A A A
Мазмұнына өту

You are here

ЭКСПРЕСС-АҚПАРАТ МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ

Экспресс ақпарат
Мемлекеттік  әлеуметтік сақтандыру қоры

 

2007 жылдың 1 желтоқсанындағы  жағдай бойынша
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түскен
әлеуметтік аударымдар сомасы туралы

 

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енген уақыттан бастап 2007 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі жағдай бойынша Мемлекеттік  әлеуметтік сақтандыру қорына түскен әлеуметтік аударымдар 83 111 645,2 мың теңгені құрады, сонымен қатар әлеуметтік аударымдарды уақытында төлемегені үшін төленген өсімақы 451 752,7 мың теңгені құрады.

2007 жылдың қараша айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына 4 603 941,4 мың теңге әлеуметтік аударымдар түсті, оның ішінде уақытында төлемегені үшін төленген өсімақы 37 472,0 мың теңгені құрады. 2007 жылдың қараша айында әлеуметтік аударымдар 2007 жылдың қазан айымен салыстырғанда 2 %  аз және былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда екі есе артық. Қараша айында өсімақыларды қоса есептегенде, бір адамға төленген   әлеуметтік аударымдардың мөлшері 1 406 мың теңгені құрады.  

Былтырғы жылдың қараша айымен салыстырғанда ағымдағы жылдың қараша айында түскен әлеуметтік аударымдар сомасының өсуіне әлеуметтік аударымдардың  2 %  дан  3 % көбейгені әсер етті. Сонымен қатар, әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар санының өскендігі де байқалды.

2007 жылдың қараша айында уақытында төлемегені үшін өсімақыларды қоса есептегенде әлеуметтік аударымдардың ең көп мөлшері Алматы қаласында – 921 579,0 мың теңге (20 %) , Астана қаласында – 422 384,2 мың теңге (9 %) , Қарағанды облысында – 415 970,5 мың теңге (9 %) және Шығыс Қазақстан облысында – 369 416,6 мың теңге (8 %) болды. Уақытында төлемеген өсімақыларды қоса есептегенде әлеуметтік аударымдарды ең аз аударған  Қызылорда облысы – 115 026,6 мың теңге (2 %) , Батыс – Қазақстан облысы – 148 521,8 мың теңге (3%), Жамбыл облысы – 141 574,1 мың теңге (3 %) және Солтүстік Қазақстан облысы – 173 182,3 мың теңге (4%) болды.

Әлеуметтік аударымдар төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны  қараша айында 3 302,2 мың адамды құрады, бұл алдыңғы айға қарағанда 4 %   аз және 2006 жылдың қараша айымен салыстырғанда 6 % артық.

            Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуға тиісті жұмыспен қамтылған халықтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу деңгейі 89 % құрайды.

2007 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша жұмыспен қамтылған халықтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу деңгейі Алматы және Астана қалаларында жоғары болды.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың ең төменгі көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан облысында – 58 % болды. Бұл көрсеткіш әлеуметтік аударымдарды ең аз аударған Қызылорда облысында – 82 % құрайды.

   2007 жылдың 1 қаңтарынан 1 желтоқсанына дейін уақытында төлемеген өсімақыларды қоса есептегенде әлеуметтік аударымдардың ең көп мөлшері Алматы қаласынан – 8 776 536,9 мың теңге (20 %), Астана қаласынан – 4 068 920,4 мың теңге (9 %), Қарағанды облысынан – 4 288 772,0 мың теңге (10%) және Шығыс Қазақстан облысынан – 3 619 896,3 мың теңге (8 %) түсті. 

 Уақытында төлемеген өсімақыларды қоса есептегенде әлеуметтік аударымдардың  ең аз мөлшері Қызылорда облысынан  - 1 077 459,1 мың теңге (2 %), Батыс Қазақстан облысынан – 1 409 623,8 мың теңге (3%), Жамбыл облысынан 1 428 067,8 мың теңге (3%) және Солтүстік Қазақстан облысынан – 1 437 612,7 мың теңге (3%) түсті.

 

2007 жылдың  1-желтоқсанындағы  жағдай бойынша
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан
жүргізілген әлеуметтік төлемдер туралы

 

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қолданысқа енген кезінен бастап 2007 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі жағдай бойынша  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізілген әлеуметтік төлемдердің сомасы  749 381,3  мың теңгені құрады, оның ішінде: 

  •  еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша – 498 143,9  мың  теңге;
  •  асыраушысынан айрылуы бойынша – 240 895,3 мың  теңге;
  •  жұмысынан айрылуы бойынша – 10 342 мың теңге.

            2007 жылдың  қараша айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 17 556 алушыға  69 475,1 мың теңге сомада әлеуметтік төлемдер жүргізілді, оның ішінде:

·  еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша 12 774 алушыға  46 362,6 мың теңге;

·  асыраушысынан айрылуы бойынша 4 733 алушыға 22 539,7 мың теңге;

·  жұмысынан айрылуы бойынша 49 алушыға 572,8 мың теңге.

             2007 жылдың қараша айында жүргізілген әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2007 жылдың  қазан айына қарағанда 7 % көп және 2006  жылдың  қараша айымен салыстырғанда 2,5 есе  артық, сонымен қатар олардың мөлшері  міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмыс істеген барлық кезеңіндегі ең жоғарғы мөлшер болып табылады.       

            Қараша айында төленген әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері:

  •   еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша бір алушыға – 3 629 теңгені;
  •   асыраушысынан айрылуы бойынша бір алушыға – 4  762 теңгені;
  •   жұмысынан айрылуы бойынша бір алушыға – 11 690 теңгені құрады.

Қараша айындағы әлеуметтік төлем алушылардың саны  17 556 адамды құрады, ол міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмыс істеген барлық кезеңіндегі ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Олардың саны 2007 жылдың  қазан айымен салыстырғанда 1006 адамға немесе 6 % көбейді, ал былтырғы жылдың  қараша айымен салыстырғанда  9 347  адамға  немесе  2 есеге  өскен.

  2007 жылдың  қараша айында  әлеуметтік төлемдерді алушылар санының және әлеуметтік төлемдер көлемінің аса көп мөлшері Қарағанды облысында болды, мұнда 3 306 алушыға 14 124,3 мың теңге сомаға әлеуметтік төлемдер  жүргізілді, оның ішінде :

  • еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша 2 525 алушыға – 10 595 мың  теңге;
  •  асыраушысынан айрылуы бойынша – 778 алушыға 3 488,5 мың  теңге;
  • жұмысынан айрылуы бойынша – 3 алушыға  40,7 мың теңге.     

       Алушылардың аз көрсеткіші Маңғыстау  облысында, мұнда  623 адамға 5 169,6  мың теңге мөлшерінде  әлеуметтік төлемдер жүргізілген, оның ішінде:

  • еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша  364 алушыға – 2 544,9 мың  теңге сомаға;
  •  асыраушысынан айрылуы бойынша  259 алушыға – 2 624,7 мың  теңге сомаға жүргізілген.

      Астана қаласында 858 алушыға 4 380,9 мың теңге сомаға әлеуметтік аударымдар жүргізілді, оның ішінде:

  •   еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша 622 алушыға – 2 919,2 мың теңге;
  •   асыраушысынан айрылуы бойынша  230 алушыға –  1 395,5 мың теңге;
  •   жұмысынан айрылуы бойынша  6 алушыға – 66,1 теңге.

  Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін төлемдердің орташа мөлшерінің алмастыру ставкасы  қараша айында орташа еңбек ақыға 7,5 % құрады, оның ішінде еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша – 6,8 %, асыраушысынан айрылуы бойынша – 9,0 % , жұмысынан айрылуы бойынша – 22,9 %.

            Әлеуметтік төлем алушылар саны мен әлеуметтік төлемдер мөлшері көп жүргізілген  Қарағанды облысында қараша айында бір алушыға әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 4  272 теңгені құрады.

          Әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы орташа мөлшері бір адамға 8 298 теңге сома Маңғыстау облысына тиеді, мұнда  қараша айында 623 алушыға 5 169,6 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер жүргізілген.

           Астана қаласында бір адамға әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 5 106 теңгені құрады.

      2007 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша әлеуметтік төлемдердің сомасы  2007 жылдың 1 қарашасындағы жағдаймен салыстырғанда 7 %  өсті.

            2007 жылдың басынан бері алушылардың  саны ай сайын орташа алғанда  6,5 %  өсіп отыр.

 

 

            Қосымша ақпаратты  www.gfss.kz  сайтынан алуға болады

26 қыркүйек, 2007 - 06:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші