A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкiметi өкiлдерiнiң құрамы туралы» 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 437-құжат


 

      Ескерту. Атауы мен мәтiнiндегi сөздер ауыстырылды - ҚР Үкiметiнiң 2001.02.05. N 187 қаулысымен .

      Iшкi саяси тұрақтылық және қоғамның бiрiгуi жөнiндегi ұзақ мерзiмдi басымдықты жүзеге асыру, мемлекеттiк органдар, республикалық жұмыс берушiлер бiрлестiктерi және кәсiподақтар арасындағы әлеуметтiк- экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтiк әрiптестiктегi өзара байланыстар мен ынтымақтастықты күшейту үшiн диалогтың ықтимал барлық нысанын көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi:

      1. Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi болып мыналар тағайындалсын:
 
Орынбаев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Ербол Тұрмаханұлы         орынбасары, төраға

Әбдiқалықова            - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гулшара Наушақызы         халықты әлеуметтiк қорғау министрi

Құсайынов               - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Марат Әпсеметұлы          даму және сауда вице-министрi

Құсдәулетов             - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Дулат Рашитұлы            вице-министрi

Әбдiбеков               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Нұрмұхамбет Қанапияұлы    жаңа технологиялар вице-министрi

Шоқпытов                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Андар Мәулешұлы           вице-министрi

Қиынов                  - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Ләззат Кетебайұлы         вице-министрi
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1999.11.25 N 1784, 2000.01.24 N 119, 2000.10.26 N 1594, 2001.02.05 N 187, 2001.12.24 N 1679, 2002.04.10 N 411, 2003.07.23 N 732, 2004.01.29 N 108, 2004.06.07 N 631, 2005.01.11 N 6, 2005.10.26 N 1075, 2006.03.20 N 192, 2006.07.12 N 664, 2007.02.28 N 155, 2007.10.05 N 904, 2008.02.06 N 109, 2009.05.15 N 729, 2010.09.30 N 993Қаулыларымен.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
1998 жылғы 21 желтоқсандағы    
N 1305 қаулысына          
қосымша            

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Әлеуметтiк еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi Республикалық үшжақты комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерiн тағайындау туралы" 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 545-құжат).

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Әлеуметтiк еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi Республикалық үшжақты комиссияның құрамына өзгерiстер енгiзу туралы" 1996 жылғы 30 қыркүйектегi N 1194 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 39, 373-құжат).

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 1996 жылғы 10 желтоқсандағы N 1512 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 51, 492-құжат).

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 1997 жылғы 12 тамыздағы N 1253 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 37, 353-құжат).

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 9 қаңтардағы N 3 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 4-құжат).

Бөлімдер:
29 сәуір, 2011 - 11:52 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші