекелеген нәтижелерін орындау үшін ресурстарды жұмылдыру мақсатында Қазақстанда өз қызметін жүзеге асырып жатқан басқа да халықаралық агенттіктермен және донорлар ұйымдарымен ынтымақтастықты жалғастырады.

         ХЕҰ-ның Қазақстандағы Ұлттық үйлестірушісі Бағдарламаны орындау барысында жалпы үйлестірушілікті, күштердің жөнге салынғандығын әрі ұлттық және халықаралық құрылымдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін болады. Бағдарлама мақсаттарына техникалық ынтымақтастық жобаларды жүзеге асыру, консультациялық және ақпараттық қызметтер ұсыну, ұлттық әріптестер мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында семинарлар ұйымдастыру арқылы жететін болады. Бағдарламаның күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу  үшін ХЕҰ басқа да әріптестік ұйымдармен, ғылыми-зерттеу институттармен және тәуелсіз сарапшылармен ынтымақтастықта үшжақты әріптестеріне техникалық қолдау көрсететін болады.

 

         Қазақстан Республикасының 2010-2012 жылдарға арналған лайықты еңбек ұлттық бағдарламасының орындалуынжүйелі түрде ХЕҰ Ұлттық үйлестірушісінің қатысуымен белсенді диалог режимінде  үшжақты әріптестер және ХЕҰталқылайтын болады.

         Тараптар бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізу және тиімді іске асыруда Лайықты еңбек мәселелері жөнінде техникалық қолдау тобының және Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша ХЕҰ Бюросы рөлінің маңыздылығын мойындайды. Бағдарлама мақұлданғаннан кейін Іске асыру жоспары мен Бағдарлама мониторингі және бағалау жоспары әзірленетін болады. ХЕҰ қатысуымен Үшжақты консультациялық комитет болып жатқан өзгерістерді ескеру және Бағдарламаны орындаудың икемді жолдарын қамтамасыз ету үшін Іске асыру жоспарына қажетті түзетулерді енгізе отырып, Бағдарламаның ұлттық және өңірлік деңгейде жүзеге асырылуын қадағалап және орындалу нәтижелелерін ұдайы (әр 6 ай сайын) үйлестіріп отырады.

         Тараптар ақпараттық қызметтерге және құжаттамаға жеңілдетілген қол жетімділік Қазақстанның нарықтық экономикаға ойдағыдай көшуін қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылатынын бірауыздан мойындайды. Осыны ескере отырып, ХЕҰ Қазақстанға өз жарияланымдары мен ақпараттың басқа да көздеріне қол жетімділікті ұсынады. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі ХЕҰ-ға Бағдарламаны ойдағыдай іске асыру үшін қажетті статистикалық ақпарат пен басқа да маңызды құжаттарды ұсынатын болады.

         Лайықты еңбек мәселелері жөніндегі техникалық қолдау тобы және Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша ХЕҰ-ның бюросы   Бюроның қызметін көрсететін соны материалдарды дайындауды және жариялауды жалғастырады. Жарияланымдар мүмкіндігінше ағылшын және орыс тілдерінде шығарылатын болады.

         Бағдарлама мәтіні Лайықты еңбек мәселелері жөніндегі техникалық қолдау тобы және Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша ХЕҰ-ның бюросының, ХЕҰ-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, республикалық қызметкерлер және жұмыс берушілер бірлестіктерінің веб-сайттарында ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жарияланатын болады.

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан:

Г. Әбдіқалықова,

_____________________________

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Халықаралық Еңбек Ұйымы атынан:

 

С. Хоффманн,

_____________________________

ХЕҰ-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері өңірлік кеңсесінің директоры

 

 

 

 

М. Лубиова,

 

Лайықты еңбек мәселелері жөніндегі техникалық қолдау тобы және Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша ХЕҰ-ның бюросының директоры

Қазақстан Республикасының қызметкерлері атынан:

С. Мұқашев,

_____________________________

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы 

 

Қазақстан Республикасының жұмыс берушілері атынан:

К. Байкенов,

_____________________________

Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер конфедерациясының президенті

 

 

Н. Радостовец,

_____________________________

Қазақстанның тауарөндірушілері мен экспорттаушылары одағының президенті

  

21 сәуір, 2011 - 17:05 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші