A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабы 2-тармағы  9-3) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысандар:

  1. осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтер беру жөніндегі нысан және оны толтыру жөніндегі нұсқаулық;
  2. осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес қызметкерлер мен мамандарға болжамды қажеттілік туралы мәліметтер беру нысаны және оны жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
  1. Халықты жұмыспен қамту департаменті (Арғындықов Д.Р.):

осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің назарына жеткізуді;

осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Министр                                                                     Г. Әбдіқалықова

«БЕКІТІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігінің төрағасы

Ә. Смайылов _______________

2012 жылғы «__» ____________

ТіркемеМөлшер
File приказ по базе вакан.rar128.35 KB
Бөлімдер:
8 ақпан, 2012 - 15:05 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші