A A A
Мазмұнына өту

You are here

Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау тәртібі туралы

Министрлікте азаматтардың өтініштерін қарау және  қабылдау тәртібі «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңына  сәйкес жүзеге асырылады.

Министр, Жауапты хатшы, вице-министрлер  бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды жеке қабылдайды.  Азаматтарды қабылдау белгіленген күндер мен сағаттарда жүргізіледі.

Егер өтініш немесе шағым министрліктің басшылары қабылдаған кезде шешімін таппаса, оларды жазбаша түрде тапсыруға болады және олармен жазбаша хаттармен бірдей жұмыс жүргізіледі.

Министрліктің басшыларының жеке қабылдауын кезінде, Парламент депутаттарынан, Президент Әкімшілігінен, Премьер-Министрдің Кеңсесінен келіп түскен азаматтардың өтініштерін қарап, оларды тиісті құрылымдық бөлімшеге орындауға жібереді, олар істің нақты мән-жайын анықтап, зерттейді,  құқық нормалары айқындалады, қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен шешім қабылдау үшін қажет құжаттар мен материалдар сұратып алдынады.  Министріліктің құрылымдық бөлімшеріне  жіберілген азаматтардың өтініштерін қарау барысын бақылауды департамент басшылары жүзеге асырады.

Министрлікте жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды ұйымдастыруға және олардың өтініштерінің қаралуын қамтамасыз етуге жауаптылар:

Әкімшілік жұмыс департаменті жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бақылау жөніндегі басқармасының басшысы – Ахметқалиева Назым Қисабекқызы;

Әкімшілік жұмыс департаменті жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бақылау жөніндегі басқармасының сарапшысы Сунгубаева Самал Бахыткелдіқызы.

Телефон: 74-36-03, 74-36-79.

Азаматтарды жеке қабылдау үшін Министрлікте қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс жасайды.

Қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің телефоны - 74-37-23.

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші