A A A
Мазмұнына өту

You are here

Халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту жүйесi басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын бекiту туралы

 

Халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту жүйесi басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 27 ақпанда № 7442 тiркелдi

 

"Заң газетi" 18.07.12 ж., 19.07.12 ж. № 105, 106 (2113, 2114); "Юридическая газета" от 18.07.12 г. № 105 (2287)


 

      Әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту жүйесi қызметкерлерiнiң лауазымдық мiндеттерiн және бiлiктiлiктерiне қойылатын талаптарды айқындау кезiнде бiркелкiлiктi қамтамасыз ету мақсатында және 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 125-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту жүйесi басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамалары бекiтiлсiн.
      2. Еңбек және әлеуметтiк әрiптестiк департаментi (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi.

      Министр                                  Г. Әбдiқалықова

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрiнiң     
2012 жылғы 2 ақпандағы   
№ 31-ө-м бұйрығымен    
бекiтiлген        

Халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту жүйесi
басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшiлерi
лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту жүйесiнiң басшылары, мамандары мен басқа да қызметшi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамалары (бұдан әрi - бiлiктiлiк сипаттамалары) кадрларды дұрыс iрiктеу және орналастыруға, олардың iскерлiк бiлiктiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беруге, басшылар, мамандар арасында еңбектi үлестiру, сондай-ақ осы санаттағы қызметкерлердiң лауазымдық мiндеттерiн және олардың еңбегiне ақы төлеу санаты бойынша қойылатын бiлiктiлiк талаптарын айқындауда бiрiздiлiктi қамтамасыз етуге арналады.
      2. Мамандар лауазымдарының: бухгалтер, экономист, заңгер, кадрлар жөнiндегi маман, аудармашының бiлiктiлiк сипаттамалары мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың, қызмет салаларының барлығына ортақ мамандардың жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларында белгiленген.
      3. Лауазымдық нұсқаулықтарды әзiрлеу кезiнде нақты ұйымдық-техникалық жағдайларда тиiстi лауазымға тән жұмыс тiзбелерiн нақтылауға жол берiледi, және қызметкерлердi арнайы даярлауға қажеттi талаптар белгiленедi.
      4. Әлеуметтiк қорғау жүйесi мемлекеттiк ұйымдары қызметкерлерiнiң өзге де лауазымдары (педагогикалық, медициналық және басқа) үшiн бiлiктiлiк сипаттамаларды тиiстi қызмет саласында уәкiлеттi мемлекеттiк басқару органдары айқындайды.

2-бөлiм. Басшылардың лауазымдары

1. Медициналық-әлеуметтiк мекеменiң (ұйымның) директоры

      Лауазымдық мiндеттемелерi: Медициналық-әлеуметтiк мекеменiң (ұйымның) (бұдан әрi – ұйым) өндiрiстiк, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметiне басшылық етедi, материалдық құндылықтарының сақталуына және тиiмдi жұмсалуына жауап бередi. Ұйымды басқару құрылымын, штаттық кестенi айқындайды. Ұйымның барлық бөлiмшелерiнiң мүгедек балалармен, қарттар және мүгедектермен (бұдан әрi – қамқорлықтағылар) әлеуметтiк-тұрмыстық, медициналық, мәдени қызмет көрсету, оқу-тәрбие жұмысын және өзара тиiмдi iс-әрекетiн ұйымдастырады. Ұйымның қызметiн ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады. Жұмыс сауықтыру, оқу профилактикалық жоспарлары мен бағдарламаларын бекiтедi. Мекемеде тұратын, күтiмге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, әлеуметтiк-еңбекпен бейiмдеу және оңалтуға мұқтаж балалардың, қарттар мен мүгедектердiң (жеке, мүлiктiк, тұрғын үй және басқа) заңды құқықтарын және мүдделерiн қорғайды, оларға туыстық байланыстарын қолдау үшiн жағдай жасау шараларын қабылдайды. Ондағы мұқтаж балаларды, қарттар мен мүгедектердi протездiк-ортопедиялық, басқа да арнайы құралдармен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастырады. Бөлiнетiн бюджет қаражаттарын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерiнен түсетiн қаражаттарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етедi. Қамқорлықтағыларға қызмет көрсетудi жақсарту үшiн бюджеттен тыс қаражатты тарту жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады. Iс жүзiнде отандық және шетелдiк әлеуметтiк жұмыс тәжiрибесiн қолданады. Қамқорлықтағыларға әлеуметтiк қызмет көрсету жұмысының жаңа нысандары мен әдiстерiн енгiзедi, ұйымды заманауи техникалық оңалту және қамқорлықтағыларды күтiм құралдарымен жарақтандыруды қамтамасыз етедi. Қоғамдастықпен байланысты жүзеге асырады, заңды өкiлдермен (ата-аналармен, қамқоршылармен) жұмысты үйлестiредi. Кадрларды iрiктеу, қабылдау және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердiң лауазымдық мiндеттемелерiн айқындайды. Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру, өмiр сүру және денсаулыққа қауiпсiз және қолайлы жағдай жасау, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық атмосфераны ұстап отыру шараларын қабылдайды. Қызметкерлердiң еңбек және өндiрiс тәртiбiн күшейту, аттестаттау жұмысын жүргiзедi. Ұйымның сотта, мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдарда мүлiктiк және басқа да мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды. Қызметкерлердi еңбекке ынталандыруды, бастамалары және белсендiлiгiн дамытуға ықпал етедi. Гуманитарлық көмектi қабылдауды, сақталуын және қамқорлықтағылар арасында бөлудi қамтамасыз етедi. Шарттар жасайды, сенiмхат бередi, қажеттi есеп берудi, статистикалық мәлiметтердiң сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, санитарлық-гигиеналық режимнiң, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасының сақталуына, өртке қарсы нормалардың орындалуына жауап бередi.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн, «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн, Мүгедектердiң құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және әлеуметтiк қамсыздандыру және қызмет көрсету ұйымдарының қызметiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн; әлеуметтiк жұмыс теориясы мен ерекшелiктерiн; заманауи психологиялық-педагогикалық ғылым мен тәжiрибе жетiстiктерiн; социология, психология, педагогика, психопрофилактика, этика, геронтология негiздерiн; тәрбие және әлеуметтiк жұмыс әдiстерiн; медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалту жүргiзу негiздерiн; әлеуметтiк жұмыстың негiзгi әдiстемелiк қағидаттарын; шаруашылық-қаржы қызметiн ұйымдастыруды; салық және бюджеттiк заңнаманы; персоналды басқару теориясы және тәжiрибесiн; статистикалық және әдiстемелiк талдау әдiстерiн; еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк санитария және өртке қарсы қауiпсiздiк қағидалары мен нормаларын.
      Бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейiнгi) (әлеуметтiк, педагогикалық, медициналық, заң, экономикалық) бiлiм және жұмыс стажы әлеуметтiк қорғау жүйесiнде кемiнде 3 жыл немесе экономикалық қызмет түрiндегi ұйымның тиiстi бейiнi бойынша басшы лауазымдарында кемiнде 5 жыл.

2. Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөнiндегi ұйымның директоры

      Лауазымдық мiндеттемелерi: Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөнiндегi ұйымның (бұдан әрi - ұйым) өндiрiстiк, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметiне басшылық етедi, ұйымның мүлiктерiнiң тиiмдi қолданылуына және сақталуына жауапты. Мәселелердi оған берiлген құқықтар шегiнде шешедi және басқа лауазымды адамдарға: құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары орынбасарларына, басшыларына жекелеген өндiрiстiк-шаруашылық функцияларды тапсырады. Ұйымның саясатын, қызмет стратегиясын, оларды iске асыру тетiгiн айқындайды. Ұйымның қызметiн ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады. Әлеуметтiк төлемдер жүйесiн жетiлдiру жұмысын үйлестiредi. Барлық ұйым бөлiмшелерiнiң жұмысын және өзара тиiмдi iс-әрекетiн ұйымдастырады. Заманауи ақпараттық технологияларды белсендi пайдаланады және дамытады. Мемлекеттiк бюджет, сақтандыру қорлары, тапсырыс берушiлер мен кредит берушiлер алдында, банктердi қосқанда, мiндеттемелерiн орындауды, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарын, индикативтiк және бизнес жоспар көрсеткiштерiн орындауды қамтамасыз етедi. Жаңа техника және технологияны, еңбектi басқару және ұйымдастырудың прогрессивтiк нысандарын пайдалану негiзiнде өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн ұйымдастырады. Ұйымды бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсiптiк бiлiмiн және жұмыс тәжiрибесiн оңтайлы пайдалану шараларын қабылдайды. Қызметкерлердiң еңбек және өндiрiс тәртiбiн күшейту, аттестаттау жұмысын жүргiзедi. Ұйым қызметкерлерi үшiн қауiпсiз және салауатты еңбек жағдайын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны сақтау мәселелерiн шешедi. Шарт жасайды, сенiмхаттар бередi, бұйрықтар, өкiмдер шығарады, заңды тұлғалармен мәмiлелер, операциялар жасайды. Ұйым қызметiндегi заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етедi, ұйымның қаржылық басқаруындағы құқықтық қаражатты пайдалануды қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда мүлiктiк және басқа да мүдделерiн қорғайды және бiлдiредi. Статистикалық мәлiметтердiң сенiмдiлiгiн, қажеттi есептiлiк ұсынуды қамтамасыз етедi. Iшкi еңбек тәртiбiнiң, еңбектi қорғау қағидасы мен қауiпсiздiк техникасының, өртке қарсы нормалардың сақталуын қамтамасыз етедi.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн, «Мемлекеттiк мүлiк туралы», «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы», «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және әлеуметтiк және халықты зейнетақымен қамсыздандыру, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру саласындағы ұйымдардың қызметiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi; халыққа қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдардың бейiнi, мамандануы және ерекшелiктерi; зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтiк сақтандыру мәселелерi жөнiндегi ұйымдардың өзара iс-әрекет тәсiмдерi мен әдiстерi; шаруашылық-қаржы қызметiн ұйымдастыруды; қаржы есебi және талдау; салық және экологиялық заңнаманы; шаруашылық және қаржылық шарттар жасау және орындау тәртiбi; кәсiпорынның техникалық, экономикалық даму перспективасы психологиясы негiздерi; еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк санитария және өртке қарсы қауiпсiздiк қағидалары мен нормалары.
      Бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейiнгi) (әлеуметтiк, қаржы, экономикалық) бiлiм және жұмыс стажы басшы лауазымдарында кемiнде 5 жыл.

3. Белгiлi тұратын жерi жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк
бейiмдеу орталығының директоры

      Лауазымдық мiндеттемелерi: Әлеуметтiк бейiмдеу орталығын (бұдан әрi - орталық) басқаруды жүзеге асырады. Әлеуметтiк бейiмдеуге мұқтаж адамдарды (контингент) есепке алу жұмысын ұйымдастырады. Халыққа және белгiлi тұратын жерi жоқ адамдарға бейiмдеу мәселелерi жөнiнде консультациялық көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады. Қызмет көрсетiлетiн контингенттiң құжаттарын қалпына келтiру, жұмысқа орналастыру және уақытша және тұрақты тұратын жер iздеу шараларын қабылдайды және жәрдемдеседi. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметiн басқарады және шаруашылық дербестiлiгiн, оның материалдық-техникалық базасын кеңейту және дамыту шараларын қабылдайды, бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерiнен түсетiн қаражаттардың оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етедi. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы жергiлiктi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша орталықтың жұмыс режимiн белгiлейдi. Орталықты бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету, олардың бiлiктiлiгiн арттыру, қауiпсiз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау шараларын қабылдайды. Қызметкерлермен еңбек шартын жасайды және бұзады. Еңбек кестесiн және еңбек тәртiбiн қамтамасыз етедi. Қызметкерлердi еңбекке ынталандыруды, бастамалары және белсендiлiгiн дамытуға ықпал етедi. Гуманитарлық көмектi қабылдауды, сақталуын және Орталық қызмет көрсететiн адамдар арасында бөлудi қамтамасыз етедi. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметi жоспарларының орындалуын және шаруашылық шарттарын орындауды бақылайды. Мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда мүлiктiк және басқа да мүдделерiн қорғайды және бiлдiредi. Банкте Орталықтың ағымдағы шотын ашады. Қажеттi есеп берудi және статистикалық мәлiметтердiң сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi. Еңбектi қорғау қағидасы мен қауiпсiздiк техникасын, өртке қарсы қауiпсiздiк талаптары мен санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етедi.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн, «Мемлекеттiк мүлiк туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы», «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,«Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi; әлеуметтiк жұмыс, психология, социология, профпатология, кәсiптiк бағдарлау негiздерi; түрлi әлеуметтiк ортадағы жұмыс ерекшелiктерi, орталықтың бейiнi, мамандануы және ерекшелiктерi; кәсiптiк оқыту және қайта оқыту әдiстемесi, еңбек терапиясы және жұмыспен қамту арқылы терапия; әлеуметтiк бейiмдеу жөнiндегi отандық және шетелдiк тәжiрибе; шарт жасау және орындау тәртiбi; экономика, құқық, әкiмшiлiк және азаматтық заңнама негiздерi; шаруашылық-қаржылық қызметтi ұйымдастыру; ұйым персоналын басқару теориясы және тәжiрибесi; экономика, қаржылық есеп және талдау негiздерi; еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк санитария және өртке қарсы қауiпсiздiк қағидалары мен нормалары.
      Бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейiнгi) бiлiм, жұмыс стажы әлеуметтiк қорғау саласында кемiнде 3 жыл немесе экономикалық қызмет түрiнiң тиiстi бейiнiнде басшы лауазымдарында кемiнде 5 жыл.

4. Жұмыспен қамту орталығының (қызметiнiң) директоры

      Лауазымдық мiндеттемелерi: жұмыспен қамту орталығының (қызметiнiң) (бұдан әрi - орталық) ұйымдастыру және әдiстемелiк басшылығын жүзеге асырады. Өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағыларды кәсiптiк бағдарлауды ұйымдастырады және сапалы жүргiзудi қамтамасыз етедi. Халыққа консультативтiк көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады. Жұмыспен қамту бағдарламасының әлеуеттi қатысушыларына бейiмдеу қызметiн және психологиялық қолдау көрсету жұмысын ұйымдастырады. Жұмыспен қамту бағдарламаларын iске асыру, өтiнiш берген азаматтарды жұмысқа орналастыруға, кәсiптiк оқыту, уақытша жұмыспен қамту, ерiктi түрде көшуiне, қызметтiк тұрғын үй алуына жәрдемдесу және өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар және табысы аз азаматтарды мемлекеттiк әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету жұмысын үйлестiредi және ұйымдастырады. Жұмыспен қамтуды реттеу саласында ғылыми зерттеулер, жұмыс iстеп тұрған еңбек нарығына талдау жүргiзуге, оның даму перспективалары, кәсiптiк бағдарлау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге және халықты психологиялық қолдау жүргiзуге ықпал етедi. Жұмыспен қамту саласында автоматтандырылған ақпараттық жүйелердi енгiзу, белгiленген еңбек нарығының дерекқорын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастырады. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi алдыңғы қатарлы тәжiрибенi зерттеудi және жинақтауды ұйымдастырады. Жергiлiктi атқарушы органдармен, жұмыс берушiлермен, қоғамдық және басқа да халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге мүмкiндiк беретiн ұйымдармен өзара әрекеттеседi. Еңбек нарығындағы қажеттiлiктi ескере отырып кәсiптiк оқытуды ұйымдастыруға арналған кәсiптер (мамандықтар) тiзбесiн айқындайды. Әрбiр нақты жағдайда өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз азаматтар немесе жұмыспен айналыспайтын адамдарды кәсiптiк даярлау, қайта даярлау немесе бiлiктiлiгiн арттырудың барынша орынды нысаны мен орнын айқындайды. Орталықтың барлық бөлiмшелерiнiң жұмысын және тиiмдi өзара әрекетiн ұйымдастырады. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметiн басқарады және шаруашылық дербестiлiгiн, оның материалдық-техникалық базасын кеңейту және дамыту шараларын қабылдайды, бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерiнен түсетiн қаражаттардың оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етедi. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметi жоспарларының орындалуын және шарттар жасауды және олардың орындалуын бақылайды. Ұйымды бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету, қауiпсiз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау шараларын қабылдайды. Еңбек және өндiрiстiк тәртiптi күшейту, орталық қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жұмысын жүргiзедi. Азаматтардың шағымдары мен өтiнiштерiнiң уақытылы қаралуын және олар бойынша шешiмдер қабылдауды қамтамасыз етедi. Уақытылы есеп және есептiлiктi қамтамасыз етедi. Еңбектi қорғау қағидасы мен қауiпсiздiк техникасының, өртке қарсы қауiпсiздiк талаптары мен санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етедi.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн, «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы», «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы», «Халықтың көшi-қоны туралы»,«Лицензиялау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,«Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және жұмыспен қамту мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi; орталықтың бейiнi, мамандануы және ерекшелiктерi; шаруашылық инфрақұрылымын, демографиялық ахуалын; өңiрдiң (аудан, қала) әлеуметтiк-экономикалық даму ерекшелiктерiн; өңiрдiң (аудан, қала) ұйымдарының даму перспективалары мен құрылымдық өзгерiстерiн; еңбек нарығын дамытудың негiзгi үрдiстерi мен даму бағыттарын; халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын iске асыру iс-шараларын әзiрлеу тәртiбi; жұмыспен қамту бағдарламалары iс-шараларының тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесi; қаржы-шаруашылық қызметтi ұйымдастыру; салық және экологиялық заңнама; еңбек және ұжымдық шарттар жасау тәртiбi; экономика негiздерi; еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк санитария және өртке қарсы қауiпсiздiк қағидалары мен нормалары.
      Бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейiнгi) бiлiм, жұмыс стажы әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту саласында кемiнде 3 жыл немесе экономикалық қызмет салаларының басшы лауазымдарында кемiнде 5 жыл.

5. Медициналық-әлеуметтiк мекеменiң (ұйымның)
әкiмшiлiк-шаруашылық жұмысы директорының орынбасары

      Лауазымдық мiндеттемелерi: өз мiндеттемелерiн ұйымның бiрiншi басшысының жетекшiлiгiмен және медициналық-әлеуметтiк мекеменi (ұйымды) (бұдан әрi - ұйым) жарақтандыру және қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi басқа бөлiмшелер мен қызметтердiң басшыларымен өзара iс-әрекетте орындайды. Шаруашылық шарттарын уақытылы жасау шараларын қабылдайды, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Ұйымның ғимараттары мен құрылыстарын техникалық қайта жабдықтау және реконструкциялау жөнiндегi перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзiрлеудi жүзеге асырады. Ұйымды жаңа технологиялық жабдықпен қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады. Шаруашылық керек-жарақтың сақталуын, оны қалпына келтiру және толықтыру, сондай-ақ үй-жайлар мен жанындағы аумақтарда тазалықты сақтауды қамтамасыз етедi. Қызмет көрсететiн персоналдың жұмысын басқарады. Ұйымды кеңсе заттарымен және шаруашылық күнделiктi қажет заттармен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Өртке қарсы заттардың жарамдылығын, үй-жайдың, жабдықтар мен керек-жарақтың жай-күйiн қадағалайды, олардың уақытылы жөнделуiн қамтамасыз етедi. Ғимараттар мен құрылыстарға, инженерлiк коммуникацияларға, жылу және электрмен жабдықтау құралдарына қызмет көрсету және пайдалану жөнiндегi персоналдың жұмысын бақылауды қамтамасыз етедi. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарының, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасының сақталуын қамтамасыз етедi. Қажеттi есептердi тапсыруды қамтамасыз етедi, олардың сенiмдiлiгiне жауапты болады.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн, «Мемлекеттiк мүлiк туралы», «Арнаулы әлеуметтiк қызмет туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және ұйымның шаруашылық қызмет көрсету мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi; тауарлар мен жабдықтарды сатып алу әдiстемесiн; баға белгiлеу негiздерi, сатып алынатын жабдықтар мен керек-жарақтардың стандарттары мен техникалық шарттары, оның жұмыс iстеу принциптерi; көрсетiлген қызметтер мен орындалған жұмыстар үшiн есептердiң тәртiбi; тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау, қоймалау қағидасы мен тәртiбi; есептеу техникасы, коммуникациялар және байланысты құралдарын пайдалану қағидасы, үй-жайлар мен ғимараттардың өрт қауiпсiздiгi қағидасы; қаржы-шаруашылық қызметтi ұйымдастыру; салық және экологиялық заңнама; шарттар жасау тәртiбi; еңбек және басқаруды, экономика, азаматтық құқықты ұйымдастыру негiздерi; iшкi еңбек тәртiбi қағидасы; еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк санитария және өртке қарсы қауiпсiздiк қағидалары мен нормалары.
      Бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейiнгi) немесе орта техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, орта кәсiптiк) бiлiм, жұмыс стажы шаруашылық қызмет көрсету саласында кемiнде 1 жыл.

6. Медициналық-әлеуметтiк мекеменiң (ұйымның) медициналық
жұмыс жөнiндегi директордың орынбасары

      Лауазымдық мiндеттемелерi: Медициналық-әлеуметтiк мекеменiң (ұйым) (бұдан әрi – ұйым) қызметiне басшылық етедi, мүлiктiң тиiмдi қолданылуына және сақталуына жауапты. Ұйымның бiрiншi басшылығымен және басқа бөлiмшелер мен қызмет басшыларымен өзара iс-әрекетте өз мiндеттемелерiн орындайды. Қарттар мен мүгедектерге, оның iшiнде мүгедек балаларға (бұдан әрi – қамқорлықтағыларға) уақытылы және бiлiктi медициналық көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады. Ұйымның емдеу-диагностикалық қызметiн жоспарлау жөнiндегi ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады. Емдеу қызметiн талдауды жүргiзедi. Көрсетiлген әлеуметтiк-медициналық қызметтiң сапасын жүйелi бақылауды жүзеге асырады. Қамқорлықтағыларды санитарлық-гигиеналық тәрбиелеу iс-шараларын жүргiзудi жоспарлайды және қамтамасыз етедi. Медициналық мақсаттағы емдеу құралдары мен бұйымдармен, арнайы жабдықпен ұйымды қамтамасыз ету мәселесi бойынша жұмысты жүзеге асырады. Медициналық аспаптар мен жабдықтарды техникалық пайдалануды бақылауды жүзеге асырады. Медициналық кадрлардың еңбегiн оңтайлы орналастыру және ұйымдастыру жөнiнде басшылыққа ұсыныс енгiзедi, олардың кәсiптiк бiлiмдерi мен тәжiрибесiн дамыту. Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз және қолайлы еңбек жағдайын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфера қалыптастыруды қамтамасыз етедi. Медициналық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттырудың перспективалық жоспарын әзiрлейдi. Еңбек тәртiбiн сақтауды қамтамасыз етедi, қызметкерлердi еңбекке ынталандыруды, бастамалары және белсендiлiгiн дамытуға, iшкi еңбек тәртiбi талаптарының орындалуына ықпал етедi. Ұйымның қызметi туралы статистикалық есеп жүргiзу және есеп берудi ұйымдастырады. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарының, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасының сақталуын қамтамасыз етедi.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн, «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн, Мүгедектердiң құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтiк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және денсаулық сақтау, фармацевтика саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, дәрiлiк заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысын; емдеу-профилактикалық, жедел медициналық көмектi ұйымдастыру негiздерiн; әлеуметтiк көмек теориясы мен әдiстемесiн; социология, психология, педагогика, психопрофилактика, этика, геронтология негiздерiн; халықты дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткiштердi, әлеуметтiк гигиена негiздерiн; денсаулық сақтауды басқару жүйесiн; халықтың денсаулығы статистикасын, денсаулық сақтау өлшемдерi мен көрсеткiштерiн; отандық және шетелдiк медицинадағы ғылыми жетiстiктердi; экономика және құқық негiздерiн; еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк санитария және өртке қарсы қауiпсiздiк қағидалары мен нормаларын.
      Бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейiнгi) (медициналық) бiлiм, мамандығы бойынша бiрiншi/жоғары бiлiктiлiк саны және медициналық қызмет түрiндегi ұйымның тиiстi бейiнiнде басшы лауазымдарында жұмыс стажы кемiнде 5 жыл.

7. Медициналық-әлеуметтiк мекеменiң (ұйымның) әлеуметтiк
жұмыс жөнiндегi директордың орынбасары

      Лауазымдық мiндеттемелерi: өз мiндеттемелерiн медициналық-әлеуметтiк мекеменiң (ұйымның) (бұдан әрi – ұйым) бiрiншi басшысының жетекшiлiгiмен және басқа бөлiмшелер мен қызметтердiң басшыларымен өзара iс-әрекетте орындайды. Ұйымның қарттар мен мүгедектерге, оның iшiнде мүгедек балаларға (бұдан әрi - қамқорлықтағылар) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметiн ағымдағы және перспективалық жоспарлауды жүзеге асырады. Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарында көзделген негiзгi мiндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз етедi. Туыстық қатынастарды қолдау үшiн қамқорлықтағыларға жағдай жасау шараларын қабылдайды. Қамқорлықтарға олардың жеке қажеттiлiктерiн ескере отырып, арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсететiн персонал жұмысын бақылайды. Iс жүзiнде отандық және шетелдiк әлеуметтiк жұмыс тәжiрибесiн қолданады. Қамқорлықтағыларға әлеуметтiк қызмет көрсету жұмысының жаңа нысандары мен әдiстерiн енгiзедi, қамқорлықтағыларды оңалту және күтуге қажеттi заманауи техникалық құралдарды сатып алу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. Қоғамдастықпен жұмысты ұйымдастырады, заңды өкiлдермен (ата-аналармен, қамқоршылармен) жұмысты үйлестiредi. Кадрларды iрiктеу, орналастыру және орындарын ауыстыру жөнiнде басшылыққа ұсыныстар жасайды. Персонал мен қамқорлықтағылардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiз және қолайлы жағдай жасау, ұжымда моральдiк-психологиялық атмосфера ұстап отыру жөнiнде басшылыққа ұсыныстар енгiзедi. Еңбек және өндiрiстiк тәртiптi нығайту, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау, өрт қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасын сақтау талаптары жөнiнде жұмыс жүргiзедi. Қажеттi есептердi тапсыру, статистикалық мәлiметтердiң сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн, «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн, Мүгедектердiң құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және ұйымның әлеуметтiк қызмет көрсету саласындағы қызметiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi; әлеуметтiк жұмыс теориясы мен әдiстемесiн; ұйым бейiнi мен ерекшелiктерiн; әлеуметтiк жұмыс, психология, педагогика, геронтология негiздерiн; медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалту жүргiзу негiздерi; ұйым персоналын басқару теориясы мен практикасын; арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң озық отандық және шетелдiк тәжiрибесiн; еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк санитария және өртке қарсы қауiпсiздiк қағидалары мен нормалары.
      Бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм, әлеуметтiк қорғау жүйесiнде жұмыс стажы кемiнде 3 жыл немесе қызмет түрiндегi ұйымның тиiстi бейiнiнде басшы лауазымдарында жұмыс стажы кемiнде 5 жыл.

8. Медициналық-әлеуметтiк мекеменiң (ұйымның) медициналық
бөлiмше меңгерушiсi

      Лауазымдық мiндеттемелерi: медициналық-әлеуметтiк мекеме (ұйым) медициналық бөлiмшесiн басқаруды жүзеге асырады (бұдан әрi – бөлiмше). Қарттарға, мүгедектерге, оның iшiнде мүгедек балаларға (бұдан әрi – қамқорлықтағылар) уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету бөлiмшесiнiң жұмысын ұйымдастырады. Дәрiгерлерге диагностикалау және медеу жөнiнде консультациялық көмектi жүзеге асырады. Көрсетiлген медициналық қызметтiң сапасын жүйелi бақылауды жүзеге асырады. Медициналық техниканы оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етедi. Бөлiмшелердi емдiк құралдармен және медицинаға арналған бұйымдармен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Медициналық кадрлардың еңбегiн оңтайлы орналастыру және ұйымдастыруды қамтамасыз етедi. Медициналық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттырудың перспективалық жоспарын әзiрлейдi. Ауруларды емдеудiң жаңа нысандары мен әдiстерiн енгiзудi және қолданыстағыларын жетiлдiрудi қамтамасыз етедi. Бөлiмшеге науқастарды диагностикалау мен емдеудiң жаңа инновациялық технологияларын енгiзедi. Бөлiмшенiң медициналық қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн жағдай жасауға жәрдемдеседi, кәсiби бiлiм және тәжiрибенi, сондай-ақ еңбек жағдайларын, өмiр сүру және денсаулық үшiн қауiптi және қолайлы жағдайларды оңтайлы пайдалану және дамытуға, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыруға ықпал етедi. Есепке алу-есептеу құжаттамасын жүргiзудi және ұсынуды, iшкi еңбек тәртiбi ережесiнiң, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қағидасының, өртке қарсы қауiпсiздiк ережелерi мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етедi.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн, Мүгедектердiң құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және денсаулық сақтау мәселелерi жөнiндегi өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi; әлеуметтiк гигиена негiздерi; клиникалық, инструменталды және зертханалық диагностиканың жалпы принциптерi мен негiзгi әдiстерi; емдеу-профилактикалық, жедел медициналық көмек, халықты дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудi ұйымдастыру, денсаулық сақтаудағы басқару жүйесiнiң негiздерi; халықтың денсаулығы статистикасын; денсаулық сақтау өлшемдерi мен көрсеткiштерi; емдеу және диагностикалау саласындағы отандық және шетелдiк медицина ғылыми жетiстiктерiн; еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк санитария және өртке қарсы қауiпсiздiк қағидалары мен нормалары.
      Бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейiнгi) медициналық бiлiм, мамандығы бойынша бiрiншi/жоғары бiлiктiлiк санаты.

9. Үйде көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек бөлiмiнiң
(бөлiмшесiнiң) меңгерушi

      Лауазымдық мiндеттемелерi: үйде көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек (бөлiмшесiн) бөлiмiн жалпы басқаруды жүзеге асырады (бұдан әрi – бөлiмше). Бөлiмшенiң жұмыс iстейтiн аумағында тұратын өмiрлiк қиын жағдайда қалған және әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж азаматтарды анықтау және есепке алу жұмысын жүргiзудi қамтамасыз етедi. Бөлiмше қызметiнiң ағымдағы және келешектегi жоспарларын ұйымдастырады. әлеуметтiк көмек түрлерi мен нысандарын айқындау, қажеттiлiктi белгiлеу мақсатында жалғызiлiктi қарттар мен мүгедектердiң, еңбекке қабiлетсiз азаматтардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру жұмысын ұйымдастырады. Әлеуметтiк көмекке мұқтаж адамдардың деректер базасын қалыптастырады. Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартына сәйкес бөлiмше мамандарының жұмыс көлемi мен қызмет көрсетiлетiндердiң санын айқындайды. Көрсетiлетiн әлеуметтiк қызметтiң көлемi және сапасын және олардың қызмет көрсетiлетiн азаматтардың қажеттiлiктерiне сәйкестiгiн, бөлiм қызметкерлерi жұмысының тиiмдiлiгiн ұдайы бақылауды жүргiзедi. Бөлiмше жұмысын талдау және болжауды жүргiзедi, оның қызметiн жақсарту шараларын қабылдайды. Стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында жұмыс iстейтiн мекемелерге немесе ұйымдарға мұқтаж азаматтардың арнайы түзету, оңалту мекемелерi немесе ұйымдарына қажеттiлiктерiн айқындауға жәрдемдесу. Бөлiмше клиенттерiне әлеуметтiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша денсаулық сақтау, бiлiм беру, қайырымдылық және дiни бiрлестiктерiмен өзара iс-әрекеттi жүзеге асырады. Халыққа консультациялық көмек көрсету, оның iшiнде мұқтаж адамдарға құжаттарын рәсiмдеу жұмыстарын ұйымдастырады. Қамқорлық, қорғаншылық мәселелерiн шешуге қатысады. Халыққа арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң тиiмдiлiгiн одан әрi арттыруға бағытталған жаңа және қолданыстағы ұйымдастыру жұмыс нысандары мен әдiстерiн енгiзудi қамтамасыз етедi. Бөлiмше мамандарының белгiленген құжаттаманы (қатысуды есепке алу және жеке сабақтар журналы, сабақ жоспарлары немесе әлеуметтiк-психологиялық, әлеуметтiк-педагогикалық қызмет көрсететiн мамандардың жұмыс циклограммалары, бала жағдайы мен даму қарқыны жөнiндегi құжаттаманы) жүргiзуiн бақылауды қамтамасыз етедi. Бөлiмше қызметкерлерiнiң оқуын, тәжiрибе алмасуды, бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады. Қызметкерлердiң еңбек ынталылығын, бастамашылдығын және белсендiлiгiн дамытуға ықпал етедi. Бөлiмше қызмет көрсететiн адамдар арасында гуманитарлық көмектi қабылдауды, сақталуын және бөлудi қамтамасыз етедi. Бөлiнетiн бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерiнен түсетiн қаражаттың оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етедi. Табысы аз еңбекке қабiлетсiз азаматтарға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға ақысыз көмек көрсетуге арналған бюджеттен тыс материалдық қаражат тарту iс-шараларын жүргiзедi. Алдын еңбек ардагерлерi жұмыс iстеген еңбек ұжымдарымен байланыс құрады және қолдап отырады. Қайырымдылық көмек көрсету мақсатында Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест ұйымдарымен және де басқа қоғамдық ұйымдарымен, кәсiпкерлiк құрылымдарымен қарым-қатынас жасайды. Жоғарыда көрсетiлген ұйымдарға үйде қызмет көрсетудiң нысандары мен әдiстерiн және түрлi табиғи көмек көрсету түрлерiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. Қажеттi есептердi, шынайы статистикалық мәлiметтердiң берiлуiн қамтамасыз етедi. Iшкi еңбек тәртiбi ережесiнiң, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қағидасының, өртке қарсы қауiпсiздiк ережелерi мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етедi.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн, «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн, Мүгедектердiң құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарды және әлеуметтiк қызмет түрлерiн көрсету мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi; халықты әлеуметтiк қорғау саясатының негiзгi бағыттарын; ұйым бейiнiн, ерекшелiктерi мен мамандануын; әлеуметтiк қызмет түрлерi; қарттар мен мүгедектерге, оның iшiнде мүгедек балаларға қызмет көрсетудi ұйымдастыру; әлеуметтiк жұмыс негiздерi; социология негiздерiн, жеке тұлға психологиясын және зейнет жасындағы адамдарға және мүгедектерге, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көмектiң әлеуметтiк-психологиялық аспектiлерiн; үй жағдайында ауруды күту жөнiндегi санитарлық-гигиеналық талаптар; соғыс және еңбек ардагерлерi үшiн белгiленген жеңiлдiктер мен басымдықтар; әлеуметтiк түрлi ортада жұмыс iстеу ерекшелiктерi; педагогика, психопрофилактика, этика және деонтология, психопатология негiздерi; қорғаншылық және қамқорлықты рәсiмдеу мәселелерi жөнiндегi әдiстеме; үйдегi әлеуметтiк көмектi ұйымдастыру жөнiндегi озық отандық және шетелдiк тәжiрибе; шарттар жасау және орындау тәртiбiн; салық және бюджеттiк заңнаманы; қаржылық-шаруашылық қызметтi ұйымдастыруды; экономика және құқық негiздерi, еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк санитария және өртке қарсы қауiпсiздiк қағидалары мен нормалары.
      Бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық, экономикалық, заң) бiлiм, экономикалық қызмет түрi бойынша тиiстi бейiнде жұмыс стажы кемiнде 3 жыл.

10. Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөнiндегi ұйымның
құрылымдық бөлiмшесiнiң (департаменттiң, басқарманың,
бөлiмшенiң, бөлiмнiң) директоры (бастығы)

      Лауазымдық мiндеттемелерi: құрылымдық бөлiмшенiң (бұдан әрi – бөлiмше) қызметiн басқарады және оның жұмыс қорытындыларына жауапты болады. Бөлiмшенiң жұмыс жоспарын жасайды және оның орындалуын бақылайды. Зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтiк төлемдердi төлеудi ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады. Халықтан зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтiк төлемдер тағайындауға және төлеуге құжаттар қабылдау жұмысын ұйымдастыруды бақылайды. Зейнеткерлердiң, жәрдемақы алушылардың және оларға жәрдемақы және зейнетақы төлеу туралы ақпаратты даярлау және жұмысты талдауды жүзеге асырады. Әлеуметтiк төлемдердi талдау және болжамдауды жүргiзедi. Зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға арналған iс макеттерiн қалыптастыру, алушылар деректерiнiң орталықтандырылған базасын жаңарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру; жәрдемақы, зейнетақы және де өзге әлеуметтiк төлем алушылардың макетiн берудi, халықтың дербестендiрiлген есебi мәселелерi жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, халыққа әлеуметтiк жеке код беру және ӘЖК беру туралы куәлiк беру жұмысын ұйымдастыруды бақылайды. Зейнетақы және жәрдемақы алушылардың iстерiн жүргiзу, есепке алу және сақталуын қамтамасыз етедi. Зейнетақы iстерiн түгендеудi жүргiзедi. Республикалық бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге уақытылы трансферттер бөлу үшiн қажеттi ақпаратты және деректердi берудi, мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына, мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына уақытылы аударуды жоспарлайды және қамтамасыз етедi. Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөнiндегi банк операцияларын жүргiзудi ұйымдастырады. Әлеуметтiк төлемдер мен алушылар контингентi жөнiнде талдау материалдарын уақытылы ұсынуды қамтамасыз етедi. Жинақтаушы зейнетақы қорларымен, әлеуметтiк сақтандыру қорымен, екiншi деңгейлi банктермен, кәсiпорындардың аумақтық бөлiмшелерiмен, заңды және жеке тұлғалармен тиiмдi өзара iс-әрекеттi қамтамасыз етедi. Математикалық модельдердi және экономикалық және басқа да есептердi шешу алгоритмiн талдау негiзiнде есептеу техникасы құралдарына қойылған мiндеттердi және алгоритмдi орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн бағдарламаларды әзiрлейдi, оларды тестiлеуден өткiзедi. Ұйым бөлiмшелерiнiң барлығы үшiн бағдарламалық өнiмдердi тестiлеудi және есептердiң жаңа нысандарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi. Қажеттi техникалық құжаттама даярлайды. Енгiзiлген бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарды сүйемелдеудi жүзеге асырады. Сүйемелдеуде тұрған қосымшалармен жұмыс жөнiндегi әдiстемелiк нұсқаулықтар әзiрлейдi. Арнайы техникалық және ақпаратты бағдарламалық-математикалық қорғау құралдарын жобалау және енгiзу, ұйымның ақпараттық жүйелерiн ұйымдық және техникалық қорғау шараларымен қамтамасыз ету жұмыстарын орындайды. Аумақтық бөлiмшелерге техникалық мәселелер жөнiнде қолдау көрсетедi. Халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады. Барлық қажеттi құжаттаманы, есептер мен есептiлiктi жүргiзудi қамтамасыз етедi. Зейнетақы және өзге де әлеуметтiк төлемдердiң уақытылы төленуiн бақылауды жүзеге асырады. Зейнетақы және жәрдемақы алушылардың орталық деректер базасын жүргiзу, өзгерiстер енгiзу, жаңарту жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады. Қате есептелген зейнетақы жарналарының есептелу себебiн анықтау және қайтару жөнiндегi ұйымдар және кәсiпорындармен жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады. АХАЖ органдары, көшi-қон полициясы, оқу орындары, қамқорлық және қорғаншы органдармен өзара iс-әрекет жөнiндегi жұмысты жүзеге асырады. Ұйымның барлық өндiрiстiк қызметiне қажеттi материалдық ресурстармен қамтамасыз ету және оларды оңтайлы пайдалануды ұйымдастыру. Белгiленген мерзiмге есеп бередi. Еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы және өртке қарсы қорғау ережелерi мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етедi.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн, Мүгедектердiң құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Мемлекеттiк мүлiк туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы», «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және халықты әлеуметтiк қамсыздандыру қызметiн регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi; кәсiпорынның өндiрiстiк-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметi; кәсiпорынның бейiнi, мамандануы және ерекшелiктерi; зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтiк сақтандыру мәселелерi жөнiндегi ұйымдардың өзара iс-әрекет тәсiмдерi мен әдiстерi, алушылардың деректер базасын құру әдiстемесi; зейнетақы және жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен трансферттер бөлу әдiстемесi; желiлiк әкiмшiлендiру ұйымы негiздерi; бағдарламалау негiздерi; ақпараттық-есептеу жүйелерi мен деректер қорын құру және сүйемелдеу мәселелерi жөнiндегi әдiстемелiк және басқа да материалдар; бағдарламалық қамсыздандыруды әзiрлеу әдiстемесi; есептеу жабдықтарының техникалық-пайдалану сипаттамасы; құқықтық қызмет жөнiндегi әдiстемелiк және нормативтiк материалдар; шаруашылық-қаржы қызметi туралы есеп жүргiзу және есеп жасау тәртiбi, шаруашылық шарттарын, ұжымдық шарттар жасау және рәсiмдеу тәртiбi; есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары; салық заңнамасы; азаматтық, еңбек, қаржы, әкiмшiлiк құқығы; экономика, еңбектi ұйымдастыру, есеп және қаржылық талдау негiздерi, кәсiпорынның техникалық, экономикалық даму перспективалары; iшкi тәртiп ережесi, еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк санитария және өртке қарсы қауiпсiздiк қағидалары мен нормалары.
      Бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар: тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейiнгi) бiлiм және басшы лауазымдарында жұмыс стажы кемiнде 5 жыл.

11. Әлеуметтiк қорғау ұйымы құрылымдық бөлiмшесiнiң
(бөлiмнiң, сектордың, топтың) бастығы

      Лауазымдық мiндеттемелерi: құрылымдық бөлiмшенiң (бұдан әрi – бөлiмше) қызметiн басқаруды жүзеге асырады. Жұмыс жоспарларын даярлауды жүзеге асырады, бөлiмше қызметкерлерi қызметiнiң басты бағыттарын айқындайды. Әлеуметтiк қолдауға мұқтаж азаматтардың деректер банкiн қалыптастырады және жүргiзедi. Қызмет кешенiн көрсету жөнiнде қажеттi құжаттаманы әзiрлейдi. Көрсетiлетiн әлеуметтiк қызметтердiң сапасы нәтижелерiн және әлеуметтiк қызметке мұқтаж азаматтардың (бұдан әрi - контингент) сұранысына сәйкестiгiн талдайды. Контингенттiң жеке сұранысын ескере отырып, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтiк-тұрмыстық және басқа да қызметтер көрсету жөнiндегi медициналық, педагогикалық және басқа да ұйымдармен өзара iс-әрекеттi жүзеге асырады. Контингенттiң өтiнiштерi және ұсыныстарды қарайды және олар бойынша шаралар қабылдайды. Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. Бөлiмше қызметiнiң тиiмдiлiгiн жақсарту жөнiндегi жұмысқа талдауды жүргiзедi және шаралар қабылдайды. Оқу-әдiстемелiк құжаттаманы әзiрлеуге қатысады. Әлеуметтiк жұмыс мәселелерi жөнiнде алдыңғы қатарлы отандық және шетелдiк тәжiрибенi зерттейдi және қабылдайды. Басқа да ұйымдармен және олармен тиiмдi ынтымақтастық өзара iс-әрекет жұмысын жүзеге асырады. Бөлiмше жұмысында жаңаша технологияны қолданады. Қажеттi есептiлiк берудi және статистикалық мәлiметтердiң шынайылығын қамтамасыз етедi. Еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы және өртке қарсы қорғау ережелерi мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етедi.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн, «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн, Мүгедектердiң құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және әлеуметтiк қамсыздандыру қызметiн регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi; балаларға, мүгедек балаларға, қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету ұйымының бейiнi, мамандануы мен ерекшелiктерi; социология, психопатология негiздерi; балаларға, зейнет жасындағы адамдарға және мүгедектерге көмектiң психо-әлеуметтiк аспектiлерi; әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiнде алдыңғы отандық және шетелдiк тәжiрибе; түрлi әлеуметтiк ортадағы жұмыс ерекшелiктерi, тәрбие және әлеуметтiк жұмыс нысандары мен әдiстерi, ақпарат жинау және талдау тәсiлдерi; экстремалды ахуалдарды анықтау әдiстерi; экономика, құқық негiздерi, еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк санитария және өртке қарсы қауiпсiздiк қағидалары мен нормалары.
      Бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейiнгi) (әлеуметтiк, экономикалық, заң, медициналық, педагогикалық) бiлiм және халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарында лауазымдарда немесе экономикалық қызмет түрiнде ұйымның тиiстi бейiнiнде жұмыс стажы кемiнде 3 жыл.

12. Әлеуметтiк қорғау ұйымы құрылымдық бөлiмшесiнiң
(бөлiмнiң, сектордың, топтың) бастығы

      Лауазымдық мiндеттемелерi: Жұмыспен қамту орталығы (қызметi) құрылымдық бөлiмшесi (бөлiм, сектор) (бұдан әрi – бөлiмше) қызметiн басқарады және оның жұмысының нәтижесiне жауапты болады. Бөлiмшенiң перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзiрлеудi, түрлi топтар мен халықтың санаттарын ескере отырып жұмыспен қамту бағдарламасын iске асыру жөнiнде iс-шараларға ұсыныстарын даярлауды ұйымдастырады және бақылайды. Жұмыспен қамту жөнiндегi отандық және шетелдiк тәжiрибенi зерттейдi және жинақтайды. Өз бетiнше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтамасыз етiлген және жұмыспен қамтылмаған адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелерi жөнiнде жұмыс берушiлермен өзара әрекеттi жүзеге асырады. Нысаналы топтарға кiретiн адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi. Ағымдағы бос орындар мен ауданда (қалада) болжанатын жұмыс орындары базасын, өтiнiш берген азаматтар мен жұмыспен қамтылмаған адамдар арасынан мамандардың деректер қорын қалыптастыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады. Уәкiлеттi орган, басқа да халықты жұмыспен қамту проблемалары бойынша ұйымдар жүргiзетiн iс-шараларға қатысады. Халықты жұмыспен қамту туралы заңнама мәселелерi бойынша халық және жұмыс берушiлер арасында ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзудi қамтамасыз етедi. Өз құзыретi шеңберiнде азаматтардың хаттарын, шағымдары мен өтiнiштерiн белгiленген тәртiппен қарастырады. Өңiрлiк еңбек нарығын талдау және болжауды жүзеге асырады, өңiрдiң (аудан, қала) даму бағдарламаларына қарай жұмыспен қамту бағдарламаларды iске асыру iс-шараларын әзiрлеуге қатысады және олардың орындалуын ұйымдастырады. Қажеттi шынайы есеп берудi қамтамасыз етедi. Еңбектi қорғау және еңбек қауiпсiздiгi ережесiнiң, өртке қарсы қауiпсiздiк техникасы және санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етедi.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн, «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы», «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы», «Халықтың көшi-қоны туралы», «Лицензиялау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,«Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және жұмыспен қамту мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi; азаматтық заңнаманың негiзгi ережелерi; құрылымдық бөлiмше бейiнi, мамандануы және ерекшелiктерi, ағымдағы бос жұмыс орындарының және болжанатын жұмыс орындарының жалпыұлттық базасын құру әдiстемесi; жұмыспен қамту саласындағы автоматталған ақпарат жүйелерiнiң негiзгi функциялары; өңiрдiң (аудан, қаланың) шаруашылық инфрақұрылымын, демографиялық ахуалын, ерекшелiктерiн; өңiр (аудан, қала) ұйымдарының даму перспективалары мен құрылымдық өзгерiстерiн; өңiрлiк еңбек нарығын дамытудың негiзгi үрдiстерi мен даму бағыттарын; жұмыспен қамту бағдарламаларын әзiрлеу тәртiбiн; жұмыспен қамту бағдарламаларын iс-шараларының тиiмдiлiгiн бағалау; ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметiн ұйымдастыруды; экономика, құқық негiздерi; еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк санитария және өртке қарсы қауiпсiздiк қағидалары мен нормалары.
      Бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейiнгi) бiлiм және экономика саласында практикалық жұмыс стажы кемiнде 5 жыл.

3-бөлiм. Мамандардың лауазымдары

1. Райттерапия (иппотерапия) бойынша нұсқаушы-әдiскер

      Лауазымдық мiндеттерi: мүгедек-балалармен (бұдан әрi – науқастар) қауiпсiздiк ережелерiнде белгiленген шарттар толық сақталған үй-жайдың iшiнде немесе далада емдiк мақсатта салт жүру (бұдан әрi - ЕСЖ) бойынша жеке жаттығулар жүргiзедi. Райттерапия өткiзудiң барлық кезеңдерiнде науқастардың жағдайын бақылауды қамтамасыз етедi. Жаттығулар кезiнде науқастардың өмiрi мен денсаулығына толықтай жауапты болады, қауiпсiздiк ережелерiн қатаң сақтайды және оларды науқастың ата-анасы мен ат жетектеушiнiң да сақтауын талап етедi. Кәсiптiк орындалатын сақтандырудың көмегiмен өз науқастарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. Науқастардың әрқайсысына жеке таңдалған жаттығуларды, әдiс-тәсiлдер мен емдiк мақсатта салт жүру режимдерiн пайдалана отырып, дене және психоәлеуметтiк мәртебесiнде оң өзгерiстерге қол жеткiзуге ықпал етедi. Аттың және ат жетектеушiсiнiң жаттығуды бастауға даярлығын, жаттығуды бастауға қажеттi жабдықтардың болуын тексередi. Емдiк-медициналық мекемеде қабылданған арнайы сауалнаманы жүргiзе отырып, өзiнiң қамқорлығындағы науқастардың психофизикалық параметрлерiнiң динамикасын бақылайды. Дәрiгердiң бақылауымен және оның көмегiмен сауалнамалармен жұмыс жүргiзедi, ол алынған нәтижелердi бағалауға және қажет болған жағдайда ЕСЖ режимiне түзету енгiзедi. Әрбiр науқаспен күнделiктi жеке жаттығу жоспарларын жасайды, атқарылған жұмыс туралы (күнделiктi) күнделiк жүргiзедi. Науқастың денсаулық жағдайын, оның ЕСЖ бойынша жүктеменi көтеруге даярлығын бағалайды, науқастың жағдайында қандай да бiр ауытқушылықтар болғанда медициналық қызметкермен бiрлесе отырып, науқаспен ЕСЖ сабақтарын жүргiзудiң орындылығы туралы мәселенi шешедi. Жаттығулар кезiнде нақты және қысқа командалар беру арқылы ат жетектеушiсiнiң қызметiн басқарады. Науқастың мiнез-құлқы мен жай-күйiн, оның сабақ барысындағы көңiл-күйiн бақылайды, қатты шаршағаны байқалған кезде жүктеменi азайта отырып немесе мүлде тоқтата отырып, жоспарға өзгерiстер енгiзедi (медициналық қызметкердiң кеңесi бойынша). Үнемi өзiнiң бiлiктiлiгiн арттырады, салт жүру саласындағы өзiнiң бiлiмi мен дағдысын жетiлдiредi. Оңалту тәжiрибесiнде жаттығулар банкiн құрған кезде және одан кейiн де ЕСЖ әсер ету нәтижесiн объективтi бақылау бойынша ғылыми-практикалық жұмыстарға белсендi қатысады. Науқастың киiмiнiң оның қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарға сәйкес келуiн, сондай-ақ дұрыс киiлген және дұрыс түймеленген сақтандыру дулығаның болуын тексередi. Ат жетектеушiмен бiрлесе отырып, науқасты атқа қауiпсiз отырғызу және одан сабақ аяқталған кезде түсiрудi қамтамасыз етедi. Иппотерапия арқылы шетелдiк және отандық оңалту тәжiрибесiн зерттейдi және талдайды. Есепке алу құжаттамасын жүргiзедi. Дәрi-дәрмек қобдишасының тиiстi жағдайда болуын және қажет болған жағдайда дәрiгерге дейiнгi көмек көрсетудi қамтамасыз етедi. Еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы, еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарын сақтайды.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және медицина, педагогика, мүгедек балаларды әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзге де нормативтiк құқықтық актiлер; анатомия, гигиена, физиология, биохимия негiздерi, қалыпты және ауытқу жағдайындағы ағзаның функционалдық және физикалық жай-күйi; ағза функцияларының әртүрлi бұзылуы жағдайларында дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру тәсiлдерi; педагогика, психология, жас ерекшелiк физиологиясы мен анатомия негiздерi; иппотерапевтикалық теория негiздерi; адам (науқас) ағзасына иппотерапияның әсер етуiнiң негiзгi тетiктерi; науқастарды кешендi оңалту (дәрi-дәрмекпен, психотерапевтикалық, педагогикалық және т.б.) әдiстерi; физикалық және психикалық қасиеттердiң және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жиынтығы; дене жаттығуларының емдiк-алдын алушылық әсерi теориясының негiздерi; ауру түрлерi және иппотерапия әдiсiмен емдеу әдiстерi; науқасқа дене жүктемесiнiң әсер етуiнiң ерекшелiктерi; жануардың мiнез-құлық ерекшелiктерi; қауiпсiз жаттығу жүргiзу ережелерi; алғашқы медициналық көмек көрсету әдiстерi; иппотерапия арқылы оңалтудың отандық және шетелдiк тәжiрибесi; иппотерапия арқылы оңалтудың отандық және шетелдiк тәжiрибесiн зерттейдi және талдайды; салт жүру әдiстерi; экономика негiздерi, еңбек туралы заңнама; еңбектi қорғау ережелерi мен нормалары, қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк санитария және өртке қарсы қорғау.
      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (дене шынықтыру, медициналық, педагогикалық) бiлiм немесе «Дене шынықтыру және спорт», «Ветеринария» мамандықтары бойынша арнайы орта бiлiмi, дене шынықтыру мен иппотерапия бойынша арнайы дайындығы болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды. Мүгедек балаларды салт жүру арқылы емдеудi пайдалана отырып, оңалту жұмысына ЕСЖ кезiнде науқастарды сақтандыру әдiстемесi бойынша оқудан өткен және тиiстi куәлiктерi бар адамдар ғана жiберiледi.

2. Жүзу жөнiндегi нұсқаушы

      Лауазымдық мiндеттерi: қауiпсiздiк ережелерiнде белгiленген талаптарды сақтай отырып, қарттармен және мүгедектермен (бұдан әрi – қамқорлықтағы адамдар) бассейнде жүзу (гидрокинезотерапия) бойынша жеке жаттығулар өткiзедi. Емдеушi дәрiгердiң бақылауымен қамқорлығындағы адамдарға арнайы таңдалған жаттығуларды, әдiстемелiк тәсiлдер мен емдiк жүзудi, жүзу техникасын және гидрокинезотерапия емдiк әдiсiн қолдана отырып, олардың физикалық және психоәлеуметтiк мәртебесiнде оң жетiстiктерге жетуге жәрдемдеседi. Белгiленген құжаттама мен есептiлiктi жүргiзедi. Жаттығулар кезiнде қарамағындағылардың өмiрi мен денсаулығы үшiн толық жауапты болады, бассейнде өзiн-өзi ұстау ережесiне ақтайды және оларды қарамағындағылардың да сақтауын бақылайды. Бассейннiң түбiнiң жұмыс бастауға дайын болуын, жаттығуды бастау үшiн қажеттi жабдықтардың болуын тексередi, жұмыс аяқталғаннан кейiн күн сайын бассейндi тексередi. Дәрi-дәрмек қобдишасының тиiстi жағдайын қамтамасыз етедi және қажет болған жағдайда дәрiгерге дейiн көмек көрсетедi. Еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы, еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарын сақтайды.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзге де нормативтiк құқықтық актiлер; жас ерекшелiк физиологиясы мен анатомия негiздерi, емдiк гидрокинозеторепия әдiстеме; адам ағзасына гидрокинозеторепияның әсер етуiнiң негiзгi тетiктерi; қамқорлықтағылардың кешендi оңалту (дәрi-дәрмекпен, психотерапевтикалық, педагогикалық және т.б.) әдiстерi; дене жаттығуларының емдiк-алдын алушылық әсерi теориясының негiздерi; қауiпсiз жаттығуларды жүргiзу ережесi; алғашқы медициналық көмек көрсету әдiстерi; емдiк мақсатта жүзу әдiстерi; еңбек туралы заңнаманың негiздерi; санитария және өртке қарсы қорғау ережелерi мен нормалары.
      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
      бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi бiрiншi санаттағы нұсқаушы лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бiрiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi екiншi санаттағы нұсқаушы лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi санаты жоқ нұсқаушы лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiмi болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      бiлiктiлiгi орташа дәрежелi маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi орташа дәрежелi бiрiншi санаттағы нұсқаушы лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бiрiншi санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi орташа дәрежелi екiншi санаттағы нұсқаушы лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екiншi санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi орташа дәрежелi санаты жоқ нұсқаушы лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiмi болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.

3. Еңбекпен емдеу жөнiндегi нұсқаушы

      Лауазымдық мiндеттерi: бағдарламаларға сәйкес қарттар мен мүгедектердi (қамқорлықтағыларды) шамасы жететiн еңбекке тартады. Қамқорлықтағылардың физикалық және психикалық жағдайын оңалту мақсатында емдеушi дәрiгердiң басшылығымен қамқорлықтағыларды еңбекпен емдеуге тартуға мүмкiндiк беретiн шарттарды қамтамасыз етедi. Еңбекпен еңбек шеберханаларын жабдықтармен, материалдармен, құралдармен, техникалық құралдармен, көрнекi құралдармен, жабдықтауды ұйымдастырады, олардың сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуына жауап бередi. Жабдықтарды, материалдар мен құралдарды, техникалық құралдар мен айлабұйымдарды жөндеу мен ретке келтiрудi жүзеге асырады немесе ұйымдастырады, олардың жұмысын бақылайды. Қамқорлықтағылардың қауiпсiздiк техникасы мен еңбектi қорғау ережелерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi, жұмыс процесi кезiнде олардың өмiрi мен денсаулығына жауапты болады, оларға дәрiгерге дейiнгi көмек көрсетедi. Жоспарлау, есепке алу және есеп жүргiзу бойынша белгiленген құжаттаманы жүргiзедi.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Мүгедектердiң құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдар; жабдықтарды пайдаланудың қолданыстағы стандарттары, ережелерi мен техникалық шарттары; еңбек туралы заңнаманың негiздерi; санитария және өртке қарсы қорғау ережелерi мен нормалары.
      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
      бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және бiрiншi санаттағы нұсқаушы лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бiрiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және екiншi санаттағы нұсқаушы лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және санаты жоқ нұсқаушы лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмi болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      бiлiктiлiгi орташа дәрежелi маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) бiлiм және бiрiншi санаттағы нұсқаушы лауазымында кемiнде 4 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бiрiншi санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) бiлiм және екiншi санаттағы нұсқаушы лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екiншi санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) бiлiм және санаты жоқ нұсқаушы лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) бiлiм және мамандығы бойынша кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек.

4. Әлеуметтiк жұмыс бойынша консультант

      Лауазымдық мiндеттерi: үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiнде өз қызметiн жүзеге асырады, халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм беру органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ қиын өмiрлiк жағдайға тап болған адамдармен жұмыс iстеуге өкiлеттiлiк берiлген басқа да ұйымдардың мамандарымен өзара қарым-қатынас жасайды. Мүмкiндiктерi шектеулi балаларға, олардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкiлдерiне, қарттар мен мүгедектерге (бұдан әрi – контингент) әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзету, баланың құқықтары, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау және оңалту; мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар, мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар, асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақылар, атаулы әлеуметтiк көмек және төлемдердiң басқа да түрлерi; қорғаншылықты, қамқорлықты ресiмдеу, арнайы түзету ұйымдарына, халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiне жiберу мәселелерi бойынша консультативтiк қызмет көрсетедi. Контингенттi протездiк-ортопедиялық бұйымдармен, арнайы техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi. Контингентке денсаулық сақтау, бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау, заң қызметтерi мен басқа да мамандардың консультация көрсетуiн қамтамасыз етедi. Мамандар мен әлеуметтiк қызметкерлерге әлеуметтiк мәселелер бойынша заңнаманы түсiндiру жөнiнде оқыту өткiзедi. Отбасыға әлеуметтiк көмек көрсету орталықтарын, паналарды, жастар, жасөспiрiмдер мен балалар орталықтарын, күндiзгi бөлiмшелерде және үйде күту бөлiмшелерiнде жұмыс iстейтiндерге арналған клуб құру қызметiне қатысады. Қиын өмiрлiк жағдайда жүрген контингентке әр түрлi көмек көрсетумен байланысты мәселелердi шешуге жәрдемдеседi. Қиын өмiрлiк жағдайларды еңсеру, мұқтаж адамдар мен олардың отбасыларының әлеуметтенуi және бiрiгуi үшiн қажеттi жағдайларды жасауға жәрдемдеседi, олардың қажеттi арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуда құқықтары мен мүдделерiн қорғайды. Мұқтаж адамдарға арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету бойынша қызметтердi үйлестiредi, арнаулы әлеуметтiк қызметтердi iске асыруға қажеттi мамандарды тартады. Үйде күту жағдайында қызмет көрсететiн субъектiнiң арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алушылармен жұмыс жүргiзуiнiң жеке жоспарын әзiрлеудi және iске асыруды қамтамасыз ету. Үйде күту жағдайында көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтерге үнемi мониторинг жүргiзедi, дерекқорды жүргiзедi және белгiленген тәртiппен есеп бередi. Ұйымда әлеуметтiк қорғау саласындағы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдiк тәжiрибенi пайдаланады. Еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелерi мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етедi.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн, Мүгедектердiң құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы», «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы», «Ең төмен күнкөрiс деңгейi туралы», «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және халыққа әлеуметтiк көмек ұйымдастыру, қиын өмiрлiк жағдайда жүрген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау бойынша өзге де нормативтiк құқықтық актiлер; психология, құқықтану, саясаттану, педагогика негiздерi; қиын өмiрлiк жағдайда жүрген адамдарға көмектiң әлеуметтiк-психологиялық аспектiлерi; қылмыстық, азаматтық және зейнетақы құқығының негiздерi, ана мен баланы қорғаудың құқықтық негiзi; жасөспiрiмдер мен зейнеткерлердiң құқықтары; қорғаншылық, қамқорлық белгiлеу, асырап алу, ата-аналық құқығынан айыру тәртiбi және оны ұйымдастыру; арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелерiне жiберу ережелерi; мүгедектер, соғыс және еңбек ардагерлерi үшiн белгiленген әлеуметтiк кепiлдiктер мен басымдықтардың негiздерi; әлеуметтiк жұмыс бойынша озық және халықаралық тәжiрибе; консультант қызметiнiң этикалық нормалары; психологиялық қолдау көрсету әдiстерi; үйде қызмет көрсету мәселелерi бойынша әдiстемелiк материалдар; халықты әлеуметтiк қорғау бойынша саясаттың негiзгi бағыттары; әлеуметтiк қызмет бойынша озық және халықаралық тәжiрибе; еңбек туралы заңнаманың негiздерi; санитария және өртке қарсы қорғау ережелерi мен нормалары.
      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
      бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi бiрiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бiрiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi екiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi санаты жоқ маман лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiмi болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.

5. Медициналық-әлеуметтiк мекемелердiң
(ұйымдардың) әдiскерi

      Лауазымдық мiндеттерi: Балалар медициналық-әлеуметтiк мекемелерiнiң (ұйымдарының) (бұдан әрi – ұйым) оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады, топтық және жеке жаттығулардың кестесiн әзiрлейдi, бiрыңғай тақырыптық жоспарлау, күнтiзбелiк жұмыс жоспары, ашық сабақтардың жоспарлары, әлеуметтiк-психологиялық, әлеуметтiк-педагогикалық, әлеуметтiк-еңбек және әлеуметтiк-мәдени қызметтердi көрсететiн персоналдың кәсiби деңгейiн жоғарылату бойынша семинарлардың тақырыптарын дайындайды, практикалық және әдiстемелiк тәжiрибесiн, қажеттi бiлiмдердi, дағдылар мен тағылымдарды қызмет көрсететiн персоналға үйретедi. Мүгедек балаларды оқу-түзету, абилитациялау, оңалту iс-шараларына (өзiне-өзi қызмет көрсету, әлеуметтiк-тұрмыстық және еңбек бағдарын, сенсорлық, қимыл, танымдық функцияларын қалыптастыру), даму динамикасына тұрақты түрде мониторинг жүргiзедi, кешендi тексеру және мүгедек балалардың әлеуметтiк, зияткерлiк және моторлық даму деңгейiн кешендi зерттеу және оларды түзету, әлеуметтендiру, абилитациялау және оңалу дәрежесiн айқындау жұмыс iстейтiн қызметкерлерден пәнаралық медициналық-педагогикалық комиссияны құрады, жеке жұмыс жоспарларын әзiрлеуге қатысады, алдын ала жоспарланған тақырыпқа педагогикалық кеңес өткiзедi. Әдiстемелiк база (кiтапхана, лекотека) құрады және оны толтырады. Халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм беру (арнайы бiлiм беру) органдары мен ұйымдарының мамандарымен тығыз қарым-қатынаста өз қызметiн жүзеге асырады. Мүгедек балалардың ата-аналарына консультативтiк қызмет көрсетедi. Баланың даму динамикасы бойынша құжаттаманы жасайды. Фронтальдi және жеке сабақтардың журналдарын жүргiзедi. Әдiстемелiк кабинеттi жабдықтармен, көрнекi құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етедi. Белгiленген құжаттама мен есептiлiктi жүргiзедi. Шеберханалар мен өндiрiсте санитарлық-гигиеналық режим, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы ережелерiнiң сақтау жұмыстарын ұйымдастырады. Белгiленген есептiлiк құжаттаманы уақтылы берудi қамтамасыз етедi.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн, «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн, Мүгедектердiң құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы», «Ең төмен күнкөрiс деңгейi туралы», «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және стационар, жартылай стационар және үйде күту жағдайында әлеуметтiк қызмет және көмек көрсету бойынша өзге де нормативтiк құқықтық актiлер; жеке тұлға психологиясы, педагогика, психокоррекция негiздерi; қиын өмiрлiк жағдайда жүрген адамдарға көмектiң әлеуметтiк-психологиялық аспектiлерi; арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасына, көлемi мен түрлерiне қойылатын талаптар; дамыта-түзету, тәрбиелеу қызметi ұйымдарының әдiс-тәсiлдерi; арнайы педагогика, психология, әлеуметтiк жұмыс негiздерi; әлеуметтiк және бiлiм беру қызметтерiн көрсету бойынша озық және халықаралық тәжiрибе; еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелерi.
      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
      бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) педагогикалық бiлiм және бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi бiрiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бiрiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) педагогикалық бiлiм және бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi екiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) педагогикалық бiлiм және бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi санаты жоқ маман лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) педагогикалық бiлiмi болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      бiлiктiлiгi орташа дәрежелi маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) педагогикалық бiлiм және бiлiктiлiгi орташа дәрежелi бiрiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бiрiншi санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) педагогикалық бiлiм және бiлiктiлiгi орташа дәрежелi екiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екiншi санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) педагогикалық бiлiм және бiлiктiлiгi орташа дәрежелi санаты жоқ маман лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) педагогикалық бiлiмi болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.

6. Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман

      Лауазымдық мiндеттерi: өз қызметiн медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) (бұдан әрi – ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласында жүзеге асырады. Халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм беру органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ қарттар мен мүгедектермен, оның iшiнде мүгедек балалармен (бұдан әрi – қамқорлықтағылар) жұмыс жүргiзуге уәкiлеттi ұйымдардың мамандарымен қарым-қатынасты жүзеге асырады. Жеке жұмыс жоспарын және журнал/электрондық картотека жасау жұмысын үйлестiредi, олардың сапалы толтырылуына және орындалуына бақылауды жүзеге асырады, паллиативтi көмек пен мейiрбикелiк күтiм қызметтерiн қажет ететiн науқастарды анықтауға ай сайын мониторинг жүргiзедi. Көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен түрлерiн талдайды, оларды дамыту перспективаларын, әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж адамдардың динамикасын болжайды. Азаматтардың туысқандарымен қарым-қатынас жасап тұруына, хат жазуға, өтiнiш жасауға, баспа құралдарымен танысуға ықпал етедi. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердi жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлейдi. Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсететiн қызметкерлердiң қызметiне, олардың сапасына әдiстемелiк басшылық және бақылауды жүзеге асырады. Азаматтардың жазбаша және ауызша өтiнiштерiн қарауға өз құзыретi шеңберiнде жәрдемдеседi, туындаған қиындықтарды шешу және әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету бойынша жәрдемдесу шараларын қабылдайды. Қамқорлықтағыларына әлеуметтiк көмек көрсету үшiн бюджеттен тыс қаражатты тартуға жәрдемдеседi. Бiлiктiлiктерiн үнемi арттырып отырады. Жұмысты талдайды, белгiленген құжаттарды сапалы жүргiзудi, уақтылы есеп берудi (ведомстволық және статистикалық) қамтамасыз етедi. Еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелерi мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етедi.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасыныңкодексiн, Мүгедектердiң құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету, мүмкiндiктерi шектеулi адамдарды әлеуметтiк қорғау бойынша өзге де нормативтiк құқықтық актiлер; әлеуметтiк жұмыстың теориясы мен практикасы; жеке тұлғаның және азаматтардың жекелеген санатының психологиясы; педагогика, психология, геронтология, этика негiздерi; әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi бағдарламалық-әдiстемелiк әдебиет; мүгедектер, соғыс және еңбек ардагерлерi үшiн белгiленген әлеуметтiк кепiлдiктер мен басымдықтар жүйесi; тәрбие және әлеуметтiк жұмыстың нысандары мен әдiстерi; әр түрлi әлеуметтiк ортадағы жұмыстың ерекшелiгi; әлеуметтiк жұмысты ұйымдастыру, зейнеткерлер мен мүгедектерге көрсетiлетiн көмектiң әлеуметтiк-психологиялық аспектiлерi; әлеуметтiк қызметтердi көрсету бойынша озық және халықаралық тәжiрибе; тұрмыс пен отбасылық тәрбиенiң ерекшелiктерi; еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелерi.
      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
      бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi бiрiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бiрiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi екiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi санаты жоқ маман лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiмi болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      бiлiктiлiгi орташа дәрежелi маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi орташа дәрежелi бiрiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бiрiншi санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi орташа дәрежелi екiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екiншi санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi орташа дәрежелi санаты жоқ маман лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiмi болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.

7. Жұмыспен қамту орталығының (қызметiнiң) құрылымдық
бөлiмшесiнiң (бөлiмiнiң, секторының, тобының) маманы

      Лауазымдық мiндеттерi: өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар, жұмыспен қамту орталығына өтiнiш берген адамдардың қатарынан әр түрлi бейiндегi мамандардың дерекқорын қалыптастырады, бос жұмыс орындарын iздеумен айналысады және өтiнiш берген азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi. Ұйымдардағы ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындарының дерекқорын қалыптастырады. Халық пен жұмыс берушiлер арасында халықты жұмыспен қамту туралы заңнама мәселелерi туралы ақпараттық-түсiндiру жұмыстарына қатысады. Басқа жұмыспен қамту орталықтарының озық жұмыс тәжiрибесiмен танысады. Өз бетiнше жұмыспен айналысушыларға, жұмыссыздар мен табысы аз адамдарға және жұмыс берушiлерге консультация қызметтерiн ұсынады. Жұмыспен қамту бағдарламасының әлеуеттi қатысушыларына бейiмдеу қызметтерiн және психологиялық қолдау көрсетедi. Жұмыс берушiлермен жұмысқа орналастыру және олардан бос жұмыс орындары туралы ақпарат алу мәселелерi бойынша ынтымақтастықты қамтамасыз етедi. Атқарылған жұмысты қорытады және талдау жасайды. Азаматтардың хаттарына, арыз-шағымдарына жауап бередi. Өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың үйлерiне барады және олардың тұрғын үй және материалдық жағдайларын тексеру актiсiн жасайды. Бос жұмыс орындарын анықтау және халықтың нысаналы топтарының iшiнен адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушiлермен жұмыс жүргiзедi. Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерiн ұйымдастыру және өткiзу жұмысын жүзеге асырады. Бөлiмшенiң жұмыс жоспарын әзiрлеуге қатысады. Жұмыспен қамту орталығына (қызметiне) жүгiнген азаматтарды қабылдайды, оларды автоматтандырылған ақпараттық жүйенiң дерекқорына тiркейдi және белгiленген тәртiппен анықтама бередi. Азаматтың жүгiну мақсатын, жұмыс iстемеуiнiң себебiн анықтайды, азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысу мүмкiндiгi туралы хабардар етедi, мемлекеттiк қолдауға мұқтаждығы дәрежесiн айқындайды. Халықтың нысаналы топтарындағы адамдарға жұмысқа орналасуға бiрiншi кезекте жәрдемдеседi. Ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындарының дерекқорында жүгiнген адамның кәсiбiне (мамандығына) сәйкес келетiн жұмыс орны болмаса, онымен жұмыс iстеу үшiн оны басқа мамандарға жiбередi. Бөлiмшенiң жұмысын жақсарту бойынша ұсыныс енгiзедi. Кәсiптiк оқуға, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтiк жұмыс орындарына, жастар практикасына жiберiлген азаматтардың есебiн жүргiзедi. Жүгiнген азаматтарды олардың жұмыс тәжiрибесiне, кәсiптiк бiлiктiлiгiне сәйкес бос жұмыс орындары бар жұмыс берушiлерге жiбередi. Жұмысқа орналастыру мүмкiн болмаған жағдайда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысуды ұсынады: стипендияның төленуiмен кәсiптiк даярлау және қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттырудың тегiн курстары; қоғамдық жұмыстар, әлеуметтiк жұмыс орындары, жастар практикасы және т.б. Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушылармен әлеуметтiк келiсiмшарт жасайды, олар бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындауына мониторинг жүргiзедi. Өтiнiш берген адамдардың iшiнен жұмыс берушiлерге қажеттi мамандарды iрiктейдi. Тиiстi құжаттаманы: жұмысқа орналастыруға, кәсiптiк оқуға, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтiк жұмыс орындарына, жастар практикасына қатысуға жолдаманы ресiмдейдi. Жұмыспен қамту бағдарламасын iске асыру бойынша iс-шараларды әзiрлеудi, өңiрлiк еңбек нарығын талдауды және болжауды жүзеге асырады. Жұмыспен қамту бағдарламасының аудан (қала) деңгейiнде iске асырылуына мониторингтi жүзеге асырады, жергiлiктi атқарушы органдарға белгiленген мерзiмде аналитикалық және статистикалық ақпаратты ұсынады. Еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелерi мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етедi.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және жұмыспен қамту саласындағы қызметтi регламенттейтiн өзге нормативтiк құқықтық актiлер; азаматтық және еңбек заңнамасының негiзгi ережелерi; перспектикалы және жылдық бағдарламаларды әзiрлеу тәртiбi; өңiрдiң (ауданның, қаланың) демографиялық жағдайы, әлеуметтiк-экономикалық даму ерекшелiгi; өңiрдiң (ауданның, қаланың) ұйымдарының құрылымдық өзгерiстерiнiң перспективасы; өңiрлiк еңбек нарығының негiзгi даму үрдiстерi мен бағыттары; жұмыспен қамту бағдарламаларын әзiрлеу тәртiбi; жұмыспен қамту бағдарламаларының iс-шаралар тиiмдiлiгiн бағалау; еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелерi.
      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
      бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және жұмыспен қамту жүйесiнде бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi бiрiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бiрiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және жұмыспен қамту жүйесiнде бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi екiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм және жұмыспен қамту жүйесiнде бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi санаты жоқ маман лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмi болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      бiлiктiлiгi орташа дәрежелi маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) бiлiм және жұмыспен қамту жүйесiнде бiлiктiлiгi орташа дәрежелi бiрiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бiрiншi санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) бiлiм және жұмыспен қамту жүйесiнде бiлiктiлiгi орташа дәрежелi екiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екiншi санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) бiлiм және жұмыспен қамту жүйесiнде бiлiктiлiгi орташа дәрежелi санаты жоқ маман лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) бiлiмi болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.

8. Зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөнiндегi маман

      Лауазымдық мiндеттерi: азаматтардан зейнетақы, базалық зейнетақы төлемдерiн, жәрдемақыны, әлеуметтiк төлемдердi, өтемақыны тағайындауға өтiнiш пен құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады. Зейнетақы, базалық зейнетақы төлемдерiн, жәрдемақы, әлеуметтiк төлемдердi, өтемақы алушылардың iс қағаздар макетiн уақтылы қалыптастыруды және оларды тағайындау туралы шешiм жобаларын дайындауды қамтамасыз етедi. Зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау туралы хабарламаны зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға бередi. Зейнетақы, жәрдемақы тағайындау үшiн ұсынылған iстер бойынша өтiнiмдердiң орындалуын жүзеге асырады. Зейнетақы, базалық зейнетақы төлемдерi, жәрдемақы, әлеуметтiк төлемдер, өтемақы мөлшерiне индексация, қайта есептеулер жүргiзедi. Зейнетақы мен жәрдемақы төлеудi ұзартуды және қайта бастауды қажет ететiн құжаттарды қабылдауды және өңдеудi жүзеге асырады. Деректердi орталықтандырылған дерекқорға енгiзу жұмыстарын жүзеге асырады. Зейнетақы, базалық зейнетақы төлемдерi, жәрдемақы, әлеуметтiк төлемдер, өтемақының тағайындалған мөлшерiн уақтылы және нақты есепке алуды қамтамасыз етедi. Үш ай және одан көп уақыт бойы зейнетақы мен жәрдемақы алмаған салымшылар, сенiмхат бойынша алушылар тiзiмi бойынша, қайтыс болған және кеткен адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргiзедi. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жеке iстерiне түгендеу жұмыстарын жүргiзедi. Зейнетақы мен жәрдемақы сомаларының артық төленуiне жол бермеу шараларын қабылдайды және зейнетақы мен жәрдемақының артық төленген сомаларын қайтаруды қамтамасыз етедi. Зейнетақы, жәрдемақы алушының өтiнiмдерiн қалыптастыруды қамтамасыз етедi және олардың сауалнамалық деректерiне өзгерiстер енгiзедi. Зейнетақы мен жәрдемақыны төлейтiн ұйымдармен жеке және карточкалық шоттарды салыстыру бойынша, аударғаннан кейiн зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын қайтару бойынша өзара iс-қимылды қамтамасыз етедi. Халыққа әлеуметтiк жеке код және куәлiк берудi жүзеге асырады; зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк аударымдардың, зейнетақының, жәрдемақының, әлеуметтiк төлемдердiң дербес орталықтандырылған есебiн жүргiзедi. Төлеушiлердiң өтiнiштерi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына қате (артық) аударылған әлеуметтiк аударымдарды, қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын қайтаруды ұйымдастырады. Салымшылардың (алушылардың) деректемелерiндегi қателердi түзету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жұмысқа талдау жүргiзедi, белгiленген мерзiмде есептi ұсынады. Еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелерi мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етедi.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын,«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»,«Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау саласындағы өзге нормативтiк құқықтық актiлер; зейнетақы мен жәрдемақыны аудару, қайта есептеу тәртiбi; есептеуiш техника құралдары, ақпаратты жинау, беру және өңдеу; жұмыс бағдарламалары, нұсқаулықтар, макеттер мен басқа да басқару материалдары; есеп жасау және есептеу жұмыстарын жүргiзу әдiстерi; экономика, еңбек пен өндiрiстi ұйымдастыру негiздерi; еңбек туралы заңнаманың негiздерi, еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк санитария мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелерi.
      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
      бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және әлеуметтiк қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту жүйесiнде бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi бiрiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 3 жыл немесе тиiстi мамандық бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бiрiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және әлеуметтiк қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту жүйесiнде бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi екiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 2 жыл немесе тиiстi мамандық бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм және әлеуметтiк қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту жүйесiнде бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi санаты жоқ маман лауазымында кемiнде 1 жыл немесе тиiстi мамандық бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмi болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      бiлiктiлiгi орташа дәрежелi маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) бiлiм және әлеуметтiк қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту жүйесiнде бiлiктiлiгi орташа дәрежелi бiрiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 3 жыл немесе тиiстi мамандық бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бiрiншi санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) бiлiм және әлеуметтiк қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту жүйесiнде бiлiктiлiгi орташа дәрежелi екiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 2 жыл немесе тиiстi мамандық бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екiншi санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) бiлiм және әлеуметтiк қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту жүйесiнде бiлiктiлiгi орташа дәрежелi санаты жоқ маман лауазымында кемiнде 1 жыл немесе тиiстi мамандық бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) бiлiмi болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.

9. Сарапшы

      Лауазымдық мiндеттерi: Еңбектi қорғауды басқару жүйесiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеудi жүзеге асырады. Денсаулықты қорғау және еңбек қауiпсiздiгi бойынша зерттеу жұмыстарын сарапшылық және әдiстемелiк қолдауды ұйымдастырады. Зерттеу бағыттарын, мақсатын, оны өткiзу әдiстерiн әзiрлейдi және негiздейдi. Мiндеттердiң жаңа, анағұрлым тиiмдi теориялық және практикалық шешiмдерiн табу мақсатында ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүзеге асырады. Жүргiзiлетiн зерттеулер мен әзiрлемелердiң тиiмдiлiгi мен өзектiлiгiн қамтамасыз етедi, жекелеген жұмыстарды жүргiзуге тiкелей қатысады. Әзiрлемелердi енгiзу тиiмдiлiгiне талдау жүргiзудi ұйымдастырады, қажеттi есептiк құжаттаманы жасайды. Ұйымның перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын әзiрлеудi жүзеге асырады. Ұйымның басқа құрылымдық бөлiмшелерiмен жұмысты бiрлесiп орындаған кезде қоса орындаушылардың қызметiн үйлестiредi. Оқу-әдiстемелiк материалдарды, оқулықтар мен ұсынымдарды, мультимедиялық оқу бағдарламаларын әзiрлейдi. Озық отандық және халықаралық тәжiрибенiң қолданады. Бiлiктiлiктi арттыру курстарын өткiзудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. Тапсырмаларды iске асыру процесiнде ақпараттық-талдау көмегiн көрсетедi. Бөлiнген ресурстарды тиiмдi пайдалану бойынша шаралар қабылдайды және жаңа технологиялық жабдықтармен, материалдармен толтыруды және оларды тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етедi. Бiлiмнiң тиiстi саласында кадрларды даярлау және бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады. Мамандардың шығармашылық белсендiлiгiн дамыту бойынша шаралар қабылдайды. Талдау әзiрлемелерiн сараптауға және пiкiр беруге қатысады. Жобалық құжаттаманы сараптауды жүзеге асырады және қорытынды дайындайды. Ғылыми-практикалық конференцияларды, кеңестердi, семинарларды, жарнамалық және насихаттау жұмыстарын даярлауға және өткiзуге қатысады. Белгiленген мерзiмде есептердi ұсынады. Еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелерi мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етедi.
      Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн, «Ақпараттандыру туралы»,«Мемлекеттiк мүлiк туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және денсаулықты сақтау және еңбек қауiпсiздiгi бойынша зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру саласындағы өзге нормативтiк құқықтық актiлер; зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi; сараптама жүргiзу нәтижелерiн өңдеу әдiстерi және талдау; сараптамалық қорытындыны ресiмдеу тәртiбi; еңбектi қорғау және еңбек қауiпсiздiгi, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу және нормативтiк құжаттаманың әзiрлеу әдiстерi; озық отандық және шетелдiк тәжiрибе; еңбектi қорғау және еңбек қауiпсiздiгiн ұйымдастыру бойынша әдiстемелiк материалдар, стандарттар; экономика, еңбектi және басқаруды ұйымдастыру негiздерi; еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк санитария мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелерi.
      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
      бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және бiрiншi санаттағы сарапшы лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бiрiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және екiншi санаттағы сарапшы лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм және санаты жоқ сарапшы лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмi болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;

4-бөлiм. Басқа қызметшiлер

1. Қарттар мен мүгедектердi күту жөнiндегi
әлеуметтiк қызметкер

      Лауазымдық мiндеттерi: Үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi туралы ережеге сәйкес өз қызметiн жүзеге асырады. Бөлiмшенiң меңгерушiсi бекiткен кесте (жоспар) бойынша жұмысты орындайды. Бөгде адамның көмегiне мұқтаж және қызмет көрсету аймағында тұратын жалғызiлiктi қарттар мен еңбекке қабiлетсiз адамдарды анықтайды. Қызмет көрсетiлетiн азаматтарды азық-түлiк өнiмдерiмен, ыстық тамақпен, бiрiншi қажеттiлiктегi өнеркәсiптiк және шаруашылық тауарлармен, дәрiгердiң кеңесi бойынша дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етедi. Тұрғын жайларды жинауға көмек көрсетiлуiне ықпал етедi, пеш жағады (орталық жылуға қосылмаған үй-жайларда), киiмдердi кiр жууға, химиялық тазалауға тапсырады және жеткiзедi, коммуналдық және т.б. қызметтердiң ақысын төлеудi жүргiзедi. Қажет болған жағдайда тұрғын үйдi жөндеуге, отынмен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi. Дәрiгерге дейiнгi көмектi көрсетедi: ыстығын өлшейдi, қыша қояды, қыздыратын компресс қояды, үйге дәрiгер шақыруды, сондай-ақ шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмектi жүзеге асырады. Қызмет көрсетiлетiн азаматтармен денсаулық сақтау ұйымдарында iлесiп жүредi. Қызмет көрсетiлетiн азаматтардың туыстарымен, достарымен хат жазуға қатысты өтiнiштерiн орындайды. Ардагер бұрын жұмыс iстеген еңбек ұжымдарымен байланыс орнатады, әлеуметтiк мәселелер бойынша заңнаманы түсiндiредi және басқа тапсырмаларды орындайды. Қызмет көрсетiлетiн азаматтардың қажеттi медициналық, протездiк-ортопедиялық көмек және әлеуметтiк көмектiң басқа да түрлерiн алуына жәрдемдеседi.
      Бiлуге тиiс: «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және азаматтарға әлеуметтiк қызмет ұйымдастыру бойынша өзге де нормативтiк құқықтық актiлер; жалғызiлiктi еңбекке жарамсыз азаматтарға әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсетудi ұйымдастыру бойынша негiзгi қағидаттар; қарт адамдардың психологиялық және физиологиялық ерекшелiктерi; коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетудi ұйымдастыру; қарттарды, еңбекке жарамсыз азаматтарды үй жағдайында күту бойынша санитарлық-гигиеналық талаптар; дәрiгерге дейiнгi шұғыл көмек көрсету тәсiлдерi; еңбек туралы заңнаманың негiздерi; өндiрiстiк санитария және өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелерi.
      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
      бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi бiрiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бiрiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi екiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi санаты жоқ маман лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) бiлiмi болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      бiлiктiлiгi орташа дәрежелi маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi орташа дәрежелi бiрiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бiрiншi санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi орташа дәрежелi екiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екiншi санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi орташа дәрежелi санаты жоқ маман лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) немесе негiзгi орта және әлеуметтiк даярлық туралы сертификаты болуы керек.

2. Психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларды
және 18 жастан асқан мүгедектердi күту жөнiндегi
әлеуметтiк қызметкер

      Лауазымдық мiндеттерi: Үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi туралы ережеге сәйкес өз қызметiн жүзеге асырады. Бөлiмшенiң меңгерушiсi бекiткен кесте (жоспар) бойынша жұмысты орындайды. Бөгде адамның көмегiне мұқтаж және қызмет көрсету аймағында тұратын психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларды және 18 жастан асқан мүгедектердi (бұдан әрi – балалар мен 18 жастан асқан адамдар) анықтайды. Балалар мен 18 жастан асқан адамдарға өзiне-өзi қызмет көрсету, өзiн-өзi ұстау, өзiн-өзi бақылау және қарым-қатынас жасау дағдыларын үйретедi. Балалар мен 18 жастан асқан адамдардың бос уақытын ұйымдастырады (ойындар, кiтап оқу, кiтапханалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру және т.б.). Ауруханада (ауруханаға жатқызылған жағдайда) ата-аналармен және олардың отбасы мүшелерiмен балалар мен 18 жастан асқан адамдарды оңалту iс-шараларын iске асыру және бейiмдеу бойынша жұмыстарды жүргiзедi. Балалар мен 18 жастан асқан адамдардың ата-аналарын науқас балалар мен 18 жастан асқан адамдарды жалпы күтудiң практикалық дағдыларын, балалар мен 18 жастан асқан адамдардың дамуына ықпал ететiн әдiс-тәсiлдердi, қимыл-қозғалыс және әлеуметтiк дағдыларға үйретедi. Балалар мен 18 жастан асқан адамдарға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету үшiн мамандарды шақыртады. Қамқорлық, қорғаншылық белгiлеу, жәрдемақы тағайындау, интернат үйлерiне немесе аумақтық орталықтарға орналастыру және басқа да көмек алу үшiн құжаттарды ресiмдеуге жәрдемдеседi. Балалар мен 18 жастан асқан адамдарды күтiп отырған күнкөрiсi төмен отбасыларға атаулы әлеуметтiк көмек, қайырымдылық қорлары, демеушiлер есебiнен басқа да гуманитарлық көмектiң берiлуiне жәрдемдеседi. Бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қызмет көрсету және басқа мекемелермен клиенттерге анағұрлым тиiмдi қызмет көрсету үшiн өзара қарым-қатынас жасайды. Жұмысқа талдау жүргiзедi, белгiленген мерзiмде есептi ұсынады. Еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелерi мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етедi.
      Бiлуге тиiс: «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және азаматтарға әлеуметтiк қызметтер ұсыну бойынша өзге нормативтiк құжаттар; балалар мен 18 жастан асқан адамдарға әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтi ұйымдастыру жөнiндегi негiзгi қағидаттар; коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетудi ұйымдастыру; балалар мен 18 жастан асқан адамдарды үй жағдайында күту бойынша санитарлық-гигиеналық талаптар; шұғыл дәрiгерге дейiнгi көмек көрсету тәсiлдерi; еңбек туралы заңнаманың негiздерi; өндiрiстiк санитария мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелерi.
      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
      бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi бiрiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бiрiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi екiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екiншi санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi жоғары дәрежелi санаты жоқ маман лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) (әлеуметтiк, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) бiлiмi болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      бiлiктiлiгi орташа дәрежелi маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi орташа дәрежелi бiрiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бiрiншi санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi орташа дәрежелi екiншi санаттағы маман лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екiншi санат: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) бiлiм және бiлiктiлiгi орташа дәрежелi санаты жоқ маман лауазымында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсiптiк орта) (әлеуметтiк, медициналық, педагогикалық) немесе негiзгi орта және әлеуметтiк даярлық туралы сертификаты болуы керек.

29 қараша, 2012 - 16:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші