A A A
Мазмұнына өту

You are here

Кәсiби стандарттардың құрылымын, оларды әзiрлеу, қайта қарау, сынақтан өткiзу және қолдану қағидаларын бекiту туралы

 

Кәсiби стандарттардың құрылымын, оларды әзiрлеу, қайта қарау, сынақтан өткiзу және қолдану қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң м.а. 2012 жылғы 24 қыркүйектегi № 374-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 19 қазанда № 8031 тiркелдi

 


 

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 138-5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кәсiби стандарт құрылымы;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кәсiби стандарттарды әзiрлеу, қайта қарау, сынақтан өткiзу және қолдану қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Еңбек және әлеуметтiк әрiптестiк департаментi (А.Ә. Сарбасов) белгiленген заңнамалық тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдiң
      мiндетiн атқарушы                            Г. Әбдiқалықова

Қазақстан Республикасы      
Еңбек және халықты әлеуметтiк   
қорғау министрi мiндетiн атқарушының
2012 жылғы 24 қыркүйектегi  
№ 374-ө-м бұйрығына     
1-қосымша             

Кәсiби стандарт құрылымы

      1. Жалпы ережелер.
      2. Кәсiби стандарт паспорты.
      3. Еңбек қызметi түрлерiнiң карточкалары.
      4. Кәсiби стандарт бiрлiктерiнiң тiзбесi.
      5. Кәсiби стандарт бiрлiктерiнiң сипаттамасы
      6. Осы кәсiби стандарт негiзiнде берiлетiн сертификаттардың түрлерi.
      7. Кәсiби стандарттың әзiрлеушiлерi.
      8. Келiсу парағы.
      9. Кәсiби стандарт сараптамасы және оны тiркеу.
      Ескертпе:
      1. «Жалпы ережелер» тарауында кәсiби стандарттың қолдану саласы, сондай-ақ терминдер және анықтамалар, қолданылатын қысқартулар сипатталады.
      2. «Кәсiби стандарт паспорты» тарауы:
      1) экономикалық қызмет түрiн (кәсiби қызмет саласын);
      2) экономикалық қызметтiң түрiнiң негiзгi мақсатын (кәсiби қызмет саласын);
      3) Ұлттық және салалық бiлiктiлiк шеңберiне сәйкес бiлiктiлiк деңгейлерi бойынша еңбек қызметiнiң түрлерiн, ұсынылатын лауазым атауларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 125-бабына сәйкес Басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығымен (код-атауы), Ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерiнiң бiлiктiлiк анықтамалықтарымен, Ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларымен өзара байланысын айқындайды.
      3. «Еңбек қызметi түрлерiнiң карточкасы» тарауы мыналарды қамтиды:
      бiлiктiлiк деңгейi, ықтимал лауазымдардың атаулары;
      орындалатын еңбек қызметiнiң жалпылама сипаттамасы, ықтимал жұмыс орындары, қызметкердiң кәсiптiк бiлiмiне және оқытуға қойылатын талаптар, бiлiктiлiгiн растайтын сертификаттардың қажеттiгi, практикалық жұмыс тәжiрибесiне қойылатын талаптар, жұмысқа жiберудiң ерекше шарттары.
      4. «Кәсiби стандарт бiрлiктерiнiң тiзбесi» тарауы кәсiби стандарт бiрлiктерiнiң шифры мен атауын қамтиды.
      5. «Кәсiби стандарт бiрлiктерiнiң сипаттамасы» тарауында негiзгi еңбек қимылдарын, еңбек құралдарын, еңбек заттарын, қажеттi бiлiм мен дағдылар және басқа да осы бiлiктiлiк деңгейiне жататын сипаттамаларды суреттей отырып бiлiктiлiк деңгейлерi бойынша кәсiби стандарт бiрлiктерiнiң жүйелi сипаттамасы жүзеге асырылады.
      6. «Осы кәсiби стандарт негiзiнде берiлетiн сертификаттардың түрлерi» тарауы: сертификат алу үшiн игеру қажет болатын кәсiби стандарт бiрлiктерiнiң тiзбесiнен тұрады.
      7. Кәсiби стандарт қосымша бiлiктiлiк және құзыреттiлiк деңгейiне, кәсiптiк қызметтiң нақты саласындағы еңбек мазмұны, сапасы мен жағдайларына қойылатын талаптардың ерекшелiктерiн ашу үшiн орынды болатын басқа да тараулармен және/немесе қосымшалармен толықтырылуы мүмкiн.
      Кәсiби стандарт тараулармен және/немесе қосымшалармен толықтырылған жағдайда әрбiр қосымша ұсынылатын тарау және (немесе) қосымша тиiстi белгiге («тарау», «қосымша»), сондай-ақ атауға ие болуға тиiс.

Қазақстан Республикасы     
Еңбек және халықты әлеуметтiк  
қорғау министрi мiндетiн атқарушының
2012 жылғы 24 қыркүйектегi  
№ 374-ө-м бұйрығына     
2-қосымша            

Кәсiби стандарттарды әзiрлеу, қайта қарау, сынақтан өткiзу және қолдану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Кәсiби стандарттарды әзiрлеу, қайта қарау, сынақтан өткiзу және қолдану қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес әзiрлендi.
      2. Осы Қағидалар жұмыс берушiлердiң салалық бiрлестiктерi және қызметкерлердiң салалық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) кәсiби стандарттарды (бұдан әрi - КС) әзiрлеу, қайта қарау, сынақтан өткiзу, қолдану және бекiтудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.
      3. КС:
      еңбек нарығының қазiргi кездегi сұранысына жауап беретiн бiлiктiлiк талаптарын жаңарту үшiн кәсiптiк қызметтiң мазмұнына қойылатын бiрыңғай талаптар әзiрлеуге;
      персоналды басқару саласындағы кең ауқымды мiндеттерiн шешуге (персоналды ынталандыру және уәждендiру жүйесiн, лауазымдық нұсқаулықтарды; персоналды iрiктеу, таңдау және аттестациялау, мансапты жоспарлау жүйесiн әзiрлеу);
      персоналды кәсiпорындарда кәсiптiк оқытудың, оқытудың, сондай-ақ осы бағдарламаларға оқу-әдiстемелiк материалдар әзiрлеудiң барлық деңгейiнде мемлекеттiк бiлiм беру бағдармаларын қалыптастыруға;
      кәсiптiк даярлықты бағалау және мамандардың бiлiктiлiгiне сәйкестiгiн растауды жүргiзуге арналған көпфункционалды құжат болып табылады.
      4. КС-тiң негiзгi пайдаланушылары:
      бiлiм беру ұйымдарының түлектерi, қызметкерлер;
      ұйым басшылары, персоналды басқару ұйымы бөлiмшелерiнiң басшылары мен мамандары;
      мемлекеттiк бiлiм беру бағдарламаларын әзiрлейтiн мамандар;
      кәсiби даярлықты бағалау және мамандардың бiлiктiлiгiне сәйкестiгiн растау саласының мамандары.
      5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      кәсiби стандарт - кәсiби қызметтiң нақты саласында бiлiктiлiк деңгейiне және құзыреттiлiкке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
      салалық бiлiктiлiк шеңберлерi - салада танылатын бiлiктiлiк деңгейлерiн құрылымдық жағынан сипаттау;
      кәсiби стандарт бiрлiгi - еңбек қызметiнiң аталған түрi үшiн тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулi болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын кәсiби стандарттың құрылымдық элементi;
      бiлiктiлiк деңгейi - еңбек iс-қимылдарының күрделiлiгi, стандартты еместiгi, жауапкершiлiгi және дербестiлiгi параметрлерiне қарай сараланатын қызметкерлердiң құзыретiне қойылатын талаптар жиынтығы;
      бiлiктiлiк - қызметкердiң белгiлi бiр еңбек қызметi түрiнiң шеңберiнде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
      құзыреттiлiк - еңбек қызметiнде бiлiмiн, дағдысы мен тәжiрибесiн қолдану қабiлетi;
      сынақтан өткiзу - жасалған әдiстердi, сипаттамаларды, схемаларды, үлгiлердi өндiрiстiк жағдайларда, практикада тексеру;
      кәсiби стандарттар тiзiлiмi - еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзетiн кәсiби стандарттар туралы деректердiң бiрыңғай ақпараттық базасы;
      еңбек функциясы - бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшiн қажеттi құзыреттердiң болуын көздейтiн еңбек iс-қимылдарының кiрiктiрiлген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын бiлдiретiн еңбек қызметi түрiнiң құрамдас бөлiгi.

2. Кәсiби стандартты әзiрлеу, қайта қарау, сынақтан өткiзу,
қолдану және бекiту тәртiбi

      6. КС-тi әзiрлеудi салалық бiлiктiлiк шеңберi негiзiнде жұмыс берушiлердiң салалық бiрлестiктерi және қызметкерлердiң салалық бiрлестiктерiмен бiрлесiп уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
      КС-тi тиiстi құрылымдар болғанда ұйымдар өз бетiнше әзiрлейдi не «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұйымдарда әзiрлеуге тапсырыс орналастырады.
      КС әзiрлеу кәсiби стандарт құрылымына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. КС-тi экономикалық қызметтiң нақты түрiнiң шеңберiнде Экономикалық қызмет түрлерiнiң (бұдан әрi - ЭҚТ) жалпы сыныптауышына сәйкес кәсiпке (мамандыққа) әзiрленедi.
      ЭҚТ болмаған жағдайда әзiрлеушi сипаттауға жататын кәсiптiк қызмет саласын өз бетiнше айқындайды.
      КС-тi бiрден барлық ЭҚТ-ға әзiрлеу мүмкiн болған жағдайда кәсiби қызмет саласы бөлiнбейдi.
      8. Жобаланған құрылымды нақтылау және нақты кәсiби стандартта бiлiктiлiк деңгейлерi бойынша бiрлiктердi сипаттаудың толықтығы мен дәйектiлiгiн талдау мақсатында әзiрленген КС өндiрiстiк жағдайларда сынақтан өткiзiледi.
      9. Уәкiлеттi орган КС жобасын негiздеушi материалдармен (әзiрлеу әдiстемесi туралы түсiндiрме жазба, әзiрлеушi ұйым туралы мәлiметтер, КС жобасын сынақтан өткiзген ұйымдардың пiкiрлерi) қоса еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға (бұдан әрi - еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган) қағаз және электронды жеткiзгiштерде келiсуге жiбередi.
      10. КС жобасын қарау қорытындылары бойынша отыз күнтiзбелiк күн iшiнде еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган:
      ескертпелер мен ұсыныстар болған жағдайда уәкiлеттi органға кәсiби стандарт жобасын пысықтау қажеттiгi туралы уәжделген қорытынды жiбередi;
      ескертпелер болмаған жағдайда кәсiби стандартты келiседi және оны уәкiлеттi органға жiбередi.
      11. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтiлген кәсiби стандартты Кәсiби стандарттар тiзiлiмiне енгiзедi және оған тiркеу нөмiрiн бередi.
      12. Мемлекеттiк органдарды, ұйымдарды, азаматтарды ақпараттандыру мақсатында еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтiлген және келiсiлген кәсiби стандартты ведомстволық интернет-ресурсқа орналастырады.
      13. Өндiрiс және еңбектi ұйымдастыруды, өндiрiс ерекшелiктерi мен құрылымын өзгерту, жаңа техника, технологиялар және еңбек функцияларының мазмұнын, қажеттi құзыреттердi, бiлiктiлiктi өзгертуге алып келетiн ұйымдастыру-техникалық iс-шараларын енгiзу КС-тi қайта қарау үшiн негiздеме болып табылады.
      14. КС осы Қағидаларда көзделген тәртiпте бекiтiледi.

29 қараша, 2012 - 17:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші