A A A
Мазмұнына өту

You are here

Кантардан бастап зейнетакы 28 пайызга, алеуметтiк 15 пайызга оседi

Кантардан бастап зейнетакы 28 пайызга, алеуметтiк 15 пайызга оседi

 

Алматы акшамы (Алматы), № 137 (3919), 13.11.2007г.  /Азамат Касым, Самат Серiкбайулы/

 

Үш жүз елу қартқа керегi үш-ак нәрсе

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Бердібек Сапарбаев Алматыға жұма күні келген болатын. Министр бұл сапарында қаладағы бірнеше әлеуметтік нысандарды аралады.

Жанына қала Әкімінің бірінші орынбасары Мәулен Мұқашев пен қаладағы әлеуметтік құрылымдарға тікелей жауапты департамент басшыларын ерткен министр алдымен Ардагерлер үйіне ат басын тіреді. Бүгінде 350 қартты қамқор қанатының астына алып отырған мекеме жұмысына Сапарбаев көңілі толатындығын жеткізді. Әлеуметтік сала басшысы жалғызбасты жандардың жағдайымен жете танысты. Оларға арналған емхана, асхана, қысқы бақ, жаттығу бөлмесі мен кітапхананы аралап көрді.

— Жағдайларыңыз қалай? Барлық жағдай жасалған ба? Қызметкерлердің сіздерге деген қарым-қатынасы қалай? Шынында жағдайларыңыз жақсы ма? Әлде тек бүгін ғана жақсы ма? — Ардагерлердің тыныс-тіршілігімен жақын танысуды мұрат еткен министр қарттарға осындай сауалдар тастады. «Бәрі жақсы. Бәрі дұрыс». Барлық ардагердің айтатыны - осы бір ауыз сөз.  Байқағанымыз, осындағы үш жүз елу қартқа ең бастысы үш-ақ нәрсе керек екен. Оны осында келгеніне бір жарым жыл болған, кеңес өкіметі кезінде 15 жыл білім министрінің орынбасары қызметін атқарған Әуезхан Қанафин ақсақал айтты. «Бізге үш нәрсе керек. Басымызға баспана, үш мезгіл тамақ, дәрігер мен дәрмектер. Бұл қажеттер бізде бар. «Көп естігеннен, бір көрген артық» деп, жағдайымызды біліп, хал сұрап келіп жатқандарыңызға мың алғыс», — деп ақсақал аталық алғысын білдірді.

«Нан болса, ән де болады»

«Ақсай нан» комбинаты шаһар тұрғындарын 70 пайыз нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған мекеме. Мекемеде қазір 2000-ға жуық жұмысшы қызмет істейді. Бір сөзбен айтқанда, «Ақсай нан» - Алматыны асырап отырған кәсіпорынның бірі. Министрдің Ардагерлер үйінен соң нан комбинатына келуі жайдан-жай емес. Өйткені бұл мекеменің жұмысы қазандай қайнаған қала тіршілігімен тығыз байланысты. «Ақсай нанда» қолайсыздық орын алса, бүкіл шаһар аландайды.

Бердібек Сапарбаев шаһарды «ас атасымен» үздіксіз қамтамасыз етіп отырған кәсіпорынның жұмысымен барынша, толық танысуға тырысты. Иленген қамырдан дайын өнім болып, нан болып, тоқаш болып, көлікке тиеліп, қала дүкендеріне жол тартар процестерге дейін министр ерінбей бақылады. Комбинаттағы наннан өзге өнімдердін де дайындалу үрдісімен танысып, жұмысшылармен тілдесті.

— Менін ойымша, кәсіпорынның жұмысы дұрыс. Комбинат қаланы нанмен қамтамасыз етуге қауқарлы сияқты. Оған мекеменің қызметкерлері де, материалдық базасы да, технологиясы да жеткілікті. Бір мәселе бар. Ол — үн бағасының көтерілуі. Оны қалалық әкімдік пен астық одағымен бірлесіп шешу қажет, — деді министр.

Әлеуметтік сала басшысы өз кезегінде Елбасының тапсырмасына сәйкес құрылған тұрақтандыру қорларын да тілге тиек етті. «Елдегі бағаның өсуіне байланысты мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық облыс орталыктарында, Астана мен Алматы қалаларында тұрақтандыру қорлары құрылған. Қорды құрудағы мақсат — үнның бағасын қалыпты деңгейде ұстау. Алматыдағы дүкендерді араладым, нан бағасы 60 тенге екен. Осы баға әзірге сақталатын болады», — деді Бердібек Сапарбаев.

Министр әңгімесінен аңғарғанымыз, келесі жылы баға тағы да шарықтауы мүмкін. Оны Сапарбаевтың мына сөзінен анғардық. «Келесі жылғы Үкімет бюджетінде егер баға өсетін болса, я болмаса, коммуналдық қызмет төлемдері жоғарылайтын болса, оған бюджетте 12 миллиард тенге қаржы қарастырылған. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін топтарға мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі».

Ұлттық өнердің насихатшысы

Министрдін үшінші барған нысаны «Еркенұр» компаниясы. Қытайдан келген бауырларымыздың пәрменімен құрылған компания негізінен ұлттық киімдер тігумен айналысады. Бүгінде 150-дей қызметкер енбек ететін компаниянын жеке сән театры, киім тігу цехы және өз журналы бар. Компания оқушылардың мектеп формасын тігумен де айналысады. Ұлттық киімдерімізді насихаттап келе жатқан «Ерке-нұр» компаниясынын тыныс-тіршілігімен танысқан министр мекемеге он баға берді.

— «Ерке-нұр» компаниясы — тек сыртта жүрген бауырларымызға ғана емес, осындағы ел азаматтарына үлгі болатын кәсіпорын. Біріншіден, кәсіпорын сырттан келген бауырларымызды жұмыспен қамтамасыз етіп отырса, екіншіден, ұлттық дәстүрімізді, ұлттық өнерімізді насихаттап жатыр. Бұл, әрине, көніл қуантады. Елімізде жұмыс жасап жатқан әр кәсіпорын «Ерке-нұрдан» үлгі алсын, - деді Бердібек Сапарбаев.

Әлеуметтік нысандармен танысып болған соң министр журналистерге қысқаша сұхбат берді.

— Қорыта келгенде айтарым, қалада бағаның өсуіне байланысты және езге де заттарға байланысты айқайлап, шулап, аландайтындай әлеуметтік қиыншылықтар жоқ. Таяуда біз халықка зейнетакы мен жәрдемақы төлеу орталықтарында болдық. Зейнеткерлер мен әлеуметтік көмекке зәру топтар мемлекеттен тиісті телемақыларын алып жатыр. Былайша айтқанда, казір елде халық қобалжитындай жағдай жоқ. Әрине, баға қымбаттады. Бірақ оны біз әр уақытта керші мемлекеттердегі нарық жағдайымен салыстыра қарауымыз керек. Ресейде, Еуропа мемлекеттерінде де қымбаттаушылық бар. Біздің министрлік Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес әр апта сайын көрші мемлекеттердегі баға саясатына мониторинг жүргізіп отырады. Негізі, бағаны тұрақтандыратын да, төмендететін де - бәсекелестік. Сондықтан біз бәсекелестікті дамытуымыз қажет,- деді Сапарбаев.

P.S. Бұл сапарында Бердібек Сапарбаев жақсы жаңалықтар айтты. 2008 жылдың қаңтар айынан бастап зейнетақы 28 пайызға, әлеуметтік жәрдемақы 15 пайызға еспек. Бұл - бір. Екінші, келесі жылдан бастап бюджеттік мекемеде қызмет істейтіндерге демалысқа шыққан кезде қосымша бір айлық жалақы төленеді.

 

 

Материал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақпараттық                     талдау орталығының тапсырмасымен «Медиа-Систем» Агенттігінен алынған

 

13 қараша, 2007 - 06:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші