A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына өзгерістер

енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы               № 410 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі                        Қаулы етеді:

  • «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің                   2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

1-тармақтың 4) тармақшасы және 6-тармақ алып тасталсын.

2.   Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                 С. Ахметов

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

201    жылғы  «     »   

№     қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1132 қаулысымен
бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі туралы

ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Министрліктің ведомствосы бар: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті.

3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Министрлік ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5.   Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

7.  Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен  Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

 8.  Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14. Министрліктің миссиясы: азаматтардың еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласында конституциялық кепілдіктері мен құқықтарын қамсыздандыру арқылы халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға ықпал ету.

15. Міндеттері:

1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;

2) жұмыспен қамту;

3) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру;

4) мүгедектерді әлеуметтік қорғау;

5) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау;

     6) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;

     7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;

     8) Қазақстан Республикасының заңнамасында Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.

      16. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

     1) еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласында  мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлейді;

3) өзінің қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

4) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама саласында; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы; сондай-ақ мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды; арнаулы мемлекеттік жәрдемақы; жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі – мемлекеттік арнайы жәрдемақы); банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемдерді; Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына арналған, жерлеуге берілетін біржолғы ақшалай өтемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

      5) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;  

     6) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

     7) еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгілейді;

     8) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;

      9) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;

     10) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын әзірлейді, сондай-ақ қызметкерлерді ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;

     11) біліктілік анықтамалықтарды және сипаттамаларды әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындайды;

     12) экономикалық қызметтің әрқилы түрдегі ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын келіседі;

     13) тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін бекіту тәртібін белгілейді;

               14) тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары бекіткен еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін келіседі;

     15) әлеуметтік-еңбек саласы қызметінің еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін бекітеді;

     16)  әлеуметтік-еңбек саласы қызметінің басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекітеді;

     17) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін айқындайды;

     18) жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру тәртібін бекітеді;

     19) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипатамаларын, Басшылардың, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекітеді;

     20) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекітеді;

     21) Ұлттық біліктілік шеңберін бекітеді;

     22) әлеуметтік-еңбек саласының салалық біліктілік шеңберін бекітеді;

     23) кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану тәртібін бекітеді;

     24) әлеуметтік-еңбек саласы қызметкерлерінің кәсіби стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

     25) тиісті қызмет салаларының ұйымдардың кәсіби стандарттарын келіседі;

     26) Кәсіби стандарттар тізілімін жүргізудің нысанын бекітеді;

     27) әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

     28) экономика салаларының кадрларға қажеттілігін салалар, мамандықтар және өңірлер бөлінісінде айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

     29) ағымдағы бос орындар және болжамды жұмыс орындарының деректер базасына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді ұсынуға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді;

     30)   Орталықтан, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн зейнетақы және әлеуметтiк төлемдердi, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, берiлетiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау және төлеу әдiстемелерiн әзiрлейдi;

     31) жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алудың;

міндетті зейнетақы жарналарын есептеп шығарудың, ұстап қалудың (есептелуінің) және аударудың;         салымшылардың (алушылардың), инфляция деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына мониторинг жүргізудің      тәртібін әзірлейді;

     32) әлеуметтік аударымдарды есептеудің және аударудың тәртібін әзірлейді;

         33) Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері бойынша қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысанын, мерзімін айқындайды;

     34) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшы қызметкерлері үшін біліктілік талаптарын айқындайды, оларды тағайындауға келісім береді;

    35) мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді;

     36) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді;

     37)  әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;

     38) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау тәртібін әзірлейді және оларды денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;

     39) медициналық-әлеуметтік сараптаманы және мүгедектерді оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілейді;

     40) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау; халықты әлеуметтік қорғау жүйесі ұйымдарының қызметін үйлестіру жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

     41) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық келісімдер мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;

         42) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді, медициналық-әлеуметтік сараптама саласында кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

         43) Кәсіби стандарттар тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;

         44) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және тәуекелді бағалауды ұйымдастырады;

      45) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;

         46) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

     47) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, балалы отбасыларға, соғыс қатысушылары мен мүгедектерге және соларға теңестірілген адамдарға;  Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға; саяси қуғын-сүргін құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың, әлеуметтік қызметтердің жұмысын әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіруді жүзеге асырады;

     48) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжам жасайды және халық пен Қазақстан Республикасының Үкіметін еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етеді;

     49) ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісімшарттар жобаларын қарауға қатысады;

         50) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі;

51) мүдделі органдармен бірлесе отырып, кадрлар әзірлеу мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттілікті анықтайды;

52) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастырады;

     53) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын талдауды, бағалауды жүзеге асырады;

     54) атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейінің нақты қалыптасқан шамасына негізделе отырып, кедейлік шегінің мөлшерін айқындайды;

     55) халықтың мүгедектігінің деңгейі мен себептерін зерделейді;

         56) өз құзыреті шегінде ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

         57) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

         58) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің түрлері мен нысандарын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

         59) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

         17. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға мынадай функциялар жүктелуі мүмкін:

         1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; мүгедектерді әлеуметтік қорғау; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына   әлеуметтік  қызмет көрсету;      

     2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін  мемлекеттік  әлеуметтік   жәрдемақыларды,   Орталықтан  және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемді, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақыны, саяси қуғын-сүргіндер   құрбандарына   біржолғы  ақшалай өтемақыны, жерлеуге берілетін біржолғы ақшалай өтемақыны тағайындау;

3) Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау;

     4) Орталықтан берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдері мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар саны мен сомасы туралы деректер жинауды ұйымдастыру;  

     5) Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері жөнінде түсініктемелер беру;

     6) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланудың себептеріне талдауды жүзеге асыру және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

         7)  жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізде қазақстандық кадрлардың еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысу;

         8) жұмыс берушілер табыс еткен ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру;

         9) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру;

         10) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу;

         11) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;

         12) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

         13) қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;

         14) оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеуді жүзеге асыру;

         15) «Мүгедек адамдардың орталықтандырылған дерекқоры»,                     «Еңбекті қорғау» ААЖ деректер базасын қалыптастыру, сондай-ақ «Е-собес», «Әлеуметтік көмек: АӘЖ, МБЖ», «Шетелдік жұмыс күші», «Еңбек нарығы», «Жұмыспен қамту» ААЖ сүйемелдеу;

         16) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;

         17) мүгедектік тобын, оның себептерін, мерзімін, мүгедектіктің басталған уақытын, еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін, ағза функцияларының бұзылуы және тыныс-тіршілігінің шектелуі дәрежесіне қарай «мүгедек бала» санатын айқындау;

         18) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау және олардың іске асырылуын бақылау;

         19) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуін бақылау;

     21) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, зейнетақы төлемдерінің;  мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың; арнаулы мемлекеттік жәрдемақының; мемлекеттік арнаулы жәрдемақының; бала тууға және оның күтіміне берілетін жәрдемақылардың; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақының; жерлеуге берілетін біржолғы ақшалай өтемақының; банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өміріне немесе денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Орталықтан берілетін ай сайынғы төлемнің; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық төленуін бақылауды жүзеге асыру;

22) Орталықтан берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру;                 

         23) өз құзыреті шегінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инспекциялау.

18. Министрліктің құқықтары:

1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыс үшін қажетті мәліметтер мен материалдарды сұрау және алу;

2) өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдау;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

Министрліктің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқықтарды және заңмен қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін;

2) ведомствоның, оның аумақтық органдарының, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;

3) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.

 

 

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

    

19. Министрлікте басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын  Министр жүзеге асырады.

20. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

22. Министрдің өкілеттігі:

1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы саясатты қалыптастырады;

2) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;

3) ведомствоның құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;

4) өзінің қызметінде оның бақылауында болатын ведомствоның басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;

6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;

7) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

8) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындайды және босатады;

9) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

10) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері оның құзыретіне жататын Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;

11) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

         Министр болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

23. Министр өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

         24. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

 

 

4.  Министрліктің мүлкі

 

         25. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

         Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

         26.  Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

         27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрлік өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5.  Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы  ұйымдардың  тізбесі

 

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

«Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық естуді түзеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық эксперименттік протездеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

«Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» акционерлік қоғамы.
         «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы.

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың  тізбесі

 

1. Ақмола облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті                                 Көкшетау қаласы.

2. Ақтөбе облысы бойынша Бақылау

және әлеуметтік қорғау департаменті                                 Ақтөбе қаласы.

         3. Алматы облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті                                 Алматы қаласы.

4. Атырау облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті                                 Атырау қаласы.

5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша

Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті                  Өскемен қаласы.

6. Жамбыл облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті                  Тараз қаласы.

7. Батыс Қазақстан облысы бойынша

Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті                  Орал қаласы.

8. Қарағанды облысы бойынша

Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті                  Қарағанды қаласы.

9. Қызылорда облысы бойынша

Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті                  Қызылорда қаласы.

10. Қостанай облысы бойынша

Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті                  Қостанай қаласы.

11. Маңғыстау облысы бойынша

Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті                  Ақтау қаласы.

12. Павлодар облысы бойынша

Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті                   Павлодар қаласы.

13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті                   Петропавл қаласы.

14. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша

Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті                   Шымкент қаласы.

15. Астана қаласы бойынша

Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті                   Астана қаласы.

16. Алматы қаласы бойынша

Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті                   Алматы қаласы.

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

 

         «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

Бөлімдер:
27 желтоқсан, 2012 - 20:26 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші