A A A
Мазмұнына өту
X
egov

You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ережесі

                                                                           Қазақстан Республикасы   

                                               Еңбек  және халықты

   әлеуметтік қорғау  министрінің
          2017 жылғы 3 наурыздағы   

                                                        № 18 бұйрығына      
                                              1-қосымша         

 

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегіндегі еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы  Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
         4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.  Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе,                      азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы ретінде мемлекеттің атынан түсуге құқығы бар.

5. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

6. Комитеттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.    

7. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс.
         8. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      10. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

11. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері және функциялары, құқықтары мен міндеттері

12. Комитеттің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарының, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер, міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, халықтың көші-қоны саласында өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыру.

13. Комитеттің функциялары:

1) өз құзыреті шегінде еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қорғау, халықтың көші-қоны саласындағы бағдарламаларды іске асыру, халықты жұмыспен қамту саласындағы бағдарламаларды  мониторингілеу және іске асыру;

2) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, халықтың көші-қоны саласында өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыру;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарының, халықты жұмыспен қамту; зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру; мүгедектерді әлеуметтік қорғау; міндетті әлеуметтік сақтандыру; арнаулы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуына  өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

4) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және тәуекелдерді бағалауды ұйымдастыру;

5) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, министрліктің нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық бұйрықтарды қабылдау;

6) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан еңбек қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратуды жүзеге асыру;

7) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты және оларды үйлестіруді жүзеге асыру;

8) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін тексеруді жүзеге асыру;

9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторын тағайындауды келісу;

10) жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту, сондай-ақ кемсітпеушілік негізде қазақстандық кадрлардың еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыруға қатысу;

11) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және тәуекелдерді бағалауды ұйымдастыру;

12) басшы қызметкерлерді және жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды оқытуға және білімін тексеруге қатысу;

13) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру үшін комиссия құру;

14) үш адамнан бес адамға дейін қаза болған жағдайда топтық жазатайым оқиғаларға Комитет құратын комиссияның тергеп-тексеру жүргізуі;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларға уақтылы және объективті тергеп-тексерудің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру;

16) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды                тергеп-тексеру, ресімдеу және тіркеу мәселелері бойынша жұмыс беруші, жұмыскер және мемлекеттік еңбек инспекторы арасындағы келіспеушіліктерді қарау;

17) оралман мәртебесін беруден бас тарту туралы шағымдарды қарау;

18) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігіне анықтама беру туралы шетелдік жұмыскерлердің өтініштерін қарау;  

19) шетелдік жұмыскерлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру, «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесін құру және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;

20) еңбекші мигранттардың және этникалық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің тиісті ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;

21) халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органдардың әдістемелік басшылығын жүзеге асыру;

22) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын іске асыру мониторингін жүргізу;

23) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу;

24)  бюджет қаражаты есебiнен берілетін мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге арналған біржолғы төлемді, инфляцияның деңгейін ескере отырып міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау және олардың төленуін қамтамассыз етуі;

25) бюджет қаражаты есебiнен берілетін зейнетақы және әлеуметтік  төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі  ̶ Қор) берілетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны мен олардың сомалары туралы деректер жинауды ұйымдастыру;  

26) бюджет қаражаты есебiнен берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен алу, сондай-ақ Қордан берілетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен алу мәселелері жөнінде түсіндірме беру;

27) Қордың қызметі туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік органдардан және ұйымдардан өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажетті мәліметтерді алу;

28) бюджет қаражаты есебiнен берілетін мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге арналған біржолғы төлемді, инфляцияның деңгейін ескере отырып міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы және Қордан берілетін әлеуметтік төлемдерді төлеудің уақтылылығы мен толықтығына бақылауды жүзеге асыру;

29) бюджет қаражаты есебiнен берілетін мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге арналған біржолғы төлемді, инфляцияның деңгейін ескере отырып міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы тағайындау үшін қажетті құжаттардың дәйектілігін негіздемелер болған кезде тексеру;

30) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Қордың қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыру;

31) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;

32) организм функцияларының бұзылу дәрежесіне және              тіршілік-тынысының шектелуіне байланысты себебін, мерзімін айқындай отырып, мүгедектік тобын және (немесе) еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу;

33) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік және кәсіби бөліктерін әзірлеу, еңбек міндеттерін орындауына байланысты жарақат алған не денсаулығына өзге де зақым келген жұмыскердің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығын айқындау;

34) тұрғындардың мүгедектік деңгейі мен себебін зерттеу;

35) мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыны тағайындауға құжаттар қабылдау;

36) Комитеттің аумақтық департаменттерінің  халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді өз құзыреті шегінде көрсетуін мониторингілеу;

37) аумақтық департаменттердің мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы тексерулерді уақтылы және объективті жүргізуіне ішкі бақылауды жүзеге асыру;

38) өз құзыреті шегінде еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы дерекқорларды сүйемелдеу;

39) Комитеттің аумақтық департаменттерінің Қордың әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындауын бақылауды қамтамасыз етуін мониторингілеу;

40) Комитеттің аумақтық департаменттерінің Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуын бақылауды қамтамасыз етуін мониторингілеу;

41) Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындауы, тағайындаудан бас тартуы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы мәселелері бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың шағымдарын Комитеттің аумақтық департаменттерінің  қарауын мониторингілеу;

42) өз құзыреті шегінде еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

43) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенттің және Үкіметтің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

14. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:

1) басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;

2) талдамалық жұмысты қамтамасыз ету және Комитетке жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттарды және ақпараттық сипаттағы анықтамаларды жеке және заңды тұлғалардан, ұйымдардан, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан сұрату;

3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;

4) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер, халықтың көші-қоны туралы заңнамасы талаптарының сақталуына тексерулерді және мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;

5) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау жөніндегі комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;

6) нормативтік құқықтық актілерге Министрліктің және Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде Министрліктің басшылығына өз құзыреті шегінде ұсыныстар енгізу;  

7) Комитет жанынан консультациялық-кеңесші органдар мен сараптама комиссияларын құру;

8) Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

9) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда Министрлік атынан өкілеттік ету;

10) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбай, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

 15. Комитет өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қажетті өкілеттіліктерге ие.

16. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Комитет төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы (бұдан әрі – Төраға) басқарады.

17. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілікте болады.

18. Осы мақсаттарда Комитет төрағасы:

1) Комитеттің білікті кадрлардан құрылуын және олардың кәсіби деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді;

2) еңбек қатынастарының мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік органдардың және жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және босатады;

3) жоғары тұрған лауазымды адамдармен келісу бойынша аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарларын және басшыларын лауазымдарға тағайындайды және босатады;

4) Комитет төрағасы орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

5) Комитет қызметкерлерінің, аумақтық бөлімшелер басшыларының және басшылары орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

6) Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын, сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына үстемақы белгілеу, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру мәселелерін шешеді;

7) аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарларына еңбек демалыстарын, сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына үстемақы белгілеу, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру мәселелерін шешеді;

8) еңбек қатынастарының мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік органдардың және жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

9) мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;

10) Комитет атынан наразылықтар мен талаптар білдіру туралы шешімдер қабылдайды;

11) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды және құқықтық актілерге қол қояды;

12) азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын актілерді қоспағанда, министрліктің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзырет болған кезде Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық бұйрықтарды қабылдайды;

13) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды;

14) азаматтарға қабылдауды жүзеге асырады.

19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

20. Комитет төрағасының орынбасарлары:

1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;

2) Комитет төрағасы болмаған кезде Комитеттің қызметіне басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз өкілеттіктері шегіндегі функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілікте болады;

3) Комитет төрағасы жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

21. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет атынан басқа да құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Комитеттің төрағасы, ол болмаған жағдайда  ̶  оны алмастыратын адам қол қояды.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

22. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ Комитеттің теңгерімінде құны көрсетілген өзге де мүліктен құрылады.

23. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлімдер:
14 сәуір, 2017 - 15:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші