A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1123 қаулысы

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы                № 1685 қаулысына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 48, 572-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

         көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережесінде:

         4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн өтiнiш иесi өз атынан немесе отбасының атынан тұрғылықты жерiндегi уәкiлеттi органға немесе ол болмаған кезде кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiне барып өтiнiш береді. Өтініш беру кезінде өтініш иесі осы Ережеге 1, 2, 3,                            4-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша тегiн берілетін өтiнiш бланкiлерiн, өтiнiш иесiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтерді, өтiнiш иесiнiң отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтерді, жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәлiметтерді (бұдан әрi – құжаттар) алады.

Құжаттарды өтiнiш иесінiң өзi толтырады және жеке басын куәландыратын құжатты, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді  шараларына қатысқан жағдайда – еңбекке жарамды жастағы отбасы мүшелеріне әлеуметтік келісімшарт көшірмелерін көрсете отырып, оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiне тапсырады.

Әлеуметтік келісімшарттың көшірмесін тапсыру  өтiнiш иесінiң және еңбекке жарамды жастағы отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді  шараларына қатысқаннан алған табыстарына қарамай, оларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау құқығын береді.

Өтiнiш иесi келесi тоқсанға атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауға қайта өтiнiш берген жағдайда, осы Ережеге 2, 3, 4-қосымшаларда қамтылған мәліметтерде өзгерістер болмаған кезде осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бланкiсi ғана толтырылады.

Осы Ережеде көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.

5. Уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi өтініш иесінен құжаттарды қабылдағаннан кейін құжаттарды бірден  тiркейдi және осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы растау қағазын бередi.

Өтініш уәкiлеттi органда немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнде нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның мөрімен бекітілген журналға тіркеледі. 

Уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi құжаттарды қабылдағаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде қорытынды дайындау үшiн оларды учаскелiк комиссияларға бередi.

Учаскелік комиссиялардың қызметі жергілікті өкілді органдармен келісілген және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін орталық атқарушы органның актісімен бекітілетін Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережеге сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекітетін Учаскелік комиссиялар туралы ережемен реттеледі.

Учаскелiк комиссиялар уәкiлеттi органнан немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнен құжаттарды алған күнiнен бастап бес жұмыс  күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтiнiш иесінiң (отбасының) материалдық жағдайын тексеру (бұдан әрi – тексеру) нәтижелерi негiзiнде қорытынды (6-қосымша) дайындайды және қорытынды дайындаған күні оны уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiне бередi.»;

5-5, 5-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5-5. Өтініш иесінің, ал ол болмаған жағдайда – отбасының кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің тексеру жүргізуден бас тартуы учаскелік комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылған  хаттамаға тіркеледі.

5-6. Өтініш иесі бір күнтізбелік жылдың ішінде қайта өтініш берген кезде тексеру жүргізу өтініш иесінiң тұратын жері (бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде), оның (отбасының) құрамы мен табысы өзгерген жағдайда ғана және өтініш иесі ұсынған мәліметтерді нақтылау қажет болған кезде жүзеге асырылады.»;

6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi өтiнiш иелерінен құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешiктiрмей, өтiнiш иелерінiң құжаттарын учаскелiк комиссиялардың қорытындыларымен қоса бере отырып, уәкiлеттi органға тапсырады.

Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi  қабылданған құжаттарды ұсынған кезде уәкiлеттi орган оларды бірден тiркейдi.

7. Уәкiлеттi орган қабылданған құжаттар мен учаскелiк комиссия қорытындысын құжаттарды өтiнiш иесінен немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнен құжаттарды қабылдап алған күннен бастап жеті жұмыс күні iшiнде қарайды және облыстардың,  республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдерi бекiтетiн нысан бойынша атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Өтiнiш иесіне қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды, бас тартылған жағдайда – тағайындаудан бас тартудың себебiн көрсетедi.

Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы немесе одан бас тарту туралы шешiмге уәкiлеттi органның басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам қол қояды.

Адамның (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындатуға өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсан iшiндегi жиынтық табысын уәкiлеттi орган халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен есептейдi.»;

көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:

«ЖСН» деген жолдан кейін «жеке шотының №» деген сөздермен толықтырылсын;

«15 күн» деген сөздер  «он жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын; 

«Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшiн жауапқа тартылатыным туралы ескертiлдiм» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Менің (менің отбасымның) табысымды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының дерекқорымен салыстырып тексеруге келісемін»;

«200__» деген сандар «20__» деген сандармен ауыстырылсын;

көрсетілген Ережеге  3-қосымшада:

«200__» деген сандар «20__» деген сандармен ауыстырылсын»;

көрсетілген Ережеге 5-қосымшада: 

«ӘЖК» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«ЖСН ________________________      

          жеке  шотының №____________»;     

«15 күн» деген сөздер «он жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын; 

«Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшiн жауапқа тартылатыным туралы ескертiлдiм» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Менің (менің отбасымның) табысымды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының дерекқорымен салыстырып тексеруге келісемін»;

«200__» деген сандар «20__» деген сандармен ауыстырылсын;

көрсетілген Ережеге 6-қосымшада:

«200__» деген сандар «20__» деген сандармен ауыстырылсын;

көрсетілген Ережеге 7-қосымшада:

«Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсiптiк даярлығы (қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру) туралы мәліметтер» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Қоғамдық жұмыстарға, кәсіптік даярлауға (қайта даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға) немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер»;

 «200__» деген сандар «20__» деген сандармен ауыстырылсын».

2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

                 Премьер-Министрі                                                   К. Мәсімов

Бөлімдер:
13 қыркүйек, 2012 - 19:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші