A A A
Мазмұнына өту

You are here

Ақтөбеліктер «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты сайысқа қолдау көрсету мақсатында акция ұйымдастырды

 

Ақтөбеде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» сайысына қолдау көрсету мақсатында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Proff Flash» акциясы өтті.

 «Нұр Отан» ХДП Орталық кеңсесінің алдында өткен республикалық сайысқа оның атауы жазылған бірыңғай футболка киген елуге жуық адам қатысты. Қатысушыларыдың негізгі бөлігі флеш-моб жанкүйерлері мен Ақтөбе қаласындағы паралич дертіне шалдыққан азаматтар қоғамының өкілдері, Қазақ зағиптар қоғамы,  Қазақ саңыраулар қоғамы және де басқа обылыстық деңгейдегі үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік орган өкілдері, айталық Ақтөбе облысының Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, Білім басқармасы, Мәдениет басқармасы, Туризм және спорт басқармасы  құрады.

Акция негізінде Ақтөбе орталығы бойынша автожарыс басталып кеттті.  Барлығы 35 автокөліктен жасақталған картеж, оған қоса «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты сайыстың логотипі «Нұр Отан» ХДП­-нан бастау алып, қаланың негізгі даңғылымен Ақтөбе қаласындағы паралич дертіне шалдыққан азаматтарға қолдау көрсету орталғына қарай беттеді. Ұйымдастырушылар алдын ала қала тұрғындары мен акция қатысушыларының қауіпсіздігін ойластырып қойғандықтан, автосайыс жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асты.

Олар осындай әдіс арқылы «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты сайысқа бүкіл қоғамның назарын аударуды көздеген екен. Нәтижесінде, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың потенциалдыры жүзеге асып, қоғамдық өмірге белсенді араласып, және де басқа көптеген азаматтарға үлгі көрсетуге жол ашпақ.

Автожарыс өз мәресіне жеткен соң, Ақтөбе қаласндағы паралич дертіне шалдыққан азаматтарға қолдау көрсету орталығында акцияның барлық қатысушылары үлкен дастарханда бас қосып, көптеген таныстар арттырды.  Сонымен бірге, флеш-моб және автожарстың қалай өткендігі жайлы ой бөлісіп, болашақтағы өз жоспарлары туралы әңгіме қозғады.

 

 

29 шілде, 2013 - 08:10 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші