A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi № 754 қаулысы

      "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесi ;
      1-1) Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшiн жеке көмекшiнiң және естiмейтiндiгi бойынша мүгедектер үшiн жылына отыз сағат ымдау тiлi маманының әлеуметтiк қызметтерiн көрсету ережесi;
      2) Мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету ережесi ;
      3) Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесi ;
      4) Мүгедектерге берiлетiн техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2005 жылғы 20 шiлдедегi  
N 754 қаулысымен     
бекiтiлген        

Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және
техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен
қамтамасыз ету ережесi

1-бөлiм. Жалпы ережелер

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңына сәйкес әзiрлендi.

      1. Техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар - тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн протездiк-ортопедиялық және сурдо-тифлотехникалық құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдар.

      2. Сурдотехникалық құралдар - есiту кемiстiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, оның iшiнде байланыс пен ақпарат берудi күшейтетiн құралдар. .P101191

      3. Тифлотехникалық құралдар - мүгедектердiң көру кемiстiгi нәтижесiнде жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар.

      4. Протездiк-ортопедиялық құралдар - қол мен аяқты немесе дененiң басқа да мүшелерiн алмастыратын, аурудың немесе денсаулықтың бұзылуы салдарынан организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар.

      5. Протездiк-ортопедиялық көмек - мүгедектердi протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөнiндегi медициналық-техникалық көмектiң мамандандырылған түрi және оларды пайдалануды үйрету.

      6. Мiндеттi гигиеналық құралдар - табиғи физиологиялық қажеттiлiктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған құралдар.

      7. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездiк-ортопедиялық көмекпен, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, мiндеттi гигиеналық құралдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi.

      8. Жұмыс берушiнiң - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедекке протездiк-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар, мiндеттi гигиеналық құралдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен берiледi.

2-бөлiм. Протездiк-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету

1-тарау. Жалпы ережелер

      9. Мүгедектер протездiк-ортопедиялық көмекпен мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қамтамасыз етiледi.

      10. Протездiк-ортопедиялық көмек протездеу, мүгедектердi протездiк-ортопедиялық құралдармен белгiленген тәртiппен қамтамасыз ету жөнiндегi медициналық қызметтер көрсетуден, сондай-ақ оларды пайдалануды үйретуден тұрады.
      Көрсетiлген протездiк-ортопедиялық көмек Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      11. Протездiк-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектер тұрғылықты тұратын жерi бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне өтiнiш бередi.
      Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi (басқармалары), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi (басқармалары) (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) өтiнiштердiң және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық орган) әзiрлеген мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының негiзiнде протездiк-ортопедиялық құралдарға қажеттiлiктi, олардың тiзбесi мен санын көрсете отырып айқындайды.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      12. Протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жөндеу:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға;
      2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде қызметтiк мiндеттерiн атқаруымен байланысты мүгедек болған әскери қызметшiлерге;
      3) iшкi iстер органдарының, ұлттық қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының қызметтiк мiндеттерiн атқаруымен байланысты мүгедек болған адамдарына;
      4) жалпы аурудан мүгедек болғандарға;
      5) бала жасынан мүгедектерге;
      6) мүгедек балаларға жүргiзiледi.

2-тарау. Протездермен қамтамасыз ету

      13. Мүгедектер шино-былғары, құрастырмалы протездермен, қазiргi заманғы технологиялар бойынша жасалған протездермен, олардың керек-жарақтарымен, тұқылдарға кигiзетiн тыстармен, ортопедиялық аппараттармен, тiзе таңғыштарымен, салынатын кебiстермен, тiреуiш-протездермен, былғары орындықтармен, былғары шалбарлармен, ползункилермен, ползункилердiң қолғаптарымен, биялайлармен, жiңiшке таяқтармен, балдақтармен, жетек арбалармен қамтамасыз етiледi.

      14. Қолдың және аяқтың негiзгi протезi берiлгенге дейiн мүгедектер медициналық айғақтамалары бойынша кию мерзiмi 6 айдан аспайтын оқу-жаттығу протездерiмен қамтамасыз етiледi.
      Мүгедектер құрылғылы жұмыс протездерiмен, өздерiнiң қалауы бойынша бұйымның негiзгi түрiмен бiр мезгiлде қамтамасыз етiледi.

      15. Шино-былғары, құрастырмалы протездер, ортопедиялық аппараттар олар жарамсыздыққа ұшырағаннан кейiн, бiрақ алынған күнiнен бастап кемiнде бiр жылдан кейiн ауыстырылады.

      16. Қазiргi заманғы технологиялар бойынша дайындалған аяқ және қол протездерiнiң құрамындағы құрастырушы түйiндер мен бұйымдарды ауыстыру, олар алынған күнiнен бастап кемiнде үш жылдан, мүгедек балалар үшiн - кемiнде екi жылдан кейiн;
      синтетикалық шайырлар негiзiнде дайындалған косметикалық қаптау, табандар, қабылдау гильзасы, тыстарды ауыстыру - бiр жылға дейiн;
      кеуде безi протездерiн, жетек арбаларды ауыстыру - олар алынған күнiнен бастап екi жылдан кейiн, таяқшалар мен балдақтарды кемiнде бiр жылдан кейiн жүргiзiледi.

      17. Аяқ немесе қолдың екi протезiн (негiзгi және қосалқы немесе негiзгi және жұмыс протезi) бiр мезгiлде алған мүгедектерге оларды ауыстыру кемiнде екi кепiлдiктi мерзiм өткеннен кейiн жүргiзiледi.

      18. Аяқ протездерiн беру кезiнде жыл сайын әрбiр протезге 3-тен тұқыл тысы берiледi. Кеуде безi протездерi екi iшкиiм (бюстгалтер) жиынтығымен бiрге берiледi.

      19. Егер кию мерзiмi өткеннен кейiн протез жарамды жай-күйде болса және мүгедек келесi кию мерзiмi өткенге дейiн жаңа протезге тапсырыс бергiсi келмесе, оған осы кезеңге бiр протездi пайдалану есебiнен белгiленген санда тыстар берiледi.

      20. Протездердi, оның iшiнде жаңа үлгiлерiн мерзiмiнен бұрын ауыстыру, сондай ақ оларды кию мерзiмiн ұзарту, жөндеу туралы шешiмдi комиссия қабылдайды және мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес айқындалатын, протездiк-ортопедиялық көмек көрсету жөнiндегi қызметтердi жеткiзушi (бұдан әрi - жеткiзушi) жасайтын тиiстi актiнiң негiзiнде ғана жүргiзiледi. Комиссия жеткiзушiнiң кiнәсiнен бұйымның сапасыз жасалу фактiсiн анықтаған кезде, ақауды жөндеу соның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

3-тарау. Ортопедиялық аяқ киiммен қамтамасыз ету

      21. Мүгедектер ортопедиялық аяқ киiмнiң мынадай түрлерiмен: күрделi, шамалы күрделi, протездерге және ортопедиялық аппараттарға арналған аяқ киiммен қамтамасыз етiледi.
      Күрделi ортопедиялық аяқ киiм аяқ 3 см және одан да жоғары қысқартылғанда, паралитикалық, варустық, эквиноварустық, вальгустық, жазық вальгустық және қуыс табандық, маймақ аяқтық, шораяқтық, табанның Шопар, Гритти, Лисфранк және Пирогов әдiсi бойынша кесiлген тұқылы кезiнде жасалады.
      Шамалы күрделi ортопедиялық аяқ киiм аяқ 3 см-ге дейiн қысқартылғанда, табан сүйектерiнiң басы үлкейгенде, ұзына бойы және көлденең жалпақ табандық, башайлар шүрiппе және балға тәрiздес болғанда, өкше сүйегiне темiр орнатылғанда және табанның өзге де паталогиясы кезiнде жасалады.

      22. Күрделi ортопедиялық аяқ киiм (етiктен басқа):
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға екi пар (жазғы немесе қысқы) тапсырыс берiлген сәттен бастап есептегенде, бiр жыл пайдалану мерзiмiмен;
      2) осы Ереженiң 12-тармағының 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетiлген бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге жылына бiр пар мөлшерiнде (жазғы немесе қысқы);
      3) мүгедек-балаларға - жылына екi пар (жазғы және қысқы) берiледi.

      23. Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдарға екi қолы бiрдей кесiлгенде не екi қолының функциялары күрт төмендегенде, не омыртқа жотасы зақымданғанда, сондай-ақ жамбас-сан буындарындағы анкилоздар кезiнде бүйiрлiк резеңкелерi бар аяқ киiм мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен берiледi.

      24. Жалпы аурудан және бала жасынан болған үшiншi топтағы мүгедектерге күрделi ортопедиялық аяқ киiм (жазғы немесе қысқы) 50 пайыздық құн жеңiлдiгiмен берiледi.

      25. Ортопедиялық аяқ киiм дайындау технологиясында көзделгендерден тыс қызметтер мен жұмыстарға (өрнектi тiгiс, микросаңылаулы ұлтан, сыздықты әрлеу, үлбiрлi жылылық не басқа да жақсартылған әрлеу), дайындау жеделдiгiне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарды және мүгедек-балаларды қоспағанда, тапсырыс берушiлер ақы төлейдi.

4-тарау. Протездерге арналған аяқ
киiммен қамтамасыз ету

      26. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға тапсырыс берiлген сәттен бастан есептегенде, бiр жыл кию мерзiмiмен протездерге арналған бiр пар аяқ киiм берiледi.
      Мүгедек-балаларға - тапсырыс берiлген сәттен бастап бiр жыл кию мерзiмiмен екi пар (жазғы және қысқы мауыты) аяқ киiм берiледi.

      27. Осы Ереженiң 12-тармағының 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетiлген бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге протездерге арналған аяқ киiмнiң бiр пары құнының 50 пайыздық жеңiлдiгiмен берiледi.
      Үшiншi топтағы мүгедектерге мұндай аяқ киiм олардың өз қаражаты есебiнен қолданымдағы бағалар бойынша дайындалады.

      28. Протездерге арналған аяқ киiм былғары алмастырғыштар пайдаланыла отырып, жылы астарсыз дайындалады.

      29. Жеңiлдiкпен не тегiн протездеуге құқығы бар мүгедектер бiр аяғы кесiлген және жұмыс протезiн ғана пайдаланған кезде, белгiленген тәртiппен сау аяғына екi сыңар аяқ киiммен қамтамасыз етiледi.

      30. Мүгедектерге ортопедиялық немесе протездiк бәтеңкелердiң орнына, олардың қалауы бойынша, өз қаражаты есебiнен етiктер дайындалуы мүмкiн.
      Бұл жағдайда тапсырысшыларға бәтеңке жасауға көзделген сомада етiктiң құнына жеңiлдiк берiледi.

5-тарау. Емдеу-алдын алу протездiк-ортопедиялық
құралдарымен қамтамасыз ету

      31. Пайдалану мерзiмi бiр жыл емдеу-алдын алу протездiк-ортопедиялық құралдармен:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдары;
      2) Қазақстан Республикасының Қаулы Күштерiнде әскери қызмет мiндеттерiн атқаруымен байланысты мүгедек болған әскери қызметшiлер;
      3) iшкi iстер органдарының, ұлттық қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының қызметтiк мiндеттерiн атқаруымен байланысты мүгедек болған адамдары;
      4) мүгедек-балалар қамтамасыз етiледi.

      32. Жалпы аурудан және бала жасынан болған бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, егер олар бұл азаматтарды мүгедектiкке әкеп соқтырған ауруды не жарақатты емдеуге арналса, емдеу-алдын алу протездiк-ортопедиялық құралдармен, бiр жыл пайдалану мерзiмiмен 50 пайыздық жеңiлдiкпен қамтамасыз етiледi.

6-тарау. Протездiк-ортопедиялық құралдарды
есепке алудың, оларға тапсырыстарды ресiмдеудiң
және оларды берудiң тәртiбi

      33. Уәкiлеттi орган протездiк-ортопедиялық көмектi қажет ететiн және осы көмектi мемлекеттiк тапсырыс есебiнен алған мүгедектердiң есебiн жүргiзедi. Уәкiлеттi орган облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау департаменттерiмен (басқармаларымен) бiрлесiп, мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмек алу үшiн жiберу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады.
      Мүгедектердi қайта протездеуге жiберу не протездiк-ортопедиялық аяқ киiммен қамтамасыз ету протездердi және басқа да протездiк-ортопедиялық құралдарды ауыстырудың осы Ережеде белгiленген мерзiмдерiнде жүргiзiледi.

      34. Протездiк-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектерден тапсырыс қабылдауды жеткiзушi жүзеге асырады.
      Тапсырыстың сипаты мен түрiне қарай жеткiзушi мүгедектi стационарлық протездеу үшiн шақырып алудың қажеттiгiне тапсырысты оның қатысуынсыз орындау туралы шешiм қабылдайды. Шақыру алдын ала жiберiледi.

      35. Жол жүруге жарамайтын мүгедектерден тапсырыс қабылдау, қажет болған жағдайда, ақылы шақыру негiзiнде үйде жүзеге асырылады.

      36. Протездеуге келгендер жеткiзушiге:
      1) уәкiлеттi органның жолдамасын;
      2) емдеушi дәрiгердiң жолдама-ұйғарымын, бастапқы протездеу кезiндегi ауру тарихынан көшiрме үзiндiнi;
      3)  рентген суреттерiн;
      4) мүгедектiгi туралы анықтаманы;
      5) жеке куәлiгiн, мүгедек балалар үшiн - тууы туралы куәлiктi, тұрғындар есебi кiтабынан үзiндi көшiрменi ұсынады.

      37. Жеткiзушi барлық протездiк-ортопедиялық құралдарға протездеу картасын ашады. Толтырылған протездеу қартасы мен тапсырыс бланкiсi протездiк-ортопедиялық құралдарды дайындаудың және оларды тапсырысшыларға берудiң тәртiбiн регламенттейтiн есеп құжаттары болып табылады. Протездеу картасы тұрақты, тапсырыс бланкiсi - 5 жыл сақталады.

      38. Протездеу картасында протездiк-ортопедиялық құралдың, протездiк-ортопедиялық аяқ киiмнiң алдыңғы берiлген және жөнделген уақыты, сондай-ақ мүгедектiң мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен протезделу құқығы көрсетiледi.

      39. Тапсырыс бланкiсiне протездiк-ортопедиялық бұйымның құны туралы деректер, тұлғаның мәртебесiн растайтын куәлiктiң нөмiрi, оны кiм және қашан бергенi енгiзiледi.

      40. Өлшемей дайындау мүмкiн болмайтын күрделi протездiк-ортопедиялық құралдарға тапсырыстарды қабылдауды, әдетте жеткiзушi жүргiзедi.
      Күрделi протездiк-ортопедиялық құралдарға: корсеттер, аппараттар, туторлар, обтураторлар, жамбасты сылығандағы, қол мен аяқтың қысқа және ұзын тұқылдарындағы протездер, қатты бекiтiлетiн протездер мен күрделi ортопедиялық аяқ киiмдi қоса алғанда, басқа да протездiк-ортопедиялық құралдар жатады.

      41. Мiндеттi түрде өлшеп көрудi талап ететiн дайын протездiк-ортопедиялық құрал тапсырысшының жеке өзiне берiледi. Өлшеп көру талап етiлмейтiн жағдайларда, алуға сенiмхаты болса, бұйымды басқа адамға беруге жол берiледi не ол тапсырысшының тұратын жерiне мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен жiберiледi.

      42. Жеткiзушi ай сайын мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен дайындалған протездiк-ортопедиялық құралдар мен протездiк-ортопедиялық аяқ киiмнiң есебiн жүргiзедi және белгiленген нысан бойынша олардың тiзiлiмiн, сондай-ақ ақы төлеу үшiн уәкiлеттi органға ұсынылатын орындалған қызметтердi қабылдап алу-беру актiсiн жасайды.

7-тарау. Протездiк-ортопедиялық құралдарды
дайындау мерзiмi мен оларды жөндеудiң тәртiбi

      43. Протездiк-ортопедиялық құралдар мен протездiк-ортопедиялық аяқ киiм кезектiлiк тәртiбiмен, өндiрiске тапсырыс берiлген күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннен асырылмай дайындалады.

      44. Ұсақ протездiк-ортопедиялық құралдар (обтураторлар, бандаждар, қолды ұстағыштар, супинаторлар, пронаторлар, балалардың емдеу бұйымдары) осы тәртiппен 7 жұмыс күнi шегiнде дайындалады.

      45. Протездiк-ортопедиялық құралды ақырғы рет өлшеу кезiнде тапсырысшыларға оны алуға келетiн күнi хабарланады.

      46. Тапсырысшының өлшеп көруге келуiн күту кезiнде бұйымның жатып қалған уақыты протездiк-ортопедиялық құралдың дайындалу мерзiмiне енгiзiлмейдi.

      47. Жасалу мерзiмiне:
      1) екiншi өлшеп көру белгiленген кезде - 5 жұмыс күнi;
      2) арнайы шала өнiм дайындау кезiнде - 10 жұмыс күнiне дейiн;
      3) аяғының не қолының екеуi де кесiлген немесе екеуi де зақымданған кездегi протездiк-ортопедиялық құралдарға көшiрме нұсқаларды дайындау уақытын қоса алғанда - 10 жұмыс күнi қосылады. Дайындаудың жалпы мерзiмi 45 жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

      48. Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық аяқ киiмдi жөндеу олардың өз қаражаты есебiнен кезектiлiк тәртiбiмен жүргiзiледi.

8-тарау. Протездеуге барумен байланысты
шығыстарды төлеудiң тәртiбi

      49. Стационарлық протездеудi қажет ететiн мүгедектер жеткiзушiнiң медициналық стационарына жатқызылады. Медициналық стационарға бару мен керi қарай жол жүрудi қоса алғанда, госпитальда жатудың барлық кезеңiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмге еңбекке жарамсыздық парағы берiледi.

      50. Протездеуге барумен (тапсырыс беру, өлшеп көру, протездердi немесе күрделi ортопедиялық аяқ киiмдi алу үшiн) және протездеу уақытындағы оларды баптап күтумен байланысты шығыстарды жеткiзушi мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен төлейдi.

      51. Жол жүру темiр жолда - қатты плацкарт вагоны тарифi бойынша, су жолдарында - екiншi класс тарифi бойынша, тас немесе топырақты жолдарда - белгiленген тарифтер бойынша төленедi. Жүрдек поезбен жол жүру кезiнде жылдамдығы үшiн ақы төленедi. Жеткiзушiге дейiн және керi қарай жол жүру құны ұсынылған билеттiң немесе темiржол вокзалы, автовокзал, кемежай кассасы берген анықтаманың негiзiнде төленедi.

      52. Протездеуге жол жүру ақысын төлеу жылына екi реттен аспайтын сапарға (тұрғылықты жерiнен протездеу пунктiне дейiн және керi қарай жүру бiр сапарға есептеле отырып) жүргiзiледi.
      Бандажбен қамтамасыз етiлу құқығы бар адамдарға жол шығыстары бiр сапарға ғана төленедi.

      53. Протездеуге баратын және ертiп жүрудi қажет ететiн бiрiншi топтағы мүгедектер мен мүгедек-балаларға протездеуге бару сапары кезiнде ертiп жүрушiнiң жолақы шығындары жылына бiр рет барып-келу бағыттарына, ертiп жүрушiнiң тiкелей өзiне төлқұжатын көрсеткенде төленедi.

      54. Мүгедектерге бастапқы протездеу кезiнде және мүгедек-балаларға тұқылдың қалыптасуына қарай протездердiң ауыстырылуына байланысты жол ақыларын төлеу жылына екi рет жүргiзiледi.

3-бөлiм. Сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету

9-тарау. Жалпы ережелер

      55. Мүгедектердi сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына   сәйкес мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      56. Мүгедектер сурдотехникалық құралдармен өтiнiштерiнiң, аумақтық орган әзiрлеген мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасының негiзiнде қамтамасыз етiледi.
      Ескерту. 56-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      57. Сурдотехникалық құралдармен мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары;
      2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар;
      3) мүгедек-балалар;
      4) бiрiншi, екiншi, үшiншi топтағы мүгедектер қамтамасыз етiледi.

      58. Осы Ереженiң 57-тармағында көрсетiлген адамдарға бiр есiту аппараты, ал есiту қабiлетiн екi жақты симметриялық жоғалту кезiнде аумақтық органның қорытындысы бойынша - осы Ереженiң 59-тармағында белгiленген құжаттарды ұсынған кезде екi есiту аппараты берiледi.
      Ескерту. 58-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      59. Осы Ереженiң 57-тармағында көрсетiлген адамдар сурдотехникалық құралдарды алу үшiн мынадай құжаттарды:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары - төлқұжатын немесе жеке басының куәлiгiн, Ұлы Отан соғысы қатысушысының куәлiгiн және мүгедектi жеке оңалту бағдарламасын;
      2) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi - төлқұжатын немесе жеке куәлiгiн, Ұлы Отан соғысы мүгедегiнiң куәлiгiн, мүгедектi жеке оңалту бағдарламасын;
      3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар - төлқұжатын немесе жеке куәлiгiн, жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi мен мүгедектi жеке оңалту бағдарламасын;
      4) мүгедек-балалар - төлқұжатын немесе жеке куәлiгiн, кәмелетке толмағандар - туу туралы куәлiгiн, ата-анасының бiреуiнiң (қамқоршының, қорғаншының) төлқұжатын немесе жеке куәлiгiн, мүгедектi жеке оңалту бағдарламасын;
      5) бiрiншi, екiншi, үшiншi топтағы мүгедектер - төлқұжатын немесе жеке куәлiгiн, зейнеткерлiк куәлiгiн, мүгедектi жеке оңалту бағдарламасын ұсынады.

10-тарау. Есiту протезiнiң ерекшелiктерi

      60. Есiту протезi дәрiгер-сурдологтар, оториноларингологтар ауруларды жалпы лортексеру және аудиометриялық тексеру кезiнде белгiлеген, әр құлағының есiтуiн орташа жоғалтуы 20 дБ-дан асатын адамдарға қолданылады.

      61. Мүгедектерге берiлетiн есiту аппараттары медициналық айғақтамаларға және олардың орналасуына қарай құлақ iшiндегi, түтiк iшiндегi, құлақ сыртындағы, қалтадағы, көзiлдiрiк ұясындағы, ауыстырып қондырылатын, ауа және сүйек арқылы дыбысөткiзгiш болуы мүмкiн.
      Мүгедектердi есiту аппараттарымен, жиынтықты бұйымдармен, қосалқы бөлшектермен, олардың қоректендiру көздерiмен қамтамасыз етудi, сурдологиялық тексерудi, есiтудi протездеу көмегiн, есiту аппараттарын iрiктеудi, олардың техникалық сипаттамаларға сәйкестiгiне қорытынды берудi, сервистiк қызмет көрсетудi, жөндеудi тиiстi материалдық-техникалық базасы мен мамандары бар, қазiргi заманғы есiту аппараттарын iрiктеу және беру арқылы медициналық-әлеуметтiк оңалту мақсатымен есiту протез көмегiн көрсетуге, есiтудiң жай-күйiн қадағалауға, есiту аппараттарына техникалық қызмет көрсетуге маманданған ұйым (бұдан әрi - ұйым) жүргiзедi.

      62. Есiту қабiлетiн екi жақты симметриялық жоғалтқан кезде күшейтуi бойынша бiрдей екi жақты есiту аппараттарын тағайындау жолымен екi жақты (бинауральдық) есiту протезi ұсынылады.

      63. Есiту функциясы ассиметриялық түрде бұзылған кезде моноуральдық есiту протезi тағайындалады.

      64. Есiтудiң сүйек-тiндiк өткiзгiштiгi бойынша төмендеуi 20дБ-дан аспаған, ал ауа арқылы өткiзгiштiгi бойынша айқын бiлiнетiн сүйек-ауа интервалы кезiнде есiтудi жоғалту 50 дБ-дан астам болған жағдайда, сүйек арқылы дыбыс өткiзгiштiгi бар жеке есiту аппараты тағайындалады.

      65. Есiту протезi есiту кемiстiгiн электроакустикалық түзету балалардың, ересек адамдардың ерекшелiктерi ескерiле отырып, оларды есiту аппаратына бейiмделуге мiндеттi түрде үйрете отырып, сондай-ақ оны қолдану және ұзақ пайдалануға дағды алдыра отырып жүргiзiледi.

11-тарау. Сурдотехникалық құралдарға қажеттiлiктi
қалыптастыру және мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу

      66. Сурдотехникалық құралдарға мұқтаж адамдар тұрғылықты тұратын жерiндегi қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне өтiнiш бередi.
      Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi (басқармалары), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi (басқармалары) (бұдан әрi - уәкiлеттi орган), өтiнiштердiң және аумақтық органдар әзiрлеген мүгедектердi жеке оңалту бағдарламаларының негiзiнде, сурдотехникалық құралдарға қажеттiлiктi олардың тiзбесi мен санын көрсете отырып айқындайды.
      Ескерту. 66-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      67. Уәкiлеттi орган комиссияны құрады және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сурдотехникалық құралдарды сатып алуды жүргiзедi.

      68. Тапсырысшы мен сурдотехникалық құралдарды жеткiзушiнiң арасында жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес жеткiзушi уәкiлеттi органға сурдотехникалық құралдарды жеткiзудi жүзеге асырады.

      69. Жеткiзушiден сурдотехникалық құралдарды қабылдап алуды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Сурдотехникалық құралдарды жеткiзушiден қабылдау актiсi екi данада жасалады:
      1) бiрiншi данасы уәкiлеттi органда қалады;
      2) екiншi данасы жеткiзушiге берiледi.
      Актiлердiң барлық даналарына уәкiлеттi органның және жеткiзушiнiң өкiлдерi қол қояды.

      70. Қабылдап алу процесiнде анықталған пайдалануға (қолдануға) жарамсыз сурдотехникалық құралдар жеткiзушiден қабылданбайды және олар мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың талаптарына сәйкес ауыстырылуға жатады.

      71. Уәкiлеттi орган мүгедектерге есiту протезi көмегiн көрсету үшiн есту аппараттарын ұйымдарға бередi.
      Уәкiлеттi органнан есiту аппараттарын қабылдап алу актiлерi екi данада жасалады:
      1) бiрiншi данасы уәкiлеттi органда қалады;
      2) екiншi данасы ұйымға берiледi.
      Актiлердiң барлық даналарына уәкiлеттi органның және ұйымның өкiлдерi қол қояды.

12-тарау. Сурдотехникалық құралдарды iрiктеу және беру

      72. Мүгедектерге есiту аппараттарын, есiту аппараттарына жинақтаушы бұйымдарды, есiту аппараттарының қоректендiру көздерiн iрiктеудi, дәлдеудi, берудi ұйым жүргiзедi.
      Есiту аппараттарын беру есiту аппаратының нөмiрi, берiлген күнi көрсетiле отырып және алушының қолы қойылып пациенттiң жеке медициналық-әлеуметтiк картасында тiркеледi.

      73. Есiту аппараттары Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне кемiнде 3 жылдан кейiн және мүгедектердiң қалған санаттарына 4 жылдан кейiн ауыстырылады.
      Бейнекомпьютерлер, көп функционалды дабылдату жүйелерi, телефакстер, мәтiндiк хабарламалы және хабар қабылдайтын жинақы телефондар, саңыраулар мен нашар еститiн адамдарға арналған сағаттар, кемiнде 5 жылдан кейiн ауыстырылады.
       Ескерту. 73-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.03.14. N 324 Қаулысымен.

      74. Ауыстырған кезде бұрын берiлген есiту аппараты ұйымға мiндеттi түрде қайтарылуға тиiс.

      75. Ұйым есiту аппаратын мерзiмiнен бұрын берудi:
      1) есiту қабiлетi нашарлаған және есiту қабiлетiн есiту аппаратының басқа түрiмен түзеу қажеттiлiгi кезiнде;
      2) ол ұрланған немесе өзге де объективтi себептер бойынша жоғалған жағдайларда уәкiлеттi органдардың тиiстi құжаттары негiзiнде жүргiзедi.

      76. Ұйым Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына 3 жылда бiр рет, бiрiншi, екiншi, үшiншi топтағы мүгедектерге 4 жылда бiр рет мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен есiту аппараттарын жөндеудi жүргiзедi, дыбыс өткiзгiш сымдарды, батарейкаларды немесе стандарттық зауыт жинаған аккумуляторларды, медициналық-әлеуметтiк картада берiлген күнiн мiндеттi түрде белгiлеп және алған адамның қолын қойғызып бередi.

      77. Уәкiлеттi орган жеткiзушiлерден алған басқа да сурдотехникалық құралдар қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне алынған сурдотехникалық құралдардың атауы мен саны көрсетiле отырып, актi бойынша берiледi.

      78. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi басқа да сурдотехникалық құралдарды берудi тiзiм бойынша мүгедектiң тегiн, атын, әкесiнiң атын, зейнетақы куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұратын жерiн, алған сурдотехникалық құралдың атауын, алған күнiн, алу туралы белгiсiн көрсете отырып жүргiзедi.

13-тарау. Сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз
ету жөнiндегi есептiлiк

      79. Ұйымдар мүгедектерге есiту аппараттарын берудi белгiленген нысандағы тiзiмдеме бойынша жүзеге асырады. Тiзiмдемеде берiлген күнi, тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, әлеуметтiк мәртебесi, тұрғылықты мекен-жайы, төлқұжатының немесе жеке куәлiгiнiң, зейнетақы куәлiгiнiң нөмiрi, есiту аппаратының маркасы мен нөмiрi, сондай-ақ есiту аппаратын алғанына қойған қолы көрсетiледi.

      80. Ұйым ай сайын есiту аппараттарының берiлу есебi тiзiмдемесiнiң бiр данасын уәкiлеттi органға екi данадағы орындалған жұмыстардың тапсыру-қабылдап алу актiсiн жасай отырып бередi.

      81. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi сурдотехникалық құралдарды бергеннен кейiн бiр айдың iшiнде уәкiлеттi органға мүгедектiң тегiн, атын, әкесiнiң атын, зейнетақы куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұрғылықты мекен-жайын, алған сурдотехникалық құралдың атауын, берiлген күнiн, сондай-ақ алғандығына қойған қолын көрсете отырып сурдотехникалық құралдарды алған мүгедектердiң тiзiмiн бередi.

4-бөлiм. Тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету

14-тарау. Жалпы ережелер

      82. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi, мүгедек-балаларды тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      83. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, мүгедек-балалар тифлотехникалық құралдармен өтiнiштерiнiң, аумақтық орган әзiрлеген мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасы негiзiнде қамтамасыз етiледi.
      Ескерту. 83-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

15-тарау. Тифлотехникалық құралдарға қажеттiлiктi
қалыптастыру және мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу

      84. Тифлотехникалық құралдарды қажет ететiн бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, мүгедек-балалар тұрғылықты тұратын жерiндегi қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне өтiнiш бередi.
      Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi (басқармалары), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi (басқармалары) (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) өтiнiштердiң, аумақтық орган әзiрлеген мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының негiзiнде, олардың тiзбесi мен санын көрсете отырып, тифлотехникалық құралдарға қажеттiлiктi айқындайды.

      85. Уәкiлеттi орган комиссия құрады және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тифлотехникалық құралдарды сатып алуды жүргiзедi.

      86. Тапсырысшы мен тифлотехникалық құралдарды жеткiзушiнiң арасында жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес жеткiзушi уәкiлеттi органға тифлотехникалық құралдарды жеткiзудi жүзеге асырады.

      87. Жеткiзушiден тифлотехникалық құралдарды қабылдап алуды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Тифлотехникалық құралдарды жеткiзушiден қабылдау актiсi екi данада жасалады:
      1) бiрiншi данасы уәкiлеттi органда қалады;
      2) екiншi данасы жеткiзушiге берiледi.
      Актiлердiң барлық даналарына уәкiлеттi органның және жеткiзушiнiң өкiлдерi қол қояды.

      88. Қабылдап алу кезiнде анықталған пайдалануға (қолдануға) жарамсыз тифлотехникалық құралдар жеткiзушiден қабылданбайды және олар мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың талаптарына сәйкес ауыстырылуға жатады.

16-тарау. Тифлотехникалық құралдарды
беру және есептiлiк

      89. Уәкiлеттi орган жеткiзушiден алған тифлотехникалық құралдар алынған тифлотехникалық құралдардың атауы мен олардың саны көрсетiле отырып, актi бойынша, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне берiледi.

      90. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi мүгедектiң тегiн, атын, әкесiнiң атын, зейнеткерлiк куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұратын жерiн, алған тифлотехникалық құралдың атауын, алынған күнiн, алғандығы белгiсiн көрсете отырып тифлотехникалық құралдарды тiзiм бойынша берудi жүргiзедi.
      90-1. Тифломагнитолалар, компьютерлiк тифлокешендер, Брайль жүйесi бойынша жазуға арналған құрал, диктофондар, дыбыс жазбаны қайта тыңдауға арналған плейерлер, нашар көретiн адамдарға арналған сағаттар кемiнде 5 жылдан кейiн ауыстырылады.
      Оқитын машиналар кемiнде 3 жылдан кейiн, жiңiшке таяқтар, Брайль жүйесi бойынша жазуға арналған грифель - 2 жылдан кейiн ауыстырылады.
       Ескерту. 90-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.03.14. N 324 Қаулысымен.

      91. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi тифлотехникалық құралдар берiлгеннен кейiнгi бiр ай iшiнде, мүгедектiң тегiн, атын және әкесiнiң атын, зейнеткерлiк куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұратын жерiн, алған тифлотехникалық құралдың атауын, берiлген күнiн, алғандығын растап қойған қолын көрсете отырып, тифлотехникалық құралдар алған мүгедектердiң тiзiмдерiн уәкiлеттi органға ұсынады.

5-бөлiм. Мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету

17-тарау. Жалпы ережелер

      92. Мiндеттi гигиеналық құралдар деп мүгедектердiң табиғи физиологиялық мұқтаждықтары мен қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған несеп қабылдағыштар, нәжiс қабылдағыштар, жөргектермен ұғынылады.
      Ескерту. 92-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      93. Мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына   сәйкес мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      94. Мүгедектер мiндеттi гигиеналық құралдармен өтiнiштерiнiң,  аумақтық орган әзiрлеген мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасының негiзiнде қамтамасыз етiледi.
      Ескерту. 94-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      94-1. Мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету мүгедектi жеке оңалту бағдарламасына сәйкес медициналық айғақтамалар негiзiнде осы Ережеге қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
      Терi қабаты тұтастығының ауқымды бұзылуы, сондай-ақ бұтаралық аумақта терi ауруларының болуы мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен (жөргектермен) қамтамасыз етуге қарсы медициналық айғақтама болып табылады.
      Ескерту. 94-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      94-2. Мiндеттi гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектер мынадай құжаттарды:
      1) мүгедектi жеке оңалту бағдарламасынан үзiндi көшiрменi;
      2) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжатты;
      3) мүгедек балалар - жеке басын куәландыратын құжатты, кәмелетке толмағандар - баланың туу туралы куәлiгiн және ата-анасының (қамқоршының, қорғаншының) бiрiнiң жеке басын куәландыратын құжатты;
      4) мүгедектiгi туралы анықтаманы қоса берiп, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне өтiнiш жасайды.
      Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларымен және көшiрмелерiмен берiледi, кейiннен құжаттардың түпнұсқалары, құжаттардың қабылданған күнi мен уақыты, оларды қабылдаған тұлғаның тегi мен аты-жөнi көрсетiлетiн растама бере отырып, өтiнiш иесiне қайтарылады.
      Ескерту. 94-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      94-3. Өзi барып өтiнiш жасау мүмкiн болмаған жағдайда, мүгедек нотариалды түрде куәландыруды талап етпейтiн сенiмхат негiзiнде мiндеттi гигиеналық құралдар беру туралы өтiнiш жасауға басқа адамдарға уәкiлеттiк бере алады.
      Ескерту. 94-3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      94-4. Мүгедектерге мiндеттi гигиеналық құралдар беру туралы шешiмдi (бұдан әрi - шешiм) қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi барлық қажеттi құжаттар болған кезде құжаттар қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қабылдайды.
      Шешiм қабылданғаннан кейiн қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етiлуге тиiс мүгедектер туралы мәлiметтердi жасайды және мiндеттi гигиеналық құралдарға қажеттiлiктi қалыптастырады.
      Ескерту. 94-4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      94-5. Қалыптастырылған қажеттiлiк негiзiнде қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мiндеттi гигиеналық құралдарды сатып алуды жүргiзедi.

      18-тарау. <*>
      Ескерту. 18-тарау алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2006.03.14. N  162 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

19-тарау. Мiндеттi гигиеналық құралдарды
беру және есептiлiк

      100. Жеткiзушi мiндеттi гигиеналық құралдарды, атауы мен олардың санын көрсете отырып, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне актi бойынша бередi.
      Жеткiзушiден мiндеттi гигиеналық құралдарды қабылдауды қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi жүзеге асырады.
      Жеткiзушiден мiндеттi гигиеналық құралдарды қабылдау актiлерi екi данада жасалады:
      1) бiрiншi данасы қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнде қалады;
      2) екiншi данасы жеткiзушiге берiледi.
      Актiлердiң барлық даналарына қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң және жеткiзушiнiң өкiлдерi қол қояды.
      Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.03.14. N 162 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

      101. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi мiндеттi гигиеналық құралдарды берудi мүгедектiң тегiн, атын, әкесiнiң атын, зейнеткерлiк куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұрғылықты жерiн, алған мiндеттi гигиеналық құралдың атауын, алған күнiн, алғандығы белгiсiн көрсете отырып тiзiм бойынша жүргiзедi.

      101-1. Мiндеттi гигиеналық құралдар мүгедектерге өтiнiш жасалған айдан бастап берiледi.
      Ескерту. 101-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      102. Табиғи физиологиялық мұқтаждар мен қажеттiлiктердi қанағаттандыруға арналған мiндеттi гигиеналық құралдар мүгедектерге бiр жылға мынадай мөлшерде берiледi:
      1) тiрек-қозғалыс аппаратының бұзылушылығы бар мүгедектерге жөргектермен - 480 дана;
      2) несепжыныс жүйесiнiң бұзылушылығы бар мүгедектерге несеп қабылдағыштар - 12 дана;
      3) iшек ауруы бар мүгедектерге нәжiс қабылдағыштар - 12 дана.
      Ескерту. 102-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      103. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi мiндеттi гигиеналық құралдар берiлгеннен кейiн бiр айдың iшiнде мүгедектiң тегiн, атын, әкесiнiң атын, зейнеткерлiк куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұрғылықты жерiн, алған мiндеттi гигиеналық құралдың атауын, берiлген күнiн, алғандығына тұлғаның қойған қолын көрсете отырып уәкiлеттi органға гигиеналық құралдарды алған мүгедектердiң тiзiмiн ұсынады.

Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық
көмекпен және техникалық көмекшi
(орнын толтырушы) құралдармен  
қамтамасыз ету ережесiне    
қосымша            

      Ескерту. Ереже қосымшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз
етуге медициналық айғақтамалар

      1. Мүгедектердi жөргектермен қамтамасыз етуге:
      1) ағзаның аурулар және/немесе жарақаттар салдарынан туындаған несеп пен нәжiстiң тоқтамауы түрiнде жамбас органдары функцияларының бұзылуына ұласқан статикалық-динамикалық бұзылушылықтары;
      2) өзiнiң мiнез-құлқын бақылауының бұзылуынан туындаған психикалық бұзылушылықтар салдарынан несеп пен нәжiстiң тоқтамауы;
      3) жамбас органдары функцияларының несеп жолдары мен тiк iшектiң жарақаттануы, жұлынның, несеп шығару жүйесi мен асқазан-iшек трактiсiнiң туа бiткен ауытқулары салдарынан несеп пен нәжiстiң тоқтамауы түрiндегi бұзылуы медициналық айғақтамалар болып табылады.
      2. Мүгедектердi несеп қабылдағыш пен нәжiс қабылдағышпен қамтамасыз етуге iшек немесе қуық стомасының болуы медициналық айғақтамалар болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң   
2005 жылғы 20 шiлдедегi
N 754 қаулысымен 
бекiтiлген   

      Ескерту. Қаулы Ережелермен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүрiп-тұруы қиын бiрiншi
топтағы мүгедектер үшiн жеке көмекшiнiң және естiмейтiндiгi
бойынша мүгедектер үшiн жылына отыз сағат ымдау тiлi
маманының әлеуметтiк қызметтерiн көрсету ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшiн жеке көмекшiнiң және естiмейтiндiгi бойынша мүгедектер үшiн жылына отыз сағат ымдау тiлi маманының әлеуметтiк қызметтерiн көрсету ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңына сәйкес әзiрлендi және жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшiн жеке көмекшiнiң және естiмейтiндiгi бойынша мүгедектер үшiн жылына отыз сағат ымдау тiлi маманының әлеуметтiк қызметтерiн көрсету тәртiбiн айқындайды.

      2. Жеке көмекшiнiң әлеуметтiк қызметтерi жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге көрсетiледi.

      3. Ымдау тiлi маманының әлеуметтiк қызметтерi бiр мүгедекке жылына отыз сағаттан асырмай естiмейтiндiгi бойынша мүгедектерге көрсетiледi.

2. Жеке көмекшiнiң, ымдау тiлi маманының әлеуметтiк
қызметтерiн көрсетудiң тәртiбi

      4. Жеке көмекшiнiң, ымдау тiлi маманының әлеуметтiк қызметтерiн көрсету Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк министрлiгi Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық органы әзiрлеген мүгедектi жеке оңалту бағдарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.

      5. Жеке көмекшiнiң және ымдау тiлi маманының әлеуметтiк қызметтерiн алу үшiн жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер және естiмейтiндiгi бойынша мүгедектер мынадай құжаттарды:
      1) мүгедектi жеке оңалту бағдарламасынан үзiндi көшiрменi;
      2) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжатты;
      3) мүгедектiгi туралы анықтаманы қоса берiп, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне өтiнiш жасайды.
      Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларымен және көшiрмелерiмен берiледi, кейiннен құжаттардың түпнұсқалары, құжаттардың қабылданған күнi мен уақыты, оларды қабылдаған тұлғаның тегi мен аты-жөнi көрсетiлетiн растама бере отырып, өтiнiш иесiне қайтарылады.

      6. Өзi барып өтiнiш жасау мүмкiн болмаған жағдайда, мүгедек нотариалды түрде куәландыруды талап етпейтiн сенiмхат негiзiнде жеке көмекшiнiң, ымдау тiлi маманының әлеуметтiк қызметтерiн көрсету туралы өтiнiштi жасауға басқа адамдарға уәкiлеттiк бере алады.

      7. Жеке көмекшiнiң және ымдау тiлi маманының әлеуметтiк қызметтерi мүгедектерге осы Ережеге қосымшаға сәйкес медициналық айғақтамалар негiзiнде мүгедектi жеке оңалту бағдарламасына сәйкес көрсетiледi.
      Жеке көмекшiнiң және ымдау тiлi маманының әлеуметтiк қызметтерiн көрсетуге мамандандырылған медициналық ұйымдарда емделудi талап ететiн мынадай аурулар:
      бактерия тарататын туберкулез (БК+);
      жұқпалы терi және шаш аурулары;
      жыныс аурулары;
      адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышынан (АҚТҚ) туындаған ауру;
      неврозды, невроз тәрiздес жай-күйлердi, жеңiл дәрежедегi есуастықты, ұстамалары сирек (2-3 айда бiр реттен аспайтын) түрлi этиологиядағы тырыспа синдромдарын қоспағанда, жарыместiксiз және жеке тұлғаның бiлiнiп бұзылуынсыз орны алатын психикалық бұзушылықтар.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.03.14. N 324 Қаулысымен.

      8. Жеке көмекшiнiң, ымдау тiлi маманының әлеуметтiк қызметтерiн көрсету туралы шешiмдi (бұдан әрi - шешiм) қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi барлық қажеттi құжаттар болған кезде құжаттар қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қабылдайды.
      Шешiм қабылдағаннан кейiн қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi жеке көмекшiнiң және ымдау тiлi маманының әлеуметтiк қызметтерiмен қамтамасыз етiлуге тиiс мүгедектер туралы мәлiметтердi жасайды және көрсетiлген қызметтерге қажеттiлiктi қалыптастырады.

      9. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жеке көмекшiнiң және ымдау тiлi маманының әлеуметтiк қызметтерiн сатып алуды жүргiзедi.

      10. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi мен жеке көмекшiнiң немесе ымдау тiлi маманының арасындағы қатынастар әлеуметтiк қызметтердi көрсетуге арналған шартпен (бұдан әрi - шарт) ресiмделедi.
      Шартта жеке көмекшiге және ымдау тiлi маманынына қойылатын талаптар мен олар көрсететiн әлеуметтiк қызметтердiң түрлерi ескерiледi:
      1) мүгедекпен бiрге тұратын жерiнен баратын пунктiне дейiн және қайтарда: жұмысқа, оқу орындарына; сондай-ақ мүгедек жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға, сотқа, прокуратураға, әлеуметтiк сала объектiлерiне, заң консультацияларына, нотариусқа, мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, спорт ғимараттарына, сауда объектiлерiне, медициналық мекемелерге, тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына және оқуына, жұмысқа орналасуына, өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауына және iске асыруына, ақпарат алуына, қажеттi құжаттарды ресiмдеуiне байланысты мәселелердi шешуi үшiн өзге де ұйымдарға барған кезде iлесiп жүру;
      2) еститiн және естiмейтiн адамдардың арасындағы делдалдық қызметтi көрсетумен байланысты жұмысты орындау: мүгедектiң конференцияларға, пiкiрталастарға және басқа да қоғамдық iс-шараларға қатысуы уақытында; мүгедектiң оқуына, жұмысқа орналасуына, өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауына және iске асыруына, мемлекеттiк органдар мен консультациялық ұйымдарда ақпарат алуына, қажеттi құжаттарды ресiмдеуiне байланысты мәселелердi шешуi үшiн еститiн адамдармен араласуы кезiнде ымдау тiлiнен және ымдау тiлiне кәсiби аударма жасау.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.03.14. N 324 Қаулысымен.

      11. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi мен жеке көмекшiнiң және ымдау тiлi маманының әлеуметтiк қызметтерiн көрсететiн үкiметтiк емес ұйым арасындағы қатынастар мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартпен ресiмделедi.

      12. Жеке көмекшi мен ымдау тiлi маманының әлеуметтiк қызметтерiне ақы төлеу шарттары, оның iшiнде жол жүру шығыстары мен басқалары, сондай-ақ жұмыс уақытының есебi, мүгедектерге қызмет көрсету нормативтерi мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi шартта ескерiледi.

      13. Жеке көмекшiнiң әлеуметтiк қызметтерiне ақы төлеудi қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маманның бiр сағаттық жалақысы мөлшерi есебiмен, бiрақ күнiне 8 сағаттан асырмай, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшiлерiне, қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiне сәйкес жүргiзедi.

      14. Ымдау тiлi маманының бiр сағаттық әлеуметтiк қызметiне ақы төлеу тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда белгiленген ең төмен айлық жалақының он бес пайызы мөлшерi есебiмен, бiрақ бiр мүгедекке жылына отыз сағаттан асырылмай жүзеге асырылады.
      Ымдау тiлi маманының жылына отыз сағаттан артық әлеуметтiк қызметтер көрсетуiне кеткен уақытын мүгедек өз қаражаты есебiнен төлейдi.

Ережеге қосымша   

      Ескерту. Ереже қосымшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2009.03.14. N 324   Қаулыларымен.

Жеке көмекшiнiң және ымдау тiлi маманының әлеуметтiк
қызметтерiн көрсетуге медициналық айғақтамалар

      1. Жеке көмекшiнiң әлеуметтiк қызметтерiн көрсетуге:
      1) толық соқырлық
      2) түзетумен екi көзiнiң де 0,03 дейiн көру жiтiлiгi;
      3) елеулi немесе айқын түрде бiлiнетiн вестибулярлық-мишықтың бұзылуы;
      4) елеулi немесе айқын түрде бiлiнетiн гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
      5) паркинсонизм (елеулi немесе айқын түрде бiлiнетiн акинетикалық-регидтiк түрi);
      6) елеулi немесе айқын түрде бiлiнетiн: ауру немесе жарақаттар салдарынан туындаған гемипарез, төменгi парапарез, трипарез;
      7) гемиплегия, триплегия, параплегия;
      8) елеулi немесе айқын түрде бiлiнетiн қан айналымы және тыныс функцияларының бұзылуы (III кезеңдегi қан айналым жеткiлiксiздiгi, IV функционалдық сыныпты стенокардияға сәйкес қан тамыр жеткiлiксiздiгi, II-III және III кезеңдегi өкпе-жүрек жеткiлiксiздiгiмен қосарланған III дәрежелi тыныс жеткiлiксiздiгi және т.б.);
      9) елеулi немесе айқын түрде бiлiнетiн несеп шығару жүйесi қызметiнiң бұзылуы (III-IV дәрежедегi созылмалы бүйрек жеткiлiксiздiгi);
      10) буын функцияларының III-IV дәрежеде бұзылуымен қатар ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының елеулi немесе айқын түрде бiлiнiп бұзылуы;
      11) қолдардың екеуiнiң де протездеуге жарамсыз және жүрiп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын ампутациялық тұқылдары;
      12) қолдардың екеуiнде де протездеуге жарамсыз және жүрiп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын туа бiткен ауытқулардың болуы;
      13) екi санның протездеуге жарамсыз ампутациялық тұқылдары;
      14) протездеуге жарамсыз жүрiп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың бiлiнетiн функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;
      15) жүрiп-тұрудың III дәрежеде бұзылуымен қоса аяқтардың дамуындағы туа бiткен ауытқулар;
      16) қолдардың жүрiп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын бiлiнетiн функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының III-IV дәрежеде бұзылуымен қоса жамбастың және тiзе буындарының екеуiнiң де функционалдық тұрғыдан қолайсыз қалыптағы анкилоздары;
      17) қолдардың жүрiп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын бiлiнетiн функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының III-IV дәрежеде бұзылуымен қоса жамбастың және тiзе буындарының екеуiнiң де елеулi немесе айқын бiлiнетiн контрактуралары медициналық айғақтамалар болып табылады.
      2. Ымдау тiлiнiң машықтарын меңгерген мүгедекке ымдау тiлi маманының әлеуметтiк қызметтерiн көрсетуге:
      1) керең-мылқаулық
      2) есту протезiн қолдануға жарамсыз толық кереңдiк;
      3) есту протезiн қолдануға жарамсыз IV дәрежедегi құлақ мүкiстiгi;
      4) қимылдық афазия;
      5) көмекейдiң болмауы медициналық айғақтамалар болып табылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 20 шiлдедегi 
N 754 қаулысымен     
бекiтiлген        

Мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен
қамтамасыз ету ережесi

1. Жалпы ережелер

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңына сәйкес әзiрлендi және мүгедектердi тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудiң тәртiбiн белгiлейдi.

      1. Арнаулы жүрiп-тұру құралдары деп мүгедектердiң белсендi және баяу жүрiп-тұруы үшiн техникалық көмек көрсету түрi ұғынылады.

      2. Техникалық көмек мүгедектердi кресло-арбалармен қамтамасыз етуден тұрады.

      3. Мүгедектердi кресло-арбалармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен, өтiнiштердiң, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық органы (бұдан әрi - аумақтық орган) әзiрлеген мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасының негiзiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      4. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер кресло-арбалармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен мүгедекте оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қамтамасыз етiледi.

      5. Жұмыс берушiнiң - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерге кресло-арбалар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тапсырыс есебiнен берiледi.

2. Кресло-арбаларға қажеттiлiктi қалыптастыру
және мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу

      6. Кресло-арбаларды қажет ететiн мүгедектер тұрғылықты тұратын жерi бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне өтiнiш бередi.

      7. Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi (басқармалары), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi (басқармалары) (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) өтiнiштердiң, аумақтық орган әзiрлеген мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының негiзiнде кресло-арбаларға қажеттiлiктi, олардың тiзбесi мен санын көрсете отырып айқындайды.

      8. Уәкiлеттi орган комиссияны құрады және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес кресло-арбаларды сатып алуды жүргiзедi.

      9. Тапсырысшы мен кресло-арбаларды жеткiзушiнiң арасында жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес жеткiзушiлер кресло-арбаларды уәкiлеттi органға жеткiзудi жүзеге асырады.

      10. Кресло-арбаларды жеткiзушiден қабылдап алуды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Жеткiзушiден кресло-арбаларды қабылдап алу актiсi екi данада жасалады:
      1) бiрiншi данасы уәкiлеттi органда қалады;
      2) екiншi данасы жеткiзушiге берiледi.
      Актiлердiң барлық даналарына уәкiлеттi орган мен жеткiзушiнiң өкiлдерi қол қояды.

      11. Қабылдап алу процесiнде анықталған пайдалануға (қолдануға) жарамсыз кресло-арбалар жеткiзушiлерден қабылданбайды және олар мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес ауыстырылуға тиiс.

3. Кресло-арбаларды беру және есептiлiк

      12. Жеткiзушiден уәкiлеттi орган алған кресло-арбалар алынған кресло-арбалардың атауы мен олардың саны көрсетiле отырып, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне актi бойынша берiледi.

      13. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi кресло-арбаларды берудi мүгедектiң тегiн, атын, әкесiнiң атын, зейнеткерлiк куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұратын жерiн, алған кресло-арбаның атауын, алған күнiн, алғаны туралы белгiсiн көрсете отырып тiзiм бойынша жүргiзедi.

      14. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен еңбек жарақатына ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер кресло-арбалармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сай жұмыс берушi қаражатының есебiнен қамтамасыз етiледi.

      15. Жұмыс берушiнiң - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен еңбек жарақатына ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерге кресло-арбалар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен берiледi.

      16. Бөлмелiк кресло-арбалар мүгедектерге жетi жыл, серуендiк кресло-арбалар - төрт жыл пайдалану мерзiмiне берiледi.

      17. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi кресло-арбалар берiлгеннен кейiн бiр ай iшiнде уәкiлеттi органға мүгедектiң тегiн, атын, әкесiнiң атын, зейнеткерлiк куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұратын жерiн, алған кресло-арбаның атауын, берiлген күнiн, алғаны туралы тұлғаның қойған қолын көрсете отырып, кресло-арбаларды алған мүгедектердiң тiзiмiн бередi.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 20 шiлдедегi 
N 754 қаулысымен     
бекiтiлген        

Мүгедектерге және мүгедек балаларға
санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесi

1. Жалпы ережелер

      Осы Ереже мүгедектер мен мүгедек балаларға, олардың организмiнiң бұзылған немесе жоғалтқан функциялары мен денсаулығын қалпына келтiруге бағытталған медициналық оңалту мақсатында санаторий-курорттық емделудi ұсынудың тәртiбiн белгiлейдi.

      1. Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етудi жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектер мен мүгедек балаларға мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық жолдама (бұдан әрi - жолдама) беру арқылы жүзеге асырады.

      2. Жолдамаларды облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi (басқармалары), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi (басқармалары) (бұдан әрi - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкiлеттi органы) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен сатып алады.

      3. Мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуге арналған құжаттарын ресiмдеудi және есепке алуды аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi (бұдан әрi - ауданның (қаланың) уәкiлеттi органы) жүргiзедi.

      4. Ауданның (қаланың) уәкiлеттi органы өтiнiштердi тiркеу және жолдамаларды беру журналын жүргiзедi (жоғарыда аталған Ережеге 2-қосымша ).
      Журнал нөмiрленген, тiгiлген және ауданның (қаланың) уәкiлеттi органының мөрiмен расталған болуы тиiс.

2. Өтiнiш берудiң тәртiбi

      5. Мүгедектер, не олардың жазбаша келiсiмiмен басқа адам, сондай-ақ мүгедек балалардың заңды өкiлдерi белгiленген нысандағы өтiнiштi (жоғарыда аталған Ережеге 1-қосымша ) ауданның (қаланың) уәкiлеттi органына бередi.
      Өтiнiшке мынадай құжаттар:
      1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) мүгедек-балалар үшiн - баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi және оның заңды өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      3) денсаулық сақтау ұйымы берген санаторий-курорттық картаның көшiрмесi;
      4) тұрғындар есебiнiң кiтабы;
      5) мүгедектiгi туралы анықтамадан үзiндi көшiрме мен мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрме;
      6) мүгедектiң жазбаша келiсiмiмен басқа адам өтiнiш бергенде - оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi қоса берiледi.

      6. Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету үшiн қажеттi құжаттар ауданның (қаланың) уәкiлеттi органына салыстыру үшiн түпнұсқалар мен көшiрмелер түрiнде берiледi. Салыстырудан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      Ауданның (қаланың) уәкiлеттi органының мамандары құжаттардың көшiрмелерiн куәландырады және оларды iс-қағазына қосып қалыптастырады.

      7. Ауданның (қаланың) уәкiлеттi органы қажеттi құжаттардың барлығы болған жағдайда жолдама беру туралы шешiм қабылдайды.

3. Санаторий-курорттық емделуге арналған
жолдамаларды сатып алу мен берудiң тәртiбi

      8. Ауданның (қаланың) уәкiлеттi органы өтiнiш берген, оларға мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емделу ұсынылған мүгедектер мен мүгедек балалардың тiзiмiн қалыптастырады.

      9. Ауданның (қаланың) уәкiлеттi органы өтiнiштердi тiркеудi олардың келiп түсу тәртiбiмен жүзеге асырады.

      10. Ауданның (қаланың) уәкiлеттi органы қалыптастырылған тiзiмдердi 10 күнтiзбелiк күн iшiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкiлеттi органына ұсынады.

      11. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкiлеттi органы ұсынылған тiзiмдерге сәйкес жолдамаларды ауданның (қаланың) уәкiлеттi органдарының арасында, оларды мақсаты бойынша пайдалану үшiн бөледi.

      12. Жолдаманы ауданның (қаланың) уәкiлеттi органы санаторий-курорттық емделуге құқығы бар адамның қолына не оның жазбаша келiсiмi бойынша өтiнiште көрсетiлген басқа адамға бередi.
      Мүгедек балаға жолдама оның заңды өкiлiнiң қолына берiледi.

      13. Жолдама беруден бас тартқан жағдайда ауданның (қаланың) уәкiлеттi органы өтiнiш қабылданған күннен бастан 5 жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге жазбаша дәлелдi бас тарту беруге мiндеттi.

      14. Жолдаманы белгiлi бiр себептермен (қайтыс болу, сырқаттану және ауданның (қаланың) уәкiлеттi органы дәлелдi деп таныған басқа да) пайдалануға мүмкiндiк болмаған жағдайда, ол ауданның (қаланың) уәкiлеттi органына қайтарылуы және кезектiлiк тәртiбiмен басқа адамға берiлуi тиiс.
      Жолдаманы қайтару өтiнiштердi тiркеу және жолдамалар беру журналында белгiленедi.

      15. Жолдама дәлелдi себептер бойынша пайдаланылмаған жағдайда, берiлген жолдама мүмкiндiгiнше келу кестесiне сәйкес басқа кезеңнiң жолдамасына, бiрақ ауыстырылуға тиiс жолдамада көрсетiлген келу басталғанға дейiн үш күннен кешiктiрiлмей ауыстырылуы мүмкiн.

      16. Жолдамалар күнтiзбелiк жылда бiр рет, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкiлеттi органы белгiлеген мерзiмге берiледi.

                                         Мүгедектер мен мүгедек
                                     балаларға санаторий-курорттық
                                        емделудi ұсыну ережесiне
                                                 1-қосымша

       Санаторий-курорттық емделуге жолдама беру туралы
                            ӨТIНIШ

Тегi ______________________________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесiнiң аты ______________________________________________________
Туған күнi ________________________________________________________
Мyгедектiгi _______________________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
Телефоны __________________________________________________________

      Маған санаторий-курорттық емделуге бiр жолдама берудi сұраймын.
      Мынадай құжаттардың көшiрмелерiн қоса берiп отырмын:
1. ________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________
4. ________________________________________________________________
5. ________________________________________________________________

   200__ ж. "__" _________  ______________________________________
                            (өтiнiш берушiнiң немесе өтiнiш берген
                                        адамның қолы)

Өтiнiш берушi ұсынған құжаттар
көшiрмелерiнiң дұрыстығын растаймын: ______________________________
                                      (Өтiнiштi қабылдаған адамның
                                            Т.А.Ә., лауазымы)

                                     200__ ж. "__" ______  ________
                                                            (қолы)

                                         Мүгедектер мен мүгедек
                                     балаларға санаторий-курорттық
                                        емделудi ұсыну ережесiне
                                                 2-қосымша

        Өтiнiштердi тiркеу және жолдамалар беру журналы

Р/с
N

Тегi, аты,
әкесiнiң аты

Мүгедектiгi

Мекен-жайы
және
телефоны

Өтiнiштi
қабылдау
күнi

Өтiнiштi
кiм бердi

1

2

3

4

5

6

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

  кестенiң жалғасы

Емдеушi
дәрiгерлер
ұсынған
санаторий

Жолдама
берiлген
санаторий-
дiң атауы

Жолдама
берiлген
кезең

Өтiнiш
берушiнiң не
жолдама алған
адамның қолы

Жолдаманың
қайтарылған
күнi және
себептерi

7

8

9

10

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Ескерту. Журнал өтiнiштердiң келiп түсуi бойынша қатаң
дәйектiлiкпен толтырылады.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2005 жылғы 20 шiлдедегi  
N 754 қаулысымен     
бекiтiлген        

      Ескерту. Тiзбеге өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Мүгедектерге берiлетiн техникалық көмекшi
(орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы
жүрiп-тұру құралдарының тiзбесi

      1. Протездiк-ортопедиялық құралдар:
      1) қол протездерi (иық протездерi, бiлек протездерi, қол-саусақ протездерi);
      2) жiлiншiк протездерi;
      3) жамбас протездерi;
      4) кеуде бездерiнiң протездерi;
      5) аппараттар, туторлар, ортездер;
      6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;
      7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;
      8) бандаждар, емдiк белбеулер, балалардың алдын алу шалбаршалары;
      9) ортопедиялық аяқ-киiм және қосымша тетiктер (кебiстер, супинаторлар);
      10) аппараттарға арналған аяқ-киiм.
      2. Сурдотехникалық құралдар:
      1) есту аппараттары;
      2) бейнекомпьютерлер;
      3) көп функционалды дабылды жүйелер;
      4) телефакстер;
      5) мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметi бар ұялы телефондар;
      6) саңырау және нашар еститiн адамдарға арналған сағаттар.
      3. Тифлотехникалық құралдар:
      1) таяқтар;
      2) тифломагнитолалар;
      3) оқу машиналары;
      4) компьютерлiк тифлокешендер;
      5) Брайл жүйесi бойынша жазу құралы;
      6) Брайл жүйесi бойынша жазу грифелi;
      7) рельефтi-ноқатты қарiппен жазуға арналған қағаз;
      8) диктофондар;
      9) дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер;
      10) нашар көретiн адамдарға арналған сағаттар.
      4. Арнаулы жүрiп-тұру құралдары:
      1) бөлмелiк кресло-арбалар;
      2) серуен кресло-арбалары.
      5. Мiндеттi гигиеналық құралдар:
      1) несеп қабылдағыштар;
      2) нәжiс қабылдағыштар;
      3) жөргектер.

Бөлімдер:
9 сәуір, 2011 - 09:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші