A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мемлекеттiк мекемелер мен қазыналык кәсіпорындардың, қызмет салаларының барлығына ортақ мамандардың жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамалары 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 378-ө-м бұйрығымен бекiтiлген.

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық

кәсіпорындардың  қызмет салаларының

барлығына ортақ  мамандардың  жекелеген 

лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын

бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысының 10-тармағының 17-1)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандардың біліктілік талаптарын айқындау кезінде бірізділікті қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандардың жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамалары бекітілсін.

2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А. Ә. Сарбасов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен:

1)  осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) бұйрықтың ресми және мерзімді баспасөз құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

         3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б. Б. Нұрымбетовке жүктелсін

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

            Министр                                                                              С. Әбденов

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon Республикасы.doc166 KB
Бөлімдер:
2 қараша, 2012 - 16:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші