check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Ішкі бақылау қызметінің 2012 жылғы I тоқсандағы қорытындысы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ішкі бақылау департаменті 2012 жылғы I тоқсанда Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде, Қарағанды облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде, Алматы облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде және  «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК-ның Алматы облыстық филиалында  жоспарлы 4 тақырыптық тексеру жүргізді.

Бақылау қорытындысы бойынша:

1. Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің стратегиялық жоспары іс-шараларының  орындалуына тексеру жүргізді. Департаменттің және оның бөлімдерінің  ережелері және   департаменттің іс жоспары бойынша біраз кемшіліктер анықталды.

Айқындалған бұзушылықтарды жою бойынша Министрліктің ұсынымына  департамент:

 1) департаменттің қолданыстағы ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізді;

 2) әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік көмек және қолдау бөлімдерінің ережелері қайта қаралды;

3) департаменттің  осы жылғы жоспары қайта қаралды;

4) департаменттің іс қағаздарын жүргізу бекітілген іс номенклатурасына сәйкестікке келтірілді;

5) жұмыс жоспарындағы іс-шараларды орындау жұмыстары күшейтілді.

Сонымен қатар айқындалған бұзушылықтар бойынша  Департаменттің төмендегі қызметшілеріне: құрылыс саласындағы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің бастығы  К.Шайхымовқа, қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы А.Жолдаспаеваға,  медициналық-әлеуметтік сараптамасы әдіснамасы және бақылау бөлімінің бастығы С.Көмекбаевқа, мемлекеттік еңбек инспекциясын ақпараттық-талдамалық қамсыздандыру бөлімінің бастығы Д.Нәбиевке, ұйымдық бақылау және кадрлық қамсыздандыру бөлімінің бастығы В.Павловқа  тәртіптік жаза қолданылды.

2. Тексеру қорытындысы бойынша Қарағанды облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде жалпы сомасы 9482,1 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: бюджет қаражатын пайдалану кезінде заңнаманы бұзу, бухгалтерлік есеп және  қаржылық есепті жасау кезіндегі бұзушылықтар – 6543,7 мың теңгені; мемлекеттік сатып алу қорытындысына әсер етпеген мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау бойынша - 2938,4 мың теңге.

Айқындалған бұзушылықтарды жою бойынша Министрліктің  12.03.2012ж. ұсынымына Департаменттің директоры тексеру кезінде анықталған бұзықшылықтарды жою туралы  Іс-шаралар жоспарын  бекітті.  Жоспарды орындау үшін  артық төленген іссапар шығыстары қалпына келтірілді, кем төленген іс-сапар шығыны жұмыскерлерге төленді.      

Айқындалған бұзушылықтарды  жою туралы жұмыс жалғастырылып жатыр.

3. Тексеру қорытындысы  бойынша Алматы облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті бойынша жалпы сомасы 6852 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 2938,4 мың теңге - мемлекеттік сатып алу қорытындысына әсер етпеген мемлекеттік сатып алу заңнамасын сақтау бойынша.

Тексеру кезінде  республикалық бюджеттің кірісіне ұялы байланыс бойынша артық жұмсалған  49,4 мың теңге қайтарылды.

Департаментке тақырыптық тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды  жою жөнінде  ұсыным  жіберілді.

4. «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы»  РМҚК Алматы облыстық филиалында  көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасы тексерілді. Тексеру   кезінде  «ЗТМО»  РМҚК Алматы облыстық филиалының аудандық бөлімшелерінің кейбір үй-жайлары тұтынушыларға сапалы  мемлекеттік қызмет көрсетуге  бейімделмегендігі анықталды, мысалы  кейбір үй-жайлар қажетті құралдармен жарым-жартылай қамтамасыз етілген, тағы да кейбір үй-жайларды күрделі   жөндеу   керек.

Департаментке тақырыптық тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды  жою туралы ұсыным  жіберілді. 

Ішкі бақылау департаментінің қызметкерлері барлық бақылау объектілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, бухгалтерлік есеп жүргізу және есептілік туралы заңнамасын сақтау  жөнінде  практикалық көмек көрсетті, сонымен қатар бақылау объектілерінің қызметін  күшейту туралы және тексеру кезінде айқындалған бұзықшылықтарды болдырмау туралы ұсыныстар жіберді.

Ішкі бақылау департаменті

4 шілде, 2012 - 17:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші