A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Кедейлік шегін анықтаудың тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі қаулысы

 Кедейлік шегін анықтаудың тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 8 сәуір N 537 


      "Ең төменгi күнкөрiс деңгейi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қоса берiлiп отырған Кедейлiк шегiн анықтаудың тәртiбi бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу ережесін әзірлесін және бекітсін.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.12.15.  N  1249 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi ең төменгi күнкөрiс деңгейi мен кедейлiк шегi туралы мәлiметтi Қазақстан Республикасының Yкiметiне тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 15-күнiне дейiн ұсынсын. 
      4. Мыналар: 
      1) "Халықтың тұрмыс деңгейiнiң негiзгi көрсеткiштерiн анықтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N  1150 қаулысы; 
      2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N 1150 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 18 қарашадағы N  1175 қаулысы;
      3) "Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N 1150 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 10 мамырдағы N  554 қаулысы күшiн жойды деп танылсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
2000 жылғы 8 сәуiрдегi     
N 537 қаулысымен        
бекiтiлген             

            Кедейлiк шегiн анықтаудың тәртiбi туралы

      Осы Тәртiп "Ең төменгi күнкөрiс деңгейi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және кедейлiктiң шегiн анықтаудың тәртiбiн белгілейдi. 
 

                      1. Негiзгi ережелер 

      1. Кедейлiктiң шегі - кiрiстiң адамның ең аз қажетiн қанағаттандыру үшiн қажеттi шегi. 
      2. Кедейлiктiң шегi ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына дейін кезең-кезеңмен арттыру қағидатын негізге ала отырып, ең төменгi күнкөрiс деңгейi негiзiнде белгiленедi және аз қамтамасыз етiлген адамдарға мемлекеттiк әлеуметтiк атаулы көмек көрсету кезiнде өлшем ретiнде пайдаланылады.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.15.  N  1249 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Ең төменгi күнкөрiс деңгейiн есептеу үшiн ең қажеттi азық-түлiктiк емес тауарлар мен қызмет көрсетулерге арналған шығыстардың белгiленген үлесi ең төменгi тұтыну себетi құнының 40 процентi мөлшерiнде белгiленедi.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.15.  N  1249 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

               2. Кедейлiктiң шегiн айқындаудың тәртiбi

      4. Кедейлiк шегiнiң мөлшерiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi экономикалық мүмкiндiктерге қарай, тоқсан сайын ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен проценттермен белгілейдi. 
      5. Кедейлiктiң шегiн жан басына шаққандағы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң тоқсан сайынғы есептерi негiзiнде: 
      республика бойынша - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi; 
      аймақтар бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдары есептейдi.
      6. Бұқаралық ақпарат құралдарында ең төменгi күнкөрiс деңгейi мен кедейлiктiң шегi туралы мәлiметтердi - тоқсан сайын, кедейлiктiң шегінен де төмен тұратын халықтың үлесi туралы - жыл сайын:
      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi - орташа алғанда республика бойынша;
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдары - аймақтар бойынша жариялап тұрады. 
 

Бөлімдер:
2 сәуір, 2011 - 09:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші