A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚР ЕХӘҚ Министрлігіне 2007 жылдың 9 ай аралығында азаматтардан келіп түскен өтініштерге шолу

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2007 жылдың  9 ай аралығында азаматтардан келіп түскен  өтініштерге шолу

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2007 жылғы  1 қаңтар мен 25 қыркүйек аралығында азаматтардан 8186 өтініш келіп түсті. Министрліктің орталық аппаратында және құрылымдық бөлімшелерінде 5460 өтініш қаралу барысында, оның 2726 қаралды.

Өтініштерде қойылған сұрақтар Министрліктің құзіретіне жататын барлық  мәселелерді қамтиды.

Өтініштердің басым бөлігі зейнетақыны тағайындау және көбейту, зейнеткерлік демалысқа шығу жасын азайту мәселелерімен  байланысты. Аталған уақыт аралығында осы сұрақтар бойынша 6316 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 1259 өтінішке «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес  зейнетақының тағайындалуы және мөлшері тексеріліп, толық түсініктемелер берілген.

Соғыс жылдарында жұмыс істеген азаматтарға арнайы мемлекеттік жәрдемақы, Семей полигонында тұрған азаматтарға өтемақы тағайындау, материалдық көмек көрсету, фашизм тұтқындарына өтемақы төлеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, мүгедектерді квота бойынша емдеу және т.б. мәселелер бойынша 1335 өтініш түсті, оның 1094 қаралды.

Еңбек заңнамасын сақтау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, жұмыссыздарға берілетін жәрдемақылар, жастарды жұмыспен қамту, шетелдік азаматтардың еңбек қызметін жүзеге асыру, еңбекті нормалау және т.б. мәселелер жөнінде 371 өтініш келіп түсті, оның  247 қаралды.

Денсаулыққа келтірілген зиян үшін өтемақы төлеу мәселелері туралы 146 өтініш келіп түсті, оның 116 қаралды.

Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру және бухгалтерлік есеп мәселелеріне қатысты аталған уақыт аралығында 2 өтініш қаралды.

Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, атап айтқанда, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына, Ақпараттық-талдау орталығына, Еңбекті қорғау жөнінде республикалық ғылыми-зерттеу институтына 16 өтініш келіп түсті, оның 8 қаралды.

Министрліктің Көші-қон комитетіне квотаға енгізу, басқа мемлекетке қоныс аударған кезде көмек көрсету, сонымен қатар, бұрын келген оралмандарға пәтер беру, пәтер алу үшін несие беру және т.б. мәселелер жөнінде 3529 өтініш келіп түсті, оның 3446 қаралды. Аталған сұрақтар бойынша толық түсініктемелер берілді. Осы кезең аралығында өтініштердің басым бөлігі Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Ресей Федерациясынан келіп түскен.

 

 

25 қыркүйек, 2007 - 06:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші