A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру ережесiн және Жинақтаушы зейнетақы қорларыны

 

"Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру ережесiн және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 20 наурыздағы № 344 Қаулысы

 

"Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 21 шiлдедегi № 405-409 (27483); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 501-құжат;


 

Баспасөз релизi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру ережесiн және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 52-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру қағидаларын және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну қағидаларын бекiту туралы»;
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну қағидалары бекiтiлсiн.»;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну ережесiнде:
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Орталық күн сайын, осы қордың салымшылары жөнiнде төлемдердiң мынадай санаттары бойынша:
      1) 5 және одан көп бала туған және оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдерге;
      2) 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiнгi кезеңде төтенше және ең жоғары радиациялық қауiптi аймақтарда кемiнде 10 жыл тұрған азаматтарға зейнетақы тағайындау туралы өткен жұмыс күнi бойынша мәлiметтердi жинақтаушы зейнетақы қорларына бередi.».
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                К. Мәсiмов

Бөлімдер:
29 қараша, 2012 - 18:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші