check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Балаларға арналған жәрдемақылар туралы

Балаларға арналған жәрдемақылар туралы

 

Әлеуметтік нормативтер және мүгедектерді оңалту департаменті Министрліктің сайтына орналастыру үшін мынадай ақпаратты жолдап отыр.

Қазіргі таңда Қазақстанда отбасын құруға және нығайтуға қолайлы жағдайларды жасауға бағытталған жәрдемақының 3 түрі бар.

Мәселен, республикамызда 2003 жылдан бастап 15 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде бала тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы төленуде, оның мөлшері 2007 жылы 16380 теңгені құрады. Аталған жәрдемақы отбасының табысына қарамастан республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді. Жыл сайын жәрдемақы алушылардың саны өсіп, 2006 жылы 280,0 мыңға жақын отбасы жәрдемақы алды.

Бала тууға ынталандыру мақсатында 2006 жылғы 1 шілдеден бастап табысына қарамастан барлық отбасыларға, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы төленіп отыр. Жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалар санына қарай 3-тен 4,5 АЕК-ке дейін сараланған. Өткен жылы көрсетілген жәрдемақыны бір жасқа толмаған балалары бар 300,0 мыңға жақын отбасы алды.

2006 жылғы 1 қаңтардан бастап табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасыларына 1АЕК мөлшерінде (2007 жылы - 1092 теңге) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төленіп отыр. Жәрдемақы мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Өткен жыл бойы жәрдемақымен 282 мың аз қамтамасыз етілген отбасынан 720 мыңнан астам 18 жасқа дейінгі балалар қамтылды.

Бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау және төлеу мәселесі бойынша өтініш иесі тұрғылықты жері бойынша «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорынның филиалына (РМҚК), ал балаларға арналған жәрдемақыға – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, ол болмаса (ауылдық жерде) – ауылдық (селолық) округ әкіміне өтініш беру керек.

Қажетті құжаттардың тізімі мынадай: өтініш; баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі, отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі, отбасының құрамы туралы мәліметтер (бала күтімі жөніндегі жәрдемақы үшін); отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер (балаларға арналған жәрдемақы үшін). Өтінішті толтыру үшін өзіңізбен бірге ӘЖК, СТН, жеке шотының нөмірі болуы қажет.

Егер балалар және отбасылық жәрдемақылар жүйесі отбасының кедейліктен шығуына жеткіліксіз болған жағдайда, яғни отбасының жиынтық табысы кедейлік шегінен аспаса, мұндай отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Балалы отбасыларды көп жоспарлы мемлекеттік қолдау республикамыздың демографиялық ахуалына оң әсерін тигізіп отыр. Мәселен, егер 2005 жылы 11 айында туылған балалар саны 258,1 мыңды құраса, ал 2006 жылы осы кезеңге - 277,0 мың бала туылды.

 

 

 

Әлеуметтік нормативтер

және мүгедектерді оңалту

департаментінің директоры Қ. Манабаева

 

12 ақпан, 2007 - 06:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші