A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшерiне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жә

 

"Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшерiне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiн және оны қолдану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрi мiндетiн атқарушының 2007 жылғы 31 шiлдедегi № 182-ө бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2012 жылғы 27 сәуiрдегi № 160-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 6 маусымда № 7705 тiркелдi

 

"Егемен Қазақстан" газетi 18.08.12 ж., № 527-532 (27605); "Казахстанская правда" от 18.08.12 г. № 276-278 (27095-27097); Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, 2012 жылғы № 11 (тираждың шыққан уақыты 27.08.2012 ж.)


 

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗI  

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 202, 203, және 204-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшерiне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiн және оны қолдану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi мiндетiн атқарушының 2007 жылғы 31 шiлдедегi № 182-ө бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4888 болып тiркелген, 2007 жылғы 23 қазанда № 162 «Заң газетi» газетiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшерiне құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiн, сондай-ақ Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерiн беру қағидаларын бекiту туралы»;
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшерiне құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмi, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесi осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;»;
      2) тармақшаның күшi жойылды деп танылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерiн беру қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.»;
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшерiне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмi, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiнде:
      бiрiншi парақтың оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы     
Еңбек және халықты әлеуметтiк  
қорғау министрi мiндетiн атқарушының
2007 жылғы 31 шiлдедегi   
№ 182-Ө бұйрығына        
1-қосымша»;           

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл
сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының
жоғары мөлшерiне құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер
мен лауазымдардың тiзiмi, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары
зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi
жұмыстардың тiзбесi»;

      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Еңбек және әлеуметтiк әрiптестiк департаментi (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның кейiннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                     Г. Әбдiқалықова

      «КЕЛIСIЛДI»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрi
      _____________________ С. Қайырбекова

      2012 жылғы «__» сәуiр

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрiнiң     
2012 жылғы 27 сәуiрдегi  
№ 160-ө-м бұйрығының   
қосымшасы         

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрi мiндетiн 
атқарушының        
2007 жылғы 31 шiлдедегi 
№ 182-ө бұйрығының  
2-қосымшасы      

Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы
қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерiн беру
қағидалары

1. Жалпы бөлiм

      1. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы (бұдан әрi - қосымша демалыс), еңбекақының жоғары мөлшерi жұмысшыларға, мамандарға және қызметшiлерге (бұдан әрi - қызметкерлер) Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшерiне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiне (бұдан әрi - Тiзiм) сәйкес берiледi.
      2. Тiзiмде белгiленетiн қысқартылған жұмыс уақытының және қосымша демалыстың ұзақтығы, еңбекақының жоғары мөлшерi ұйымдардың өндiрiстiк объектiлерiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 қаулысымен бекiтiлген Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi мерзiмдiк аттестациялау қағидаларына сәйкес жүргiзiлетiн аттестаттау нәтижелерi негiзiнде және жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының iс жүзiндегi күйiн ескере отырып өзгертiлуi мүмкiн. Қысқартылған жұмыс уақыты мен қосымша демалыстың нақты ұзақтығы, еңбекақының жоғары мөлшерi ұжымдық шарт пен еңбек шартында норматив ретiнде белгiленедi.
      3. Жұмыс берушi ұйымның өндiрiстiк объектiлерiне еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргiзбеген жағдайында, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы мен қосымша демалыстар, еңбекақының жоғары мөлшерi Тiзiмде көзделген толық көлемде берiледi.
      4. Ұйымдардың өндiрiстiк объектiлерiне аттестаттау жүргiзудiң сапасын және Тiзiмнiң дұрыс қолданылуын бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
      5. Егер бұл кәсiптер мен лауазымдар Тiзiмнiң тиiстi бөлiмдерiнде немесе шағын бөлiмдерiнде арнайы көзделмесе, кәсiптерi мен лауазымдары «Экономиканың барлық салаларының жалпы кәсiптерi» бөлiмiнде көзделген қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы және қосымша демалыс, олардың қандай өндiрiстер мен цехтарда жұмыс iстейтiнiне қарамастан берiледi.
      6. Лауазымдары Тiзiмде көзделген бригадирлерге, олардың көмекшiлерiне жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы және қосымша демалыс тиiстi кәсiптердiң жұмысшыларына берiлетiн ұзақтықпен бiрдей берiледi.

2. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы

      7. Тiзiмде көрсетiлген жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қызметкерлерге осы өндiрiстiң, цехтың, кәсiптiң немесе лауазымның жұмысы үшiн белгiленген жұмыс күннiң жартысынан артық уақыт зиянды еңбек жағдайларында жұмыс iстеген күндерiне ғана белгiленедi.
      8. Бөлек ұйымдардың қызметкерлерiне және ұйымдардың қосалқы цехтарының қызметкерлерiне, осы өндiрiстер мен цехтардың негiзгi қызметкерлерiне де, сондай-ақ жөндеу және қызмет көрсетушi персоналына да жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленетiн жұмыс iстеп тұрған еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстер мен цехтардағы жұмыс iстеген күндерi үшiн осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртiпте жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi.

3. Қосымша демалыс

      9. Тiзiмде көзделген еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптер мен лауазымдарда жұмыс жылы бойы жұмыс iстеген қызметкерге қосымша демалыс iс жүзiнде жұмыс iстеген күнiне қарай берiледi.
      10. Қызметкерлер жұмыс жылы iшiнде олардағы жұмыс үшiн ұзақтығы әртүрлi қосымша демалыс берiлетiн әртүрлi өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптерде және лауазымдарда жұмыс iстеген жағдайда, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс iстелген уақыт, Тiзiмде тиiстi өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптердiң және лауазымдардың қызметкерлерi үшiн белгiленген қосымша демалыстың ұзақтығына қарай, әрбiр жұмыс бойынша жеке есептеледi.
      11. Еңбек шарты бұзылған жағдайда оның негiздемесiне қарамастан, қосымша демалыс алу құқығын пайдаланбаған не толығымен пайдаланбаған қызметкерге өтемақы төленедi.
      12. Еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстер мен цехтарда үнемi жұмыс iстейтiн қызметкерлерге, қосымша демалыс толығымен немесе қызметкердiң қалауы бойынша бөлiнiп берiледi.
      13. Кәсiптерi мен лауазымдары Тiзiмге кiрмеген, бiрақ жекелеген кезеңдерде еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптерде және лауазымдарда жұмыс iстейтiн қызметкерлерге қосымша демалыс кәсiптерi мен лауазымдары Тiзiмде көзделген қызметкерлерге қолданылатын негiздемелермен берiледi.
      14. Бөлек ұйымдардың (құрылыс, жөндеу, iске қосу-баптау) қызметкерлерiне және ұйымдардың (механикалық, жөндеу, энергетикалық, автоматика) қосалқы цехтарының қызметкерлерiне еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстер мен цехтарда жұмыс iстеген уақыты үшiн негiзгi қызметкерлермен бiрдей негiзде Қағидалардың осы тарауында көзделген тәртiпте қосымша демалыс берiледi.
      15. Негiзгi және қосымша демалыстардың ұзақтығы негiзгi және қосымша демалыстардың күндерiн күнтiзбелiк күндермен қосу арқылы есептеледi.

4. Еңбекақының жоғары мөлшерi

      16. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге еңбекақының жоғары мөлшерi Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында, салалық келiсiмдер немесе ұжымдық шарттарда еңбекақының ең төмен стандарттарына негiзделiп белгiленген мөлшерден төмен болмауға тиiс. Еңбекақының ең төменгi стандарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 122-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалады.
      17. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауiптi жұмыстарда iстейтiн азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақының жоғары мөлшерi «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес белгiленедi.

29 қараша, 2012 - 17:09 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші