A A A
Мазмұнына өту

You are here

Министр “Миталл Стилдi” икемге келтiрдi

Министр “Миталл Стилдi” икемге келтiрдi

 

Нур-Астана (Астана), № 39 (200), 26.09.2007г.
/Айгерiм Абiлдинова/

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (Министерство труда и социальной защиты населения) Бердібек Сапарбаев лауазымдық орнындағы алғашқы жұмыс сапарын Ақмола облысын аралаудан бастады. Екі күн бойы ол аймақтағы бірқатар әлеуметтік мекемелерде болып, облыстың кейбір мемлекетгік атқарушы органдарының басшыларымен кездесті.

Көкшетау қаласында министрдің назар аударған мәселелері «дөңгелек үстел» басындағы әңгімеге арқау болды. Оған Ақмола облысының әкімі Мәжит Есенбаев бастаған бірқатар департамент және басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Бердібек Сапарбаев жиналғандар назарын министрлік тарапынан болашақта атқарылатын жұмыстарға аударды. Оның айтуына қарағанда, 2009 жылдан бастап барлық облыс орталықтарында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған реабилитациялық орталықтар ашылады. Бұл мекемелер оларды сауықтырып, емдеп қана қоймай, оқытып, кәсіби бағдар берумен де айналысады.

- Осы мақсатта біздің жасаған сметалық жоспарларымыз жан-жақты қолдауға ие болады деп ойлаймын, - деді министр.

Бердібек Сапарбаевтың әлеуметтік саладағы және бір көңіл аударарлық жаңалығы - қолданылып жүрген зейнетақы мен төлемақыны есептеу әдістемесі өзгертіледі.

- Біз айлық есептік көрсеткішті есептеуден күнкөріс деңгейінің төменгі көрсеткіші бойынша есептеуге көшуді ойластырудамыз, - деді ол. - Яғни, орташа зейнетақы мөлшері айлық еңбекақының 40 пайызынан кем болмауы керек. Сол себептен де жүзеге асырылып жатқан шаралардың бәрі де бағаның өсу деңгейінің алдын алуға бағытталған. Келер жылдың бюджетін қабылдар кезде бұл ескерілуі тиіс.

«Дөңгелек үстел» басындағы әңгімеде атаулы әлеуметтік көмек мәселесіне баса көңіл бөлінді. Бұл бағыттағы істер нақты күнкөрісі темен адамдарға арналса ғана тиімді болады.

Ақмоладағы осындай өзекті әңгімелер Қарағанды облысында да жалғасты. Бердібек Сапарбаев облыс орталығында тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарды бейімдеуге арналған орталыққа, «Лучик надежды» қоғамдық қайырымдылық қорының мүгедек балаларды сауықтыруға арналған орталығына, соғыс және еңбек ардагерлері үйіне ат басын тіреді.

Осы мекемелердің қай-қайсысында да, әлеуметтік қызмет саласы активімен, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуде де Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтылған әлеуметтік мәселелерді жан-жақты түсіндірді.

Бүқар жырау ауданында ол Покорное ауылы тұрғындарының тұрмыс-тіршілігімен танысты. Бұл ауылда негізінен Өзбекстан мен Моңғолиядан көшіп келген қандастарымыз тұрып жатыр. Ауыл тұрғындары министрге квота рәсімдеу мен өтемақы бөлуді жеделдету мәселелері бойынша өтініштерін білдірді.

Бердібек Сапарбаевтың Қарағанды облысындағы сапары әсіресе, «Миталл Стил Темиртау» акционерлік қоғамында болуымен еңбек адамдарының назарын аударды. Оның себебі белгілі. Шетелдік алпауыттың жұмысшылар мен тұрғындардың әлеуметтік тұрмысына лайықты көңіл аудара қоймайтын жағдайлары кездеседі. Жаңа министр осы мәселені зерделеп, жұмысшылармен жүздесті. Ол кәсіпорындағы еңбек адамдарына жұмыс істеуге қолайлы мүмкіндік жасау, өндірістік жарақат алу мен бақытсыздық жағдайларын болдырмау мәселелерін қатаң бақылауды тапсырды. Министр кадр мәселелері жөнінде қазақстандық мамандарға басымдық беру керек деп есептейді.

Сапар барысында «Арселор Миталл» компаниясы басшыларымен келісімге қол жеткізілді. Келер жылы шетелдік компания есебінен Қарағандыда мүгедектерге арналған сауықтыру орталығы салынатын болды.

 

Материал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақпараттық талдау орталығының тапсырмасымен «Медиа-Систем» Агенттігінен алынған

20 қыркүйек, 2007 - 06:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші