A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 345 қаулысы

«Алматы протездік-ортопедиялық орталығы», «Петропавл

протездік-ортопедиялық орталығы», «Семей протездік-ортопедиялық

орталығы» акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы

         Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. «Алматы протездік-ортопедиялық орталығы», «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы», «Семей протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамдары қосылу жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.

         2. Қоғам қызметінің негізгі мәні жаңа әзірлемелер мен технологияларды енгізу, мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарын, протездік-ортопедиялық бұйымдар мен аяқ киім жасау және өткізу, сондай-ақ протез жасау және протездік-ортопедиялық көмек көрсету саласындағы қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру болып белгіленсін.

         3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік  қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1) Қоғамның жарғысын бекітуді;

         2) Қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

         3) Қоғам акциялары мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беруді;

         4) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

         4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

         5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

                 Қазақстан Республикасының

                   Премьер-Министрі                                                                           К. Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «20» наурыздағы

№ 345 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

         1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

         көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

        «Алматы қаласы» деген бөлімде реттік нөмірі 123-101-жол мынадай редакцияда жазылсын:  

         «123-101 «Республикалық  протездік-ортопедиялық орталық» АҚ;

         «Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 165-11-жол алып тасталсын;

         «Солтүстік Қазақстан облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 280-4-жол алып тасталсын.

         2.  «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы     27 мамырдағы № 659 қаулысында:

         көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: 

         «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне» деген бөлімде:

         реттік нөмірі 279-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

         «279-2 «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ;

         реттік нөмірлері 279-3 және 279-4-жолдар алып тасталсын.

         3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

«Алматы протездiк-ортопедиялық орталығы» акционерлiк қоғамы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Республикалық  протездік-ортопедиялық орталық» акционерлiк қоғамы»;

мына:

«Семей протездiк-ортопедиялық орталығы» акционерлiк қоғамы,

«Петропавл протездiк-ортопедиялық орталығы» акционерлiк қоғамы» деген жолдар алып тасталсын.

4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» деген бөлімде:

реттік нөмірі 48-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«48. «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» акционерлік қоғамы 100%»;

мына:

«49. «Семей протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамы    100 %,

 50. «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамы 100 %» деген жолдар алып тасталсын.

5. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:

реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ»;

реттік нөмірлері 2 және 3-жолдар алып тасталсын.

Бөлімдер:
29 наурыз, 2012 - 16:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші