A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚР ЕХӘҚ Министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы "Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" № 201-ө-м (Әділетминінде 2012 жылғы 25 маусымдағы мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7755)

 

Басшылардың, мамандардың

және басқа да қызметшілер

лауазымдарының біліктілік

анықтамалығын бекіту туралы

 

       

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес қызметкерлердің лауазымдық міндеттері мен олардың біліктілігіне қойылатын талаптарды айқындау кезінде бірізділікті қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 

 1. Қоса беріліп отырған Басшылардың, мамандардың  және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы бекітілсін.

2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А. Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi  Б. Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                           Г. Әбдіқалықова

 

ТіркемеМөлшер
File гос..rar298.07 KB
Бөлімдер:
16 тамыз, 2012 - 16:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші