check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жиі қойылатын сұрақтар

 

 

1. Жұмыс беруші ықтиярхаты рұқсаты бар шетелдік азаматпен еңбек шартын жасасқысы келеді. Бұған шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсаты керек пе. Аталмыш рұқсатты  кім және қай жерден сұрау керек?

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге жұмыс берудің шарттары мен тәртібі ережесінің 3 тармағы 10) тармақшасына сәйкес Ереже Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданбайды.

Соған байланысты, жұмыс берушінің шетел азаматына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алуы талап етілмейді.

 

 

2. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына жұмысқа орналасу шарттары қандай?

 

Шетелдік жұмыс күшін квоталау арқылы  ішкі еңбек нарығын қорғау «Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының басты қағидасы болып табылады.

Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге жұмыс берудің шарттары мен тәртібі ережесімен реттеледі.

 

 

3. Шетел азаматының қызметі шетелде Қазақстандық заңды тұлғаның білдірумен байланысты болса қазақстандық жұмыс берушіге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат алу қажет пе?

 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабына сәйкес осы Кодекс, егер Заңдар мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған  халықаралық келісімдерде өзгеше көзделмесе қызметкерлерге, оның ішінде жеке меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылады.

Еңбек кодексінің 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен шарт жасасуға жол берілмейді.

Сәйкесінше, қызметкер Қазақстан Республикасынан тысқары еңбек етсе, Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасы оған қолданылмайды.

Сондықтан, ҚР аумағында орналасқан заңды тұлға мен  аталмышзаңдытұлғаның РФ-дағы өкілі арасындағы еңбек қатынастары өкілдер қызмет атқарып жатқан елдің заңнамасымен реттелуі керек.

 

 

4. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қай мемлекеттік орган береді?

 

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін жұмыс беруші ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы№ 1242  қаулысымен бекітілгенҚазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге жұмыс берудің шарттары мен тәртібі ережесіне сәйкес уәкілетті органға (жергілікті атқарушы орган), яғни облыстық және Астана мен Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына тиісті құжаттары мен өтінішін тапсырады.

 

 

5. Шетел азаматтары күнтізбелік бір жылдың ішінде іс - сапармен қандай мерзімге келе алады?

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген   Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге жұмыс берудің шарттары мен тәртібінің 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес осы Ереженің күші мерзімі бір күнтізбелік жыл ішіндегі жиынтығы 60 күнтізбелік күннен аспайтын іссапарда жүрген азаматтығы жоқ тұлғаларға және шетелдіктерге қолданылмайды.

Сондай-ақ, Ереже 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес осы Ереженің күші Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне шартқа сәйкес 60 күнтізбелік күннен астам мерзімге іссапарєа жіберілген азаматтығы жоқ тұлғаларға және шетелдіктерге қолданылмайды.

2-қосымшаға сәйкес уәкілетті орган растаған тізім бойынша шетелдік қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне іссапарға жіберуге Қазақстан Республикасының осы заңды тұлғасының, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің қазақстандық персоналды Қазақстан Республикасынан тыс жердегі заңды тұлғаға кәсіптік даярлау, қайта даярлау және (немесе) біліктілігін арттыру мақсатында іссапарға жіберілген жағдайда жол беріледі.

Іссапарға жіберудің жиынтық мерзімі 180 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

 

 

6. Шетелдік қызметкерге ашылған банк депозитін кері қайтарып алуға жазбаша рұқсат алу үшін  уәкілетті органға қандай құжаттар тапсыру керек?
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылєы 24 сәуірдегі № 316 қаулысымен бекітілгенЖұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген жарна енгiзу және оның мөлшерiн бекiту туралы ережеге сәйкес жарнаны жұмыс берушілерге уәкілетті органның жазба рұқсатының негізінде банкттер қайтарады.

Уәкiлеттi орган жұмыс берушi өтiнiш жасаған күнi ол (олар) аумағында тұрақты тұратын мемлекетке кететiн қызметкердiң (қызметкерлердiң) атына көлiк құралына алынған билеттiң көшiрмесi не электронды авиабилетке ақы төленгенi туралы түбiртектiң көшiрмесi болған кезде жазбаша келiсiм бередi.

 

 

 

         7. Шетелдік қызметкер жақын немесе алыс шетелден келген болса, шетелдік қызметкерге депозит қандай мөлшерде болуы тиіс?

       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 316 қаулысымен бекітілгенЖұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген жарна енгiзу және оның мөлшерiн бекiту туралы ережеге сәйкес бiр шетелдiк қызметкерге арналған жарна ол аумағында               тұрақты тұратын мемлекеттiң жақын маңдағы әуежайына дейiнгi авиабилеттiң "Экономикалық" сынып бойынша құнынан кем емес мөлшерде белгіленеді.

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнен келген бiр шетелдiк қызметкерге арналған жарна ол аумағында тұрақты тұратын мемлекеттiң жақын маңдағы станциясына дейiнгi темiр жол (купелi вагон) немесе автомобиль көлiгi билетiнiң құнынан кем емес мөлшерде белгіленеді.

       

          8. Компания 2008 жылы екінші санаттағы қызметкерлерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алды, аталмыш рұқсатты 2009 жылға ұзартты, 2010 жылға қайта ұзартуға құқығымыз болған ба еді?

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген   Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге жұмыс берудің шарттары мен тәртібінің ережесінің 37-тармағына сәйкес рұқсаттың мерзімін ұзартуды уәкілетті орган жұмыс берушінің өтініші бойынша тиісті облыс, Астана және Алматы қалалары үшін бөлінген квота шегінде жүзеге асырады.

Бірінші және екінші санаттар үшін рұқсат мерзімін ұзарту екі реттен артық жүзеге асырылмайды. Үшінші және төртінші санаттар үшін рұқсатсыз мерзімін ұзарту жүзеге асырылмайды.

Жоғары айтылғандарға байланысты, бірінші және екінші санаттар үшін рұқсат мерзімін 2010 жылы қайта ұзартуға құқығыңыз болды.

 

 

 9. Қазақстандық филиалға (Бас ұйым Ұлыбританияда орналасқан) шетел азаматы директор болып тағайындалды. Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге филиалдың директорына уәкілетті органнан рұқсат алу қажет пе?

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге жұмыс берудің шарттары мен тәртібінің (бұдан әрі - Ереже) 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып істейтін  азаматтығы жоқ тұлғаларға және шетелдіктерге осы Ереже қолданылмайды.

Шетелдіктерді шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары ретінде жұмысқа тартқан жағдайда жұмыс беруші Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысанда уәкілетті органға мәлімет жіберуі тиіс.

 

 

10. Тіркелген жұмыссызға кәсіптік даярлауға жолдаманы қалай алуға болады?

 

Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктіліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шаралары болып табылады және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін  арттыруға бағытталған.

Жұмыссыздар кәсіптік даярлауға, біліктіліктілігін арттыру және  қайта даярлауға қажетті кәсіптік біліктілігі болмағандықтан, лайықты жұмыс табу мүмкін болмаған жағдайда жіберіледі.

Кәсіптік даярлау, біліктілікті арттыру мен қайта даярлауды өту құқығы бірінші кезекте нысаналы топқа жататын жұмыссыздарға тиесілі.

 

 

 

11. Жұмыс қалай табуға болады?

 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды жұмыссыздықтан қорғауға, уәкілетті органдардың делдалдығымен жұмыс таңдауға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге кепілдік  береді.

         Бұл ретте «Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нысаналы топқа жататын азаматтар жұмысқа орналастыру барысында басымдыққа ие болады. Нысаналы топқа жататын азаматтар тізімін жұмыспен қамту органдарынан білуге болады.

Осыған орай, жұмысқа орналасуда жәрдем алу үшін әрбір азамат жергілікті жердегі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі  уәкілетті органға жолыға алады. Жұмысқа  орналастыруға жәрдемдесу бойынша көрсетілген қызметтердің түрі ақысыз болып табылады. 

Сонымен қатар, Министрліктің www.enbek.gov.kzсайтында «Бос орындар» бөлімінде республика бойынша жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарға келіп түскен бос жұмыс орындары туралы мәліметпен таныса алады, және әлеуетті Жұмыс берушілер келешекте қарау үшін оларға өзінің түйіндемесін жібере алады. Сонымен қатар жұмыс іздеушілер жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін қолдануына болады.

 

 

12. Жұмыссыз ретінде тіркеуге қалай тұруға болады?

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жұмыссыздар - өздерiне байланысты емес себептер бойынша табыс әкелетiн еңбек қызметiмен айналыспайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы адамдар.

          Осыған орай, жұмыссыз ретінде тіркеуге тұру үшін жергілікті жеріңіз бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органға жолығу қажет.

         Ол үшін  мынадай құжаттар болуға тиіс:

  • жеке куәлігі (төлқұжат)
  • еңбек қызметін растайтын құжаттар (немесе диплом);
  • әлеуметтік жеке кодын беру туралы куәлік (ӘЖК);
  • салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН).

 

 

13.  «Әлеуметтік жұмыс орны» дегеніміз не?

 

Әлеуметтiк жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны.  

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған азаматтардың жалақысы мөлшері және жұмыс берушінің ондағы үлесі жұмыс беруші мен жергілікті атқарушы орган арасындағы келісімшартпен анықталады.

 

14. Лайықты жұмыс дегеніміз не?

 

Тіркелген жұмыссыз азаматтар үшін лайықты жұмыс кәсіптік дайындығына, бұрынғы мамандық бойынша еңбек өтілімен жұмыс тәжірибесіне, соңғы жұмыс орнының жағдайына (төленетін қоғамдық жұмысты қоспағанда), денсаулық жағдайы, жаңа жұмыс орнына көлік қол жетімділігіне сәйкес, ал жеті жасқа дейінгі балаларды бағумен айналысатын адамдар үшін икемді және толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледі. Көлік қол жетімділігін тиісті атқарушы орган айқындайды.

 

 

15. Жастар практикасыдегеніміз не?

 

Жастар практикасы кәсіптік оқу орындары түлектерін жұмыспен қамту мәселесін шешу мақсатында әзірленіп, іске асырылуда. Жастар практикасының мақсаты алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтау, кәсіби білімдерін арттыру, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетілігін арттыру және жұмысқа орналасуға көмек көрсету болып табылады. Жастар практикасы республикалық бюджеттен қаржыландырылады және ұзақтығы 6 айдан аспауы тиіс. Жастар практикасын кәсіпорындардың меншік түріне байланыссыз ұйымдастыруға болады.

 

 

16. Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу шаралары заңнамада қарастырылған ба?

 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет  халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды жұмыссыздықтан қорғауға, уәкілетті органдардың делдалдығымен жұмыс таңдауға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге кепілдік  береді.

Бұл ретте «Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нысаналы топқа жататын азаматтар (оның ішінде мүгедектер де) жұмысқа орналастыру барысында басымдыққа ие болады. Яғни, тиісті бос орын болған жағдайда жұмыспен қамту органдары жолдаманы бірінші кезекте нысаналы топқа жататын адамдарға  береді.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының 31-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді:

  1. жалпы жұмыс орындарынан 3 пайыз мөлшерінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу;
  2. жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
  4. мүгедектерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру шаралары арқылы жұмыспен қамтамасыз етеді.

 

 

17. Қоғамдық жұмыстардегеніміз не?

 

Қоғамдық жұмыс – әлеуметтік тиімділігі бар уақытша еңбек қызметі.

Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады және бюджеттік және жұмыс берушілердің сұранысы негізінде олардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Азаматтардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы тіркеу күніне сәйкес өз кезегімен орындалады. Қоғамдық жұмыстарға қатысу құқығы бірінші кезекте нысаналы топқа жататын жұмыссыздарға тиесілі.

Төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамтамасыз ету мен сақтандыру заңнамасы қолданылады.

 

 

 

30 сәуір, 2011 - 14:57 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші