A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Салалық арттырушы коэффициенттердi бекiту туралы" 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң ең төмен еңбекақы стандартын есептеуге арналған салалық арттырушы коэффициенттер:

      1) тау-кен металлургия саласында - кемiнде 1,6;

      2) машина жасау саласында - 1,1-ден 1,3-ке дейiн;

      3) көмiр өнеркәсiбi саласында - 1,6-дан 2,2-ге дейiн;

      4) химия өнеркәсiбiнде - 1,5;

      5) мұнайгаз саласында - 1,8;

      6) құрылыс саласында - 1,5;

      7) электр энергетикалық кешенде - 2,0 болып бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.11.03. N 1002 (2009 жылғы 1  қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.07.29 N 761 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                             К. Мәсiмов

Бөлімдер:
21 сәуір, 2011 - 17:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші