A A A
Мазмұнына өту

You are here

Иондаушы сәулелендіру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 34 қаулысы

"Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қoca берiлiп отырған:
      1) Иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесi; V011453
      2) Иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау ережесi бекiтiлсiн.

      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.02.20. N  110 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі бiр ай мерзiмде ведомстволық нормативтiк құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң          
2004 жылғы 13 қаңтардағы   
N 34 қаулысымен бекiтiлген 

Иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесi

      1. Иондаушы сәулелендiру әсерiне тiкелей байланысы бар аурулар:
      1) жітi және созылмалы сәулелiк аурулар;
      2) сәулелiк катаракта;
      3) сәулелiк дерматит және күйiктер;
      4) сәулелiк гипотиреоз;
      5) сәулелiк аутоиммундық тиреоидит.
      2. Қатерлi жаңа өскiндер:
      1) жiтi лейкоз;
      2) созылмалы лейкоздар және миелодиспластикалық синдром (созылмалы лимфолейкозды қоспағанда);
      3) қатерлi лимфомдар;
      4) қомақты қатерлi жаңа өскiндер (өкпе, қалқанша безi, сүт безi обыры, несеп-жыныс жүйесiнiң, асқазан-iшек қолдары мен гепатобиллиарлық жүйенiң қатерлi iсiктерi және тағы басқалар).
      3. Жалпы соматикалық аурулар:
      1) қалқанша безi аурулары (аутоиммундық тиреоидит, диффуздық түйiндi зоб);
      2) қан және қан өндiру жүйесi аурулары (агранулоцитоз, гипопластикалық және апластикалық анемия);
      3) жүрек-қан тамыры жүйесi аурулары (жүректiң ишемиялық ауруы, гипертониялық aуpу);
      4) сүйек-бұлшық ет жүйесiнiң дегенерациялық-дистрофиялық зақымдануы (инфекциялық және жарақаттану генезiнен басқа).
      4. Туа бiткен аурулар және даму кемiстiктерi:
      1) олигофрения;
      2) микроцефалия;
      3) алдыңғы бас сүйектiң және сүйек-бұлшық ет жүйесiнiң даму кемiстiктерi.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 13 қаңтардағы  
N 34 қаулысымен бекiтiлген 

Иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Халықтың радиациялық қауiпсiздiгі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегi Заңына сәйкес әзiрленген және иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау тәртібiн регламенттейдi.
      2. Қазақстан Республикасы халқының иондаушы сәулелендiру әсерi бар ауруларының себептiк байланысын сараптауды иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау жөнiндегi орталық және өңірлiк ведомствоаралық сараптама кеңестерi (бұдан әрi - орталық және өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңестерi) жүзеге асырады.
      3. Орталық ведомствоаралық сараптама кеңесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган құрады.
      Орталық ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң құрамын мүдделi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітедi.
      4. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңестерiн құрудың орындылығын айқындайды, олардың құрамы мен өкiлеттiктерiн бекiтедi.
      5. Орталық және өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңестерiнiң қорытындылары радиациялық әсермен байланысты мүгедектiктiң (өлiмнiң) себебiн айқындау кезiнде халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi үшiн негiз болып табылады.

2. Өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау тәртiбi

      6. Иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын қарау үшiн азаматтар өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңесiне мынадай құжаттар ұсынады:
      1) өтiнiш ;
      2) денсаулық жағдайы жазылған, аурудың басталған уақыты, өршу жиiлiгi, клиникалық және зертханалық зерттеулердiң нәтижелері көрсетiлген медициналық құжаттаманың көшiрмесiн;
      3) уақытша немесе тұрақты еңбекке жарамсыздығы туралы куәландыратын құжаттардың көшiрмесiн;
      4) еңбек кiтапшасының, iссапарға жiберу туралы бұйрықтардың, iссапар куәлiгiнiң көшiрмелерiн (радиациялық қатерлi аймақта жұмыс iстегендер үшiн);
      5) тұратын жерiнiң радиологиялық бағытын (жұмысын, оқуын, Қарулы Күштердегi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы қызметiн) ескере отырып, тиiмдi мөлшерi туралы анықтаманың көшiрмесiн;
      6) радиациялық қатерлi аймаққа кiргiзiлген жерлерде тұратынын (жұмысын, оқуын, Қарулы Күштердегi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы қызметiн) растайтын өзге де қолда бар құжаттардың көшiрмелерiн.
      7. Өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңесi сәулеленудiң клиникалық және зертханалық деректерiнiң, тиiмдi мөлшерiнiң шамасы мен сипатының негiзiнде иондағыш сәулелердiң әсерi бар аурулардың байланысын қарайды.
      8. Өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңесi ұсынылған құжаттарды бiр айдың iшiнде қарайды.
      9. Өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң қорытындысы денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша ресiмделедi және оған төраға қол қояды.
      10. Өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңесi қарағаннан кейiн үш күннiң iшiнде азаматтарға сараптама қорытындысын жiбередi.
      11. Өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңесi жарты жылдықтың қорытындысы бойынша орталық ведомствоаралық сараптама кеңесiне өзiнiң қызмет туралы есеп бередi.
      12. Өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң қорытындысына орталық ведомствоаралық сараптама кеңесiнде алған сәттен бастап бiр ай iшiнде шағым жасалуы мүмкiн.

3. Орталық ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау тәртiбi

      13. Орталық ведомствоаралық сараптама кеңесi өңірлік ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң шешiмiмен келiспеген жағдайда азаматтардың арыздарын қарайды.
      14. Азаматтардың арыздарын қарау үшiн орталық ведомствоаралық сараптама кеңесi өңірлiк ведомствоаралық сараптама кеңестерiнен медициналық құжаттаманың түпнұсқаларын сұратады.
      15. Орталық ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң отырыстары тоқсанына кемiнде бiр рет өткізiледi.
      16. Орталық ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң қорытындысы денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi орган белгiлеген нысан бойынша ресiмделедi және оған төраға қол қояды.
      17. Орталық ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң қорытындысына заңнамада белгіленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкін.

4. Қорытынды ереже

      18. Иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың тiзбесiне кiрмейтiн аурулар жөнiндегi құжаттар орталық және өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңестерiнде қаралмайды.

Бөлімдер:
7 сәуір, 2011 - 20:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші