check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

ЕурАзЭҚ-тың әлеуметтік жаңа жобалары

2006-11-17:

ЕурАзЭҚ-тың әлеуметтік жаңа жобалары

 

Кеше Алматыда ЕурАзЭҚ ин­теграциялық комитеті жанындағы әлеуметтік саясат жөніндегі кеңесі­нің кезекті бесінші мәжілісінің жұ­мысы басталды. Қазақстан Рес­публикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Қа­рақұсова, Беларусь Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары В.Король, Ресей Федерациясы Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі департаменті директорының орын­басары Н.Антонова, Қырғызстан Республикасы Еңбек және әлеу­меттік қорғау министрінің орын­басары Ү.Абдуллаева бүгінгі таңда­ғы өз елдерінде қалыптасып отыр­ған жағдай, әлеуметтік салада қол жеткен жетістіктермен қатар, орын алып отырған олқылықтар жөнінде жан-жақты түрде баяндады.

– Қазақстанның әлемдегі бә­секеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуі үшін әлеуметтік сала деңгейін, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға деген ұмты­лысының маңызы зор, – деді осы басқосуда министр Г.Қарақұсова. – Елімізде осыған орай бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Әсіресе әл-ауқаты төмендерге, ана мен балаға және мүгедектерге көрсеті­летін қаржылай көмек, зейнетақы көлемі жыл сайын өсуде. Алдағы уақытта елімізде ана мен балаға қамқорлық аясын барынша кеңей­ту қолға алынбақ.

Күн тәртібіндегі кейбір жәйттер ЕурАзЭҚ-қа енетін Беларусь, Қа­зақ­стан, Қырғызстан, Ресей, Тәжік­стан және Өзбекстан мемлекет­терінің барлығына ортақ. Қынжы­ларлығы, қауымдастыққа мүше елдердегі орын алып отырған олқылықтар жоғарыдағы сөз етіп отырған жайлармен ғана шектел­мейді. Еуропадағы сияқты ТМД елдерінің көпшілігінде де демографиялық ахуал өте ауыр.

Беларусь Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі­нің орынбасары В.Корольдің: “Ел­дегі әлеуметтік жағдай жыл өткен сайын жақсарғанымен, халықтың саны күткен деңгейден төмен”, деп қынжылуы орынды сияқты.

Сөз реті келгенде атап айтарлық жәйт, Ресейде халық санын кө­бейту, демографиялық жағдайды сауықтыруға бағытталған батыл қадам, ауқымды көмек пен қамқор­лық жасалуда. Бұл жөніндегі Ресей өкілі Н.Антонованың мәліметі көп­шілік назарын аударды. Халық игі­лігіне бағытталған озық тәжі­рибенің ортаға салынуы, әрине, құптарлық. Әлеуметтік сала жетекшілері мен мамандарының тұжырымдауынша, “кезекті бесінші мәжіліс мұндағы қатысушылардың өзара тәжірибе алмасуына мол мүмкіндік жасауда”.

Кеңес мәжілісі өз жұмысын бүгін аяқтамақ.

Алматы.

Дерек көзі: Бақыт БАЛҒАРИНА.

 

Егемен Қазақстан газеті № 282-283 (24536) 17 ҚАРАША , ЖҰМА 2006 жыл .

17 қараша, 2006 - 06:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші