A A A
Мазмұнына өту

You are here

Ақпараттық хабарлама

Жұртшылықтың есіне саламыз!

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»  атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігін, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізіледі.

Осыған байланысты, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әйелдердің жүктілігіне, босануына және бір жасқа дейінгі бала күтіміне әлеуметтік төлемдер төлеу жүргізіледі.

Жүктілігі және бала тууына әлеуметтік төлемдерәлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына бір рет төленеді және ол  әйелдің соңғы он екі айда тапқан табысының орташа мөлшерінде тағайындалады.  Қалыпты босанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициентке көбейтіледі, ал ауыр босанған жағдайда және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда - 4,7 коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар  өткізілген өңірлерде тұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттер қолданылады. Жаңа туған баланы асырап алған жағдайдағы коэффициент   1,9 құрайды.

Жүктілігі және бала тууына әлеуметтік төлемдер көлемін анықтау кезінде, егер айлық табыс әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің ең жоғарғы шекті көлемінен артық болса (ең төменгі еңбек ақының 10 еселенген мөлшері), онда есептеуге зейнетақы жинақтаушы қорларына міндетті зейнетақы аударымдары жасалған табыс алынады.

Мысалы, қалыпты босанған жағдайда жүктілігі және бала тууына байланысты әлеуметтік төлемнің көлемі 2008 жылы мынадай  болады:

1. Ең төменгі еңбек ақы жағдайында:

10 515 * 4,2 = 44 163 т.

2. Орташа еңбек ақы жағдайында:

42 600 * 4,2 = 178 920 т.

3. Табыстың әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен артық болуы  жағдайында:

250 000 * 4,2 = 1 050 000 т.

 

Бір жасқа толғанға дейінгі  бала күтіміне төленетін әлеуметтік төлемай сайын төленеді және әйелдің соңғы 24 айдағы орташа табысының  қырық пайызы мөлшерінде тағайындалады.

Бұл ретте әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы мөлшері ең төменгі еңбек ақының он еселенген мөлшерінің (әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнің шекті көлемінің) қырық пайызынан аспауы керек.

 Сондай-ақ, аталған әлеуметтік төлемнің кепілдендірілген ең кіші мөлшері бала күтіміне төленетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем емес мөлшерде тағайындалады.

Мысалы, әйелдің түрлі табыс деңгейінде бірінші баланың күтіміне берілетін әлеуметтік төлем көлемі мынадай  болады:

1. Ең төменгі еңбек ақы жағдайында:

10 515 * 0,4 = 4 206  теңге, бірақ әлеуметтік төлем көлемі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемінен төмен болуы мүмкін емес, сондықтан  ай сайын 5 840  теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалады.

2. Орташа еңбек ақы жағдайында:

42 600 * 0,4 = ай сайын 17 040 теңге көлемінде әлеуметтік төлем  тағайындалады.

3. Әлеуметтік аударымдар есептеу объектісінің ең жоғарғы дәрежесінде:

105 150 т. * 0,4 = 42 060 т. ай сайын.

Сонымен қатар, егер бұрын декреттік демалыста болған әйелдерге зейнетақы аударымдары жүргізілмесе, енді жұмыс істейтін әйелдер үшін  жүктілігі, босануы және аналық  кезін міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланысты әйелдің нәресте күтімі бойынша демалыста болған кезінде зейнетақы жинақтауы одан әрі жалғасады.

Әйелдердің жүктілігі, босануы мен бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне әлеуметтік  төлемдер тағайындау үшін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың тұрғылықты жері бойынша  бөлімшесіне өтініш беру қажет.

 

Мемлекеттікәлеуметтік сақтандыру қоры

8 (7172) 75 36 81

26 желтоқсан, 2007 - 06:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші