A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" ҚР ЕХӘҚ министрінің 2008 жылғы 3 маусымдағы №135-ө бұйрығы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  № 1394 қаулысымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы  № 1132 қаулысымен бекітілген  Қазақстан Республикасы Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің  16-тармағы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы  29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы  № 1942  қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеудің тәртібі туралы нұсқаулыққа Түсіндірмелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 120-ө бұйрығының күші жойылған деп танылсын.

3.  Осы бұйрық:

жұмыста басшылыққа алу үшін Министрліктің облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық органдарына;

жариялау үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек және әлеуметтік қорғау мәселелері» бюллетеніне жіберілсін,  сондай-ақ  Министрліктің веб-сайтында орналастырылсын.

  1. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

         Министр                                                                             Б. Сапарбаев

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2008 жылғы 3 маусымдағы

№ 135-ө бұйрығымен бекітілді

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы  29 желтоқсандағы №1394 қаулысымен бекітілген

Орташа жалақыныесептеудің бірыңғай ережесін

қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

 

  1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Әдістемелік ұсынымдарда Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 136-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1394 қаулысымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін (бұдан әрі – Ұсынымдар) қолдану жөнінде түсіндірулер жазылған.

2. Ұсынымдарда пайдаланылатын негізгі түсініктер:

Ереже – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1394 қаулысымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі;

Кодекс – Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі. 

2. Бірыңғай ережеде пайдаланылатын ұғымдар

3. Ережеде:

оқиға;

есеп айырысу кезеңі;

орташа күндік (сағаттық) жалақы  ұғымдары пайдаланылады.

3.1. Оқиға.

Оқиға деп Кодекске сәйкес:

         1) Өндірістік қажеттілік болған, оның ішінде жоқ қызметкерді уақытша алмастырған, қызметкерді оның келісімінсіз күнтізбелік жыл ішінде бір айға дейінгі мерзімге, орындалатын жұмыс бойынша еңбегіне ақы төлеп, бірақ бұрынғы жұмысындағы орташа жалақысынан кем емес жалақымен, еңбек шартында келісілмеген және денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін сол ұйымдағы, сол жердегі басқа жұмысқа ауыстырған жағдайда жұмыс берушінің құқығы іске асырылған кезде (43-бап);

2) еңбек шарты Кодекстің 52-бабы 2-тармағында белгіленген талаптар сақталмай,  еңбек шартында қызметкердің келісімімен көзделген жыл   ішіндегі орташа  жалақысынан кем емес мөлшерде өтемақы  төлене отырып  бұзылған кезде (52-бап);

3) үш айдағы орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемiн жүргізе отырып, еңбек шарты Кодекстің 61-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда тоқтатылған кезде (61-бап);

4) қызметкерге жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілген кезде (100-баптың 2, 2-1-тармақтары);

5) жұмыс берушінің кінәсінен жұмыстың бос тұрып қалған уақытына еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалған қызметкердің орташа жалақысының елу пайызынан кем емес мөлшерде ақы төленген кезде (133-бап);

6) қызметкерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін негізгі жұмыс орнындағы орташа жалақысынан кем емес жалақы төлеу (149-бап);

7) жұмыс берушінің қаражаты есебінен  жұмыс орны (лауазымы) мен  орташа жалақысы сақтала отырып кезеңдік медициналық тексеруден өту уақытында (150-бап);

8) донор болып табылатын қызметкердің тексеруден өту және қан тапсыру уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен  орташа жалақысы сақталады (151-бап);

9) қызметкерлерге олардың орташа жалақысынан есептелетін еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төлеу (159-бап);

         10) жұмыс берушi таратылған не жұмыс берушi қызметiн тоқтатқан жағдайда, қызметкерлердiң саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерiнде; еңбек шартын жасасу кезiнде жұмыс берушi еңбек жағдайлары туралы дәйексiз ақпарат берген не жұмыс берушi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын бұзған жағдайда қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты үш айға орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемi жүргiзiлген кезде (157-бап);

11) Бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыз бос жүрген (жұмыстан шеттетілген) барлық уақыты үшін орташа жалақысы немесе төмен ақы төленетін жұмысты орындағаны үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа жалақыдағы айырма төленген кезде (177-бап);

12) қызметкерге жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуы кідіртілген уақыт үшін орташа жалақысын немесе жалақысының айырмасын төлеген кезде (177-бап);

13) әйелдерге (әкелеріне, бала асырап алушыларға) баланы тамақтандыруға  берілетін үзілістер уақытында орташа жалақысы сақталған кезде (188-бап);

         14) медициналық қорытынды негiзiнде жүктi әйелдi зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi болмайтын басқа жұмысқа ауыстыру, сондай-ақ жүктi әйелге қолайсыз өндiрiстiк факторлар әсерiн болдырмайтын басқа жұмыс берiлгенге дейiн жұмыстан босатылған жағдайда орташа жалақыны сақтау (191-бап);

         14-1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалыс уақытына орташа жалақыны сақтау (194-1-бап);

15) Маусымдық жұмыста істейтін қызметкермен еңбек шарты ұйымның таратылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты тоқтатылған кезде екі апталық орташа жалақы мөлшерінде демалыс жәрдемақысы төленген кезде (209-бап);

16) бітімгерлік комиссиясының мүшелері ұжымдық еңбек дауын шешу жөніндегі келіссөздерге қатысқан уақытта орташа жалақыны сақтау (296-бап);

17) Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердің орташа жалақысы сақталатын немесе төленетін жағдайлар ұғынылады (311-бап).

 

3.2. Есеп айырысу кезеңі.

4. Ережеге сәйкес төленуі тиіс еңбекақымен (төлеммен) байланысты оқиға алдындағы  ұзақтығы  он екі күнтізбелік ай кезеңі,  не егер  қызметкер жұмыс берушіде он екі күнтізбелік айдан  кем жұмыс істеген болса,  орташа жалақыны  есептеу үшін пайдаланылатын нақты жұмыс істеген кезең есеп айырысу  кезеңі болып табылады.

Тиісті айдың 1-інен бастап 30-ы (31-і) күнін қоса алғандағы (ақпанда –   28-і (29-ы) күнін қоса алғандағы) күнтізбелік кезеңді күнтізбелік айы деп есептеу қажет. Егер қызметкер жұмыс берушіде он екі айдан кем  жұмыс істесе, онда нақты жұмыс кезең есеп айырысу кезеңі болып табылады.

5. Қызметкер жұмыс берушіде он екі күнтізбелік айдан кемірек қызмет атқарған жағдайда (мысалы, алты ай жиырма күн) немесе он екі күнтізбелік ай кезінде қызметкердің жұмыста болмаған жағдайлары орын алса (мысалы, қызметкердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында, жалақысы сақталмайтын демалыста болуы, ауырғанына байланысты жұмыста болмауына, бос тұрып қалу уақыты және т.б.), есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмеген болып есептеледі. Бұл жағдайда есеп айырысу кезеңі болып нақты жұмыс атқарған уақыты табылады, ал орташа күндік (сағаттық) жалақы нақты жалақыдан және осы кезеңде нақты жұмыс атқарған күндерден (сағаттардан) айқындалады.

6. Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады («Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы»  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267 Заңының 5-бабы). Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап өтілетін 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер - мына күндері атап өтілетін мерекелер:

1-2 қаңтар – Жаңа жыл;

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

21-23 наурыз – Наурыз мейрамы;

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

9 мамыр – Жеңіс күні;

6 шілде – Астана күні;

30 тамыз –Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

         Кодекстің 96-бабына сәйкес мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.

7. Жұмыс уақытының теңгерімін жасаған кезде демалыс (сенбі, жексенбі) күндеріне сәйкес келген мереке күндері мереке күнінен кейінгі келесі жұмыс күніне ауысады («Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267 Заңының нормаларын ескере отырып).

Сонымен қатар, жұмыс уақытының нормасы айларға, тоқсандарға, бір жылға толығымен жұмыс күндерінде (сағаттарында) келтіріледі. Ол                40-сағаттық, 36-сағаттық жұмыс аптасы кезінде сегіз, жеті, алты сағаттық жұмыс күні негізінде бес күндік, алты күндік жұмыс аптасының күнтізбесі бойынша есептеледі.

Мысалға, 2008 жылға жұмыс уақытының нормасы:

бескүндік жұмыс аптасы кезінде – 250 жұмыс күнін (2000 жұмыс сағатын), алты күндік жұмыс аптасы кезінде – 302 жұмыс күнін (2018 жұмыс сағатын) құрайды.

8. Ережеге сәйкес орташа жалақыны есептеген кезде есеп айырысу кезеңінен:

– Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері,

– қызметкерге орташа жалақы төленген немесе сақталған кездегі жұмыс істелмеген уақыт және сол уақыт үшін есептелген сомалар алынып тасталады.  

1-мысал. Қызметкер 2000 жылғы 20 қарашада  жұмысқа қабылданды.  Ол 2007 жылғы 15 наурыздан бастап еңбекке жарамсыз. Орташа жалақыны есептеу үшін есеп айырысу кезеңі 2007 жылғы 1 наурыздан бастап 29 ақпанды қоса алғандағы кезең болып табылады.

2-мысал. Қызметкер 2007 жылғы 15 наурызда  жұмысқа қабылданды.  Ол 2008 жылғы 8 қаңтардан бастап еңбекке жарамсыз. Орташа жалақыны есептеу үшін 2007 жылғы 15 наурыздан бастап 2008 жылғы 7 қаңтарды қоса алғандағы есептеу кезеңінен жұмыс істелмеген уақыт:

– 2007 жылғы маусымның 1-інен 30-ын қоса алғандағы кезеңде жылсайынғы ақылы еңбек демалысында болған уақыт;  

– жұмыс берушінің кінәсінен 2007 жылғы қыркүйектің 5-інен   8-ін қоса алғандағы кезеңде ұйымда жұмыс тоқтап қалған уақыт;

– қызметкер 2007 жылғы қарашаның 1-інен 10-ын қоса алғанда ауруына байланысты  жұмысқа шықпаған;       

– қызметкердің 2007 жылғы желтоқсанның 3-інен 20-ын қоса алғанда жалақысы сақталмайтын  демалыста болған уақыты;

– 22 наурыз,  1 және 9 мамыр, 31 тамыз, 25 қазан, 16 және 17 желтоқсан,  2008 жылғы 1 және 2 қаңтар мереке күндері,

және осы кезеңде есептелген сома  алынып тасталады.

9. Ұжымдық шартта орташа жалақыны есептеу үшін қызметкерлердің жағдайын нашарлатпайтын өзге кезеңдер көзделуі мүмкін.

3-мысал. Ұжымдық шартта ұйымда қызметкерлердің орташа жалақысын есептеу үшін, егер мұндай жағдай қызметкерлердің жағдайын жақсартатын болса, алты немесе кем күнтізбелік ай есеп айырысу кезеңі болып табылады деп көзделуі мүмкін.

 

3.3 Орташа күндік (сағаттық) жалақы

10. Орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.

11. Орташа күндік (сағаттық) жалақы – есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиісінше бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына бөлу жолымен анықталатын уақыт бірлігі (күн, сағат) үшін есептелген жалақы сомасы.

12. Орташа күндік (сағаттық) жалақыны есептеуде Ережеге қосымшада көрсетілген тұрақты сипаттағы емес төлемдер ескерілмейді.

13. Осыған байланысты, Ереженің 9,10,12-тармақтарында егер есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмесе, егер есеп айырысу кезеңінде қызметкерге жалақы есептелмеген болса, қызметкер жұмысқа орналасқан кезде оқиға орын алған жағдайда (есептелген жалақы сомасы болмағанда), оқиға алдындағы 24 ай бойы қызметкердің жалақысы болмаған жағдайда орташа (күндік) жалақыны есептеу тәртібі айқындалған.

4-мысал. Әйел адам бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты 2008 жылғы 1 ақпанға дейін демалыста болды. 2008 жылғы                  1 ақпанда ауырып қалды, яғни жұмысқа бірінші шыққан күні еңбекке жарамсыз болды.

Ереженің 12-тармағына сәйкес орташа күндік (сағаттық) жалақы атқаратын лауазымына (біліктілік разрядына) қарай еңбек шартында белгіленген күндік (сағаттық) тарифтік ставкасын (лауазымдық жалақысын) негізге ала отырып есептеледі.

5-мысал. Қызметкер бірінші жұмыс күні ауырып қалды және еңбекке жарамсыздық басталғанға дейін жалақысы болмады.

Ереженің 12-тармағына сәйкес орташа күндік (сағаттық) жалақы қызметкердің күндік (сағаттық) тарифтік ставкасын (лауазымдық жалақысын) негізге ала отырып есептеледі.

6-мысал: Қызметкер 2006 жылғы 10 сәуірде жұмысқа қабылданды.      2007 жылғы 20 қаңтардан 2008 жылғы 20 қаңтарды қоса алғанда жалақысы сақталмайтын демалыста болды. 2008 жылғы 21 қаңтардан бастап жұмысқа уақытша жарамсыз.

Бұл жағдайда Ереженің 10-тармағына сәйкес орташа күндік (сағаттық) жалақыны есептеу есеп айырысу кезеңінің осы жұмыс берушіде нақты жұмыс істеген уақыт, яғни 2006 жылғы 10 сәуірден 2007 жылғы 19 қаңтарды қоса алғандағы кезең үшін есептелген жалақы сомасын жұмыс істелген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына тиісінше бөлу жолымен жүзеге асырылады.

14. Ереженің 11-тармағына сәйкес толық емес жұмыс аптасы (жұмыс күні) кезінде орташа күндік (сағаттық) жалақыны есептеу жалпы негізде жүзеге асырылады.

 

3. Арттыру коэффициентін қолдану

 

15. Ереженің 14-тармағында қызметкердің лауазымдық жалақысы арттырылған жағдайда орташа жалақыны есептеу тәртібі көзделген. Бұл жағдайда орташа жалақыны есептеу оқиға басталған айда белгіленген лауазымдық жалақыны (ставканы) арттыруға дейін белгіленген лауазымдық жалақыға (ставкаға) бөлу жолымен жүзеге асырылады.

16. Сонымен қатар, норманы қолдану тек лауазымдық жалақыны арттыру жағдайына қатысты екенін ескеру қажет. Қызметкердің лауазымдық жалақысының (ставкасының) мөлшері төмендетілген жағдайда арттыру коэффициенті ескерілмейді және қолданылмайды, ал орташа күндік (сағаттық) жалақыны есептеу Ережеде көзделген тәртіппен жүргізіледі.

17. Қызметкерді бір лауазымнан екіншісіне ауыстырған кезде арттыру коэффициенті қолданылмайды.

Арттыру коэффициенті, сондай-ақ қызметкердің лауазымдық жалақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін мамандығы/ мемлекеттік қызметі бойынша (мысалға, бюджеттік сала қызметкерлерінде – Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген еңбекақы жүйесіне сәйкес)  жұмыс өтілі көбейгенде, қызметшінің лауазымы өскен кезде немесе жұмысшының біліктілік разряды артқанда қолданылмайды.

18. Лауазымдық жалақының көбеюінсіз жалақы өскен кезде арттыру коэффициенті қолданылмайды.  

7-мысал: Маманның лауазымдық жалақысы есеп айырысу кезеңінде 2008 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызды қоса алғанда бірнеше рет арттырылды:

қаңтарда, ақпанда, наурызда - 20000 теңгені,

сәуірде, мамырда, маусымда - 30000 теңгені,

шілдеде - 40000 теңгені құрады.

Сонымен қатар, қызметкер сол бір лауазымда жұмыс істеді. Осыған байланысты, арттыру коэффициенті былайша:

қаңтарға – 2,0 (40000 теңге/20000 теңге),

ақпанға – 2,0 (40000 теңге/20000 теңге),

наурызға – 2,0 (40000 теңге/20000 теңге),

сәуірге – 1,33 (40000 теңге/30000 теңге),

мамырға – 1,33 (40000 теңге/30000 теңге),

маусымға – 1,33 (40000 теңге/30000 теңге),

шілдеге – 1,0 (40000 теңге/40000 теңге) анықталады.

Арттыру коэффициенті лауазымдық жалақыны пайдаланумен есептеледі және есептелген жалақының жалпы сомасына қолданылады.

 

4. Орташа жалақыны есептеу кезінде ынталандыру төлемдерін есептеудің тәртібі

 

 19. Ережеде еңбек нәтижелері бойынша ынталандыру төлемдерінің есептелген жалақы сомасын есептеу тәртібі көзделген (Ереженің 15-тармағы және Ережеге қосымшаның 12-тармағы).

20.Көптеген ұйымдарда ағымдағы өткен жылдың жұмыс қорытындысы (өткен жылға жылдық теңгерімді және салық есебін, аудиторлық есепті тапсыру қорытындысы бойынша) бойынша сыйлықақы мен сыйақыларды төлеу жылдың ортасында жүргізілетінін назарға ала отырып, ағымдағы жылда төленетін өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша төленетін жылдық сыйлықақы мен сыйақылар орташа жалақыны есептеу кезінде әр айға 1/12 мөлшерінде, өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша төленетін  жылдық сыйлықақы мен сыйақыларды  төлеу сәтіне дейін жүргізілген төлемдерді қайта есептеуді жүргізусіз, нақты төлеу сәтінен бастап есептеледі.

         8-мысал. Егер оқиға өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша төленетін жылдық сыйлықақы мен сыйақыларды төлеуге дейін басталса, онда орташа жылдық жалақы жылдық сыйлықақы ескерілмей есептелетін болады. Бұдан әрі – өткен жылдың қорытындысы бойынша жылдық сыйлықақы мен сыйақылар есептелгеннен және төленгеннен кейін оқиға кезеңінде төленген немесе сақталған орташа жалақыны қайта есептеу жүргізілмейді.

         Егер оқиға өткен жылдың қорытындысы бойынша төленетін жылдық сыйақы мен сыйлықақыларды төлегеннен кейін болса – орташа жалақы жылдық сыйлықақыны ескере отырып есептеледі.

21. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы №558 қаулысымен бекітілген Ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шарттары туралы үлгі ережесіне сәйкес басшы қызметкердің орташа жалақысын есептеу бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы ескерілмей жүргізіледі.

 

5. Жыл сайынғы еңбек демалысы үшін орташа жалақыны есептеудің және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлеудің тәртібі

 

22. Кодекстің 103-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі.

Осыған байланысты жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы күнтізбелік күндермен беріледі. 

23. Ереженің 7-тармағына сәйкес қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.

Осыған байланысты, орташа жалақыны есептеу үшін демалыс кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндері пайдаланылады.

9-мысал: Бес күндік сегіз сағаттық жұмыс аптасы кезінде қызметкерге 2008 жылғы 4 ақпаннан бастап ұзақтығы 24 күнтізбелік күн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілді.

Демалыс кезеңі 2008 жылғы ақпанның 4-інен бастап 27-сін қоса –18 жұмыс күн.

Орташа жалақы Ереженің 2- тарауына сәйкес айқындалған орташа күндік жалақыны 2008 жылғы ақпанның 4-інен 27-сін қоса алғандағы демалыс кезеңіне сәйкес келетін 18 жұмыс күніне көбейту жолымен есептеледі.

 

 

6. Пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы төлеу үшін

орташа жалақыны есептеудің тәртібі

 

         24. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

25. Еңбек кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, еңбек шарты тоқтатылған күн жұмыстың соңғы күні  болып табылады.

26. Еңбек шартын тоқтатқан немесе бұзған кезде пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы сомасын айқындау үшін пайдаланылмаған демалыс күндері қызметкердің босатылған күнінен кейінгі күннің бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы күнтізбесі бойынша жұмыс күнінен бастап саналады және жұмыс режимі ескеріле отырып осы кезеңге сәйкес келетін жұмыс күндері алынады.

10-мысал. Қызметкер 2007 жылғы 11 тамыздан бастап жұмысқа қабылданды. Кәсіпорынның жұмыс режимі – бес күндік сегіз сағаттық жұмыс аптасы. Қызметкер 2008 жылғы 11 ақпанда еңбек шартын тоқтатады.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес айқындалады.

Еңбек шартының талабы бойынша қызметкердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы 30 күнтізбелік күнді құрайды. Осыған байланысты қызметкерге жұмыс істелген кезеңіне пайдаланылмаған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының 15 күнтізбелік күніне өтемақы төленеді.

Пайдаланылмаған демалыстың 15 күнтізбелік күні еңбек шартын тоқтатқан күннен кейінгі жұмыс күнінен бастап саналады. Көрсетілген кезеңде жұмыс күндері алынады. Осы мысалда кәсіпорынның жұмыс тәртібі ескеріле отырып айқындалған  11 жұмыс күні.

 Осылайша, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы сомасы Ереженің 2-тарауына сәйкес айқындалған орташа күндік жалақыны  11 жұмыс күніне көбейту жолымен есептеледі.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген

Қызметкерлердің орташа жалақысын

есептеудің бірыңғай ережесін қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға қосымша

 

Орташа жалақыны есептеу бойынша мысалдар

 

 1- мысал. Қызметкер 2008 жылғы 8 қаңтардан бастап 11 қаңтарға дейін еңбекке уақытша жарамсыз. Есеп айырысу кезеңі 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Есеп айырысуға қажетті негізгі мәліметтер:

  1. бес күндік жұмыс аптасы;
  2. есепті кезеңде қызметкер 2007 жылғы 5 сәуірден бастап 10 сәуірге дейін еңбекке уақытша жарамсыз болды, 2007 жылғы 3 желтоқсаннан бастап  20 желтоқсанға дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болды;
  3. оқиғаның болған кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің саны –       4 жұмыс күні.

         Қызметкерге есеп айырысу кезеңінде есептелген жалақы сомасын айқындайық:

 

Айы

Жұмыс істелген кезеңіне сәйкес келетін бес күндік жұмыс аптасындағы жұмыс уақытының теңгерімі бойынша жұмыс

күндерінің саны

Есептелген жалақы, теңге

2007 жылғы желтоқсан

7

13611,00

2007 жылғы қараша

22

35000,00

2007 жылғы қазан

22

35000,00

2007 жылғы қыркүйек

20

35000,00

2007 жылғы тамыз

22

35000,00

2007 жылғы шілде

22

35000,00

2007 жылғы маусым

21

35000,00

2007 жылғы  мамыр

21

35000,00

2007 жылғы сәуір

17

28333,33

2007 жылғы наурыз

20

35000,00

2007 жылғы ақпан

20

35000,00

2007 жылғы қаңтар

21

35000,00

Қорытынды:

235

391944,33

 

         Орташа күндік (сағаттық) жалақыны есептеу үшін пайдаланылатын жұмыс күндерінің (жұмыс сағаты) санын белгілеген кезде:

         2007 жылғы 3 желтоқсаннан бастап 20 желтоқсанға дейін жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндері;

         2007 жылғы 5 сәуірден бастап 10 сәуірге дейін еңбекке уақытша жарамсыз болған кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндері алынып тасталды.

         Тиісінше көрсетілген кезеңдерде есептелген сомалар есепке алынбайды.

         Орташа күндізгі жалақыны есептейік: 391944,33 теңге / 235 күн = 1667,85 теңге.

         Қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыз кезеңдегі орташа жалақысын есептейік: 1667,85 теңге * 4 жұмыс күні = 6671,39 теңге.

         Еңбекке уақытша жарамсыздығы жөніндегі айлық жәрдемақының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен (1168 * 10 = 11680 теңге) аспауы қажет. Яғни қызметкерге 6671,39 теңге төленеді.

         Сонымен қатар, жұмыс берушілер қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы.

         2-мысал. Қызметкерге 2008 жылғы 28 қаңтардан бастап 20 ақпанға дейін 24 күнтізбелік күнге  жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілді.

         2007 жылғы 28 қаңтардан бастап 2008 жылғы 27 ақпанға есеп айырысу кезеңінде дейін қызметкер 2007 жылғы 2 сәуірден бастап 19 сәуірге дейінгі өткен жыл үшін еңбек демалысында болды, 2007 жылғы 20 шілдеден  25 шілдеге дейін ауырғанына байланысты жұмыста болған жоқ.

         1) есепті кезеңде есептелген жалақы сомасы айқындалады. Бұл ретте, қызметкерге орташа жалақы төленсе немесе сақталса есеп айырысу кезеңінен жұмыс істелмеген уақыт және осы кезеңде жұмыс істелмеген уақыты үшін есептелген сома алынып тасталады:

 

Айы

Нақты жұмыс істелген кезеңіне сәйкес келетін жұмыс уақыты теңгерімі бойынша жұмыс күндерінің саны

Жұмыс істелген кезеңі үшін есептелген жалақы сомасы

2007 жылғы қаңтар

21

30000,00

2007 жылғы ақпан

20

30000,00

2007 жылғы наурыз

20

30000,00

2007 жылғы сәуір

7

10000,00

2007 жылғы мамыр

21

30000,00

2007 жылғы маусым

21

30000,00

2007 жылғы шілде

18

24545,45

2007 жылғы  тамыз

22

30000,00

2007 жылғы қыркүйек

20

30000,00

2007 жылғы қазан

22

30000,00

2007 жылғы қараша

22

30000,00

2007 жылғы желтоқсан

18

30000,00

Қорытынды:

232,00

334545,45

 

         2) орташа күндік жалақыны Ереженің 9-тармағына сәйкес айқындайық: 334545,45 теңге / 232 күн =  1442,01 теңге.

         3) 2008 жылғы 28 қаңтардан бастап 20 ақпанға дейінгі демалыс кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндері санын айқындайық: 18 жұмыс күні;

         4) демалыс кезеңінде сақталатын орташа жалақы:  1442,01 теңге * 18 жұмыс күні =  25956,11 теңге.

         3-мысал. Ұйымда қызметкерлердің санын (штатты) қысқарту 2008 жылғы 1 қаңтардан жүргізіледі. 

         Есеп айырысу кезеңі 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Ұйымның жұмыс режимі  бес күндік қырық сағаттық жұмыс аптасы. 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі есеп айырысу кезеңіне жалақы сомасы және жұмыс істелген күндер саны төмендегіні құрайды:

 

Айы

Нақты жұмыс істелген кезеңіне сәйкес келетін жұмыс уақыты теңгерімі бойынша жұмыс күндерінің саны

Жұмыс істелген кезең үшін есептелген жалақы сомасы

2007 жылғы 1 қаңтардан бастап

21

30000,00

2007 жылғы ақпан

20

30000,00

2007 жылғы наурыз

20

30000,00

2007 жылғы сәуір

21

10000,00

2007 жылғы мамыр

21

30000,00

2007 жылғы маусым

21

30000,00

2007 жылғы шілде

22

30000,00

2007 жылғы  тамыз

22

30000,00

2007 жылғы қыркүйек

20

30000,00

2007 жылғы қазан

22

30000,00

2007 жылғы қараша

22

30000,00

2007 жылғы желтоқсан

18

30000,00

Қорытынды:

250

360 000,00

                       

         1) есепті кезең үшін орташа күндік жалақы:

         360000,00 : 250 күн = 1440 теңгені құрайды;

         2) өтемақы төлеу үшін орташа жалақы:

         1440 теңге × 20,83 = 29 955,20 теңгені құрайды.

 

         Ескерту. Мысалдарда есеп айырысу кезеңі Ережеге сәйкес айқындалды.

 

 

Бөлімдер:
12 желтоқсан, 2014 - 19:57 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші