A A A
Мазмұнына өту

You are here

ХАЛЫҚ ҚОЛДАУДАН ҚАҒАЖУ ҚАЛМАЙДЫ

25.10.2007

ХАЛЫҚ ҚОЛДАУДАН ҚАҒАЖУ ҚАЛМАЙДЫ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек САПАРБАЕВПЕН әңгіме

Егемен Қазақстан  Республикалық газеті
№329-330 (24903) 23 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2007 ЖЫЛ

– Бердібек Машбекұлы, Сіз бірқатар облыстарда болып, жағ­дайды көзбен көріп қайттыңыз. Нан бағасының қымбаттауына байланысты жағдай алаңдау­шы­лықтар туғызуға қаншалықты негіз бола алады деп ойлайсыз?

– Іссапар барысында өзім болған облыстардың тұрғындары­мен, жергілікті жерлердегі кәсіп­одақтар, ардагерлер, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдар өкіл­дері­мен кездесулер өткіздім. Бірден айту керек, негізгі азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауы мен коммуналдық қызмет тариф­тері­нің өсуіне байланысты қоғам­да әлеуметтік шиеленіс байқалған жоқ.

Оған нан және өзге де азық­­-түлік өнімдері бағаларын тұрақ­тан­дыру шараларының қабыл­да­нуы және жергілікті атқарушы органдар тарапынан халықтың аз қамтылған бөлігін әлеуметтік қол­дауға бағытталған қосымша шаралардың жүзеге асырылуы себепкер болды.

Мысалы, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Астана және Алматы қалаларында тұрмыстары төмен отбасыларына бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек көрсетілді.

– Баға қымбаттауының ха­лық­қа, әсіресе, аз қамтамасыз етіл­ген топтарға белгілі бір қиын­шылықтар туғызып отырғаны рас. Осы ауыртпалықтарды жеңілдету мақсатында Үкімет тарапынан қан­дай шаралар жүзеге асы­рыл­мақ?

– Әрине, нан және басқа да азық-түлік өнімдері бағаларының өсуі ең алдымен аз қамтылған от­ба­сыларға қиыншылықтар ту­ғы­за­ды. Осы орайда, бүгінгі таңда республикамыздың барлық аумақ­­тарында азық-түлікке пай­да­ланылатын астықты тұрақ­тан­дыру қорлары құрылды, қазір олар­дың активінде 350,0 мың тонна бидай бар, оның ішінде 290,0 мың тоннасы Азық-түлік корпорация­сы­ның қолдауымен жиналды. Астықсыз Атырау, Маң­ғыстау және Қызылорда облыс­тарының, сондай-ақ Астана мен Алматы қа­лаларының қажет­тігін қамтамасыз ету мақсатында республикамыз­дың ірі бидай ком­панияларымен келіссөздер жүр­гізіліп, олар аталған аумақ­тар­дың ұн комби­наттарына белгі­лен­ген бағамен 60 мың тонна бидай жеткізу жөнінде міндеттемелер алды.

Сонымен бірге, Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы, Қазақстанның астық одағы, ірі ұн комбинаттары, нан зауыттары мен облыс әкімдері тұрақтандыру қорларынан бидайды пайда­ла­ну­дың тәртібі туралы меморандумға қол қойды. Онда өнім жеткізудің нақты көлемі, бидай мен ұнға белгіленген баға ғана емес, со­ны­мен қатар, бөлшек сауда желісін­де­гі қалыпты нанның сатылу ба­ғасы да көрсетілген. Ұн мен нан өнімдері бағаларының негізсіз өсуін болдырмау мақсатында жер­гілікті атқарушы органдар та­рапынан ұн мен нан өндірісінен бастап, нан өнімдерінің бөлшек сауда желісінде сатылуға дейінгі баға белгілеу үдерістеріне тұрақты мониторинг жүргізіліп отыратын болады.

– Халыққа қолдау көрсету тұрғысындағы шаралардың жүзеге асу механизмдері, яғни жолдары қандай?

– Бүгінгі таңда көмекке мұқ­таж санаттағы адамдарды әлеу­меттік қолдау шаралары ретінде берілетін атаулы әлеуметтік кө­мек, аз қамтылған отбасыларын­дағы 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақылар, тұрғын үй және өзге де көмек түрлері жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады. 

Осы мақсаттар үшін үсті­міз­дегі жылдың төртінші тоқса­нын­да жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмекке 1395 млн. тең­ге немесе бір жылға меже­лен­ген қаражаттың 42,2 пайызы, тұр­ғын үй көмегіне 760,9 млн. теңге немесе бір жылға межеленген қа­ражаттың 46,8 пайызы қарасты­рыл­ды. Нан мен негізгі азық-тү­лік өнімдері бағаларының қым­бат­тауына, сондай-ақ комму­нал­дық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты бірқатар аймақтарда көмекке мұқтаж адамдарды әлеу­меттік қолдау үшін қосымша ша­ра­лар қабылданып отыр. Атап айтар болсақ, тұрғын үй көмегін есептеу кезінде пайдаланылатын тұрғын үйді ұстауға және ком­му­налдық қызметтерге төленетін ықтимал шығындардың шекті үлесі төмен­детілді, халықтың та­бысы аз бөлі­гіне әлеуметтік кө­мек көрсету үшін қосымша қа­ра­жат бөлу туралы шешім қабыл­дан­ды, тұрмысы тө­мен отбасы­лар­ды бағасы төмен­детілген және өсімі болмайтын ұнмен қамта­ма­сыз ету жөнінде міндеттемелер алынды.

Республикалық деңгейде 2008 жылға арналған бюджет жоба­сын­да әлеуметтік төлемдер үшін 500 млрд. теңгеден астам қаржы көз­деліп отыр, бұл үстіміздегі жылғы жоспар бойынша бөлінген қаржыдан 17 пайыз артық. Бұл қар­жы инфляцияның болжамды дең­гей­ден асуына байланысты зейнет­ақы төлемдерін индекса­циялау, зейнетақы есептеуде ескеретін табыстарға жоғарғы шектеуді өсіру, баланың тууы және оның күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшерін ұлғайту мақсаттарын көз­дейді. Елбасының Қазақстан хал­қы­на Жолдауына сәйкес, бала тууы­на байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мен баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі үшін берілетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшерлері де өсірі­летін болады.

Қазіргі кезде ең төменгі күн­көріс деңгейінің өсуіне байланысты (оның өсімі 10125-тен 10515 теңгеге дейін деп болжанып отыр). Мәжі­ліс­те 2008 жылға арналған бюджет жобасын қарау барысында жоғары­да көрсетілген қаражатты қосымша 8,7 млрд. теңгеге ұлғайту қарас­ты­рылуда. Атап айтқанда, базалық зей­нетақы төлемдерін 3,1 млрд. тең­геге (ағымдағы жылмен салыс­тыр­ғанда мөлшері 1,4 есеге ұлғай­ып, 4206 теңге болады ), мүге­дек­тігіне, асыраушысынан айырылуы­на және жасына байланысты бері­ле­тін мемлекеттік әлеуметтік жәр­дем­ақыларды 2,8 млрд. теңгеге (2007 жылмен салыстырғанда зей­нет­ақының орташа мөлшері 1,3 есе­ге өсіп 10104 теңге болады), та­бысы кедейлік шегінен төмен адам­дарға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті 1,1 млрд. теңгеге (қосымша 64,3 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді), аз қамтылған отбасылар­да­ғы 18 жасқа дейінгі балаларға бе­рілетін жәрдемақыларды 1,7 млрд. теңгеге (қосымша 135,3 мың балаға жәрдемақы төлеуге мүмкіндік береді) ұлғайту болжанып отыр.

Бұдан басқа, тұрғын үй көмегін көрсетуге арналған республикалық бюджет жобасында коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне бай­ланысты жергілікті бюджеттерге қосымша 3,5 млрд. теңге, оның ішінде оңтүстік өңірлер үшін 1,9 миллиард теңге бөлу көзделген. Бұл көмек алушылар қатарының 36 пайызға, тұрғын үй көмегі мөл­ше­рі­нің 2,2 есе өсуіне мүмкіндік береді.

– Сонда нақтылы көмек бірінші кезекте кімдерге берілмекші?

– Елбасының көмек халықты масылдыққа үйретуге емес, тек қолдауға мұқтаж адамдарға ғана берілуі тиіс, деп атап көрсеткені өзі­ңізге белгілі. Сондықтан да ком­муналдық қызметтер бағасының өсуі және тарифтердің жоғарылауы бірінші кезекте көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, зейнет­кер­лер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар санатындағы азаматтарға әсер ететінін ескере отырып, қосымша әлеуметтік қол­дау шаралары да негізінен халық­тың осы топтарына бағытталатын болады.

– Халық Үкімет тарапынан көрсетілген қолдауды қай уақыттар­дан сезіне бастайды, яғни қолдау көрсету шаралары қай уақыттардан бастап жүзеге асырылмақ?

– Жоғарыда аталған іс-шара­ларды осы жылдың қазан айынан бастап жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осылайша, алдағы қазан айынан бастап табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға (отба­сы­ларға) 0,5 айлық есептік көрсет­кіш­тен төмен емес мөлшерде қосымша төлем енгізу көзделуде. Аталған шара 85 мың адамды қамтитын бо­лады, ол үшін 1,2 млрд. теңге қара­жат қажет.

– Бұл орайда студенттерге, кол­ледж­ оқушыларына қолдау көрсетіле ме?

– Оқушылар мен студенттерге қатысты мәселеге келсек, қазіргі кезде аталған санаттағы адамдарды әлеуметтік қолдау “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” заң шеңберінде жүзеге асуда. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы жоғарыда келтірілген топтар саны осы жылдың қазан айында 4056 адам немесе жалпы кө­мек алушылардың 2 пайызы ша­ма­сында болды. Оларға кедейлік ше­гіне дейінгі қосымша төлем заң­ға сәйкес жалпы негізде жүргізіледі.

Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі балалары бар, аз қамтылған отбасыларға қосымша әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, соның ішінде, оқушылар мен студенттерге ай сайын 1 айлық есептік көрсет­кіш мөлшерінде (1092 теңге) жәр­дем­ақы төленеді. Оны алушы­лар­дың құрамындағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі 13,3 пайызды құрайды.

Қазіргі уақытта “Қазақстан Рес­публикасындағы арнаулы мемле­кет­тік жәрдемақы туралы” Заңға сәй­кес арнаулы мемлекеттік жәр­дем­ақылар “Алтын алқамен”, “Кү­міс алқамен” марапатталған немесе бұрын “Ардақты ана” атағын алған, өзімен бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға, балалар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (23 жасқа толғанға дейін) ай сайын 3,9 айлық есептік көрсеткіш немесе 4259 теңге мөлшерінде ар­наулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу көзделген.

– Өзіңізге белгілі, тек нан ғана емес, басқа да бірқатар азық-түлік өнімдері қымбаттады. Мәсе­лен, өсімдік майының 1 литрі бұрын 140-150 теңге тұрса, бүгін­де ол 380-400 теңгеге дейін жетті. Оның үстіне осы майдың тапшы­лы­ғы сезілуде. Бұл мәселеге қа­тысты Үкімет ұстанымы қандай?

– Сұйық майға бағаның өсуіне қатысты мына жәйтті атап өткім келеді. Аталған тауар баға­сының өсуі дүние жүзінде орын алды және оған ең алдымен майдың көп бө­лігінің био­отын өндірі­сіне жұм­салуы себеп болып отыр. Соңғы жылдары био­отынның дү­ние­жүзілік өн­дірісі 1,6 есеге өсіп, 8,5 млн. тоннаға жетті, бұл өз кезе­гін­де сұранысты өсірді. Дүние­жүзілік қор 1,6 млн. тоннаға төмендеді.

Осы жылдың басынан сұйық майдың көтерме бағасы Еуро­одақ­та тоннасына 713-тен 1300 АҚШ долларына дейін немесе 1,8 есе өсті, ал Ресей мен Украи­на­да орташа есеппен 630-дан 1270 АҚШ долларына дейін не­месе 2 есе өсті. Сұйық май баға­сының өсу тен­денциясы Қазақ­станға да соқпай кеткен жоқ, республикада сұйық май бағасы орта есеппен 1,7 есеге өсті.

Осыған байланысты қазіргі уақытта мемлекеттік реттеу және ынталандырудың тиісті шара­ларын қолдану арқылы майлы дақыл­дарды егу алқаптарын ке­ңей­ту және сұйық май өндірісі кө­лемін ұлғайту мәселелері тал­қылануда.

– Жалпы, инфляцияны тежеу, халықтың табыстарын индекса­ция­лау мәселелері жөнінде ойы­ңыз қандай?

– 2007 жылғы қыркүйекте инфляцияның деңгейі 2006 жыл­ғы желтоқсанмен салыстырғанда 8,6 пайызды құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 2,7 пайыз жоғары. Инфляцияны те­жеу бағытында елдегі инфляция­лық үдерістерді реттеу жөнінде 2007- 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жүзеге асырылуда. Табиғи монополиялар субъекті­лері мен үстем монополиялық жағ­дайға ие субъектілер қызметін реттеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Өзіңіз білесіз, Қазақстан бә­секеге қабілетті 50 елдің қата­ры­на қосылу міндетін алға қойып отыр. Демек, жүргізілетін жұмыс­тар да әлемдік рынок талап­тары­на сәйкес келуі шарт. Инфля­ция­ны тұрақтандыру үшін оған негіз болатын азық-түлік, басқа да тауар түрлерін, сондай-ақ қыз­мет көрсету саласындағы сұра­ныстарды тиісті деңгейде қамта­масыз ету қажет. Ол үшін осы са­лалардағы бәсекелестікті да­мы­тудың, Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі шығаратын құнды қағаздар көлемін ұлғайтудың, сыртқы несие мен ақша айна­лымын азайтудың маңызы зор.

Президент тапсырмасына сәйкес өңірлерде іске қосылған коммуналдық, маманданды­рыл­ған базарлар жұмысын дұрыс жолға қойып, ауылшаруашылық өнімдеріне қосымша сауда орындарын ашу, оңтүстіктен және шекаралас Орталық Азия мемлекеттерінен көкөніс өнім­дерін жеткізу арқылы қажетті тауарларға қолжетімді бағаны қам­тамасыз ету қажет. Бұл ретте саудадағы алыпсатарлық пен дел­далдық мәселесі де назарда болуға тиіс.

Сондай-ақ, Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттарында және қаржы сек­то­рын дамытудың 2007-2011 жыл­дар­ға арналған тұжырымдама­сын­да белгіленген іс-шаралар шең­берінде Ұлттық Банк тара­пынан инфляциялық үдерістерді бақылауды одан әрі күшейту, банк­тердің қысқа мерзімді өтім­ділігін қолдау мақсатында оларға қайта қаржыландыру қарыздарын беру, төлем жүйелерінің тиімді әрі сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қолма-қол емес төлемдер жүйесін дамыту сияқты жұмыстарды жүзеге асыру қажет.

Президент тапсырмасына сәйкес зейнетақымен қамсыз­дан­дыру деңгейін көтеру мақсатында 2008 жылдан бастап бірқатар ша­ралар қолға алынатынын да айта кету керек. Мәселен, қазіргі таң­да зейнетақы есептеуге арналған табыс 15 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерімен шектеледі. Алдағы уақытта осы көрсеткішті 25 АЕК деңгейіне арт­тыру, яғни зейнетақы мөлше­рін бұрынғы еңбек үлесіне қарай тағайындау кезінде табысты шек­теу шарасын өзгерту көзделуде. Ал жоғарыдағы санатқа жатпай­тын зейнетақылар мөлшерлерін индексациялау, инфляция дең­гейі­нен 2 пайызға ілгерілете жүр­гізілетін болады. Сол сияқты мем­лекеттік базалық зейнетақы мөл­шері ең төменгі күнкөріс дең­гейінің 40 пайызына дейін арттырылады.

Зейнетақылар мөлшері жыл­ма-жыл индексациялау арқылы ұлғайтылса, базалық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғарылатылуына бай­ланысты өсіп отыратын бола­ды. 2008 жылдан бастап орта есеп­пен зейнетақы – 26 , жәр­демақы – 15, еңбекақы шамамен 7 пайызға көтеріледі.

Авторы: Әңгімелескен Сейфолла Шайынғазы

25 қазан, 2007 - 06:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші