A A A
Мазмұнына өту

You are here

АҚПАРАТТЫҚ МАТЕРИАЛ: "Қате шоттар: проблемалар және оларды шешу жолдары"

«Қате шоттар: проблемалар және оларды шешу жолдары»
тақырыбындағы ақпараттық материал

 

Елімізде жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу 1998 жылғы 1 қаңтарда басталды. Осы сәттен бастап зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеумен қатар міндетті зейнетақы жарналарының дербестендірілген есебін жүргізетін «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК (бұдан әрі – ЗТМО) жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу және олардың түсуіне бақылау жасау жүйесі, сондай-ақ салымшылардың бірыңғай тізіміне сәйкес жұмыс берушіден жинақтаушы зейнетақы қорларына қаржыларды мақсатты есептеу тәртіпке келтірілген.

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы заңнамасы салымшының жинақталған зейнетақы қаражатын оның өз еркімен таңдаған бір жинақтаушы зейнетақы қорында жинақтауды қарастырады. Яғни, заң жүзінде «бір салымшы – бір қор» принципі бекітілген, бірақ іс жүзінде осы қағида әрдайым сақталмайды. Аталған принципті жүзеге асыруға бақылау жасауды қамтамасыз ететін ұтымды механизмнің болмауы жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған салымшылар санының нақты жағдайын білуге мүмкіндік бермей отыр.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 16 маусымдағы №58 Қазақстан Республикасы заңымен қолданыстағы зейнетақы заңнамаларын жетілдіруге бағытталған нормалар қарастырылған. Енгізілген өзгерістер салымшылардың қолданыстағы зейнетақы шарттарына сәйкес ДЗШ-на міндетті зейнетақы жарналарының келіп түсуін бақылап отыруға және қызметкерлердің жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде таңдауына басшы агенттердің (жұмыс берушілердің) әкімшілік ықпалын болдырмауға мүмкіндік береді.

ЗТМО-ға қосымша қызметтер, соның ішінде зейнетақы шарттарының дерекқоры мен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін жасау қызметі жүктелген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесін және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 қаулысына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорлары бір рет мәлімет беру (берілген сәттегі жағдай бойынша) және салымшылармен шарт жасау немесе бұзу барысына қарай бұдан әрі күн сайын жаңарту, яғни дерекқорды өзекті режимде қолдау жүргізіледі. Ол үшін жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарттарының дерекқорын құру және оны өзекті режимде қолдау үшін ЗТМО-ға берілетін ақпараттың құрылымы мен форматы әзірленді және игерілді.

Салымшылардың дербес зейнетақы шоттарын өңдегенде, біз 1 388 752 салымшының екі және одан көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бар, және де олар өсу беталысына ие.

 

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен

зейнетақымен қамсыздандыру туралы біреуден артық шарты бар

салымшылар саны туралы мәлімет

 

 

2006ж.01.12

2007ж.01.01

2007ж.01.02

2007ж.01.03

2007ж.01.04

2007ж.01.05

2007ж.01.06

2007ж.01.07

2007ж.01.08

2007ж.01.09

№ р/с

Міндетті зейнет-ақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты бар салымшы-лардың саны

Салымшы-лардың саны, адам

Салымшы-лардың саны, адам

Салымшы-лардың саны, адам

Салымшы-лардың саны, адам

Салымшы-лардың саны, адам

Салымшы-лардың саны, адам

Салымшы-лардың саны, адам

Салымшы-лардың саны, адам

Салымшы-лардың саны, адам

Салымшы-лардың саны, адам

1

екі жинақтаушы зейнетақы қорымен

1 534 963

1 535 148

1 552 633

1 586 294

1 607 005

1 627 000

1 638 285

1 655 326

1 662 368

1 778 770

2

үш жинақтаушы зейнетақы қорымен

309 097

322 922

331 785

350 684

361 678

371 416

373 531

379 309

382 198

465 678

3

төрт жинақтаушы зейнетақы қорымен

48 481

54 902

57 236

61 992

64 715

67 103

66 828

68 372

69 834

88 640

4

бес жинақтаушы зейнетақы қорымен

6 600

8 106

8 456

9 248

9 880

10 321

10 098

10 317

10 560

13 511

5

алты және одан да көп жинақтау-шы зейнетақы қорымен

926

1 289

1 369

1 519

1 639

1 718

1 645

1 696

1 737

2 230

 

Бірнеше шарттармен барлығы:

1 900 067

1 922 367

1 951 479

2 009 737

2 044 917

2 077 558

2 090 387

2 115 020

2 126 697

2 348 829

 

Екі және одан көп зейнетақы шоттарының мәселесі салымшы үшін жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауды негізінен жұмыс беруші анықтаған кезде, зейнетақы реформасының ең басында (1998ж.) пайда болды. Жұмыс берушіні ауыстырғанда салымшы, қағида бойынша, бұрынғы жұмыс орны бойынша шотын сақтаумен қорды да ауыстырады.

Нәтижесінде салымшы өзінің жинақталған зейнетақы қаражаты бар екендігі және жағдайы туралы толық ақпаратты білмейтін жағдайлар жиі туындайды.

Қазір де, салымшылардың бірыңғай дерекқорын жасау және оның жұмыс істеу барысында жағдай өзгермеген, кестедегі мәліметтерден көретініміз алда салымшылардың қорын жүйелеу бойынша күрделі жұмыс күтіп тұр.

Себебі ең алдымен салымшының қорды таңдауын анықтай алмауында немесе анықтауды қаламауында деп ойлаймыз. Салымшының бүгін бір қормен шарт жасап, ал ертеңіне екінші қормен шарт жасасу жағдайлары да орын алуда. Сонымен бірге, олар жинақталған зейнетақы қаражатын аударуға және бірінші қормен шартты бұзуға өтініш бермейді.

Екіншіден, көптеген қорлар ЗТМО-ға нақты олардың салымшылары болып табылмайтын адамдар бойынша мәліметтерді береді және әлі де беруде. Бұл шарттар қорында анық емес ақпараттар саны көбеюіне әкеліп соғады.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарты бар жеке тұлғалардың бірыңғай тізімінің негізінде, қазір міндетті зейнетақы жарналары ЗТМО арқылы тиісті жинақтаушы зейнетақы қорларына (ЖЗҚ берілген ақпараттың негізінде ең соңғы жасалған шарт бойынша) аударылады.

Салымшылардың өз зейнетақы жарналарының жағдайына жиі біліп отыруға, осы мәселеде белсенділік танытуға көңіл бөлгенін қалар едік.

Қорға 10% МЗЖ түспегенін байқаған жағдайда, орын алған жағдайды тексеруге тиісті өтінішпен қорға бару қажет.

Сіз қай қордың салымшысы екендігіңізді немесе жарналарыңыз қай қорға аударылатындығын білу үшін, ЗТМО-ның кез келген аумақтық бөлімшесіне жазбаша өтінішпен және жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынумен өтінім жасауыңызға болады.

ЗТМО-ның кез келген аумақтық бөлімшесінде салымшы барлық жүргізілген аударымдар және олар қай қорларға түскені туралы ақпаратты ала алады. Зейнетақы жарналары бірнеше қорға түскен жағдайда, барлық жинақталған зейнетақы қаражаттарын бір қорға біріктіру қажет. Ол үшін қай қорда қалатындығыңызды анықтау керек. Бұдан соң, басқа қорлардың барлығына жинақталған зейнетақы қаражаттарын аудару туралы өтініш бересіз.

Қазіргі зейнетақы жарналары – сізбен біздің ертеңгі зейнетақымыз. Адам өзінің болашақ зейнетақысының қалыптасуын қадағалай алады. Ол үшін қандай талаптар қажет?

Сіз зейнетақы жарналарыңызды төмендегі жағдайларда қадағалай аласыз. Алдымен, егер Жұмыс берушіңіз жарналарыңызды уақытында аударса. Екіншіден, құжаттарыңызда қате болмаса. Тегіңіз, атыңыз, әкеңіздің аты, туған күніңіз, жеке куәлігіңіздің деректері, тұратын жеріңіз бен жұмыс орныңыз ӘЖК беру туралы куәлікте, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта, жұмыс берушінің төлем құжаттарында дұрыс жазылуы керек. Үшіншіден, егер сіз зейнетақы қорымен үнемі байланыста болуыңыз керек. Заң жүзінде, қор жыл сайын зейнетақы шартында көрсетілген үйіңіздің мекенжайы бойынша зейнетақы шотыңыздың жағдайы туралы ақпаратты беруі тиіс, сондай-ақ қорға өтініш жасау барысына қарай ақпарат ала аласыз. Жарналар аударылмағанын неғұрлым ертерек білсеңіз, тез арада қажетті шараны қабылдауға мүмкіндігіңіз бар. Сонымен қатар, Сіз зейнетақы жарналарын аудару туралы ақпаратты бұған дейін айтқанымыздай, ЗТМО-ның кез-келген аумақтық бөлімшесіне өтініш беру арқылы біле аласыз.

17 қазан, 2007 - 06:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші