A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Протез-ортопедия саласын одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 1146 қаулысы

Протез-ортопедия саласын одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2001 жылғы 5 қыркүйек N 1146

 


 

      Мүгедектердiң қазiргi заманғы талаптарға жауап беретiн медициналық мақсаттағы емдеу, емдеу-алдын алу және арнаулы протез-ортопедия құралдарына қажеттiлiгiн неғұрлым толығымен қамтамасыз ету, протез-ортопедия бұйымдарын жасайтын және протездеу бойынша медициналық қызметтер көрсететiн республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды басқару құрылымын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Мыналар: 
      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Алматы тәжiрибелiк-эксперименттiк протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Алматы медициналық стационары" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны қосу жолымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Алматы протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында); 
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Петропавл тәжiрибелiк-эксперименттiк протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Петропавл медициналық стационары" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны қосу жолымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Петропавл протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында); 
      3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Семей протез-ортопедия бұйымдары жөнiндегi тәжiрибелiк-эксперименттiк кәсiпорны" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Семей медициналық стационары" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны қосу жолымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Семей протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) болып қайта ұйымдастырылсын. 
      2. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Орталық протездеу эксперименттiк зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Республикалық эксперименттiк протездеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны болып қайта аталсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi кәсiпорындарды мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      құрылған Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн, олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын; 
      жыл сайын бюджеттiк тапсырыстарды қалыптастырған кезде республикалық бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк тапсырыс бойынша қамтамасыз етiлетiн республика мүгедектерiнiң қазiргi заманғы талаптарға жауап беретiн қол және аяқ протездерiне қажеттiлiгiн ескерсiн; 
      республиканың кәсiпорындарында қазiргi заманғы талаптарға жауап беретiн қол және аяқ протездерiне жинақтаушы түйiндер мен бөлшектердi шығару бойынша импорт алмастырушы технологияларды енгiзудi ұйымдастырсын. 
      5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Республикалық эксперименттiк протездеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының әзiрленiмдерi негiзiнде қол және аяқ протездерiне жинақтаушы түйiндер мен бөлшектердi жасау бойынша ықтимал жеткiзушiлердi анықтауға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне септiк етсiн. 
      6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790   қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
      осы қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: 
      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" бөлiмiнде: 
      реттiк нөмiрi 45-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Алматы протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)"; 
      реттiк нөмiрi 46-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Петропавл протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында); 
      реттiк нөмiрi 47-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Семей протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)"; 
      реттiк нөмiрi 47-2-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Республикалық эксперименттiк протездеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны"; 
      реттiк нөмiрлерi 47-6, 47-7, 47-8-жолдар алынып тасталсын; 
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2004.10.29. N 1132  қаулысымен .  
      7. "Протез-ортопедия кәсiпорындары ассоциациясы және мемлекеттiк қазыналық тәжiрибе-эксперименттiк протез-ортопедия кәсiпорындарын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 1367  қаулысының  1-тармағының күшi жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi
 

Бөлімдер:
4 сәуір, 2011 - 10:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші