A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы жөнiндегi мемлекеттiң кепiлдiктерiн алушының зейнетақы төлемдерiне құқықты иеленуi кезiнде

 

"Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы жөнiндегi мемлекеттiң кепiлдiктерiн алушының зейнетақы төлемдерiне құқықты иеленуi кезiндегi инфляцияның деңгейiн ескере отырып орындау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 4 ақпандағы № 204 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 қазандағы № 1383 Қаулысы

 


 

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗI

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы жөнiндегi мемлекеттiң кепiлдiктерiн алушының зейнетақы төлемдерiне құқықты иеленуi кезiндегi инфляцияның деңгейiн ескере отырып орындау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 4 ақпандағы № 204 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 421-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы жөнiндегi мемлекеттiң кепiлдiктерiн алушының зейнетақы төлемдерiне құқықты иеленуi кезiндегi инфляцияның деңгейiн ескере отырып орындау қағидаларында:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      «Зейнетақы жинақтарын алған және кейiн мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорына қайта аударған жағдайда зейнетақы төлемдерiн алу құқығына ие болу сәтi зейнетақы жинақтарын бастапқы алған күнге белгiленедi.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Өтiнiшке айырма төлемiн алуға құқығы бар адамның мынадай құжаттары қоса берiледi:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттардың (Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiнiң, паспортының, азаматтығы жоқ адам куәлiгiнiң, шетел азаматының тұруға ықтиярхатының) көшiрмелерi және салыстыру үшiн түпнұсқасы;
      2) әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) берiлгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      3) осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ақпарат;
      4) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы не село және/немесе ауыл әкiмдерiнiң анықтамасы) көшiрмесi;
      5) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН) куәлiгiнiң көшiрмесi.
      Егер айырма төлемiне Орталықтан зейнетақы мен өзге де төлемдердi алушы өтiнiш берген жағдайда, өтiнiшке осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген нысандар бойынша ақпарат қана қоса берiледi, олар Орталықтан берiлетiн зейнетақы немесе өзге де төлемдер бойынша iстер макеттерiне жинақталады.
      Айырма төлемiн алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын алушы болып табылатын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың өтiнiшiне мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) пошта байланысы құралдары немесе сенiм бiлдiрiлген өкiл арқылы берген кезде:
      азаматтығы жоқ адамның паспортының не куәлiгiнiң көшiрмелерi;
      осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ақпарат;
      2) алушы өзi өтiнiш берген кезде:
      азаматтығы жоқ адамның паспортының не куәлiгiнiң көшiрмесi және салыстыру үшiн олардың түпнұсқалары;
      осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ақпарат.
      Айырма төлемiн алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерi мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) мұрагердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және салыстыру үшiн құжаттың түпнұсқасы не оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      3) алушының қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      4) мұраға құқық туралы куәлiктiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi не мұраға берiлетiн мүлiктi бөлу туралы келiсiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi, заңды күшiне енген сот шешiмi.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Сенiм бiлдiрiлген өкiл айырма төлемiн тағайындау туралы өтiнiш берген кезде ол осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа:
      1) сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн және салыстыру үшiн оның түпнұсқасын;
      2) сенiмхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (егер сенiмхатта сенiм бiлдiрушiнiң бiр мезгiлде бiрнеше ұйымда мүддесiн бiлдiру жөнiндегi өкiлеттiгi қамтылса) ұсынады.
      Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң айырма төлемiн алушыға айырма төлемiн тағайындау туралы өтiнiш беруi оның өзi келген кезде жүзеге асырылады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Қорлар сұрау келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамның зейнетақы төлемдерiн алу құқығына ие болу сәтiндегi зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәлiметтi Орталыққа электронды форматта ұсынады.»;
      2-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 1383 қаулысына  
қосымша      

Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы  
зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы   
жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы
жарналары мөлшерiнде сақталуы жөнiндегi    
мемлекеттiң кепiлдiктерiн алушының зейнетақы
төлемдерiне құқықты иеленуi кезiндегi инфляцияның
деңгейiн ескере отырып орындау қағидаларына 
2-қосымша                   

Зейнетақы төлемдерiн алу құқығына ие болған күнге жеке
зейнетақы шотының болуы және мiндеттi зейнетақы жарналарының
есебiнен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәлiметтер
_______________________________________________________
Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы

 

Өтiнiмнiң №

Салымшының
Т.А.Ә

Салымшының туған күнi

Салымшының
ӘЖК

Зейнетақы жинақтарын алу құқығына ие болған күнгi (күнi, айы, жылы) зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы

Бiрiншi рет алу күнi

Бiрiншi рет алу сәтiндегi зейнетақы жинақтарының сомасы

Бiрiншi рет алудың себебi

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

 

 
 

      М.О. Жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының директоры
      _______________________________________________________
            (Т.А.Ә.)                               (қолы)
      М.О. Жинақтаушы зейнетақы қорының маманы
      _______________________________________________________
            (Т.А.Ә.)                               (қолы)

Бөлімдер:
30 қараша, 2012 - 16:13 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші